Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

7. 3. Қантты диабеттіҢ зертханалыҚ диагностикасы мен компенсация критерийлері




7. 3. Қ АНТТЫ ДИАБЕТТІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ МЕН КОМПЕНСАЦИЯ КРИТЕРИЙЛЕРІ

 

Қ Д зертханалық диагностикасы қ анда глюкоза дең гейін анық тауғ а негізделеді жә не диагностика критерийлері Қ Д-нің барлық тү рлері мен нұ сқ аларына ортақ (7. 2 кесте). Басқ а зертханалық зерттеу мә ліметтері (глюкозурия дең гейі, гликолизденген гемоглобин дең гейін анық тау) Қ Д диагнозын верификациялау мақ сатында қ олданбауы тиіс. Қ Д диагнозы тө менде кө рсетілген ү ш критерийдің біреуі екі рет анық талғ анда қ ойылады:

1. Қ Д нақ ты белгілері болғ анда (полиурия, полидипсия) жә не тә улік пен қ абылданғ ан тағ ам уақ ытына байланыссыз толық капиллярлы қ андағ ы глюкоза дең гейі 11, 1 ммоль/л-ден артық болса;

2. Ашқ арынғ а капиллярлы қ андағ ы глюкоза дең гейі 6, 1 ммоль/л-дан артық болса;.

3. 75 грамм глюкозаны ( глюкозағ а толеранттық сынағ ы) қ абылдағ ан соң 2 сағ аттан кейін капиллярлы қ андағ ы глюкоза дең гейі 11, 1 ммоль/л-дан артық болса.

 

7. 2 кесте. Қ антты диабетті диагностикалау критерийлері

 

Толық қ андағ ы глюкоза дең гейі, ммоль/л

Қ ан сарысуындағ ы глюкоза дең гейі, ммоль/л

венозды капиллярлы венозды капиллярлы

Қ антты диабет

аш қ арынғ а ≥ 6, 1   ≥ 6, 1 ≥ 7, 0 ≥ 7, 0  
2 сағ. кейін ≥ 10, 0 ≥ 11, 1 ≥ 11, 1   ≥ 12, 2

Глюкозағ а толеранттылық

бұ зылысы

аш қ арынғ а < 6, 1   < 6, 1 < 7, 0 < 7, 0  
2 сағ. кейін ≥ 6, 7 < 10, 0 ≥ 7, 8 < 11, 1 ≥ 7, 8 < 11, 1 ≥ 8, 9 < 12, 2

Ашқ арындағ ы гликемияның бұ зылысы

аш қ арынғ а ≥ 5, 6; < 6, 1 ≥ 5, 6; < 6, 1 ≥ 6, 1; < 7, 0 ≥ 6, 1; < 7, 0
2 сағ. кейін < 6, 7 < 7, 8 < 7, 8 < 8, 9

 

Қ Д диагностикасында аса маң ызды жә не ақ паратты сынақ аш қ арынғ а гликемияны анық тау болып табылады (кем дегенде 8 сағ ат ашығ удан кейін). Гликемия дең гейі ә детте толық қ ан қ ұ рамында бағ аланады. Кейбір мемлекеттерде қ ан плазмасындағ ы глюкоза дең гейі анық талады. Ал глюкозағ а толеранттылық сынағ ы  бұ л тұ рғ ыда аса маң ызды емес (ОГТС; суда ерітілген 75 грамм глюкозаны ішке қ абылдағ ан соң 2 сағ аттан кейін ашқ арынғ а глюкоза дең гейі анық талады). Бірақ, ОГТС негізінде глюкозағ а толеранттылық тың бұ зылуы (ГТБ) диагностикаланады. ГТБ аш қ арынғ а капиллярлы қ анда глюкоза мө лшері 6, 1 ммоль/л аспаса, глюкоза жү ктемесінен 2 сағ аттан кейін 7, 8 ммоль/л–дан жоғ ары, бірақ 11, 1 ммоль/л-ден тө мен болғ анда диагностикаланады. Кө мірсу алмасуы бұ зылысының басқ а тү ріне ашқ арынғ а гликемияның бұ зылысы (АҚ ГБ) жатады. Аш қ арынғ а гликемия бұ зылысы кезінде толық капиллярлы қ анда аш қ арындағ ы гликемия дең гейі 5, 6–6, 0 ммоль/л арасында, ал глюкоза жү ктемесінен 2 сағ аттан кейін 7, 8 ммоль/л-ден аспайды. ГТБ мен АҚ ТБ қ азіргі таң да предиабет терминімен біріктіреледі, бұ л науқ астардың екі тобында да Қ Д-нің манифестациясы жә не диабеттік макроангиопатияның даму қ аупі жоғ ары болады.

