Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

3. Көне Қытай философияның жалпы сипаты.




3. Кө не Қ ытай философияның жалпы сипаты.

1. Кө не Қ ытай философиясының мә дени алғ ышарттары жә не тарихи кө здері.

2. Кө не Қ ытай философиясының негізгі ерекшеліктері.

Қ ытай - территориясының кө лемі жағ ынан ү шінші орында, ал халқ ының саны жағ ынан бірінші орында тұ рғ ан алып мемлекет.

Қ ытай ө ркениеті бұ дан 5000 жыл бұ рын пайда болғ ан. Ол біздің дә уірімізден бұ рынғ ы 221 жылдан бастап, 1911 жылғ а дейін бү тін империя болып келді. Олар қ ағ аз шығ арғ ан, кітап басқ ан, оқ, жібек дайындағ ан. Дү ние жү зіндегі ең сапалы ыдыстар Қ ытайда жасалғ ан.

Қ ытай халқ ының мә дени болмысының негізін қ алайтын бес атақ ты кітабы бар.

«Шу - цзин» - кө не императорлардың ө кіметтік басқ ару жү йелері мен ақ ыл кең естерін қ арастырады.

«И - цзин» - Қ ытай жазуының негізі болып табылатын фигураларды тү сіндіреді. Сонымен қ атар бұ л кітап Қ ытай пайымдауларының да негізі. Ө йткені ол бірлік пен екі жақ тылық абстракциясын тү сіндіруден басталады.

«Шу - цзин» - ә ртү рлі кө не ә ндердің жиынтығ ы.

«Ли - цзин» - ә ртү рлі рә сімдер жинағ ы.

«Чунь - цю» - шежірелер жинағ ы.

Қ ытай мә дениетінің ү лгі, эталон бола алатын, саф алтындай ө лмес тә лімдері бар.

Қ ытай қ оғ амына объективті семьялық пиә тет тә н, ә рбір қ ытай азаматы ө зін тек қ ана жан ұ яның ғ ана емес, сонымен қ атар мемлекеттің де ұ лы ретінде сезінген «Шу - цзин» кітабында Қ ытай қ оғ амының тү п – негізін қ ұ райтын, ерекше қ ұ рметтелетін жә не ұ дайы тұ рақ ты деп есептеленетін бес қ арым – қ атынас немесе міндеттер жү йесі келтірілген: 1) елбасы мен елдің ө зара қ арым – қ атынасы; 2) ә кесі мен баласының; 3) кіші мен ү лкен бауырының; 4) ері мен жұ байының; 5) достардың ө зара қ арым – қ атынасы.

Бұ л міндеттердің немесе жауапкершіліктің ә рдайым сақ талып, орындалып отырылуы қ оғ амның ә леуметтік, адамгершілік негізінің тұ рақ ты болуын қ амтамасыз еткен.

«Шу - цзин» кітабының «Ұ лы жоспар» деген тарауында бес істің орындалып, ү лгілі тә ртіп пен келісті ойдың, сө здің бес бұ лжымас ережесінің сақ талуы туралы айтылады: «Ө зін - ө зі бір қ алыпты ұ стай алу, лайық ты сө йлей білу. Анық кө ру, нақ ты есту, терең ойлау».

«И - цзин», яғ ни «Ө згерістер кітабында» ә лем мен адам туралы алғ ашқ ы кө зқ арастар айтылғ ан, философиялық ойлаудың негіздері кө рестілген.

«Ө згерістер кітабы» ә руақ ытта қ алыптасқ ан. Бастапқ ы текст XII – XIII ғ асырлар арасында пайда болғ ан. Оның негіздері 64 гексаграммадан тұ рады.

Гексаграмма дегеніміз – 6 сызық тың ә ртү рлі комбинациялары:

1. ________________ Шығ армашылық (цянь)

________________

________________

________________

________________

________________

 

2. ______ ________ Орындалуы (куль)

______ ________

______ ________

______ ________

______ ________

______ ________

 

64. ________________ Ә лі де біткен жоқ (Вай - цзы)

 ______ _________    

________________

 ______ _________ 

________________

 ______ _________ 

 

Грексаграммадағ ы сызық тардың орнының ө згеруі ө те маң ызды. Кітаптың атының «Ө згерістер кітабы» деп аталуы да осы сызық тардың ө згеріп отыруына байланысты.

