Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Жай кесімді силлогизм 4 страница




Белгілі бір қасиеттің нәрсеге тән немесе тән еместігін бейнелеуіне қарай ұғымдар оң және теріс ұғымдар болып екіге бөлінеді.

Нәрсеге қандай да бір белгінің тән екенін бейнелейтін ұғым оң, ал тән еместігін бейнелейтін ұғым теріс ұғым деп аталады. Мысалы, "сауатты", "тәртіпті", "ұқыпты" деген ұғымдар оң, ал "сауатсыз", "тәртіпсіз", "ұқыпсыз" дегендер теріс ұғымдар болып табылады. Қазақ тілінде теріс ұғымдар сөз басына "бей", "би" деген қосымшаларды, сөздің аяғына "-сыз", "-сіз", "-дық" деген жалғаулар жалғау арқылы құрылады: "тәртіпсіздік", "заңсыз", "сауатсыз", "беймаза", "бейқам", т.б. Бұлай бөлу тек ұғымдардың сыртқы формасына қарай болатынын ескеру керек, өйткені формасы жағынан кейбір оң ұғым ("жауыз", "жауыздық") мазмұны жағынан теріс мәнді болып табылады.

Дербес өмір сүретін нәрсені немесе басқа нәрсемен байланысты нәрселерді бейнелейтініне қарай ұғымдар қатыссыз және қатынасты болып екіге бөлінеді. Дүниеде бірінсіз бірі болмайтын нәрселерді бейнелейтін ұғымдар қатынасты ұғымдар деп аталады. Мәселен, "ата -ана" және "бала", "ері" және "әйелі", "себеп" пен "салдар", т.б. Дербес қолданылатын ұғымдардың бәрі қатыссыз ұғымдар деп аталады. Мысалы, "студент", "адам", "ағаш", "үй", т.б.

Кез келген ұғымның қай түрге жататынын анықтау үшін, оған логикалық сипаттама беру керек. Айталық, "Ресей" деген ұғымға логикалық сипаттама былай беріледі: ол - жекеше, нақты, оң және қатыссыз ұғым. Ұғымдардың мұндай логикалық сипаттамасыолардың мазмұны мен көлемін анықтап, оларды білдіретін сөздерді мүмкіндігінше дәлірек қолдануға көмектеседі.

2.8. Ұғымдардың арасындағы қатынастар

Объективтік дүниенің барлық заттары, құбылыстары бір-бірімен байланысты және өзара тәуелді болады. Біздің ұғымдарымыз да, объективтік дүниенің бейнеленуі болатындықтан, бір-бірімен өзара байланысты, бір-бірімен белгілі бір қатынаста болады.

Кейбір ұғымдардың арасында байланыс өте әлсіз, елеусіз болып келеді. Мысалы, "аю" мен "сынып тақтасы" ұғымдарының арасында қандай байланыс бар? Мұндағы байланыс тек олардың екеуіде болмыстың белгілі бір құбылыстарының бейнеленуі және логика тұрғысынан қарағанда, екеуі де - нақты, жалпы ұғым, жинақтаушы ұғым емес.

Өздерінің мазмұны бір-біріне алыс қатынаста тұрған мұндай ұғымдар салыстырғысыз ұғымдар деп аталады.

Барлық қалған ұғымдар салыстырмалы ұғым болады. Олар екі топқа бөлінеді: 1) үйлесімді ұғымдар және 2) үйлесімсіз ұғымдар.

Егер екі немесе одан да көп ұғымдардың көлемдері ескеріледі, олай болса, төменде қарастырылатын ұғымдардың арасындағы қатынастар көлем қатынастары делінеді.

Бұл қатынастар түсінікті болу үшін шеңберлер түрінде сызып көрсетіледі. Әрбір шеңбер ұғымның көлемін көрсетеді.

Үйлесімді ұғымдардың топтарын қарастырайық.

Тепе-теңдік қатынасы. Өздерінің мазмұнында айырма бола тұрса да, бір нәрсені ғана ойға түсіретін ұғымдар бар. Ондай ұғымдар тепе-теңдік қатынаста болады.

