Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Бедеулік диагностикасы

Жіктелісі

Еркек және әйел ағзасының репродуктивті жүйесінің әр учаскесінде күрделі биологиялық мезаханизмнің жұмысын бұзушы және бедеулікке әкелетін патологиялық процесстер пайда болуы мүмкін.

Біріншілік және екіншілік бедеулікті ажыратады.

Ø Біріншілік бедеулік- әйелде (еркекте) ретті түрде жыныстық қатынаста бар, ешқандай контрацептивтерді қолданбағанда жүктіліктің болмауы (еркектерде – фертильді емес сперма).

Ø Екінішілік бедеулік- егер жүктілік бұрын болып, ретті жыныстық қатынас кезінде бір жылдың ішінде жүктілік болмаса (еркектерде ұрықтануға мүмкіншілігі бар).

Ø Абсолютті бедеулік- жыныс мүшелерінің даму аномалиясы немесе жоқ болуына байланысты бедеулік түрі.

 

Әйел бедеулігінің этиологиялық факторы мен патогенетикалық механиздері

Әйел бедеулігі көптеген аурулардың және жағдайлардың асқынуы болып табылады.

Әйел бедеулігінің этиологиялық факторы

біріншілік екіншілік
-генитальді инфантилизм, әйел жыныс мүшелерінің дамуының ақауы -әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары, аборттан кейінгі асқынулар
-аналық бездің гормоналды функциясы регуляциясының бұзылысы - эндокрин жүйесінің аурулары
-жатырдың және оның қосалқыларының аурулары -жыныс мүшелерінің ісіктері
-жатырдан тыс жүктілік
-соматикалық аурулар (туберкулез, коллагеноз, қан аурулары)
-жатыр мойнының, қынаптың және аралықтың жарақаттануы
-созылмалы интоксикация (алкоголь, никотин, ауыр металл тұздары)
-дұрыс тамақтанбау

 

Әйел бедеулігінің негізгі себебі жыныс мүшелерінің қабыну аурулары және оның асқынулары болып табылады(60-70%). Оның ішінде ең жиі жатыр қосалқыларының қабыну аурулары бедеулікпен асқынады, бұл кезде жатыр түтігінің өткізгіштігі бұзылып, аналық бездің әр түрлі функционалдық өзегрістерге ұшырауы байқалады.

Жатыр түтігінің өткізгіштігінің бұзылысы әдетте гонореялық сальпингитте пайда болады. Бедеулік көбіне аборттан кейін немесе патологиялық босанудан кейін басталады. Аборт асқынуы сальпингитпен, ал ол жатыр түтігінің өткізгіштігін бұзып, жатырдың шырышты қабатын зақымдайды.

Сальпингит тек қана жатыр түтігінің өткізгішітігінің бұзылысына әкеліп қоймайды, сонымен қатар оның қозғалғыштығының бұзылысына, жатыр түтігінің шырышты қабатының дистрофиялық өзгерістеріне әкеледі.

Аналық без қабынуы кезінде овуляция бұзылуы мүмкін, аналық клетка іш қуысына түспейді, ал аналық без айналасында жабыспалар болғанда аналық клетка жатыр түтігіне түсе алмайды. Оофорит аналық бездің эндокринді функциясын бұзады.

Бедеулікте Эндоцервициттердің ролі жатыр мойныны өзегінің эпителий қызметін өзгертеді. Бедеуліктің тағы бір себебі ретінде кольпит орын алуы мүмкін.

Бедеулік этиологиясында эндокринді бұзылыстар 40-60% жағдайда кездеседі. Бұл кезде аналық бездің қызметінің бұзылысы біріншілік болып табылады, яғни ол жыныс мүшелерінің дамуының бұзылысы мен аналық бездің фолликулярлы аппаратының зақымдалуында анықталады.

Инфантилизм мен жыныс мүшелерінің гипоплазиясы да бедеулік себебінің бірі. Бұл жағдайда бедеулікке анатомиялық, жыныс жүйесінің функционалдық ерекшеліктері әсер етеді(ұзын жіңішке тайыз емес күмбезді қынап, жіңішке жатыр мойны, аналық без гормоналды функциясының төмендеуі, жатыр түтігінің қызметінің төмендеуі).