Қ асиетті сызық тар ә лемнің қ озғ алысына сай, олардың табиғ и негізі бар.

Кітапты тү сіндірушілер гексаграммалардың орнына қ арап, ә ртү рлі жорамалдар жасап отырады, ә ртү рлі оқ иғ аларғ а тү сініктеме береді.

Қ ытай философиясының негізін екі маң ызды принцип қ ұ райды: инь мен ян. Инь – қ араң ғ ы тө менгі, затты тануғ а жол ашатын бастау.

Инь мен янь қ озғ алысы бір тұ тастық тағ ы диалектикалық ө згерістерді білдіреді, инь мен янның ауысып отыруы дао деп аталады.

Қ ытай философиясының даму барысында инь мен ян барғ ан сайын ең шеткі қ арама – қ арсылық тың: жарық пен қ араң ғ ылық тың, кү н мен тү ннің, кү н мен айдың, аспан мен жердің, ыстық пен суық тың, жақ сы мен жаманның ө зара ә рекетін бейнелейді.

Инь мен ян кү штерінің дуализмі туралы ілім – Қ ытай философиясындағ ы диалектикалық жү йенің даусыз элементі.

Инь мен ян туралы тү сініктер Қ ытай медицинасының, химиясының, музыкасының теориясын ә зірлеуде кең інен қ олданылды.

Қ ытай философиясына тұ рақ тылық жә не дә стү рге адалдық тә н. Тә ртіп пен қ оғ амдағ ы реттіліктің негізін ағ а ұ рпақ бастағ ан іс – ә рекетке тағ зым жә не сыйлау қ алайды. Ө ткен ұ рпақ қ ол жеткізген рухани қ ұ ндылық тар негізге алынады.

Сондық тан Қ ытай қ оғ амы тұ рақ ты жә не белгілі қ ұ рылымда ұ зақ уақ ыт ө мір сү реді.

 

5. Кө не Қ ытай философиясының негізгі ағ ымдары.

1. Даосизм философиясы.

2. Конфуции философиясы.

Біздің эрамыздан бұ рынғ ы III ғ асырда Қ ытайда бірнеше философиялық ағ ымдар қ алыптасты.

1. Даосизм

2. Конфуцишілдік

3. Инь – ян

4. Моизм

5. Легизм

6. Есімдер мектебі

Қ ытай дү ниетанымның негізгі ерекшеліктері:

- Қ ытай мемлекетін бү кіл ә лемнің орталығ ы деп есептеу;

- Жеке оқ иғ аны, жалпы тарихты циклдық процесс ретінде қ арастыру;

- Аспан мен жер алдында жер бетінде ғ арыштық циклдардың дұ рыс іске асырылуы ү шін ө зінің жауапкершілігін тү сінуі;

- Адамды, табиғ атты, космосты біртұ тастық ретінде қ абылдау;

- Сананың бұ рынғ ы кү нге ұ мтылысы, ө згерістерге қ орқ ынышпен қ арау;

- Ұ жымнан жеке адамның бө лінбеуі;

- Жеке адамның ә лсіздігін мойындау жә не ұ жымның кү шіне бас ию;

- Қ оғ амда вертикальді байланыстың қ анат жаюы, адамаралық қ атынастарда субординацияны ұ стау, мемлекет басшысын керемет бірліктіруші кү ш ретінде қ абылдау;

- Барлық қ арым – қ атынастарда конформистік ұ станымда болу;

- О дү ниедегі емес, осы тіршіліктегі ө мірді қ ұ рметтеу;

- Қ арияларды, жасы ү лкендерді қ ұ рметтеу.

Қ ытай философиясының ө зекті мә селесі адам проблемасы. Ол ө з болмысында космостық қ уаттың (энергияның ) ү ш тү рін біріктіреді:

- цзин

- ци

- шэнь

«Цзин» - тірі организмнің бастауы, яғ ни барлық, тіршілік иелерінің бастауы.