Мысалы, "бірінші дүниежүзілік соғыс" және "1914 жылғы империалистік соғыс". Бұл екі ұғымда ойға түсетін бір ғана соғыс, бірақ белгілер ретінде бұл соғыстың түрлі жақтары алынады.

Тепе-теңдік қатынас - бірінің үстіне бірін салғанда, үйлесіп түсетін екі дөңгелек түрінде суреттелген (1 - суретті қара), бір ұғымның көлемі (А), екінші ұғымның көлеміне (В) толық үйлес келеді. Мысалы: "Алматы" және "Қазақстанның бұрынғы астанасы", "Тұңғыш қазақ ғарышкері" және "Т.Әубәкіров".

  А=В
қайың
қайың
ағаш
Бағыныштылық қатынас. Бағыныштылық қатынаста жалпылығы кемірек бір ұғым жалпылығы кеңірек екінші ұғымның көлеміне кіреді

 

1- сурет 2-сурет

Бағыныштылық қатынас дегеніміз - түр мен тектің қатынасы. Түрлік ұғымның көлемі тектік ұғымның көлемінің бір бөлігімен үйлес келеді. Мысалы,"қайың" және "ағаш" (2-суретті қара). Көлемі кең ұғым ("ағаш") көлемі тар ұғымды ("қайың") толық ішіне алып тұрады.

Жалпылығы кеңірек (тектік) ұғым - бағындырушы ұғым деп, ал жалпылығы кемірек (түрлік) ұғым - бағынушы ұғым деп аталады.

Егер бағыныштылық қатынастағы екі ұғымның екеуі де жалпы ұғым болса, бағындырушы ұғым - тек, ал бағынушы - түр деп аталады. Мәселен, "алма ағашы" "жеміс ағашы" ұғымының түрі болады, ал "жеміс ағашы" алма ағашының тегі және сонымен қатар "жеміс ағашы" жалпы "ағаш" ұғымының түрі болып табылады. Басқаша айтқанда, әрбір жалпы ұғым бір мезгілде әрі тектік ұғым (өзінен гөрі жалпылығы азырақ ұғымға қарағанда), әрі түрлі ұғым (өзінен гөрі жалпырақ ұғымға қарағанда) болып келеді. Бір-біріне бағынған үш ұғымның қатынасын шеңбермен былай көрсетуге болады (3-сурет).

А
В
  С


А - ағаш;

В - жеміс ағашы

С - алма ағашы

 

 

Ұғымдардың бағыныштылық қатынасын - бөлік пен бүтінің қатынасымен шатастырмау керек.

Мысалы, "ай" және "жыл", "бұтақтар" және "ағаш", "цех" пен "зауыт" сияқты ұғымдардағы қатынас бөліктің бүтінге қатынасы, бірақ түрдің текке қатынасы емес. Мысалы,"әрбір ай дегеніміз - жыл" деп айтуға болмайды, ал "әрбір ағаш дегеніміз - өсімдік" дей аламыз.

Көлемдердің ішінара сәйкестік қатынасы. Мұндай қатынаста, мысалы, "заңгер", мен "спортшы" деген сияқты ұғымдар болады. "Заңгерлердің" кейбіреуі "спортшы", ал спортшылардың кейбіреулері "заңгерлер" болады. Бір ұғымның көлемінің бөлігімен сәйкес келетін қатынас шеңбер түрінде 4-суретте көрсетілген.

Осы сияқты көлемдері ішінара үйлесіп келетін ұғымдар ішінара сәйкес ұғымдар деп аталады.

Мұндай ұғымдардың басқа мысалдары: "жұмысшылар" және "алматылықтар", "суретшілер" және "ақындар".

  сприои
заңгерлер

 

Үйлесімсіз ұғымдардың арасындағы қатынастардың да үш түрі бар: Қатар бағыныштылық қатынасы, қарама-қарсылық қатынасы және қайшылық қатынасы.

Қатар бағыныштылық қатынасы. Бір тектік ұғымға бірнеше түрлік ұғымдар бағынса, онда түрлік ұғымдар өзара қатар бағыныштылық қатынаста болады. мысалы, "Еуропа", "Азия", "Африка" ұғымдары қатар бағыныштылық қатынаста тұр, өйткені олардың әрқайсысы "дүние бөліктері" ұғымына қарағанда түр болып табылады.

