Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

сыныптарда сыныптан тыс

Кафедра: Білім технологиялары

Баяндама

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу әдістерінің ерекшеліктері.

Ғылыми жетекшісі:

 

 

Орындаған: ППМ-311 тобының студенті

 

Түркістан-2015ж

 

Жоспар.

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

 

2.1. Пәнді оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері

2.2. Әдебиетті оқыту – ғылым,шығармашылық құбылыс.

2.3. Әдебиеттік оқу пәнінде үй тапсырмасын тексеру әдістері

ІІІ. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Кіріспе

« Әдебиеттік оқу» пәні бастауыш білім берудің маңызды компоненті ретінде «Тіл мен әдебиет» білім беру саласына енгізілген. Әдебиеттік оқу пәнініңнегізгі нысаны – балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармалары. Көркемдік циклға жататын бұл пәннің оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, саналы оқу мен сауатты жазу дағдыларының қалыптасуында, мәтінмен алғашқы жұмыс істеуде алатын орны ерекше. Әдебиетік оқу адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын дамытуға, адамгершілік-имандылыққа тәрбиелеуге, сөз өнерін түсінуге, тілін, қиялын арттыруға мүмкіндік береді. Жоғарғы сыныптардағы «Әдебиетті» оқудың жүйелі курсына дайындайтын әдебиеттік оқу сабақтарында бірінші кезекте көркем мәтіннің негізі сөздің көркем бейне екендігіне назар аударуға, оқушыны сөз өнері әлеміне баулуға көңіл бөлінеді. Әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдау- әдебиеттік оқу курсының әдіснамалық негізі.

Бастауыш білім беру деңгейі оқушысының бойында оқырмандық және тілдік дағдыларды қалыптастыру, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейту жолдары. Білім мазмұнының тақырыптары оқушының дүниетанымын арттыратын және айнала қоршаған дүние туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыратын, оның тұлға ретінде өсіп-дамуын қамтамасыз ететін мәселелерді қозғайды.

Білім мазмұны идеялық-тақырыптық, көркемдік-эстетикалық ұстанымдар негізінде жүзеге асырылады.

Оқырмандық білікті мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстар жүйесі (оқу, мәтінді талдау, мәтінге жоспар құру, кейіпкерлерді сипаттау т.б.) құрайды. Оқырмандық білік негізінде сөйлеу білігі (сөйлеуде жазушы тілін қолдануға әрекеттену, шығармадан алған әсерін ауызша, жазбаша жеткізе алу, мәтіндегі оқиғаға өз көзқарасын білдіру, халық ауыз әдебиеті үлгілерін шығармашылықпен пайдалана отырып, өзіндік әрекеттерін дәлелдей білуге баулу т.б.) қалыптасады.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты. Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.

«Әдебиеттік оқу» пәнінің міндеттері. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:

· оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

· ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

· ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының атын, жетекші тақырыбын, басты кейіпкерлерін, негізгі мазмұнын білгізу;

· талданып отырған мәтіннің тектік, жанрлық сипатын білдіру;

· әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

· адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

· оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең,әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу,мақала жазу, шағын үзіндіге киносценарий жазу, өзіндік ой қорытындысын жазу, т.б.) жүргізе алуға машықтандыру;

· кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

«Әдебиеттік оқу» оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердіұлының, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, А.Байтұрсынұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабайұлының, Ж.Аймауытұлының, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтің т.б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады.

Оқу материалдары 2-4 сыныптардың тақырыптары маусымдық-тақырыптық ұстаным бойынша жүйеленеді. 1-сыныпты бітірген оқушыда оқу дағдысын қалыптастырып, жетілдіре түсу үшін халық ауыз әдебиеті үлгілерінің осы жастағы балаларға арналған нұсқалары жеткілікті түрде қамтылуы тиіс. Оқулыққа материалдар таңдауда қазақ балалар фольклорының оқушыларды адамгершілік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелейтін ең сенімді құрал екендігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Маусымдық - тақырыптық ұстанымға сәйкес топтастырылған материалдар оқушылардың туған ел табиғаты туралы (аспан – жер, аң – құс, өзен – көл, тау – тас, өсімдіктер дүниесі мен оларға адамдардың қарым -қатынасын байқататын) танымын арттыру, көркем және ғылыми-танымдық шығармаларды оқыту арқылы қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілік сезімін ояту, экологиялық мәдениетін тәрбиелеу көзделеді.

«Әдебиеттік оқу» пәні оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл деңгейдің материалдарын оқытуда қазақ балалар әдебиеті тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы, оқушылардың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т.б. дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 2-4 сыныптардағы «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

2-сыныпта аптасына - 4 сағат, жылына барлығы - 136 сағат;

3-сыныпта аптасына - 4 сағат, жылына барлығы - 136 сағат;

4-сыныпта аптасына - 4 сағат, жылына барлығы - 136 сағат.

Бастауыш білім беру деңгейінде барлығы - 408 сағат.

 

«Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнының вариативті бөлігі.

«Әдебиеттік оқу» пәні мазмұнын толықтыруға, оқушының пән бойынша білімін арттыруға, танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс. Пәнді тереңірек білу үшін оқушыларға қосымша вариативті курстар ұсынуға болады. Мәселен:

2-сыныпқа: «Ертегілер еліне саяхат»;

3-сыныпқа: «Ұлттық шешендік өнер», «Сөздер сөйлейді»;

4-сыныпқа: «Фантастикалық әлем», «Өлең - сөздің патшасы», т.б.

ІІ «ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ» ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

2-СЫНЫП

Оқу материалдары төмендегідей 7 тарауды құрайды:

1. Туған елім - Қазақстан.