«Ци» - барлық тіршілік иелерін қ ұ растыратын материалдық – рухани қ уат.

«Шэнь» - адам тұ лғ асының ө зегін білдіретін рухани қ уат.

Қ ытай философиясының ең кө рнекті ағ ымы даосизм, оның негізін Лао-Цзы қ алағ ан. Лао-Цзы «Кә рі ұ стаз философ» деп аударылады, яғ ни бұ л қ ұ рметті лауазым «Цзы» деген қ осымша «бала» немесе «философ» мағ ынасын береді.

Лао – цзы - Конфуцийдің ү лкен замандасы. Ол «Дао дэ цзин» деген ең бек жазғ ан. Бұ л кітап – тақ ырып бойынша жинақ талғ ан афоризмдер жинағ ы.

Трактаттың атын былай анық тауғ а болады:

- Дао – жол (заттардың )

- Дэ – жанның эманациясы (кө рінісі)

- Цзин – мә н

Жалпы кітаптың атын «Жолдар мен оның кө ріністері туралы кітап» деп алуғ а болады.

Кө не Қ ытай философиясы білім мен ізігілік мә селесін қ атар қ ояды.

Ізгілік жолы оң ай емес. Ізгілік ө те нә зік, оны кө ріп бағ алау ә ркімнің қ олынан келе бермейді. Ол да ү лкен адамшылық ты қ ажет етеді. Ө зің е сын кө зің мен қ арап, ө з интеллектіннің ө рісін білу ө те маң ызды. Даосизм ілімнің негізін қ алағ ан Лао – цзы осығ ан ү лкен мә н берген.

Біздің эрамызғ a дейінгі IV-III ғ асырларда жасалғ ан «Дао жә не дэ туралы ілім» деген трактатта: «Білімі бар бола тұ рып, білмеймін деп есептейтін адам дана. Білімі жоқ бола тұ рып білетін сияқ ты тү р кө рсететін адам ақ ымақ. Шын дана ө зін ешқ ашан да ұ лымын деп есептемейді, сондық тан да ол ұ лы бола алады» делінген.

Адамның дамуына ү лкен кесілін тигізетін кедергі ө зі жө ніндегі кө терің кі пікірі мен ө зін - ө зі дә ріптеушілігі болып табылады. Атақ қ ұ марлық, менмендік сияқ ты ұ сақ, кемшіліктерді жең е білу – шын мә ніндегі даналық қ а апаратын алғ ашқ ы қ адам.

Даосизм ілімінің негізгі ұ ғ ымы – дао. Дао табиғ ат пен адам арасындағ ы жарастық ты, тылсым байланысты ерекше дә йектейді. Ғ аламның шексіздігін, мә ң гілігін еске алсақ, адамдар ә лжуаз, кө зге ілінер – ілінбес қ ана тіршілік иелері.

Адамдар табиғ ат ананың шексіз қ уатымен жарастық та бола алмаса, ұ зақ ө мір сү ре алмайды. Даосизмнің басшылық қ а алар негізгі желісі осы. Табиғ аттың шектелуді білмейтін алып қ ұ діреті – Дао болып табылады.

Қ ытай мә дениетінің кө рнекті білгірі А. С. Мартиновтың пікірі бойынша, конфуцийлік тұ лғ а ө зінің мә н – мағ ынасын табиғ аттан алады. Сондық тан мемлекеттік аппарат оны табиғ аттың сиы, ерекше дары деп бағ алағ ан.

Даолық жолдың мә ні – оның табиғ ылығ ынды.

Адам жерге тартады, жер аспанғ а, аспан – даоғ а, ал дао - ө зіне тартады. Қ ытай халқ ына тә н ойлау мә дениеті туралы К. Г. Юнг былай жазады: «Біз кездейсоқ тық деп анық тағ ан қ ұ былыс, осы бір ерекше ойлау типі ү шін, негізгі принцип дә режесіне кө теріліп, ал біздер себеп салдарлық байланыс деп соншалық ты дә ріптейтін қ ұ былыс олар ү шін ешқ андай мағ ынасы жоқ нә рсеге айналады».