Қатар бағыныштылық қатынас дегеніміз - жалпы текке біріккен түрлердің өзара қатынасы.

Қатар бағынышты - А, Б және В ұғымдарының өздерінің жалпы тегі "Г" ұғымына қатынасы 5-суретте көрсетілген. Қатар бағынышты ұғымдардың көлемдері бір-бірімен үйлеспейді, бірақ барлығы тектік бір ұғымның көлеміне кіреді.

Қатар бағынышты ұғымдардың мысалдары: "алғашқы қауымдық құрылыс", "құл иеленушілік құрылыс", "феодалдық құрылыс", "капиталистік құрылыс" (жалпы ортақ тегі - "қоғамдық құрылыс").

Қарама-қарсылық қатынасы. Қарама-қарсылық қатынаста болатын ұғымдар мазмұнына қарай бір-біріне қарама-қарсы келеді, бірақ екеуі де өздері үшін тек болатын бір ұғымның көлеміне кіреді.

Мысалы, "қара түс" және "ақ түс" (олардың жалпы тегі - "түс"). Қарама қарсылық қатынасы 6-суретте көрсетілген. Басқа мысалдар: "батырлық", "қорқақтық", "өр" және "ылди".

Қарама-қарсы ұғымдардың әрқайсысының өзінің мазмұны екінші қарама-қарсы ұғымды теріске шығарумен бірге, онымен сыйыспайтын басқа мазмұнды ұғымды қостайды.

Г
түс ақ ақ емес
түс ақ қара

 


5-сурет 6-сурет 7- сурет

 

Қайшылық қ а тынасы. Қайшылық қатынасында біреуі екіншісін толығымен теріске шығаратын екі ұғым болады, бірақ терістеуші ұғымның мазмұны белгісіз болып қала береді. Мысалы, "қара" (түс) және "қара емес" (түс); "биік" (нәрсе) және "биік емес" (нәрсе).

Қайшылық қатынасы 7- суретте көрсетілген. Суреттен ұғым көлемінің екі бөлікке бөлінгені көрінеді; мұның бірі өзінің мазмұнына қарай екіншісімен сыйыспайды. Бірақ терістелетін бөлігінің мазмұны айқынсыз қалады.

Біріне-бірі қайшы екі ұғымның көлемдерінің қосындысы өздері үшін тек болып табылатын ұғымның көлеміне тең болады, ал қарама-қарсы ұғымдардың көлемінің қосындысы тектік ұғымның көлемінен кем болады, яғни біздің мысалымыздағы "ақ" пен "қара" барлық түстерді қамти алмайды, ал "ақ" пен "ақ емес" барлық түстерді қамтиды.

Әдетте, қайшылық қатынаста "оң" және "теріс" ұғымдар болады: "тәртіпті" және "тәртіпсіз", "суық" және "суық емес", т.б.

2.9. Ұғымды анықтау және оның мәні

Ұғымды анықтау дегеніміз - ұғымның мазмұнын ашатын логикалық амал. Ал ұғымның мазмұнын ашу - оның мәнді белгілерін атап көрсету деген сөз. Ұғымды анықтау амалының нәтижесі ұғымның анықтамасы деп аталады. Нәрселердің белгілері шексіз көп, олардың ішінде мәнділері, мәнсіздері болатынын жоғарыда айттық. Сондықтан нәрсенің барлық белгілерін көрсетуге тырысу дұрыс емес. Анықтамада сол ұғымды басқа ұғымдардан ажыратып тұратын мәнді белгілері ғана айтылатын.

Анықтамада нәрселер туралы негізгі білім қысқа түрде көрсетіледі. Олай болса, ұғымды анықтау дегеніміз - сол ұғым анықтау. Мысалы, "трактор" деген ұғымды анықтаумен бірге біз болмыста бар трокторларды анықтаймыз. "Ромб" деген ұғымды анықтайық. Бұл үшін алдымен ромбының ең жақын тегін көрсетеміз: ромб - параллелограмм. Бірақ параллелограмның ромбыдан басқа түрлері де бар. Сондықтан анықтауда ромбыны параллелограмның басқа түрлерінен ажырататын белгісін, яғни, түр айырмашылығын, қабырғаларының өзара тең болатынын көрсету қажет. Ақырында, ромб дегеніміз барлық қабырғалары бір-біріне өзара тең параллелограмм болып шығады. "Ромб" ұғымының анықтамасы, міне, осы.