Аналық бездің қызметі екіншілік өзгеруі мүмкін, оған себеп гипофиз, қалқанша без, бүйрек үсті безінің аурулары. Сонымен қатар бедеулік себебі бұл микседема, гипотиреоз, қант диабетінің ауыр түрі, Иценко-Кушинг ауруы, семіздік т.б.

Себебіне байланысты әйел бедеулігінің негізгі түрлері:

1. Эндокринді түрі- басқа түрлердің ішінде 35-45% құрайды, бұл кезде овуляция процесі бұзылады. Бұл бедеуліктің түріне гиперандрогения, гиперпролактинемия, гипоталамо-гипофизарлы жүйенің дисфункциясы жатады.

2. Түтікті-перитонеальді түрі- басқа түрлерінің ішінде 20-30% құрайды. Бұл бедеуліктің түріне жыныс мүшелерінің созылмалы аурулары, операция жасалған, жабысқақатары бар науқастар жатады.

3. Әр түрлі гинекологиялық аурулар- басқа бедеуліктің түрлерінің ішінде 15-25% құрайды (қынап және жатыр мойнының аплазиясы, эндометриоз, жатыр лейомиомасы, синехиялар жатады).

4. Иммунологиялық- 2-5% орын алады, шәуетке антиденелер түзіледі.

Ерлердің бедеулігінің келесі түрлері бар:

1. Варикоцелле (шәует канатигінің қан тамырларының кеңейіп кетуі)

2. Жыныс мүшелерінің індетті қабыну аурулары (уретрит, везикулит, эпидедимит)

3. Эндокринді бұзылыстар

4. Хромосомды аномалиялар (Клайнфельтер синдромы)

5. Крипторхизм

6. Жүйелік аурулар,ятрогенді себептер, шәует шығаратын жолдарының бітелуі

Бедеулік диагностикасы

Неке бедеулігінің диагностикасы екі партнерді де тексеруді қарастырады, диагностикалық шаралар кең көлемде жүргізілуі керек. Әйел бедеулігі кезінде диагностикалық және емдік шаралардың алгоритмі бірінші суретте көрсетілген.ВОЗ ұсыныстарына сай әйел бедеулігін зерттеу бекітіуі және жасалуы тиіс:

Анамнезін зерттеу кезінде:

 

1) Алдыңғы жүктіліктің саны: өздігінен немесе жасанды түсік, сонымен қатар криминалды; жатырдан тыс жүктілік, тірі балаларының саны, босанудан кейінгі және аборттан кейінгі асқынулар.

2) Біріншілік немесе екіншілік бедеулік ұзақтығы;

3) Контрацепция қолдану әдісі және оның соңғы босанудан кейінгі немесе біріншілік бедеулік кезінде қолданылуы;

4) Жүйелік аурулары: диабет, туберкулез, қалқанша без аурулары;

5) Овуляцияға ұзақ немесе қысқа әсер ететін медикаментті ем қолдану: цитотоксикалық препараттар, іш қуысының рентгенотерапиясы; психофармокологиялық заттар;

6) Бедеулік дамуына әкеліп соқытарытн операциялар: аппендэктомия, жатырға операция, операциядан кейінгі кезеңнің ағымы;

7) Кіші жамбас қуысы мүшелерінің қабыну аурулары,

8) Эндометриоидты аурулар;

9) Қынаптық бөлінділердің сипаттамасы;

10) Сүт безі бөліністері, лактациямен қатынасы, ұзақтығы;

11) Сыртқы орта- эпидемиялық факторлар, алкоголь қолдану, темекі шегу.

12) Тұқымқуалаушылық аурулар

13) Менструалды және овуляторлы анамнез; полименорея, дисменорея, соңғы етеккірдің бірінші күні.