Қ Д диагностикасында гликемия дең гейі стандартты зертханалық ә діспен анық талады. Гликемия кө рсеткіштерін интерпретациялау барысында аш қ арынғ а венозды қ андағ ы глюкоза дең гейі капиллярлы қ андағ ы глюкоза дең гейіне сә йкес келетінін естен шығ армау керек. Тағ ам қ абылдағ аннан немесе ОГТС кейін глюкоза дең гейі капиллярлы қ анмен салыстырғ анда венозды қ ан қ ұ рамында 1, 1 ммоль/л тө мен болады. Ал қ ан сарысуында глюкоза мө лшері қ анмен салыстырғ анда 0, 84 ммоль/л-ге жоғ ары болады. Қ Д терапиясының компенсациясы мен адекваттылығ ын бағ алау мақ сатында гликемия дең гейі капиллярлы қ анда науқ астың ө зі немесе оның туыстары мен медициналық қ ызметкерлер кө мегімен портативті глюкометрлер арқ ылы анық талады.

Қ Д кез-келген тү рінде немесе аздағ ан глюкозамен жү ктеме кезінде біріншілік несепте глюкоза реабсорбциясының табалдырығ ы жоғ арылағ анда глюкозурия кө рініс береді (9–10 ммоль/л). Глюкозурия кө рсеткішін диагноз қ оюда қ олданбау қ ажет. Қ алыпты жағ дайда глюкозурия тек, рафинирленген кө мірсулар мен тағ амдық жү ктемеден кейін ғ ана кездеседі.

Кетон денелері инсулиннің абсолютті тапшылығ ы кезінде айтарлық тай артады (ацетон, ацетоацетат, β -гидроксибутират). Қ Д-1 декомпенсациясы кезінде айқ ын кетонурия (зә рге салынатын тест жолақ шалары арқ ылы зерттеледі). Жең іл (ізді) кетонурия қ алыпты жағ дайда ересек адамдарда ашық қ ан кезде немесе кө мірсусыз емдә мде кө рініс беруі мү мкін.

Қ Д тү рлерін салыстырмалы диагностикалауда қ олданылатын маң ызды зертханалық кө рсеткіштердің бірі Қ Д-2-мен сырқ аттанғ ан науқ астарда инсулин тапшылығ ының орнағ анын жә не С-пептид мө лшерін анық тау болып табылады. Қ андағ ы С-пептид дең гейін анық тау арқ ылы жанама тү рде ұ йқ ыбездің β -жасушаларының инсулинсекрециялаушы қ ызметі жө нінде қ орытынды жасауғ а болады. β -жасушаларында проинсулин ө ндіріліп, секрециялану алдында одан С-пептид ажырап, қ ан арнасына инсулинмен бірдей мө лшерде тү седі. Инсулиннің 50%-ы бауырда байланысып, шеткі қ анда жартылай ыдырау уақ ыты 4 мин қ ұ райды. С-пептид қ аннан бауырғ а бармайды жә не жартылай ө мір сү ру ұ зақ тығ ы 30 мин шамасында. Сонымен қ атар, ол шеткі рецепторлармен байланыспайды, сондық тан С-пептид дең гейін анық тау инсулярлы аппараттың қ ызметін бағ алауда сенімді сынама болып табылады. С-пептид дең гейін зерттеу ынталандырушы сынамалар кө рінісінде ақ паратты (тағ ам қ абылдағ аннан кейін немесе глюкагон енгізгеннен кейін). Қ Д-нің айқ ын декомпенсациясы кө рінісінде жү ргізілген сынама ақ паратсыз, себебі айқ ын гипергликемия β -жасушаларына уытты ә сер етеді (глюкозаның уытты ә сері). Инсулинмен ем жү ргізу бастапқ ы бірнеше кү ндерде сынама нә тижесіне еш ә сер етпейді.