Құрылысына қарай анықтама негізгі екі бөлімнен: анықталушы және анықтаушы ұғымдардан құралады. Мазмұны ашып көрсетілуге тиісті ұғым анықталушы ұғым (латынша definiendum, қысқаша Dfd) деп аталады, ал анықталушы ұғымның мазмұнын құрайтын ұғымдар анықтаушы (лат. definience, қысқаша Dfn) деп аталады.

Біздің мысалымыздағы "ромб" деген ұғым анықталушы, ал "барлық қабырғалары бір-біріне өзара тең параллелограмм" - анықтаушы ұғымдар. Анықтаушы ұғымдар анықталушы ұғының ең жақын тегін және оның түр айырмашылығын көрсетеді.

2.10.Ұғымды бөлу. Жіктеу

Ұғым бөлу дегеніміз – ұғымның көлемін ашып беретін логикалық әрекет.

Ұғымның көлемін ашу дегеніміз – бөлінуші ұғымның көлеміне енетін қатар бағыныңқылы түрлік ұғымдарды көрсету. Мысалы «біздің сыныптың оқушылары» деген ұғымды үлттық белгісіне қарай бөлу керек делік. Сыныбымыздағы балалардың ұлтын біліп алып, біз олардың қазақ, орыс, татар, украин, т.б. деп бөлінетінін көреміз.

Бөлінуші ұғым – тектік ұғым. Бөлу нәтижесінде түрлі ұғымдар шығады, олар бөлудің мүшелері деп аталады.

Бөлу жүргізіліп отырған белгі бөлудің негізі деп аталады.

Жоғарыда көрсетілген мысалда «біздің сыныптың оқушылары» бөлінуші ұғым, бөлу негізі – ұлттық белгі, ал бөлу мүшелері – бөлу нәтижесінде келіп шыққан түрлі ұлттар туралы ұғымдар.

Бөлу нәтижесінде шыққан ұғымдарды (яғни, бөлу мүшелерін) бір белгіні негізге алып, одан әрі тағы да бөлу ге болады, ал одан шыққан ұғымдарды жаңадан тағы бөлуге болады. Сөйтіп, ұғымдардың күрделі жүйесі келіп шығады. Мысалы, зоологияда барлық омыртқалылар омыртқалылардың түрлеріне бөлінеді; одан кейін, мысалы, құстар құстардың түрлеріне бөлінеді, т.б.

Ұғымды бөлудің екі түрі бар: бірінші – белгілердің түрінің өзгерісіне қарай бөлу және екеншісі – дихотомиялық бөлу.

Бөлудің негізін құратын белгілердің түр өзгерісіне қарай бөлінуші ұғымды екі (дихотомияға), үш мүшеге (трихотомияға) немесе көп мүшеге (политомияға) бөлуге болады. Мәселен, адам «адам» әйелдер және ерлер болып бөлінеді десек, бұл екі мүшелі бөлу болады. «Үш бұрыштар» тік бұрышты, доғал бұрышты және сүйір бұрышты болып бөлінеді десек, бұл үш мүшелі бөлу болады. «Сөз таптары» зат есімге, сын есімге, сан есімге етістікке, т.б. бөлінеді десек, бұл көп мүшелі бөлу болып табылады.

Ұғымды бөлуде оның негізі болып табылатын белгісін дұрыс таңдап алу ісі маңызды рөл атқарады. Әрине, ұғымның негізі ретінде оның кез келген белгісн ала салуға болады. Мәселен, адамдарды терісінің түсіне қарай ақ, қара, сары деп, бойына қарай ұзын бойлы, қысқа бойлы, орта бойды деп бөлуге болады. Алайда, кез келген бөлудің ғылыми не тәжірбиелік маңызы бола бермейді. Сондықтан бөлудің негізін таңдаған кезде белгілі бір тәжірбиелік немесе ғылыми мақсатты басшылыққа алу қажет. Бөлудің негізін құратын белгі қайсібір тұрғыдан алғанда мәнді белгі болуы тиіс.

