Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

бап. Актуарийдi лицензиясынан айыру

Тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Ескерту. Мәтiндегi "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк органға", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер тиiсiнше "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi органға", "уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2003.07.10 N 483 Заңымен.

1-бап. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және
сақтандыру қызметi туралы заңнамасы

Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

1. Қазақстан Республикасының сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Осы Заңмен тiкелей реттелген қатынастарды қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнiң қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актiлермен реттеледi.
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

2-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар

1. Осы Заң сақтандыруды кәсiпкерлiк қызмет түрi ретiнде жүзеге асырудың негiзгi ережелерiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнiң талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттiк реттеу мiндеттерiн және сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшiн мiндеттi болады.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аджастер - функциясына сақтандыру төлемi бойынша өтiнiштi қарау және сақтандыру жағдайынан болған залалды бағалау кiретiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерi;
1-1) актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажеттi төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерiн жүргiзуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргiзiп жатқан және жүргiзудi жоспарлап отырған сақтандыру түрлерiнiң пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргiзетiн, уәкiлеттi органның лицензиясы бар жеке тұлға;
1-2) актуарийлер бiрлестiгi - өз мүшелерiнiң мүддесiн қорғауды және олардың кәсiби қызметтерiне жағдай жасауды қамтамасыз ету үшiн қоғамдық бiрлестiк нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
1-3) андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерiн бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кiретiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерi;
2) ассистанс – сақтандыру ұйымдарының, заңды тұлғалардың сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) саяхатта не тұрғылықты жерiнен алыста жүрген уақытта қиын жағдайға душар болғанда сақтандыру жағдайының басталуы салдарынан оған техникалық, медициналық жәрдемдесу арқылы ақшалай және (немесе) табиғи-заттай нысанда көмек көрсетуi;
3) бақылау – заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай:
бiр тұлға заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiнiң не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының елу процентiнен астамын дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленетiн не заңды тұлғаның акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болатын;
бiр тұлғада заңды тұлғаның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемiнде жартысын дербес сайлау мүмкiндiгi болған;
Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептiлiгiн қоспағанда, заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне қосылған;
бiр тұлғаның дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғалармен бiрлесiп, шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болатын жағдайлардың бiрi болған кезде туындайды;
4) бас ұйым – басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;
5) еншiлес ұйым – өзiне қатысты басқа заңды тұлға бақылау жасайтын заңды тұлға;
6) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiн жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның iрi қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiн) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бiрлесiп заңды тұлғаның iрi қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
7) заңды тұлғаның iрi қатысушысы – заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң немесе дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан көп процентiн тiкелей немесе жанама иеленетiн (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иелiк етушi болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;
8) капиталға қомақты қатысу – дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) жиырма және одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама, дербес немесе, бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп иелену не акциялардың жиырма және одан да көп процентiмен дауыс беру мүмкiндiгiнiң болуы;
9) қайта сақтандыру – өздерiнiң арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес бiр жағынан қайта сақтанушының сақтандыру тәуекелдерiнiң бәрiн немесе бiр бөлiгiн қайта сақтандыруға беруiне және екiншi жағынан осы тәуекелдердi қайта сақтандыру ұйымының қабылдауына байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
10) қайта сақтандыру ұйымы (қайта сақтандырушы) – уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
11) қайта сақтанушы (цедент) – өзi қабылдаған сақтандыру тәуекелдерiн қайта сақтандыруға берудi жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы;
12) мiнсiз iскерлiк бедел – кәсiпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенiн растайтын фактiлердiң болуы;
13) ортақ сақтандыру – бiр мезгiлде бiрнеше сақтандыру ұйымдарымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерiн қабылдап, олардың жауапкершiлiгiн өздерiнiң арасында жасалған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар;
14) өздiгiнен ұстап қалу – жауаптылық көлемiнiң бiр бөлiгi, соның шегiнде сақтандырушы немесе қайта сақтанушы (цедент) сақтандыру немесе қайта сақтандыру шартына сәйкес өз есебiнен жауапты болады;
15) пруденциялық нормативтер – уәкiлеттi орган белгiлейтiн және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтауы үшiн мiндеттi нормативтер;