2. Асыл сөз.

3. Адам болам десеңіз.

4. Еңбек түбі - береке.

5. Өнегелі өмір.

6. Табиғат- тіршілік бесігі.

7. Біздің тілегіміз- достық.

Оқу аясы екі бөлімнен тұрады:

· Көркем шығарма бөлімі.

· Ғылыми-танымдық шығармалар бөлімі.

Көркем шыгарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:

· Ауыз әдебиеті үлгілері.

· Жазба балалар әдебиеті үлгілері.

Ауыз әдебиеті үлгілерінен:

· балаларға арналған тақпақтар;

· төрт-түлік жырлар (мысалы, «Бөбектің тілегі», «Шопан атаға», «Түйе», «Сиыр»);

· өтірік өлендер (үзінділер);

· мақал-мәтелдер (әр түрлі тақырыптағы);

· жұмбақ-жаңылтпаштар (әр түрлі тақырыптағы);

· ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял-ғажайып оқиғалы ертегілер (мысалы, «Байлық пен ақыл», «Ұр, тоқпақ», «Жақсылық пен Жамандық», т.б.);

· Аңыз-әңгімелер (мысалы, «Қожанасыр мен Алдар
көсе», «Үш сом», «Кімнің баласы?», «Бала Жиренше», «Күй
құдіреті»);

· шешендік сөздер (мысалы, «Кедейлік неден?», «Жақсы жігіт белгісі», «Ананың арқасы», «Қазыбектің Төле бимен кездесуі», «Не қымбат?», «Әйтеке бидің айтқаны», «Жігіттің жақсысы»).

Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:

· өлеңдер (Отан, отбасы, туған ел, туған жер, табиғат құбылысы, ел еңбегі, балалар өмірі суреттелген көркем шығармалар);

· мысалдар (адалдық пен аярлық, еңбекқорлық пен жалқаулық, зұлымдық пен мейірімділік, достық пен қастық сияқты қарама-қайшы мінез-құлықтар суреттелген көркем шығармалар);

· әңгімелер (отбасы береке-бірлігі, Отан тыныштығы, табиғат құбылыстары, жан-жануар тіршілігі, ел адамдарының ерен еңбегі, еддің тарихы мен тарихи тұлғалары суреттелген көркем шығармалар;

· мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік (аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, жаратылыс құпиялары, адамзат сырлары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы шығармалар).

СЫНЫП

Оқу материалдары төменде көрсетілген 10 тарауды қурайды:

1. Туған елім, туған жерім.

2. Маужырап барқыт қоңыр күз.

3. Білім- өмір шырағы.

4. Өткен өмірден.

5. Қыс бейнесі.

6. Жақсы — ай мен күндей, әлемге бірдей.

7. Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

8. Табиғат — менің оз үйім.

9.Жаздыгүн шілде болғанда.

10.Сарқылмас қазына.
Оқу аясы екі бөлімнен тұрады:

· Көркем шығарма бөлімі.

· Ғылыми-танымдық шығармалар болімі.

Көркем шыгарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:

· Ауыз әдебиеті үлгілері.

· Жазба балалар әдебиеті үлгілері.

Ауыз әдебиеті үлгілерінен:

· төрт түлік жырлары (мысалы, «Торы құлын»,т.б.);

· ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер мен қиял-ғажайып оқиғалы ертегілер (мысалы, «Алтын балта», «Құмырсқаның қанағаты», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», т.б.);

· аңыз-әңгімелер: (мысалы, «Алдардың айласы»,
«Жиреншенің баласы», т.б.);

· батырлар жырларынан үзінділер (мысалы, «Қобыланды батыр» жырынан үзінді, т.б.);

· айтыс үлгілері (мысалы, «Біржан мен қыз», «Қожмамбет пен Ақансері»;

· шешендік сөздер: (мысалы, «Абылай хан», «Төле бидің төрелігі», «Бала Әйтекенің билігі», т.б.).

Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:

· өлеңдер (отбасы, Отан, туған ел, туған жер, табиғат құбылысы, ел еңбегі, балалық шақ суреттелген шығармалар);

· мысалдар (жалқаулық пен еңбекқорлық, аярлық пен адалдық, зұлымдық пен мейірімділік, қастық пен достық сияқты қарама-қайшы мінез-құлықтар суреттелген шығармалар);

· әңгімелер (отбасы береке-бірлігі, Отан тыныштығы, табиғат құбылыстары, жан-жануар тіршілігі, ел адамдарының ерен еңбегі, елдің тарихы мен тарихи тұлғалары суреттелген көркем шығармалар);

· мақала, очерк, күнделік: (жаратылыс құпиялары, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, аспан әлемі, адамзат сырлары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы ғылыми-танымдық шығармалар).

СЫНЫП

Оқу материалдары төменде көрсетілген 5 тарауды құрайды:

1. Халық ауыз әдебиеті үлгілері.

2. Өшпес өмір өнегелері.

3. Балалық шаққа саяхат.

4. Туған өлкем — тұғырым.

5. Әлем әдебиеті үлгілері.

Оқу аясы екі бөлімнен тұрады:

· Көркем шығарма бөлімі.

· Ғылыми-танымдық шығармалар бөлімі.

Көркем шығарма бөлімі балалар әдебиетінің екі саласын қамтиды:

· Ауыз әдебиеті үлгілері.

· Жазба балалар әдебиеті үлгілері.