14) Диспареуния

 

Бедеу неке

І Ерлердің бедеулігі Андрологта емделуі
Ердің тексерілуі
Әйелдің тексерілуі
Аменореядиагностика және емі    


Жүйелі аурулар Диагностика және емі
Гинеколгиялық зерттеу
Функционалды диагнотика тесттері
Сақталған екіфазалы цикл
Өзгерістер жоқ болуы

ІІ жыныс мүшелерінің даму ақаулары немесе жоқ болуы
ІІІ бедеуліктің қынап-мойындық факторы -инфекция диагностикасы және емі -рН және қынап биоценоз коррекциясы -гормоналды фонның және жергілікті иммунитет қалыптылығы -жыныстық қатынас регуляциясы

 


Емнен кейін

 

Ø УДЗ Ø Кимографиялық пертубация Ø ГСГ Ø Лапароскопия,гистероскопия
IV бедеуліктің гормоналды факторлары -аналық без жәнегипофиздің гиперпролактинемиялық жетіспеушілігінің жоқ болуы -етеккір бұзылысының коррекциясы
Өзгерістер жоқ болғанда
V эндометриоз -гормоналды терапия -хирургиялық ем -реабилитация  
VI түтікті-перитонеалды факторы -косервативті ем -хирургилық ем -реабилитация

 


 

Экстракорпоралды ұрықтандыру
Күйеуінің немесе донордың спермасының инсеминациясы
Эффективтілігі болмағанда

 

 

1 сурет. Бедеу некені зерттеу және емдеу кезіндегі диагностикалық және емдік шаралардың алгоритмі

Объективті зерттеу:

1) Дене массасы және бой ұзындығы; тұрмыс құрғаннан кейін салмақ қосу, стрестік жағдайлар, ауа-райының өзгерісі;

2) Сүт бездерінің дамуы, галакторея;

3) Түктену және оның орналасу сипаттамасы; тері жағдайы;

Ағза жүйесін зерттеу:

1) Қан қысымын өлшеу

2) Бас сүйек және түрік ершігінің рентгенограммасы

3) Көз түбі және көру аймағы

Гинекологиялық зерттеулер.

Гинекологиялық қарау кезінде цикл күні есептеледі. Сыртқы жыныс мүшелерінің даму ерекшеліктері мен дәрежесі, шүрті өлшемі, түктенуі, қынап, жатыр мойны, жатыр, оның қосалқыларының ерекшеліктері сегізкөз-жатыр байламдарының жағдайы, цервикалды өзек пен жатыр мойнының бөліністері бағаланады.

Кольпоскопия және микрокольпоскопия маңызды зерттеу әдсі болып табылады. Ол кольпит, цервицит, эндоцервицит,жатыр мойнының эрозиясын (бедеулік шақыруы мүмкін) анықтауға көмектеседі.

Лабораториялық және инструменталды зерттеу әдістері.

ВОЗ бедеу әйелдерге келесі лабораториялық зерттеудің уақыты мен кезеңін ұсынады:

1. Функционалды диагностика тесті- 2-3 циклі;

2. Гормоналды зерттеулер (ЛГ,ФСГ,пролактин,тестостерон)- менструалды циклдың 3-5 күні; цикл ортасында және екінші фазада;

3. Гистеросальпингография- менструалды циклдың 6-8 күнінде, кимопертубация-овуляция күндері;

4. Фолликул өсуінің УЗ-биометриясы- менструалды циклдың 8-14 күндерінде;

5. Иммунологиялық тесттер- менструалды циклдың 12-14 күндерінде;

6. Лапароскопия- жатыр түтігінің өткізгіштігін анықтау мақсатында- менструалды циклдың 18 күнінде;

7. Прогестерон деңгейін анықтау- менструалды циклдың 19-24 күнінде;

8. Эндометрии биопсиясы- менструалды цикл басталғанға дейін 2-3 күні.

 

Бедеу некедегі әйелдерді комплексті клинико-лабораториялық зерттеу келесі себептерді анықтауға көмектеседі:

Ø Сексуалды дисфункция

Ø Гиперпролактинемия

Ø Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің органикалық бұзылысы

Ø ФСГ деңгейі жоғары аменорея

Ø Эстрадиол деңгейі қалыпты аменорея

Ø Олигоменорея

Ø Ановуляция

Ø Жыныс мүшелерінің туа біткен даму ақаулары

Ø Жатыр түтігінің екі жақты өткізгіштігінің бұзылысы

Ø Эндометриоидты ауру

Ø Жыныс мүшелерінің туберкулезі

Ø Ятрогендік жағдайлар

Әйел бедеулігін емдеу принциптері

Бедеуліктің түтікті-перитонеалды түрі-

Емдеу өте қиын. Консервативті емде-қабынуға қарсы, сіңіргіш (рассасывающий) ем қолданылады. Патологиялық процесс асқынуында антибактериалды ем, физиотерапия және санаторлы-курортты ем.