16) сақтандыру агентi – сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiне енген және тапсырыс шарты негiзiнде бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
17) сақтандыру брокерi – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкiлдiк ететiн немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөнiндегi делдалдық қызметтi, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
18) сақтандыру ережелерi – сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
РҚАО-ның ескертпесi!
18-1) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi - (ҚР 2010.07.15 № 338-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
18-1) сақтандыру есебi - дерекқорда бар ақпаратты толық немесе iшiнара беру нысаны;
РҚАО-ның ескертпесi!
18-2) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi - (ҚР 2010.07.15 № 338-IV Заңының 2-бабын қараңыз).
18-2) сақтандыру жөнiндегi бiрыңғай дерекқор (бұдан әрi - дерекқор) – сақтандырушы, сақтанушы, сақтандырылушы және пайда алушы туралы ақпараттың жиынтығы (оның iшiнде электрондық нысанда);
19) сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi – сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
20) сақтандыру нарығына кәсiби қатысушылар – өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий;
21) сақтандыру омбудсманы – сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы өзара қатынастарды реттеудi жүзеге асыратын, өз қызметiнде тәуелсiз жеке тұлға;
22) сақтандыру портфелi – сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының, сондай-ақ олар бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) жиынтығы;
23) сақтандыру резервтерi – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;
23-1) сақтандыру тәуекелi – сақтандыру жағдайының басталу ықтималдылығы;
23-2) сақтандыру тобы – банк конгломераты болып табылмайтын, сақтандыру холдингiнен, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сондай-ақ сақтандыру холдингiнiң еншiлес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншiлес ұйымдарынан және (немесе) сақтандыру холдингi және (немесе) оның еншiлес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын заңды тұлғалар тобы.
Сақтандыру тобының құрамына ұлттық басқарушы холдинг, Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру холдингi, сондай-ақ еншiлес ұйымдар және Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру холдингi капиталына қомақты қатысатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi емес болып табылатын ұйымдар кiрмейдi.
24) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы iрi қатысушысының, сақтандыру холдингiнiң немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталына қатысу үлестерiн) иелену арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бiрлескен iрi қатысушысы, сақтандыру холдингi болып табылатын тұлғалардың шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi;
25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң бiрлестiгi - өз мүшелерiнiң мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету және олардың кәсiби қызметiн үйлестiру үшiн қауымдастық (одақ) нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым;
26) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы – уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп процентiн тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы дауыс беретiн (артықшылықты акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдерге шартқа орай не уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалатын тәртiппен өзгеше түрде ықпал ету мүмкiндiгiне ие жеке немесе заңды тұлға (мұндай иеленушi мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
26-1) сақтандыру холдингi – уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiне сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларының орналастырылған (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларды шегере отырып) жиырма бес немесе одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иелене алатын немесе:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретiн акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызымен тiкелей немесе жанама дауыс беру;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын шешiмдердi шартқа орай не өзгеше түрде анықтау немесе бақылау жасау мүмкiндiгiне ие заңды тұлға (мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг осындай иеленушi болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда);
27) сатып алу сомасы – жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;
28) сюрвейер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру объектiсiн алдын ала тексерiп қарау мен бағалау кiретiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерi не ақылы қызмет көрсету шартына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қызмет көрсететiн заңды тұлға;
29) тәуелсiз актуарий – осы Заңның талаптарына сәйкес келетiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарийдiң есептеулерiн бағалауды жүргiзу үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тартатын жеке тұлға;
29-1) үлестес тұлғалар – шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бiр-бiрiнiң (тұлғалардың бiрiнiң) қабылдайтын шешiмдерiне, оның iшiнде жасасқан мәмiле күшiне қарай ықпал етуге мүмкiндiгi бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздерiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды және ұлттық басқарушы холдингтi қоспағанда). Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерiнiң құрамында ұлттық басқарушы холдингтiң болуы тұлғаларды бiр-бiрiне қатысты үлестес деп айқындау үшiн негiз болып табылмайды.
30) iшкi резервтiк қор – сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшiн алынған сақтандыру сыйлықақысы және басқару нәтижесiнде келтiрiлген сақтандырушының шығыстарын ескере отырып, оларды инвестициялаудан алынған кiрiс (залалдар) бөлiгiнiң есебiнен уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына сәйкес сақтандырушы қалыптастыратын ақша сомасы.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