Ауыз әдебиеті үлгілерінен:

· батырлар жырынан үзіңділер (мысалы, «Ер Тарғын» үзінді, «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат» үзінді, «Алпамыс батыр» үзінді);

· аңыздар (мысалы, «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай», «Қорқыт ата туралы аңыз», т.б.);

· ертегілер: жануарлар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер (мысалы, «Бес ешкі», «Үкі – қасиетті құс», «Ғажайып бақ»).

· шешендік сөздер (мысалы, «Төле бидің төрелігі», «Қазыбек бидің шешендігі», «Сырым батыр мен Малайсары», т.б.);

· айтыс үлгілері (мысалы, «Иесі мен сиырдың айтысы», «Шөже мен Орынбай», т.б.);

Жазба балалар әдебиеті үлгілерінен:

· өлеңдер (отбасы, Отан, туған ел, туған жер, табиғат құбылысы, ел еңбегі, балалық шақ суреттелген шығармалар);

· мысалдар, жазба әдебиеттегі ертегі үлгілері (жалқаулық пен еңбекқорлық, аярлық пен адалдық, зүлымдық пен мейірімділік, қастық пен достық сияқты қарама-қайшы мінез-құлықтар суреттелген шығармалар);

· әңгімелер (отбасы береке-бірлігі, Отан тыныштығы, табиғат тамашалары, жан-жануар тіршілігі, ел адамдары-ның ерен еңбегі, елдің тарихы мен тарихи тұлғалары суреттелген көркем шығармалар);

· мақала, очерк, естелік: (жаратылыс құпиялары, аспан әлемі, су асты тіршілігі, табиғат құбылыстары, адамзат сырлары, халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүр туралы ғылыми-танымдық шығармалар).

сыныптарда сыныптан тыс

оқуға ұсынылатын шығармалардың авторлары:

1.Ауыз әдебиеті үлгілері: аңыздар, әр халықтың ертегілері, шешендік сөздер, эпостық жырлар, айтыс үлгілері, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, т.б.

2.Жазба балалар әдебиеті үлгілері:

Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Көбеев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Жұмабайұлы, Ж.Аймауытұлы, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ж.Жабаев, Ө.Тұрманжанов, А.Тоқмағамбетов, С.Бегалин, Б.Соқпақбаев, Б.Момышұлы, М.Мақатаев, О.Бөкеев, Т.Айбергенов, С.Жүнісов, Ш.Смаханұлы, М.Әлімбаев, Қ.Мырза Әли, Т.Молдағалиев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, М.Айымбетов, Н.Айтов, Е.Өтетілеуов т.б.

Әлем әдебиетінен: Ш.Айтматов, И.А.Крылов, Л.Толстой, А.Чехов, Х.Андерсен, Ж.Родари, т.б.

 

ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

2-сыныпты бітірген оқушы:

· ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгілерін ажырата алуды;

· мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын;

· мәтіннің атауын, мәтіннен кейінгі сұрақ – тапсырмаларды таба алуды;

· көлемі 150-200 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелей алуды;

· мәтіннің түрлерін (сипаттау, әңгімелеу, пайымдау) ажыратуды;

· өлеңнің ұйқасқа құрылатынын біледі.

· Мәтіннің негізгі ойын;

· мәтіндегі оқиға желісін;

· мәтіндегі ақын-жазушының көңіл-күйін түсінеді.

· Мазмұндама мен шығарма жазуды (25-30 сөзден тұратын);

· оқыған немесе көрген оқиғасы жөнінде ауызша әңгімелей алуды;

· мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруді;

· 2-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс

белгілерін қоса есептегенде 40-45 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 50-55 сөз оқуды меңгереді.

3-сыныпты бітірген оқушы:

· ауыз әдебиеті үлгілерінің жанрларын (аңыз, ертегі, мақал – мәтел, жаңылтпаш, айтыс, шешендік сөздер, батырлар жыры, айтыс өлеңдер т.б.) ажырата алуды;

· шығарма авторларын, олардың көзқарасын;

· авторы арқылы шығармаларын атауды;

· көлемі 200-250 сөзден тұратын мәтінді толық және қысқаша әңгімелей алуды;

· көркем шығарма жанрларын (әңгіме, өлең, қара сөз т.б.) ажырата алуды;

· өлең жолдары мен шумағын;

· шығарманың тақырыбы мен басты кейіпкерлерін атауды біледі.

· Мысалдағы аллегорияны;

· көркем шығарманы өмірмен байланыстыра білуді;

· мәтінді тапсырмаға сәйкес теріп оқуды;

· мәтіндегі белгілі мен белгісізді түсінеді.

· Мазмұндама мен шығарма жазуды (30-35 сөзден тұратын);

· ата – аналарына құттықтау, достарына хат жазуды;

· жыл аяғына дейін 4-5 тақпақ, 4 - 5 өлең, 3 - 4 үзінді, 4 - 5 жұмбақ, 5 - 6 мақал-мәтелді жатқа білуді;

· мәтінге жоспар құруды;

· мәтін бойынша сұрақтар қоя алуды;

· 3-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс

белгілерін қоса есептегенде 55-60 сөз оқуды; екінші жарты жылдықта – 60-65 сөз оқуды меңгереді.

4-сыныпты бітірген оқушы:

· халық ауыз әдебиеті басты жанрларының (ертегі, аңыз, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, батырлар жыры, айтыс, шешендік сөздер) негізгі сипаттарын;

· жанр түрлерін (шағын фольклорлық жанр, әңгіме, мысал, өлең, ғылыми - танымдық шығарма, очерк, мақала, сатира) ажырата алуды;

· көлемі 300-350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын қысқаша, толық және жоспар бойынша таңдап әңгімелей алуды;

· өлеңдегі ақынның көңіл-күйін тани алуды;

· мәтіннен теңеу, мінездеу, кейіптеу, әсірелеуді таба алуды;

· мәтінге жоспар құруды;

· шығармадағы оқиғаның ел басынан өткен тарихи оқиғамен байланысын табуды біледі.

