Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

4.3. БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ




4. 3. БҮ ЙРЕК Ү СТІ БЕЗІ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕМЕСІ

Гипер- жә не гипофункция жағ дайларынан басқ а, бү йрек ү сті безі қ ыртысының патологиясында, басқ а ішкі секреция бездерінен айырмашылығ ы, мұ нда ағ за дисфункциясымен сипатталатын жеке аурулар тобы ажыратылады. Бү йрек ү сті безі дисфункциясы кезінде бір гормонның артық ө ндірілуі жә не басқ аларының тапшылығ ы кө рініс береді. Бү йрек ү сті безі аурулары ағ заның функционалдық жағ дайына негізделе отырып жіктеледі: гиперфункция, гипофункция, дисфункция (4. 2 кесте).

 

4. 2 кесте. Бү йрек ү сті безі ауруларының жіктемесі

 

Гиперкортицизм 1. Кушинг ауруы мен синдромы 2. Біріншілік гиперальдостеронизм 3. Андростерома (вирилизациялаушы ісік) 4. Кортикоэстрома (феминизациялаушы ісік) 5. Аралас ісіктер (бірнеше гормондардың гиперпродукциясы)
Гипокортицизм   1. Біріншілік гипокортицизм 2. Екіншілік гипокортицизм
Бү йрек ү сті безі қ ыртысының дисфункциясы 1. StAR-протеиннің тапшылығ ы (бү йрек ү сті безінің липоидты гиперплазиясы, Прадер синдромы) 2. З β -гидроксистероиддегидрогеназа тапшылығ ы 3. Р450с17 тапшылығ ы 4. Р450с21 тапшылығ ы 5. Р450с11 тапшылығ ы  
Эукортицизм   Бү йрек ү сті безінің гормональды белсенді емес ісіктері (қ атерлі, қ атерсіз)
Бү йрек ү сті безі милы затының патологиясы Феохромоцитома (қ атерлі, қ атерсіз)

 

4. 4. КУШИНГ СИНДРОМЫ

Кушинг синдромы (гиперкортицизм, КС) — кортикостероидтардың эндогенді гиперфункциясынан немесе оларды ұ зақ уақ ыт экзогенді қ абылдаудан туындағ ан клиникалық синдром (4. 3 кесте). Алғ аш рет эндогенді гиперкортицизмді 1912 ж. Гарвей Кушинг (1864–1939) суреттеген болатын.

 

Этиологиясы

КС-ның этиологиялық жіктемесі тө мендегі 4. 4 кестеде кө рсетілген. КС этиологиясына сә йкес АКТГ-тә уелді жә не АКТГ-тә уелсіз болып жіктеледі: бірінші жағ дайда кортикостероидтар гиперпродукциясы АКТГ (ө те сирек жағ дайда КРГ) мө лшерінің кө п болуымен байланысты, екінші жағ дайда-байланысты емес.

 

4. 3 кесте. Кушинг синдромы

 