Хирургиялық ем- сальпигоовариолизис және сальпингостоматопластика түтік бедеулігін емдеуде қолданылады. Лапароскопия- эндометриоз, жатфр фибриомасы, аналық бездің кисталық түзілістері, аналық без поликистозын анықтауға мүмкіндік береді.

Бедеуліктің эндокринді түрінің емі

Бедеуліктің гормоналды түрі бар науқастардың келесі топтарын ажыратады;

1. Топ- «аналық без поликистоз синдромы». Бұл топтағыларда қанда ЛГ деңгейінің жоғарылауы, ФСГ мөлшерінің қалыпты немесе жоғарылауы, ЛГ және ФСГ қатынасының жоғарылауы, эстрадиол деңгейінің төмен немесе қалыпты болуы тән.

Емі:

1) Эстроген-гестагенді препараттарды қолдану

2) Аналық бездің тікелей емес стимуляторларды қолдану-кломифенцитрат (клостилбегит)

3) Аналық бездің тікелей тимуляторларын қолдану- метродин ХГ

2. Топ- гипоталамо-гипофизарлы дисфункциясы бар науқастар. Менструалды циклдың әр түрлі бұзылыстары, аналық безде эстроген секрециясының жоғарылауы,пролактин және гонадотропин деңгейінің орташа әйелдерде.

Емі: Эстроген-гестагенді препараттарды қолдану, кломифенцитрат (клостилбегит), дексаметазон, ХГ, менапаузалық гонадотропин.

3. Топ- гипоталамо-гипофизарлы жетіспеушілігі бар науқастар, яғни аменореясы бар әйелдер, пролактин деңгейі жоғарыламаған, гонадотропин деңгейі төмен.

Емі. Тек менопаузалды ХГ гонадотропинмен немесе ЛГ-РГ аналогтарымен.

4. Топ- аналық безі жетіспеушілігі бар науқастар- аменореясы бар әйелдер, аналық безде эстроген бөлінбейді, гонадотропин деңгейі өте жоғары. Емі гормоналды терапия

5. Топ- өте жоғары пролактин деңгейі бар әйелдер:

Ø гипоталамо-гипофизарлы ауданның ісігі, гиперпролактинемиясы бар науқастар- менструалды цикл бұзылыстары бар, пролактин деңгейі жоғары.

Емі- парлодел, акушер-гинеколог,окулист, нейрохирург бақылауында болу, ісікті алып тастау.

Ø гипоталамо-гипофизарлы ауданның ісігі жоқ, гиперпролактинемиясы бар науқастар- менструалды цикл бұзылыстары бар, пролактин деңгейі жоғары.

Емі: парлодел және норпролакт препараттары (гипофиз микроаденомасы бар науқастарға)

Иммунологиялық бедеулікті емдеу

Кондомтерапия, спецификалық емес десенсибилизация, иммунодепрессорлар.

 

 

Пайдаланаған әдебиеттер

 

Руководство для врачей и студентов «акушерство и гинекология»

Москва 1998 жыл, 449-459 бет

 

Диагностический справочник акушера-гинеколога

Москва 2007 жыл, 82-88 бет

 

А.Т.Раисова, Р.Ғ.Нұрқасымова «акушерия және гинекология»

Алматы 2006 жыл, 290-292 бет

 

Интернет www.google.kz

 

 

Жоспар:

 

1. Гинекология және репродуктологиядағы маңызды мәселе-бедеулі неке.

 

2. Бедеулі неке жіктелісі

 

3. Әйел бедеулігінің этиологиялық факторы мен патогенетикалық механиздері

 

4. Ерлердің және әйел бедеулігінің негізгі түрлері

 

5. Диагностикалық және емдік шаралардың алгоритмі

 

6. Әйел бедеулігін емдеу принциптері

 

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...