· шығарманың тақырыбы мен идеясын, оқиға желісін, басты кейіпкерлерін анықтауды;

· шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;

· ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті таба алуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

· мәтінді талқылау кезінде автор көзқарасын, сөзін дәлел ретінде келтіре алуды түсінеді.

· портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме бере алуды;

· көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсете алуды;

· мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндіруге қатысуды;

· кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттер мен интернеттен өз бетінше деректер, ақпараттар жинай білуді;

· мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);

· 4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды меңгереді.

IV ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Сөз өнерінде тек сыртқы объективті шындық қана емес адамның ішкі жан дүниесі суреттеледі. Адам факторы, оны зерттеп – зерделеу – әдебиеттің айнымас мақсаты, негізгі тақырыбы ғана емес, жалпы көркемдік дамудың басты бағытын айқындайтын ажырамас темірқазығы. Осы тұрғыдан алып қарағанда әдебиеттік оқу қоғамдық, тәрбиелік, эстетикалық категориялар тұрғысынан табиғат әлемін, қоғамдық құбылыстарды, жеке адамның рухани - психологиялық болмысын негізгі нысана етеді. Адам жаны диалектикасының ашылу дәрежесі сөз өнерінің интеллектуалдық және эстетикалық байлығының өлшемі болып қала береді.

Кез келген көркем мәтін бірнеше рухани шындықтың қиылысы ретінде қарастырылады: мәтінді тудырушы автордың көзқарасы мен сол мәтінді қабылдаушы оқырманның, бақылаушының, тыңдаушының ішкі жан дүниесі. Әдебиеттік оқуда қабылдаушы кішкентай оқырманды тәрбиелеу, мәтін арқылы оның сезіміне әсер ету, рухани дамыту басты назарда болады. Оқырманды тәрбиелеу ісі сауатты оқушы жағдайында ғана мүмкін болмақ.

Сауатты оқушы – кітап оқуға әдеттенген, кітапты өзін қоршаған әлемді білуге және оның өзін - өзі танудағы құрал ретінде пайдалануға дағдыланған адам; ол оқу техникасын меңгерген, оқығанын түсіне алатын деңгейге жетеді.

«Әдебиеттік оқу» – 2 сыныптан басталатын пән. Оқушылардың дұрыс, түсініп, мәнерлеп, шапшаң оқуын жетілдіруге, әдеби сауатын ашуға басты көңіл бөлінеді. Сауаттылықтың түпкі негізгі бастауыш сыныптарда қаланатын болғандықтан, оқушылар сөйлеу әрекетінің түрлеріне (оқылым мен жазылым, айтылым мен тыңдалым) де осы сыныптарда үйрене бастайды.

2-сыныпқа келген оқушыларда «Әдебиеттік оқуды» ұғынуға тірек болатындай бір жыл бойы жүйелі оқу барысында бойларында қалыптасқан білім, білік, дағдылары ғана емес, таным мүдделері мен таным әрекеттері болады. Сондықтан олар мәтіндердегі оқиғалардың өрбуін, оған қатысты адамдардың істерінің барысын бақылап, нәтижесін іздестіре алады.

Бұл сыныптың оқу материалдары ретінде халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған үлгілері кеңінен пайдаланылады.

4-сыныпқа келген оқушыларда «Әдебиеттік оқуды» ұғынуға тірек болатындай бір жыл бойы жүйелі оқу барысында бойларында қалыптасқан білім, білік, дағдылары ғана емес, таным мүдделері мен таным әрекеттері болады. Сондықтан олар мәтіндердегі оқиғалардың өрбуін, оған қатысты адамдардың істерінің барысын бақылап, нәтижесін іздестіре алады. Бұл сыныптың оқу материалдары ретінде халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған үлгілері кеңінен пайдаланылады.

«Әдебиеттік оқу» пәні оқушыны жоғарғы сыныптардағы «Әдебиеттің» жүйелі курсын меңгеруге дайындауға, әдеби сауаттандыруға, сөз өнері құралдары арқылы мәдени дамытуға баса көңіл бөлінеді.

4-сынып – бастауыш сатыдағы «Әдебиеттік оқу» мен жоғарғы сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» курсы арасындағы жетекші буын, жалғастырушы көпір. 4-сыныптың «Әдебиеттік оқу» мазмұнын құруда жанрлық-хронологиялық ұстаным алынып, қазақ балалар әдебиетінің тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

Балалар әдебиетінің бастау көзі – халықтың сонау ерте дәуірлерде шығарған өлең– жырлары, мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, аңыз ертегілері. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» – балалар әдебиетінің жазба нұсқасының алғашқы үлгісі. Балалар әдебиетінің жаңаша үлгіде өркендеп кемелденген тұсы Абай шығармашылығынан басталып, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. шығармашылығында жалғасып, бүгінгі күндері жаңа жанрлық түрлермен, үлгілермен толығып, дамып келеді.

Балалар әдебиетін тарихи кезеңдерге бөліп қарастыруға жалпы әдебиет туралы ой қозғаған Ш.Уәлиханов зерттеулері, Ә.Диваев пен С.Көбеев, С.Торайғыров және басқа ағартушы демократтардың баспасөз беттеріндегі әдебиет мәселесіне арнаған мақалаларды, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов, М.Ғабдуллин, М.Қаратаев, З.Ахметов, Қ.Жұмашев, Б.Кенжебаев, Ш.Ахметов т.б. зерттеулері мүмкіндік берді.