Оларды салдарлы себеп туындататын гипотетикалық себептерден бұ рын бақ ылау сә тінде бірден кө зге тү сетін ә ртү рлі кездейсоқ оқ иғ алардың ө зара байланысы кө бірек қ ызық тырады.

Батыс ойлау мә дениеті ә рнә рсені саралап, салыстырып, теріп алып, жү йелеп, бө лектейді, ал қ ытайлық тар бір сә тке кө ре алатын бір кішкентай бө лшекке, қ ұ былысқ а мә н береді. Ө йткені, оны осы бір кішкентай қ ұ былыс немесе бө лшектің ө зі емес, осы бақ ылауда болып тұ рғ ан сә т кө бірек қ ызық тырады.

Дао - дегеніміз барлық ә лемнің негізі. Дэ – бұ л кү ш пен энергия. Ол даомен байланысқ ан, оның кө рінісі.

Ци – бұ л ә мбебап ғ арыштық субстанция (энергия). Ци тек тә нді ғ ана емес, ойды да тудырады. Ци ә лемнің материалды кү ші ретінде ө мірді тудыра отырып, конструктивті, ал сонымен қ атар, жолындағ ының бә рін жаппай, қ ұ рта отырып, деструктивті роль атқ арады.

Пайда болумен, туындаумен жә не жоғ алумен, қ ұ рдымғ а кетумен, байланыстының бә рі ци ұ ғ ымының тікелей мә нін тү сіндіреді.

Қ ытай философиясының тағ ы да бір кө рнекті ағ ымы – конфуцийшілдік. Оның негізін – Конфуций қ алағ ан.

Кунь-Цю (551-479 ж. б. э. д. ) Еуропа тілдерінде Конфуций басқ аша айтқ анда «Ұ стаз Кун» Лу провинциясында Цюй фу деген кішкентай қ алашық та дү ниеге келген, ә кесінен ерте айырылып, анасының тә рбиесінде болды. Жеті жасында мектепке барып, он жыл бойы аса ү лкен ыждаһ аттылық пен оқ ығ ан. Ол рә сімдер мен ә ртү рлі рә міздерге кө п кө ң іл аударғ ан.   

19 жасында ү йленіп, астық амбарларының кү зетшісі болғ ан. 66 жасқ а дейін Қ ытайдың барлық жерлерін аралап кө рген. Сонан соң ө зінің туғ ан қ аласына оралғ ан. Оның ілімі тез арада тарап, кө п ізбасарлары пайда болғ ан. Ө мірінің ақ ырында оның 3 мың ғ а жуық оқ ушылары болғ ан.

Конфуцийдің негізгі ең бектері «Кө ктем мен кү з», «Кең ес пен толғ ам».

Конфуций адамның қ оғ амдағ ы жә не мемлекеттегі орны, тә ртібі, ө мір сү ру канондары жө нінде кө п ойланғ ан. Яғ ни, ол этика мә селесімен терең айналысқ ан.

Конфуций пікірінше, аштан ө лу – кішкентай оқ иғ а, ал моральдан айырылу - ө те ү лкен оқ иғ а.

Конфуций ілімінің ө зегі, негізі - Цзюн – цзы, яғ ни мә рт азамат кісі.

Конфуцийдің ойынша аспан аясындағ ы бес асыл қ асиетті бойына жинағ ан адам кісілікті деп танылмақ.

Нақ ты қ андай қ асиеттер?

- Сыпайылық, кең дік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық

Сыпайылық – сыйынды арттырады.

Кең дік – қ ұ рмет туғ ызады.

Шыншылдық – сенімге жеткізеді.

Зиялылық – табысқ а бастайды.

Мейірбандық – билікке жол ашады.