Ұғымның көлемін бөлуді сол ұғым білдіретін бүтін нәрсені бөлшектеу ісімен шатастыруға болмайды. Бүтінді бөлшектерге мүшелегенде, ол бұрынғы нәрсе болудан қалып, басқа нәрсеге айналады. Мәселен, «ағаш» ұғымын жеміс ағаштарына, сәндік ағаштарға бөлу бар да, оны діңге, бұтаққа, жапыраққа бөлектесек, ағаш болудан қалып, отынға айналады.

Бөлу дұрыс болып шығу үшін, бөлу ережелері сақталу керек.

Бөлу ережелері

Егер бөлінуші ұғымның көлемі туралы біздің біліміміз толық емес дұрыс болмаса, онда бұған сәйкес бөлу де толық немесе дұрыс болмай шығады және бөлу ережелері бұл жағдайда бізге жірдем бере алмайды. Ал бөлінуші ұғымның көлеміне қандай түрлер кіретінін білген кезде ережелерді білу және оларды қолдана білу аса қажет болып табылады. Бұл ретте бөлу ережелерін білу қателесуден сақтандырады.

1. Бөлу шамалас (мөлшерлес) немесе толық болуы керек.

Мұның мәні – бөлу мүшелерінің жиынтығы бөлінуші ұғымның көлеміне тең болуға тиіс. Бөлу дұрыс болған жағдайда бөлу мүшелерінің жиынтығы бөлінуші ұғымның көлемінен артық немесе кем болып шығуы мүмкін емес. Мысалы, «үшбұрыш» ұғымның көлемін бөлу үшін бөлудің негізі ретінде үшбұрыш қабырғалары шамаларының қатынасын алсақ, онда дұрыс бөлу мына түрде болады: үшбұрыш әр қабырғалы, тең бүйірлі, тең қабырғалы болады.

Бұл ереженің бұзылуы нәтижесінде мынадай екі қатенің бірі шығуы мүмкін: бөлу не шамадан тыс кең немесе тым тар болады.

Мысалы, бастауыш және орта мектеп оқушыларының, студенттердің және басқа оқушылардың үстіне мектеп жасына дейінгі балаларды қоссақ, онда «оқушылар» деген ұғымның бөлінуі шамадан тыс кең, сондықтан қате болып шығар еді. Егер біз оқушылардың бір сыпырасын (мысалы, курстардағы оқушыларды) көрсетпек, онда «оқушылар» деген ұғымның бөлінуі тым тар болып шығар еді.

2. Бөлу бір негіз және де мәнді белгі бойынша жүргізілуі тиіс.

Ұғымды бөлу үшін негіз ретінде бөлінуші ұғымның мазмұнына кіретін белгілердің кез келген біреуін алуға болады.

Мысалы, «өзен» деген ұғымды мына төмендегіше бөлуге болады: 1) кеме жүретін және кеме жүрмейтін (негізгі – өзеннің кеме жүруге жарамдылығы); 2) ағыны шапшаң және ағыны баяу (негізі – өзендегі су ағысының жылдамдығы); 3) терең және таяз (негізі – өзеннің тереңдігі), т.б.

Бір ұғымды бөлу үшін, қай белгіні алсақ та, бір бөлу процесінде ол белгіні өзгертпеуіміз керек. Мұнымен белгісін ғана алатынымыз өзінен – өзі түсінікті.

Егер біз қала халқы деген ұғымды ерлер, әйелдер және қарттар деп бөлсек, онда көрсетілген ереженің бұзылғаны болар еді. Мұнда екі белгі араласып кеткен: жыныс белгісі мен жас белгісі.

Бөлу үшін негіз ретінде кейдесоқ бір белгіні алсақ, мысалы, адамдарды көңілді және көңілсіз деп бөлсек, онда бөлу қате болмағанымен, бірақ мәнсіз болып шығар еді.

Бөлудің негізгі жөніндегі бұл ереже – бөлудің басты ережесі. Бөлудегі қателердің көпшілігі осы ереженің бұзылуына байланысты болады.