Осы орайда жалпы әдебиетімізбен бірге балалар әдебиетінің де қаз басып, қалыптасып кетуіне зор ықпал еткен А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров сияқты классиктеріміздің отызыншы жылдардағы ойранның құрбандығына айналуы, республикамыздағы зиялы қауымның жаппай дерлік жазалануы, отызыншы жылдарда әлемдегі ешбір елдің, ешбір халықтың тарихында болып көрмеген сұрапыл ашаршылықтың зардабын бүгін де қайталап айтуға әрі мәжбүрміз, әрі міндеттіміз. Сондықтан оқулықта осындай ақын-жазушыларымыздың балаларға арналған шығармаларымен қатар олардың өмірлерінен нақты мәліметтер беріледі. Оқушыларға қазақ балалар әдебиетінің тарихпен байланысын, үздіксіз дамуын, көркемдігін ұғындыру мақсатында халық ауыз әдебиеті үлгілері, әр дәуірдегі жазушылардың балаларға арналған шығармалары, сондай-ақ әлем әдебиетінің кейбір классикалық үлгілері сұрыпталып алынады.

 

Әдебиетті оқыту – ғылым,шығармашылық құбылыс

Оқыту әдістері

Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс – тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі — әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Академик Ю.Н. Бабанский өзінің «Оқу – тәрбие процесін оптималдандыру” деген еңбегінде (1982 ж., «Просвещение”, 177-бет) әдістерді мынадай үш топқа жинақтайды.

1. Оқушылардың оқу-таным қызметін ұйымдастыру әдістері (методы организации учебно-позновательной деятельности).

2. Оқу-таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері (методы контроля за эффективностью учебно-позновательной деятельности).

Әр топ бірнеше оқыту әдістерінен тұрады. Мысалы, 1-топтағы оқыту әдістеріне: сөздік (әңгіме, лекция, пікірлесу), көрнекілік (иллюстрация, портрет, суреттеу, мүсіндер), практикалық (поэтикалық талдау, көркем мәтінмен жұмыстар, әдістер жатады. Сондай-ақ репродуктивті, эвристикалық әдістерді де осы топқа жатқызуға болады. Жоғарыда атап кеткеніміздей, әр топтағы әдістемелердің өз мүмкіндігі, ерекшелігі болады. Төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған тоқталайық.

Сөздік әдіс

Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай.

Көрнекілік әдіс

Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.

Практикалық әдістер

Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.

Зерттеу әдісі

Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды щығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

Әдебиет сабағында ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем туындыны қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім-болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс-тәсілдерін сұрыптай отырып, пайдалануы керек. Көркем оқу әдісі әдебиетті оқытуда үлкен рөл атқарады. Ол оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді. Әдебиетті өнер деп тануда, көркем туындыны өнер туындысы деп қабылдауда, сөз касиеті мен құдіретіне, оның эстетикалық нәзік нәріне тұшындыруда бұл әдіс алғашқы баспалдақ, яғни көркем шығарманы оқушы жүрегіне бастайтын алғашқы сезім көпірі ретінде ежелден-ақ тиімді әдіс болып, мұғалімдер тәжірибесінен кең орын алуда. Бұл әдістің негізгі тәсілдері мұғалімнің мәнерлеп оқуы, көркем сөз шеберлерінің оқуы, күйтабақты, үнтаспаны тыңдауы т.с.с. болып табылады. Мұғалімнің мәтінді әрі мәнерлеп, әрі түсінік бере оқуы, оқушышларды осы жұмысқа баулуы, мәтінге жуық әңгімелету, жоспар жасату, негізгі оқиғаларға ат қойғызу, жинақтау т.б. шығармашылық жұмыстар да осы әдістің негізгі тәсілдері. Сондай-ақ көркем мәтінді оқу барысында иллюстрация, суреттер пайдалану (қабілетіне қарай өнерін шығару), сценарий жасату, оқыған шығармаларға, көркем суреттер бойынша пікір айтқыза білу (көркем киноны, пьесаларды т.б.) тиімді тәсіл ретінде оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру түрлеріне де жатады. Мұғалім осы жұмыстың басықасында, оны ойластырушы да, орындаушы, орындатушы да болып қызмет атқарады.

