Стандарт: «Дезо» байламын салу техникасы
⇐ ПредыдущаяСтр 3 из 3 Мақсаты: Дезо таңғышы қолды денеге бекіту үшін бұғана мен иық шыққанда жедел көмек кезінде қолданылады. Көрсеткіші: Иық сынығы және иық буынының шығуы Құрал жабдықтар: Бинт 20 см, қайшы, түйрегіш
Іс-әрекетінің алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұксатын алыңыз. 2. Қолды жуу, қолғап кию 3. Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай бинтті жүргізу. 4. Кеудеге 2 бекітетін тур өткізу, ауырған қолды иық аймақта, арқада, қолтық астында сау жақтан. 5. Қолтық астына валик салу. Білекті кеудеге қысу. 6. Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай бинтті жүргізу. 7. Ауырған иықтың артқы жағымен шынтақ астынан бинтті түсіру. Шынтақ буынды бекітіп, білекке қарай,білезік буынды бекітіп, сау қолтық астына бинтті апару. Қолтық астынан арқамен ауырған иыққа бинтті жүргізу. Сау жақ қолтық астына арқамен бинтті сырғыту. 8. Иық толық бекітілгенше бинттің турлары қайталанып отырады. Кеудеде 2 бекітетін турмен байламды бітіреді, байламның шетін түйреуішпен бекіту.
Ескерту: Қолдың сол жағы жарақаттанса бинтті оң қол жағынан бастаймыз. Егер сол қол жарақаттанса, оң қол жағынан бастаймыз.
16. стандарт: Жараны алғашқы хирургиялық өндеу Көрсеткіштері: Жұмсақ тіндердің жаралануы Қарсы көрсеткіштері: Шок, қан жоғалту, коллапс(талықсу), жараның іріндеуі
Керекті құралдар: - Залалсыздандырылған аспаптар үстелі - Ота жаймасы және қолғап, танғыш материал, тігін материал - Жайма қорабы, хирургиялық және анатомиялық пинцет - Кохер және Бильрот қысқышы, Дешана инесі - Тескіш инелер, жара кеңейткіш: тісті және Фарабеф - Бір рет қолданатын шприц, және ине ұстағыш - Фурациллин ерітіндісі - 1% йоданат ерітіндісі - 70% этил спирті - 0,5-0,25% новокаин ерітіндісі - 3% сутек асқын тотығы - 0,9% натрий хлорид ерітіндісі Іс-әрекет алгоритмі: 1. Отаға арналған киімді және резеңкелі қолғапты кию. 2. Дәкемен жараның айналасын фурацилин ерітіндісімен немесе 3 % сутек асқын тотығымен өңдеу 3. Дәкемен тағы бір қайтара жараны өңдеу 4. Жараны дәкемен кептіру 5. Қолданылған пинцетпен дәкені залалсыздандырылған лотокқа салып қою 6. Жараның айналасын йоданат ерітіндісімен 2 мәрте өңдеу 7. Жаранын айналасын залалсыз дәкемен танамыз. 8. Жараның айналасын этил спиртімен өңдеу 9. Жергілікті анестезияны анықтау. 10. Жара кергішпен жараны ашып, бетінен түбіне дейін қарап шығу. 11. Пинцеттің немесе қайшының көмегімен бөгде заттарды алып тастау. 12. Скальпель мен пинцеттің көмегімен жараның бетінен түбіне дейінгі өлі еттенген тіндерді алып тастау. 13. Жараны антисептиктің көмегімен жуу 14. Қан кеткен тамырды тігу немесе байлау арқылы қан ағуды тоқтату 15. Жараны дәкемен кептіру 16. Жараның айналасын йоданат ерітіндісімен өңдеу 17. Пинцет, ине ұстағыш және иненің көмегімен жараға қабаты бойынша тігіс салу. 18. Йоданат ерітіндісімен жараны сорғыш қозғалыспен өңдеу 19. Пинцетпен жараға құрғақ дәке қою
20. Жараны дәкемен таңу 21. Қолданылған инструменттерді, таңу материалдарын зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа салу. 22. Қолғапты шешіп қап жинағышқа тастау. Ескерту: Егер жара жыртылса, инфекцияланса, жараланған уақыттан 24 сағат өтсе тігіс салынбайды, жара дренаждалады. 17. Стандарт: Сіреспенің арнайы профилактикасын жүргізу. Мақсаты: Сіреспенің шұғыл спецификалық алдын-алу шарасы. Көрсеткіштері: Жарақат, 2-3 дәрежелі күйік, үсік және т.б. Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған қолғап, спирт, залалсыздандырылған таңғыш материал, шприц, сіреспеге қарсы анатоксин, сіреспеге қарсы иммуноглобулин, егер иммуноглобулин болмаса пептикалық қорытылу әдісімен тазартылған сіреспеге қарсы концентрацияланған сұйық сарысу, КБУ Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолды гигиеналық деңгейде жуу. 2. Резеңке қолғап кию 3. Теріні 70% спиртпен өңдеу 4. Білектің ішкі бетіне тері астына 0,1 мл 1:100 сіреспеге қарсы сарысу енгізу 5. 20 мин кейін нәтижені бағалау, егер папула көлемі 0,9 мм дейін болса, онда нәтиже теріс және ол кезде тері астына 0,1 мл сіреспеге қарсы сарысу енгізіп, 20 минутан кейін қалған доза (3000 ХБ) енгізіледі. 6. Науқасты 1 сағат бойы бақылау. 7. Қолданған инструменттер, қолғап, таңғыш материалдар КБУ салынады.