Конфуций мемлекеттің тұ рақ тылығ ы туралы мә селе алдың ғ ы шепке шығ ып, қ оғ амдық маң ызғ а ие болғ ан ерекше тарихи дә уірде ө мір сү рді. Сондық тан қ оғ амда баянды тұ рақ тылық немесе ө мір сү ру заң дылық тары ұ дайы орын алуы ү шін оны қ алай басқ ару керек деген сұ рақ ойшылдың кө кейінде ә руақ ытта тұ рды. Ал адам Конфуцийді белгілі бір жү йеліктің заң ды бө лшегі ретінде қ ызық тырады. Сондық тан да оның адам туралы ілімі мемлекетті басқ ару ілімімен тығ ыз байланыста болады. Ө йткені, Конфуций ә ртү рлі жағ дайларда адам ө зін - ө зі қ алай ұ стауы керек екендігін кө рсетуге тырысады. Оның ізденістерінде адам туралы теориялық пайымдаулардан гө рі практикалық ақ ыл – кең естер басым болып отырады.

Конфуций пікірі Қ ытай халқ ының дү ниеге кө зқ арасының ерекшеліктеріне сү йенеді.

Ол адамды табиғ аттың оғ ан бағ ынатын заң ды қ ұ былысы ретінде қ арастырады, сонымен қ атар адамның табиғ атқ а ө зін қ арсы қ оя алатындығ ын да ескереді. Мұ ның ө зі адамның Аспан мен Жердің ортасында тұ рғ андығ ымен тү сіндіріледі. Бір жағ ынан, адам жер мен кө кті ө зара біріктіретін дә некер ретінде дү ниенің біртұ тастығ ын қ амтамасыз етеді. Екіншіден, ө зінің дү ниедегі ө зіндік орнына байланысты ол жермен де, кө кпен де ерекше қ арым – қ атынаста бола алады.

Конфуций дү ниенің қ ұ рылымы жә не дү ниеге кө зқ арас мә селесімен айналасуды қ аламағ ан, рухтар туралы да айтудан бас тартқ ан.

Барлық адамдардың ө зін - ө зі ұ стауы туралы ө те қ ұ нды ілім жасады. Ұ стаз айтыпты:

Адамды жақ ындастыратын – тумыс, табиғ ат, алыстататын – болмыс, ғ адет.

Конфуций жү йесінде кө не дағ дылардың дә режесі жә не олардың ілімдері ө те жоғ ары бағ аланды, дегенмен алдың ғ ы қ атарғ а білімнің тек ө зі емес, дұ рыс ә деп шығ ып отырады.

Білімнің қ ұ ндылығ ы оның жақ сы ә дептердің қ алыптасуына жағ дай жасауында болып табылады. Конфуций ілімдері этикет тә ртібі бойынша қ олданылады. Оларды дұ рыс қ олдану ә р адамның ө зіне байланысты болады. «Ритуал» нормаларына сә йкес болу ү шін ө зін - ө зі ұ стай білу – осының ө зі адамгершілік. Адамгершілікті іске асыру адамның ө зіне байланысты, оғ ан басқ алардың қ атысы бар ма? Сө йтіп, адамгершілік ритуалғ а бағ ынышты болып табылады. Ізгілікті адам болу ү шін ө зін - ө зі ә руақ ытта жең іп, этикет тә ртіптерімен басқ арылатын қ оғ амдық қ арым – қ атынастарғ а толығ ымен еніп, оның міндеттерін керекті дә режеде орындау қ ажетті шарт болып табылады. Қ ытай дә стү рінде адам табиғ аты екі жақ ты: бір жағ ынан оның туа біткен қ асиеттері, екінші жағ ынан, ұ дайы ө зін - ө зі дамытып отыру қ абілеттілігі бар. Ө йткені адам ө зінің кө птеген қ асиеттерін еркін жұ мсап, тә ртібін қ адағ алап дұ рыс пайдалануғ а тырысады. Басқ аша айтсақ, адам ө зін - ө зі басқ ара білуі керек. Конфуций ізденістері осы қ исынғ а бағ ытталғ ан.

Ұ лы ойшыл мұ расының тамаша бір жалғ асы – тә рбие мә селесі. Ол ерекше кө ң іл бө лген, дамсытқ ан қ ағ идалар қ азіргі уақ ытта да ө зінің ғ ылыми – практикалық, дидактикалық маң ызын жойғ ан жоқ.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...