Әдебиет сабақтарында әдіс-тәсілдерді таңдап алу жолдары

Ұтқырлық мұратты, мұғалімдерден сабақтың мақсатын жинақты түрде айқындап, белгілеп алғаннан кейін, сол мақсатты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін де таңдап ала білуді талап етеді. Ол үшін әр мұғалім оқыту әдістемесін жете біліп, әрі оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы керек. Бұл аса маңызды, мұғалімнен шығармашылық ізденісті, жүйелі, тиянақты жұмысты талап ететін мәселе болып табылады. Мұғалім әр әдіс-тәсілдің өзіндік ерекшелігін, мүмкіндіктерін де жете білуі қажет. Көпшілік жағдайда мұғалімнің өзінің төселген, дағдыланған әдіс-тәсілі болады. Мұндай мұғалімдер қай тақырып болмасын, оны қай сыныпта өткізбесін, сабақтың негізгі мақсатын да еске алмастан, «дағдыға” айналған әдіс-тәсілмен сабақ жүргізе береді. Бұндай сабақтар тиімді өтеді, ол оқушыларға өз дәрежесінде білім бере алады деп айту қиын-ақ. Оқу-тәрбие жұмыстарының барлық саласын бір өзі шешіп тастайтын әдіс-тәсіл жоқ. Сол себептен де мұғалім әдіс-тәсілдерді жете меңгеріп қоймай, оларды қай жағдайда, қалай пайдалануға болады, — соны да ерекше ойлану керек. Мысалы, тәжірибе көрсетіп жүргендей, бір жағдайда тиімді болған, пайдалы деп танылған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда кейде тиімді, пайдалы бола бермейді. Неге олай, себеп не? Оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қызметін дамытуда, жетілдіруде, оларға өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білуде проблемалық оқытудың маңызы ерекше. Оқытудың бұл түрі арқылы мұғалім оқушы алдында проблемалық жағдаят (ситуация) тудыратын танымдық – іздендіруші, шығармашылық сипаттағы зерттеу әдісіне бағытталған тапсырмалар береді және оны орындата алады. Дегенмен де, осы проблемалық оқыту әдіс – тәсілдерінің мүмкіншіліктері шексіз емес. Оқу материалының барлығы, барлық тақырыптар проблемалық жағдаятты талап етпейді. Сондай-ақ белсенділігі, білім дәрежесі орташа, не ортадан төмен сынып ұжымына проблемалық оқыту әр уақытта да жемісті болады деуге болмайды. Бұл әдіс – тәсілдер оның үстіне уақытты да көп талап етеді. Өтетін тақырып аса күрделі емес, әрі оқушылар дербес, өздері шеше алмайтындай тапсырмаларға төселген жағдайда ғана проблемалық оқытуды басшылыққа алу тиімді болады. Түсіндірмелі – репродуктивтік әдістің де өзіндік ерекшелігі, мүмкіншілігі бар. Бұл әдіс – тәсілдің ең тиімді жағы мұғалім білімді қысқа мерзім ішінде, барлық оқушыларды қамти отырып, береді. Оқу материалын ақпараттық сипатта, әңгімелеу, түсіндіру сипатында жеткізеді. Оқушылар да өз мүмкіндіктерінше ол білімді қабылдап алады. Бірақ репродуктивтік – түсіндірмелі әдісте оқушының дербес ойлауы арқылы жүргізетін өзіндік жұмыс түрлері әлсіз болып келеді. Сондай – ақ әдебиетті оқытуда тиімділігі ерекше, көрнекілік әдістің де мүмкіндіктері әр түрлі. Көрнекілік оқушылардың пәнге қызығушылығын, таным белсенділігін арттырады. Дегенмен, оны үнемі пайдалану оқушылардың дербес дерексіз түрде ойлауын тежейді, көркем тілінің дамуына кедергі жасайды. Міне, сондықтан тиімділік идеялары да сабақта мұғылімнің өзі төселген бір әдіс-тәсілмен жұмыс істеуін немесе өзі білетін барлық әдісті бір сабаққа үйіп-төгуін жоққа шығарады, әрі бір сүрлеу, бір ізбен жұмыс істеудің тиімсіздігін дәлелдейді. Тиімділік идеялары оқыту әдістерін үйлесімді түрде, сол сабақтағы оқу-тәрбие мақсаты, тақырып ерекшелігі, сабақ өткелі отырған сыныптың жеке – даралық, жағдайларын ескере отырып, таңдап, сұрыптап ала білуді талап етеді. Белгілі, нақтылы жағдайға байланысты тиімді, пайдалы деп сұрыпталынып алынған әдіс-тәсілдер екінші жағдайда тиімді болуы да мүмкін. Сол себепті әдіс-тәсілдерді үнемі бірлікте, үйлестіре пайдаланған дұрыс болады. Өзіндік әдісін көрнекілікпен, практикалық жұмыстармен астастырып немесе зерттеу әдісін түсіндірмелі әдіспен үйлестіре пайдаланудың маңызы зор болмақ (әрине, қай әдістерді қалай пайдалану сабақ мақсатына байланысты туындайды). Ал кейде практикалық, танымдық – іздендіруші әдістерді көрнекілік әдіспен үйлестіре пайдалануға болады. Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолдану – оқушылар еңбегін ғылыми, тиімді түрде ұйымдастырудың маңызды бір саласы. Бұндай сабақтардан оқушылар жалықпайды, әрі пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Сабаққа әзірлік үстінде өтетін тақырыпқа зер сала отырып, оны қандай әдіс – тәсілдер арқылы түсіндіргенде ғана оқушыға берік те тиянақты білім беруге болатынын әбден ойластыру қажет. Ал өзі таңдап алған әдіс-тәсілдердің нәтижелі болуы ол мұғалімнің қаншалықты дәрежеде оқыту әдістерін жете біліп, жете меңгеруіне байланысты. Егер мұғалім сөздік әдісінің теориялық білім берудегі тиімділігін ескермесе немесе оқушылардың теориялық білімдерін өмірге пайдалана білу үшін, оны практикалық әдістермен үйлестіргенде, нәтижесі болатынын білмесе, әрине, онда мұғалім таңдап алған әдіс-тәсілдер жүйесінің нәтижелігі туралы сөз қозғаудың да қажеті жоқ.