3. Бөлу мүшелері бірін – бірі өзара тысқарылап тұруы керек.

Бұл ереже мұның алдындағы ережеден шығады: егер бөлу негізі дұрыс алынса, онда бөлу мүшелері де бірін – бірі тысқарылап тұрады, ал егер де дұрыс алынбаса, онда бөлу мүшелері тоғыса береді, бөлу дұрыс болмай шығады.

Ұғымның дұрыс бөлінбеуінің мақсаты: «тістер: күрек тістерге, сойдақ тістерге, азу тістерге және сүт тістерге бөлінеді». Мұнда бөлу мүшелерін бірін – бірі тысқарыламайды, өйіткені бөлу негізіне әр түрлі екі белгі алынған. Тағы бір мысал. «Соғыстар» әділетті, әділетсіз, басқыншылық, дүниежүзілік болып бөлінеді десек, бұл да дұрыс болмас еді, өйіткені бір соғыстың өзі әрі әділетсіз, әрі басқыншылық, әрі дүниежүзілік болар еді.

4. Бөлу секірмелі болмауы тиіс.

Мұның мәні: ұғымды бөлген кезде алыс түрлерді алмай, ең жақын түрлерді алу керек. Табиғатты – жануарлар, өсімдіктер мен минералдар деп бөлу дұрыс болмас еді. Алдымен «табиғат ұғымын «органикалық табиғат» және «органикалық емес табиғат» деп бөлу қажет те, соңынан барып әрі қарай бөле беру керек, олай болмаған жағдайда, бөлу секірмелі болады. Осы айтылған төрт ереже ешқашан бұзылмайтын, бөлудің ең ыңғайлы түрі дихотомиялық бөлу болып табылады.

Дихотомиялық бөлу

Дихотомиялық, яғни, екі мүшені бөлу дегеніміз – бөлінуші ұғым бір – біріне қайшы екі ұғымға толығымен бөлінеді деген сөз. Мысалы, барлық кітаптарды – оқулықтар немесе еместер деп бөлуге болады. Бұл бөлу ережелерінің барлығына да сәйкес. Ол – шамалас, негізі де біреу, бөлу мүшелері бірін – бірі тысқарылайды және бөлу секірмелі емес. Осыны әрі қарай соза беруге болады. Оқулықтар кітаптары беллетристика және беллетристика емес деп бөлінеді. Барлық беллетристика еместер техникалық және техникалық емес кітаптарға бөлінеді.

Дихотомиялық бөлудің ерекшелігі сол, біз мұнда бөлуді жүргізе отырып, бөлінуші ұғымның барлық түрлерін білмеуіміз мүмкін. Кейде біз үшін керекті болған кейбір түрлерді ғана бөліп алу қажет болып қалады және біз дихотомиялық бөлуді екінші ұғымның көлемін білу керек болмаған жағдайда да қолдануымызға болады.

Дихотомиялық бөлу теориялық істерде де, практикалық істерде де жиі қолданылады. Мысалы, химик металдардың қасиеттерін зерттей келіп, барлық элементтерді металдарға және металл еместерге бөлінеді. Металл еместердің тобын құрайтын заттар бұл жөнінде оған керек те болмауы мүмкін. Толып жатқан нәрселер тобының ішінен адам өзіне керекті нәрсені іздеп, тауып алуы қажет болғанда, ұғымды бөлудің осы түрін қолданады. Мысалы, бір елді мекеннің жанындағы орманда Н. Деген азаматты атып өлтіріп кетіпті. Қылмыс жасалған жердің маңынан аңшы мылтығының патроны табылды дейік. Осының негізінде тергеуші елді – мекенде тұратын адамдардың бәрін мылтығы барларға және мылтығы жоқтарға бөледі. Қылмысты әрі қарай зерттегенде, патрондағы оқты тығындаған «спорт» газетінің бір бөлігінен жасалған тығын табылады. Тергеуші енді аңшы мылтығы барларды «спорт» газетін алатындарға және алмайтындарға бөледі. Іздестіре келе қылмыскерді табады.

Поделиться:





Читайте также:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...