4-бап. Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi

1. Сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүлiктiк мүдделерiн қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.07.05 N 164, 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

5-бап. Шетелдiк жеке және заңды тұлғалар мен
азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру

1. Шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдiк заңды тұлғалар, оның iшiнде өз қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
2. Алынып тасталды - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

5-1-бап. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес
сақтандыру ұйымдарының сақтандыруы

1. Заңды тұлғаның немесе оның оқшауланған бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлiктiк мүдделерiн және Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын жеке тұлғаның мүлiктiк мүдделерiн сақтандыруды тек сақтандыру ұйымы - Қазақстан Республикасының резидентi ғана жүзеге асыра алады.
2. Қазақстан Республикасының резиденттерi емес сақтандыру ұйымдарымен, жұмыс iстеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерiмен осы тұлғалардың тек Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерде уақытша болу кезеңiне ғана сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол берiледi.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiне және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) жеке және заңды тұлғалардан - Қазақстан Республикасының резиденттерiнен Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге;
2) жеке және заңды тұлғалардың - Қазақстан Республикасының резиденттерiнiң пайдасына сақтандыру шарттары бойынша Қазақстан Республикасының резидентi еместерден алынатын сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырумен байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Ескерту. 5-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

2-тарау. САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

6-бап. Сақтандыру салалары, сыныптары және түрлерi

1. Сақтандыру қызметiн ұйымдастыру және мемлекеттiк реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшiн сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлiнедi. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
2. "Өмiрдi сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) өмiрдi сақтандыру;
2) аннуитеттiк сақтандыру;
3) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен);
4) (алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен);
3. "Жалпы сақтандыру" саласы ерiктi сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;
2) ауырған жағдайдан сақтандыру;
3) автомобиль көлiгiн сақтандыру;
4) темiр жол көлiгiн сақтандыру;
5) әуе көлiгiн сақтандыру;
6) су көлiгiн сақтандыру;
7) жүктердi сақтандыру;
8) осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлiктi залалдан сақтандыру;
9) автомобиль көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
10) әуе көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
11) су көлiгi иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру;
12) осы тармақтың 9)-11) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру;
13) заемдарды сақтандыру;
14) ипотеканы сақтандыру;
15) кепiлдiктер мен кепiлгерлiктердi сақтандыру;
15-1) осы тармақтың 13), 14), 15) және 16)тармақшаларында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру;
16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;
17) сот шығыстарынан сақтандыру;
18) титулдық сақтандыру.
4. Ерiктi сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрiн) жүргiзу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның iшiнде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлерi) шеңберiндегi пруденциалдық нормативтер уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
5. Сақтандыру түрi, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бiр немесе бiрнеше сыныбы шегiнде әзiрлейтiн және беретiн сақтандыру өнiмi болып табылады.
6. Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының сақтандырудың мiндеттi түрiн реттейтiн заңнамалық актiсiмен айқындалатын мiндеттi сақтандырудың әрбiр түрi сақтандырудың жекелеген сыныбы болып табылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - ҚР 2003.07.10 N 483, 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