 

Әдебиеттік оқу пәнінде үй тапсырмасын тексеру әдістері

 

"Үй тапсырмасы - келесі сабақтың іргетасы" деп бекер айтылмаған. Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үй тапсырмасын орындау барысында оқушы санасына білім берік қалыптасып, оның өзіне деген сенімділігі артады. Үй тапсырмасын күнделікті тексеріп, талдап отыру - сапалы білімге қол жеткізудің басты шарттарының бірі. Мұғалім үйге берілетін тапсырманы оқушының өзі еркін және қызыға орындайтындай етіп беруі тиіс.Үй тапсырмасының шамадан тыс көп берілуі оқушының білімге деген құштарлығына кері әсер етуі мүмкін. Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты. Сондықтан мұғалім оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастыруда келесі шарттары ескергені абзал:
  • Тапсырмаларды орындаудың қандай тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау беруі керек.
  • Тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірімен, олардың іс- тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
  • Тапсырма оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
  • Тапсырманың мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
  • Тапсырманың көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
  • Тапсырманы тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
  • Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
  • Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін — өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.
Әдебиеттік оқу пәнінде үй тапсырмасы көбінесе ауызша сұралатындықтан оқушылардың көптігі, үйге берілген немесе түсіндіргелі отырған жаңа тақырып көлемінің ауқымдылығы,өзектілігіне байланысты уақыт тапшылығы мұғалімдерге кедергілер туындатып жатады. Бастауыш сынып оқушылары үй тапсырмасын көбіне ата-аналарымен бірге отырып орындайды.Сол себепті әр ата-ана баласының үй тапсырмасын мұғалімнің қалай бағалағандығын білуге құштар. Егер баласының үйден орындаған тапсырмасы бағаланбай қалса, "тексермесе,онда несіне береді" деп кейіп жататыны да өтірік емес.Бұндай жағдай біренеше рет қайталанса " ой,қойшы, мұғалімің бәрібір тексермейді" деп балаға үй тапсырмасын орындауға көмектесуден бас тартатыны да кездеседі.Ең сорақысы - оқушының өзінде де "бүгін менен сұраған жоқ, келесіде орындамай барамын,бәрібір сұрамайды" деген ішкі түйсік қалыптаса бастайды. Үй тапсырмасын бірсарынды қалыптасқан дәстүрмен тексеру де оқушының үй тапсырмасын орындап келуге деген құлшынысына кері әсер етеді. "Сынық вагон" Ең әуелі " сарапшылар" тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне аса сенімді 3-4 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері басқа оқушыларды мұқият тыңдау, "вагондарды" бір-біріне "тіркеу", " сынық вагонды" анықтау.Қалған оқушыларға реттік нөмір таратылып беріледі.Бірінші нөмірлі оқушы ("бірінші вагон") мәтіннің мазмұнын баяндауды бастайды.Сарапшылар ол оқушыны кез-келген жерден тоқтатып келесі оқушыға ("вагонға") жалғастыруды бұйырады. Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра алмаған оқушы " сынық вагон" болып есептеліп, " рельстен " тақта алдына шығарылады. Ең соңында сарапшылар "сынық вагондарға" сұрақтар қойып, олардың " жөнделуіне " мүмкіндік береді. Әдістің тиімділігі: Мұнда сабаққа дайындалмай келген оқушыны мұғалім " ой, сен сынып қалыпсың ғой,онда келесі вагондардың жүруіне кедергі жасамай,рельстен шыға ғой" деген ескерту арқылы тақта алдына ұрсып емес, ойын барысында шығарып, "енді қалғандарын мұқият тыңдап тұрсаң, жөнделуге мүмкіндік аласың" деп оқушының сабаққа деген ықыласын арттырып қояды.Бұл әрекетті ойын ретінде қабылдап тұрған оқушының көңіліне кірбің түспейді.Бағаны сарапшылар қояды. Кино түсіру Бұл ойынды көлемі ауқымды мәтіндерді өткенде қолданған тиімді. Мұғалім үйге тапсырмасы беріліп жатқанда тапсырманың осы әдіс бойынша тексерілетінін бірге хабарлап айтады және мәтінді әр топтың оқушыларына бөліктерге бөліп береді. Келесі сабақта үй тапсырмасын тексеруді бастамас бұрын мұғалім кино түсіру өнерінің киелі өнер екендігін, ол үшін тер төгіп еңбек ету керектігін, сол арқылы кейбір адамдардың есімдері мәңгі тарихта қалғандығы туралы айта отырып әр топқа сәттілік тілеп,"Бүгінгі киноның тарихында кімдердің есімі жазылып қалар екен?" деген сөздерімен оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қойғаны жөн. Кезекті бірінші бөлік бойынша әзірленіп келген оқушылар өз бөліктерінің мазмұнына сәйкес қойған тақырыптарын (Бұл киноның атауы болып есептеледі) кезекпен мәтін мазмұнын баяндап отырғанда басқа топтың оқушылары оларды көздерін жұмып, оқиғаны көз алдарына елестетіп тыңдап отырады.Егер бір оқушы оқиға желісін үзіп айтса, "лента үзілді" деп ескерту жасайды.Ондайда сол топтың келесі оқушысы жалғастырады.Осылайша келесі топтар жалғаса береді. Соңында әр топтың "актерларын" анықталып, есімдері" тарихта" қалу үшін дәптерге жазылады."