Қ Д-тің кез-келген типін емдеудегі басты мақ сат, оның кеш асқ ынуларының алдын-алу болып табылады. Оғ ан арнайы параметрлер бойынша тұ рақ ты компенсация барысында қ ол жеткізуге болады (7. 3 кесте). Қ Д кезінде кө мірсу алмасуының компенсациялану сапасының басты критериі гликолизденген гемоглобин (HbA1c) дең гейін анық тау болып табылады. Гликолизденген гемоглобин дегеніміз - глюкозамен коваленттсіз байланысқ ан гемоглобин. Эритроциттерге глюкоза инсулинге тә уелсіз енеді жә не гемоглобиннің гликолизденуі қ айтымсыз ү рдіс болып, ал оның дә режесі 120 кү н бойы байланысқ ан глюкоза концентрациясына тура пропорционалды болады. Гемоглобиннің аз бө лігі қ алыпты жағ дайда да гликолизденеді, ал Қ Д кезінде оның мө лшері едә уіржоғ арылайды. HbA1c дең гейі ү немі ауытқ ып тұ ратын глюкоза дең гейімен салыстырғ анда соң ғ ы 3–4 айдағ ы гликемия дең гейін кө рсетеді. Осындай интервалда Қ Д компенсациясын бағ алау мақ сатында HbA1c дең гейін анық тау ұ сынылады.

Созылмалы гипергликемия Қ Д даму қ аупін жә не кеш асқ ынуларының ү демелі дамуына ә сер ететін жалғ ыз тү рткі болып табылмайды. Осығ ан орай, Қ Д-нің компенсациясын бағ алау кешенді зертханалық жә не аспаптық зерттеу ә дістеріне негізделеді (7. 3 кесте). Кө мірсу алмасуын сипаттайтын кө рсеткіштерден басқ а, артериялық қ ан қ ысымының дең гейі мен қ анның липидті спектрін анық тауғ а аса мә н беріледі.

 

7. 3 кесте. Қ антты диабеттің компенсация критерийлері

Кө рсеткіш Мә ні
HbA1c < 7 %
Аш қ арынғ а капиллярлы қ андағ ы гликемия дең гейі 5, 0–7, 2 ммоль/л  
Тағ ам қ абылдағ ан соң 2 сағ аттан кейін капиллярлы қ андағ ы гликемия дең гейі < 1 0 ммоль/л  
Систолалық артериялық қ ан қ ысымы < 130 ммHg
Диастолалық артериялық қ ан қ ысымы < 80 ммHg
Тығ ыздығ ы тө мен липопротеиндер дең гейі < 2, 6 ммоль/л
Триглицеридтер дең гейі < 1, 7 ммоль/л
Жоғ ары тығ ыздық ты липопротеиндер дең гейі > 1, 1 ммоль/л

 

Жоғ арыда келтірілген компенсация критерийлерінен басқ а, Қ Д емінің мақ сатына жету ү шін жоспар ә р жағ дайда жеке жү ргізілуі керек. Қ Д-нің кеш асқ ынуларының дамуы мен оның ү деуі (ә сіресе, микроангиопатия) сырқ аттың ұ зақ тығ ы артқ ан сайын жоғ арылай береді. Сонымен, егер балалар мен жас науқ астарда диабеттің бірнеше онжылдарғ а созылатыны ескерілер болса, гликемияның оң тайлы кө рсеткішіне қ алайда қ ол жеткізу қ ажет, ал Қ Д егде немесе қ арттық жаста басталғ ан науқ астарда гипогликемияның даму қ аупін арттыратын қ атаң эугликемиялық компенсация барлық уақ ытта лайық ты емес.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...