7-бап. Сақтандыру сыныптарының мазмұны

1. Өмiрдi сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзiмi бiткенге дейiн не сақтандыру шартында белгiленген жасқа дейiн өмiр сүрген жағдайда сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
2. Аннуитеттiк сақтандыру сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде шартта белгiленген мерзiм iшiнде немесе өмiр бойы кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады. Аннуитеттiк сақтандыру шарттары бойынша кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру жағдайы сақтандыру төлемдерiнiң мөлшерiн айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.
2-1. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
2-2. Алынып тасталды - ҚР 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.
3. Жазатайым жағдайдан сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған сақтандыру тәуекелдерiн қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсiби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсiптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тiркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
Жазатайым жағдай дегенiмiз - адамның ерiк-жiгерiне қарамастан басталған, сақтандырылушының организмiне сырттан оның денсаулығына зиян келуiне, мертiгуiне не өлiмiне әкелiп соққан механикалық, электрлiк, химиялық немесе термикалық әсер етуi салдарынан кенеттен болған, қысқа мерзiмдi оқиға (жағдай).
4. Ауырған жағдайдан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған сақтандыру сыныптарын қоспағанда, сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты оның шығыстарын тiркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
5. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-6) тармақшаларында тiзбеленген көлiк құралдарын сақтандыру көлiк құралын иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiне айдап әкетудi немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
6. Жүктердi сақтандыру жүктi, оның iшiнде багажды, тауарларды және өнiмнiң басқа да барлық түрлерiн қоса алғанда, иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне тасымалдау әдiсiне қарамастан, оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуi салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
7. Мүлiктi сақтандыру мүлiктi иеленуге, пайдалануға, оған билiк етуге байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында тiзбеленген мүлiктi қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
8. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көзделген көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн қоса алғанда, үшiншi тұлғаларға өзi көлiк құралын пайдалануға байланысты келтiрген залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
9. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында аталғандарды қоспағанда, барлық тәуекелдердi сақтандыру салдарынан үшiншi тұлғаларға келтiрiлген залалды өтеу мiндетiне байланысты тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
10. Заемдарды сақтандыру сақтанушының, (заемшының) кредитор алдындағы мiндеттемелерiн орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтiрiлуi кезiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
11. Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша кепiлдiк мүлiк болып табылатын тұрғын үйдiң нарықтық құны төмендеген жағдайда заемшының ипотекалық тұрғын үй заемы шарты бойынша мiндеттемелердi орындамауы салдарынан кредитордың мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрi болып табылады.
12. Кепiлдiктер мен кепiлдемелердi сақтандыру берiлген кепiлдiктер мен кепiлдемелердi орындау мiндетi салдарынан кепiлдiк немесе кепiлдеме берген тұлғаның мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
13. Басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 12)-15) тармақшаларында аталған сақтандыру тәуекелдерiн қоспағанда, қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде жұмыстан айырылу, кiрiстi жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздiксiз, болжанбаған шығыстар, нарықтық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтiрiлу кезiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
14. Сот шығыстарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың iстi қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезiнде сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы болып табылады.
15. Осы баптың 11-13-тармақтарында аталған тәуекелдердi сақтандыру шарттары бойынша сақтанушының өзiнiң ғана тәуекелi және оның пайдасына ғана шешiлетiн тәуекел сақтандырылуы мүмкiн.
16. Қаржы ұйымдарының шығындарын сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 13), 14), 15) және 16)тармақшаларында көрсетiлген сыныптарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтер көрсетуi нәтижесiндегi шығындарды iшiнара немесе толық өтеу мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығын бiлдiредi.
17. Титулдық сақтандыру мүлiкке меншiк құқығын тоқтатқан жағдайда, сақтанушының мүлiктiк мүдделерiне келтiрiлген залалды iшiнара немесе толық өтеу мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн сақтандыру түрлерiнiң жиынтығын бiлдiредi.
Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2006.02.20 N 128 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

8-бап. Сақтандыру салалары мен сыныптарын бiрiктiру

1. Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру ұйымының қызметi "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша лицензия немесе "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензия негiзiнде сақтандырудың лицензияда көрсетiлген тиiстi сыныптары шегiнде жүзеге асырылады.
2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi:
1) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметпен бiрiктiруге;
2) жинақтаушы сақтандыру нысанында жүзеге асыруға болмайды.
3. Осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған сақтандыру сыныптары шегiндегi тәуекелдердi сақтандыруды қоспағанда, "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметпен, сондай-ақ сақтандырудың мiндеттi нысанындағы тиiстi сыныптарды бiрiктiре алмайды.

4. Сақтандыру ұйымы, өзiнде сақтандырудың тиiстi сыныптары көрсетiлген және осы Заңда белгiленетiн сақтандыру сыныптарын бiрiктiру жөнiндегi шектеулер ескерiлген лицензия болған жағдайд<

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...