Ескерту: Сіреспенің алдын-алу сезімталдығын анықталған соң жасалады. - Сіреспеге қарсы екпені емдік мақсатта науқастарға ауру басталмас бұрын 100000-200000 ХБ енгізіледі. - Сарысуды көктамырға немесе жұлын каналына енгізу. - Аурудың ауырлығына байланысты сарысуды рефлекторлы тырысу тоқтағанша қайталап енгізеді.
18. Стандарт: Жараға түйінді тігіс салу
Мақсаты: Жарақат бетін тігу Көрсеткіштері: Таза жара Қарсы көрсеткіштері: Іріңді, тістелген, ластанған жара Керекті құралдар: - Залалсыздандырылған лоток - резеңке қолғап - таңғыш заттар -пинцеттер - ине ұстағыштар - кескіш инелер - Купер қайшысы
- тігетін заттар - шприц инесімен - 1% йодонат ерітіндісі - 70% этил спирті - 0,5% новокаин ерітіндісі - КБУ
Іс- әрекет алгоритімі: 1. Резеңке қолғапты кию 2. Йодонат ерітіндісі сіңірілген салфеткамен пинцет арқылы жарақат бетін тазалап алу 3. Салфеткаға сіңірілген 70% этил спиртімен пинцеттің көмегімен жарақаттың бетін сүрту 4. Бір тәсілді қолданып жара аймағын жергілікті і жансыздандыру 5. Ине ұстағышты дайындап, тескіш инені қыстырамыз. 6. Тігіс материалын иненің көзіне енгіземіз 7. Хирургиялық пинцет арқылы жараның бір жағынан етін қысып ұстаймыз 8. Жарақат шетінен 1см қалдырып инені теріге енгізу 9. Инені жараның түбінен өткізу 10. Жарақаттың келесі бетінің шетінен 1см қалдырып инені енгізу 11. Ине ұстағышпен ине ұшын ұстау 12.Инені шығарған кезде хирургиялық пинцетпен теріні ұстау 13.Бұлшық еттен инені шығарып жіптен босату 14. 3 рет хирургиялық түйінмен жіп ұшын түю 15. Жіпті түйіннен 1см жоғары қайшымен кесу 16. Түйінді тігісті алдыңғы іс әрекеттегідей ара-қашықтығын 1см қалдырып орындау 17. Тігістің бетін йодонат сіңірілген салфеткамен пинцет көмегімен сүртіп шығу 18. Жарақат бетіне пинцет көмегімен салфетканы қою 19. Сүлгінің бетін таңғыш заттармен таңып байлау. 20. Қолданған құрал жабдықтарды зарарсыздандырғыш ерітінділерге салу 21. Қолғапты шешіп КБУ тастау
19. Стандарт: «Гиппократ» қалпағын салу ережесі. Мақсаты: Бастағы таңғыш материалды бекіту.
Көрсеткіші: Бас жарақатында.
Құрал- жабдықтар: Бинт ені 10 см, қайшы, лейкопластырь
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасты өзіне қаратып отырғызуы керек.Тыныштаңдыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру. 2. 2 бинт алыңыз да оларды 15 см ұзындықта тарқатыңыз. 3. Бір бинттің шетін екінші бинттің шетіне қойып, бір-біріне қарама-қарсы бағытта ораңыз, 2 басты бинт жасалады.
