Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Стандарт: Гипсті лангетаны салу.




 

Мақсаты: Ашық және жабық сынықтар кезінде, шыққан сүйекті түзету, сүйек сынықтарын қалпына келтіруден соң таңып бекітуді қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: Ашық және жабық сынықтар, шығу, буын шығуы кезінде және сүйек сынықтарын қалпына келтірген кезде жарақат орнын таңып бекіту.

Құрал-жабдықтар:

- таңу бөлмесі, суы бар ыдыс, гипсты суға батыруға арнаалған ыдыс.

- гипс дәкелерін және лонгет дайындайтын стол.

- ортопедиялық стол, гипсты сақтайтын қораптар, гипс дәкелері және лангета.

- дымқыл лангеталарды жаятын тақташа;

- гипсті таңғыштарды кептіретін заттар;

- таңғыш материалдар және дәрі-дәрмектер (мақта, дәке, медициналық таңғыштар)

 

Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:

- лангетаның ыңғайсыз дайындалуы, түйіндер мен қатпарлардың болуы;

- буындар мен жүйкелердің, жұмсақ тіндердің гипсті таңғыштармен жаншылуы;

- гипсті таңғыштың астында ауру сезімінің болуы, жансыздану, сезімталдықтың жоғалуы;

- гипсті таңғышты салғаннан кейін ісіктің, көгерудің, қолдың немесе аяқтың салқындауының пайда болуы;

- қансырау, іріңді жұқпаның дамуы, сүйек сынықтарының екіншілік ығысуы.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Аяқ-қол сүйектерінің шығыңқы тұстарын мақталы дәкемен жабамыз;

2. Гисп лангетасын сулап, сығып болған соң мейірбике оны бастапқы қалпына дейін жазады, лангетаның ұзындығы зақымдалған қолдың немесе аяқты толық қамтитындай ұзындықта болуы керек, (бір, екі буынды немесе үш буынды қозғалтпайтындай болу керек)

3. Үстелге ұзынынан жайып тегістейміз;

4. Дайын болган лангетаны стол үстінде алакан комегімен тегістеп сынған жерге коямыз

5. Осыдан кейін лангентаны сынған жерге дұрыстап бекітіп таңғышпен таңып коямыз

6. Дайын болған лангентаны айналмалы түрде дәкемен жасалған бинтпен ораймыз

7. Аяқ-қол саусақтарына гипс жағылмауы және бинтпен оралмауы керек, себебі олардың терісінің түсін, температурасын бақылай отырып жұмсак тіндердің қысылып калмауының алдын аламыз.

 

Нәтижені бағалау: таңғыш дұрыс, ыңғайлы, ауырсынусыз салынды, шетекрі тамыр соғысы сақталған, аяқ-қолдары жылы, терісі қызғылт.

 

8. Стандарт: Операциядан кейінгі таза жараны өңдеуді жүргізу техникасы

Мақсаты: Жараға асептикалық таңғыш салу

Көрсеткіштері: Отадан кейінгі жараның болуы

Құрал- жабдықтар: З алалсыздандырылған лоток, залалсыздандырылған резеңке қолғаптар, залалсыздандырылған таңғыш дәкелер, пинцеттер, зонд, ұшы жоқ инелі шприц, жалпақ резеңке түтікшелер, антисептик ерітіндісі, жара кеңейткіш, 3% сутегі асқын тотығы, 1% йодонат, КБУ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Қолды гигиеналық деңгейде жуу.

2. Резеңке қолғап кию.

3. Жарадағы ескі таңғышты пинцетпен алу.

4. Пинцетпен жарадағы жалпақ резенке дренажды алу.

5. Жараның айналасын, 3 % сутегі асқын тотығымен пинцетпен ұстаған дәке салфеткасымен өңдеу.

6. Жараның айналасын пинцетпен ұстаған салфеткамен құрғату.

7. Жараның айналасын 1% йодонат ерітіндісімен пинцетпен ұстаған салфетка арқылы өңдеу.

8. Жараны жаракергішпен немесе зондпен қарау.

9. Жараны 3% сутегі асқын тотығымен ұшы жоқ инесі бар шприц арқылы жуу.

10. Жараны салфеткамен құрғату.

11. Қолданған құрал жабдықтарды лотокқа саламыз.

12. Жараның айналасын 1%йодонат ерітіндісімен пинцетпен ұстаған салфетка арқылы өңдеу.

13. Жарағажалпақ резенке дренажды пинцет арқылы немесе зондпен енгізу.

14. Антисептика ерітіндісіне салынған салфетканы пинцетпен қою.

15. Лейкопластырь мен немесе клеолмен таңғышты бекітеміз.

Қолданған құрал жабдықтарды, қолғапты, таңғыш материалдарды КБУ ға тастаймыз.

 

 

9. Стандарт: Резус - факторды анти – Д цоликлонмен анықтау техникасы.

Мақсаты: Резус - факторды анықтау.

Көрсеткіші: қан құйылу, операция уақытында, операция алдында

Құрал жабдықтар: цоликлон анти – Д, планшет, әйнек таяқшалар, залалсыздандырылған қолғап, сағат, КБУ.

 

Іс -әрекет алгоритмі:

1. Анти - Д цоликлонның сапасын сыртқы түріне қарап тексеру: (ашық түсті, мөлдір), ампуланың сақталуы, мерзімі.

2. Науқасқа іс-шара барысын түсіндіру.

  1. Науқасты отырғызып немес жатқызып, жалпы жағдайын бақылау.

4. Қолды гигиеналық деңгейде жуу (деконтоминация)

5. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз

6. Планшетке анти – Д тамызыңыз (0,1 мл)

7. Тексерілетін қанның 1 тамшысын алыңыз (0,2 мл), оны реагентпен әйнек таяқша арқылы араластырыңыз (1:5 қатынасында)

8. Планшетті қолыңызда айналдыра ұстап 3 минут бойы нәтижесін бақылаңыз

9. Нәтижесін бағалаңыз

10. Агглютинацияның болуы тексерілетін қанның оң резусты екендігін көрсетеді

11. Агглютинацияның болмауы тексерілетін қанның теріс резусты екендігін көрсетеді

12. Қолғапты шешіп, КБУ ға салу.

 

 

Поделиться:





Читайте также:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...