Этиологиясы Гипофиз кортикотропиномасы (Кушинг ауруы), бү йрек ү сті безі кортикостеромасы (қ атерлі, қ атерсіз), эктопирленген АКТГ-синдром (ө кпе, кө кірекаралық ісіктер, паранеопластикалық АКТГ ө ндіретін ісіктер), сырттан глюкокортикостероидтарды тағ айындау
Патогенезі Кортизолдың артық болуынан дамитын катаболикалық, контринсулярлы жә не минералокортикоидты ә серлер
Эпидемиологиясы КА жаң а жағ дайлар жиілігі жылына — 2 жағ дай 1 млн. Ә рбір КА-ның 5 жағ дайына 1 кортикостерома жағ дайы сай келеді. КА ә йел адамдарда 8–15 есе жиі, 20–40 жас аралығ ында кездеседі
Басты клиникалық кө рінісі Кушингоидты семіздік, миопатия, тері атрофиясы, жолақ тар (стриялар), остеопороз (сынық тар), кардиомиопатиялар (жү рек жеткіліксіздігі, аритмиялар), артериальды гипертензия, стероидты қ ант диабеті, аменорея, гирсутизм, гипокалиемия, гипернатриемия, эктопирленген АКТГ-синдромы кезіндегі тері гиперпигментациясы
Диагностикасы Ү лкен жә не кіші дексаметазонды сынақ тар, гипофиз МРТ-сі, бү йрек ү сті безі КТ (МРТ)
Салыстырмалы диагностикасы Жасө спірім кезең нің семіздігі, алкогольді «псевдокушинг», тә н симптомдардың ұ штасуы (семіздік, гипертензия, остеопороз)
Емі Стероидогенез ингибиторлары, транссфеноидальды аденомэктомия, гипофиз аймағ ына протонотерапия, бір жақ ты немесе екі жақ ты адреналэктомия
Болжамы Уақ тылы ем жү ргізілмеген кезде алғ ашқ ы 5 жылда ө лім кө рсеткіші 30–50%. Болжамы қ атерсіз кортикостеромада қ олайлы, эктопирленген АКТГ-синдромында қ олайсыз

 

4. 4 кесте. Кушинг синдромының этиологиялық жіктемесі

 

Кушинг синдромы Этиологиясы Жалпы қ ұ рылымдағ ы ү лесі

АКТГ-тә уелді

Гипофиз кортикотропиномасы (кортикострофтар гиперплазиясы)- Кушинг ауруы (КА) 70%
АКТГ-нің эктопиялық ө німі 10%
КРГ-нің эктопиялық ө німі < 1%

АКТГ-тә уелсіз

Бү йрек ү сті безінің кортикостеромасы 10%
Бү йрек ү сті безінің карциномасы 8%
Бү йрек ү сті безінің нодулярлы гиперплазиясы 1%
Экзогенді Глюкокортикоидты дә рілерді қ абылдау ?

 

Гипофизарлы АКТГ-тә уелді Кушинг синдромы дә стү рлі Кушинг ауруы (КА) терминімен белгілі. Соң ғ ысының патогенетикалық негізі кортикотропиноманың тү зілуі немесе гипофиз кортикотрофтарының гиперплазиясы болып табылатын нейроэндокринді ауру жә не ол кортизолдың ингибирлеуші ә серіне гипоталамус-гипофиз жү йесінің сезімталдық шегінің жоғ арылауымен ұ штасады, нә тижесінде АКТГ секрециясының тә уліктік динамикасы бұ зылып, бү йрек ү сті безі қ ыртысының екі жақ ты гиперплазиясы дамиды. Сонымен, кортизолдың шамадан тыс артық ө ндірілуіне қ арамастан, қ алыпты жағ дайдағ ыдай АКТГ ө ндірілуін тежей алмайды. Осылайша, кортизол секрециясының теріс кері байланыс механизмі бұ зылады. КА-ның морфологиялық субстраты- моноклональды ісік гипофиз аденомасы (90% жағ дайда микроаденома) болып табылады. КА кезінде эктопирленген АКТГ-синдромынан айырмашылығ ы, гипофиз аденомасымен АКТГ ө ндірілуі толық автономды болмайды.

Кортизолө ндіруші бү йрек ү сті безі ісіктерінің ық палынан дамитын КС-ның этиологиясы ә лі кү нге дейін белгісіз (кортикостерома, қ атерлі кортикостерома). Бұ л жағ дайда, кортизолдың артық ө ндірілуі АКТГ-тә уелсіз жә не абсолютті тү рде автономды болады. Эктопирленген АКТГ-синдромы немесе эктопиялық АКТГ-ө ндірілуі (гипофиздан тыс) кейбір ісіктердің (майда жасушалы ө кпе обыры, тимома, ұ йқ ыбезінің ісіктері) АКТГ-ды (сирек жағ дайда КРГ) артық ө ндіруімен сипатталады. Бұ л ісіктердің неліктен АКТГ-ны паранеопластикалық ө ндіру қ абілетіне ие болатыны белгісіз.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...