4. 2 басты бинтті оң және сол қолыңызға алыңыз 5. Бинтті бастың маңдай бөлігіне қойып, 2 басын шүйде аймағына қарай апарыңыз 6. Шүйде аймағында айқастырыңыз, 1 басын шүйдеден маңдайға қарай төбе бөлігін жауып, екінші басымен басты айналдыра ораңыз 7. №2 бинттің басымен маңдай аймағында айқастыра отырып №1 бинтпен маңдайдан шүйдеге қарай жүріңіз. №2 бинтті төбе арқылы әкеліп №1 бинтті жабыңыз. 8. Төбе аймағы жабылғанша басты айналдыра ораңыз 9. Бинттің турын бас сүйек толық жабылғанша қайталаңыз
20. Стандарт: Медбикенің залалсыздандырылған халат, қалпақ, маска, қолғапты кию тәсілдері.
Мақсаты: Студеннтерге операциялық іс-шаралар алдында залалсыздандырылған халат, қалпақ,маска, қолғапты кию тәсілдерін үйрету. Керекті құрал - жабдықтар: 1.операциялық киімдері бар залалсыздандырылған бикс 2. 96 % этил спирті 3. Залалсыздандырылған шарик 4. Залалсыздандырылған корнцанг 5. Залалсыздандырылған пинцет 6. Залалсыздандырылған вазелин майы 7. Залалсыздандырылған қолғап
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолды гигиеналык денгейде жуу 2. Қолды хирургиялық деңгейде өңдеу 3. Педальдің көмегімен биксті ашыңыз, (немесе 1 рет қолданылатын киімді пайдаланыңыз) 4. Индикаторды алып, оның жағдайын бағалаңыз. (көрсеткіш балқытылған болу керек). 5. Колды этил спиртімен ылғалданған мақта шаригымен өңдеу 6. Залалсыздандырылған орамалмен колды құрғату 7. Залалсыздандырылған бет пердені кию, орамалды тарту, санитарка арт жағынан байлауга көмектеседі. 8. Биксті жабу 9. Қолды залалсыздандырылған салфеткамен өңдейміз. 10. Биксті қайтадан ашып халатты аламыз. 11. Халатты бикстен жағасынан ұстап алып жанындағы заттарға тимейтіндей етіп жазып ұстаймыз 12. Халаттың ішкі бетін өзіңіңзге қаратыңыз 13. Халаттың 2 қолын бір мезгілде көмекшінің көмегімен киіңіз 14. Артынан халаттың жоғарғы бауларын байлаңыз (көмекші). 15. Мейірбике халаттың жеңінің бауларын өзі байлайды 16. Халаттың белдігін көмекшіге қолын тигізбеі береді, көмекші арт жағынан байлайды. 17. Қолғапты мейірбикенің өзі киеді. 18. Қолғапты спиртпен өңдейді.
21. Стандарт: Таңғыш салу техникасы
Мақсаты: таңғышты ауыстыру, жараның микробтармен лдастануын азайту, жараны сыртқы ортадан микробтар түсуден қорғау Көрсеткіштері: жараның болуы Керекті құрал-жабдықтар: 3% сутектің асқын тотығы ерітіндісі (немесе фурацилин, немесе 0,5% калий перманганаты ерітіндісі); 2. 0,5% мүсәтір спирті, 1% йодонат ерітіндісі (1% бриллиант жасылы ерітіндісі), спирт 70%, 10% натрий хлориді ерітіндісі; 3. Пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері,, залалсыздандырылған турундалар, салфеткалар, лейкопластырь, бинт, КБУ. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолды гигиеналык денгейде жуу 2. Залалсыздандырылған қолғап киіңіз 3. Пинцетпен ескі таңғышты алып тастаңыз, жараның бір шетінен екінші шетіне қарай 4. Егер таңғыш кеуіп, жабысып қалса 3% сутектің асқын тотығы ерітіндісімен (немесе фурацилин, немесе 0,5% калий перманганаты ерітіндісі) 5. Жараны және оның айналасын қараңыз 6. Жараның айналасын алдымен құрғақ салфеткамен. Сонан соң 0,5% мүсәтір спиртіне батырылған салфеткамен шетіне қарай сүртіңіз 7. Жараның айналасын антисептиктердің бірімен өңдеңіз:, 1% йодонат ерітіндісі, 1% бриллиант жасылы ерітіндісімен, сонан соң спиртпен 8. Егер жарада ірің болса жараны 3% сутектің асқын тотығы ерітіндісімен зажимге бекітілген салфетка арқылы жуыңыз 9. Жараны құрғатыңыз, жараға 10% натрий хлориді ерітіндісіне батырылған турунда немесе тампон қалдырыңыз 10. Залалсыз салфеткаларды қолданып, жараға жаңа таңғыш қойыңыз 11. Таңғышты клеолмен немесе лейкопластырьмен, немесе бинтпен бекітіңіз 12. Қолғапты шешіп, КБУ ға тастаңыз Ескерту: Инструменттердің жарамен жанасатын жерлеріне қолыңызды тигізбеңіз!