Лентаны үзіп алған" оқушылардың есімдері " киноға түспей" қалғандықтан ешқайда жазылмайды.Оқушылардың ынталарын арттыру үшін "Оскар сыйлығына" лайықты "үздік актерлерді " де анықтап, марапаттауға болады. Әдістің тиімділігі: Бұл тапсырманы оқушылар " киноға түсіп қалуы " үшін, сөйтіп басқа балалар да өздерінің есімдерін дәптерлеріне жазып қоюы үшін тырысып оқып келеді. Өйткенібұл жастағы балаларға бұл әрекет есімдері шынында да тарихта қалып қойғандай әсер етіп, мақтаныш сезімге бөленеді.Ал көшбасшы оқушылар "Оскар сыйлығын" алғандай әсерде болады. Бағалар да осы бағалауға сәйкес қойылады. Топтау арқылы тексеру Кейде үйден жақсы дайындалып келген оқушымыздан сабақ сұрай алмай "өкпелетіп " алатынымыз шындық. Бұл әдіс уақытты үнемдей отырып, сынып оқушыларын түгел қамтуға мүмкіндік береді. Үй тапсырмасын айтуға тақта алдына бірден 4-5 оқушы шығарылады. Ал орнында отырған оқушылардың арасынан 3 оқушы сарапшы болады.Сонда бір мезетте 8 оқушы бірден қамтылады. Сабақ айтуға шыққан оқушылар тобы кезекпен мәтін мазмұнын жалғастыра баяндайды.Сарапшылар баяндаушыны мұқият тыңдап, " келесі" деген белгімен келесі оқушыға жалғастыртады.Осылайша мәтін соңына дейін әр оқушыға бірнеше рет кезек келеді.Соңында сарапшы топ әр оқушыға жеке- жеке өз пікірі мен ұсынысын білдіріп, баға береді.Шешуші баға сарапшылардың бағалауларына сәйкес қойылады. Әдістің тиімділігі: Оқушылар бірін -бірі әділ бағалауға,уәж айтуға, сынды қабылдай білуге, басқалардың пікірімен санаса білуге үйренеді. Иә -жоқ Бұл әдісті балалар баяндаудан немесе тыңдаудан жалықпас үшін қолданамын. Оқушылар бұл әдіс қатты ұнайды. Мұнда әр оқушы мәтін мазмұнына сәйкес келетін немесе мүлдем қатысы жоқ бір сұрақ дайындап отырады. Сұрақ не "иә", не " жоқ" деп жауап қайыратындай болуы тиіс.Егер сұрақ "жоқ" деп жауап қататындай болып қойылса, онда дұрыс нұсқасын қосып айтады. Бірінші бастаған оқушы өзі қалаған кез-келген оқушыға дайындаған сұрағын қояды.Ол сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қояды. Осылайша аз уақыттың ішінде барлық оқушы қамтылады. Ең соңғы оқушы сұрағын тапсырманы бастаған оқушыға қояды. Мысалы:Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" әңгімесінің желісі бойынша сұрақ қоюшы оқушы "Қожа мұғалімнің сөмкесіне тышқан салды" десе, жауап беруші оқушы "Жоқ, Қожа мұғалімнің сөмкесіне бақа салды" деп дұрыс нұсқасын айтқаннан кейін өзінің сұрағын келесі оқушыға қояды. Әдістің тиімділігі:Оқушылардың ой ұшқырлығы артады.Қайсібір оқушылар мазмұны мәтінге мүлдем сәйкес келмейтін сұрақты қисынды құрастырады.Нәтижесінде ойланбай "иә" деп айта салған оқушылардың жауабына басқалары еріксіз күліп, сыныпта көңілді ахуал қалыптасады. "Жедел" тест Бұндай тестті мұғалімнің өзі немесе оқушылар дайындап әкелуге болады.Тест 5 сұрақтан құралады.Оқушылар бағалау өлшемімен танысады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушылар дәптерлеріне бағандап 1-ден 5-ке дейін сандар жазып қояды.Мұғалім әр тапсырманы оқып тұрғанда оқушылар сәйкес санның қасына бір ғана сөзбен жауабын жазады. Тапсырма орындалып болған соң, оқушылар дәптерлерін көршілерімен алмастырады. Тест жауабы тақтаға жазылады. Оқушылар алдарындағы жұмысты бағалау өлшеміне сәйкес бағалайды. Мысалы:"Қабанбай" мәтіні бойынша Оқушы дәптерінде: 1.Батырдың азан шақырып қойған есімі. 1.Ерасыл 2.Батыр алдында көсіліп еркін сөйлейтін адам. 2.Ақтанберді жырау 3.Батырға "Қабанбай" есімін берген адам. 3.жездесі (Бердәулет) 4."Дарабоз" деген атты батырға кім берді? 4.Абылай хан 5.Батыр мен Долан Дашының жекпе -жегі өткен жер. 5.Сауыр Әдістің тиімділігі: Тек 5 сөз жазу арқылы барлық оқушының үйден қаншалықты даярланғанын анықтап, бағалауға болады.Қажет жағдайда 1 қосымша сұрақ дайындап әкелуге болады.(Көп оқушы төмен баға алып қалған жағдайда). Бұл әдістерден басқа үйге өлеңді мәнерлеп оқуға немесе жаттауға берген кездері "Поэзия патшасы(патшайымы)", көріністеуге (сахналауға) бергенде "Сахна саңлағы", шынайы өмірде мазмұны өзекті мәтіндерді оқығанда "Өткір сұрақ"(мәтін өзектілігінашатын, шынайы өмірмен байланысты сұрақ дайындау), тарихи тұлғалар туралы мәтіндерді өту барысында сол адамдар туралы деректер жинастыруға тапсырма беру арқылы "Шығармашылық сабақ","Мәтін мазмұны менің қиялымда" деген тақырып аясында сурет салуға, "Болмасаң да ұқсап бақ" деген айдармен өткен тақырыпқа сәйкес өлең шығаруға,"Ең үздік образ" сайысы түрінде образдарды сомдауға, мәтіндегі оқиға желісін өз қиялдарымен жалғастырып жазып (ауызша да болады) келуге, мақал -мәтел, мәліметтер жинауға, жоспар құруға т.с.с тапсырмаларды түрлендіріп беруге тырысамын. Мақсатым - оқушылардың үй тапсырмасынан жалықпайтындай етіп беру арқылы пәнге деген деген қызығушылықтарын арттыру.     Қорытынды Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс – тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу
Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...