22. Стандарт: «Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны өңдеу тәсілі» Мақсаты: Жараның микробтармен ластануын азайту Көрсеткіштері: жараның болуы Керекті құрал-жабдықтар: 2 пинцет, залалсыздандырылған материалдары бар бикс, антисептик ерітінділері, залалсыздандырылған қолғаптар, 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол, 1% йодонат, или 70%спирт, КБУ. Іс – әрекет алгоритмі: 1. Науқасты өзіңізге қаратып отырғызыңыз, тыныштандырыңыз 2. Жүргізілетін іс-шараны түсіндіріңіз 3. Қолыңызды спиртпен өңдеп, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз 4. Жараны қараңыз 5. 2мл 50% анальгин, 2мл 1% димедрол енгізіп, ауырсынуды басыңыз 6. Жараның айналасын 1% йодонатқа немесе 70%спиртке батырылған залалсыз салфеткамен пинцет арқылы 2 рет өңдеңіз 7. Жараның бетіне пинцет арқылы залалсыз салфетка қойыңыз 8. Таңғыш материалды кез-келген әдіспен бекітіңіз 9. Қолғабыңызды шешіп КБУ ға тастаңыз 10. Стационарға тасымалдаңыз
Ескерту: - жарадан қан кетіп жатса тоқтатыңыз, - Сіреспенің, газды гангренаның алдын алу шаралары емханада немесе қабылдау бөлімінде жүргізіледі - Тістелген жара болса құтырудың алдын алу шаралары жүргізіліп, есепке алынады
23. Стандарт: Иық буынына «Масақ» тәрізді таңғыш салу техникасы Мақсаты: Жарақаттанған қолдың иммобилизациясын (қозғалмауын) қамтамасыз ету Көрсеткіштері: Таңғыш материалды, гипс лангетін, шинаны бекіту. Құрал-жабдықтар: Жалпақ бинт, қайшы Іс-әрекет алгоритмі: 1. Тоқпан жіліктің жоғарғы үштен бір бөлігіне 1-2 рет айналдыра отырып бекіту жасау. 2. Бинтті кеуденің артқы бөлігінен айналдырыңыз. 3. Арқадан кеуде арқылы қолтық астынан жүргізу. 4. Бинтті кеуденің алдынан алып, иықтың жараланған жерінен жүргізіңіз. 5. Иықты циркуляторлы жүргізіп, арқадан өткізіп, алдыңғы орамның 2/1 немесе 3/2 бөлігін жабу. 6. Иықты толық жабу үшін 1 және 2 орамды қайта жүргізу. 7. Бинтті иықтың төменгі жағынан бекіту.
24. Стандарт: Ашық пневмоторакс кезінде жедел көмек Мақсаты: Тыныс бұзылуының, механикалық асфиксияның алдын алу, пневмотораксты жою Көрсеткіші: Тесілген жерден плевра куысына ауаның еркін еніп кетуі, тыныс жеткіліксіздігінің дамуы Қарсы көрсеткіштері: Жоқ Керекті құралдар: - Зембіл - залалсыздандырылған шприц 2,0 анальгетик енгізу үшін - Кетатоп ерітіндісі 2,0 - Залалсыздандырылған мақта шариктері, дәке - Спирт, антисептикалық ерітінді - Оттегі - Қолғап Дамуы мүмкін асқынулары: - Ентігу, тұншығу, шок, естен тану, - Механикалық асфиксия - Тыныс алу және жүрек-тамыр жетіспеушілігі Іс-әрекет алгоритмі: 1. Ауырсыну сезімін басу үшін б/е трамадол ерітіндісін 2,0 енгізу. 2. Жарақатты антисептикпен өңдеу. 3. Жарақаттың айналысын спиртпен, йодпен өңдеп стерильді окклюзионды (ауа жібермейтін) таңғыш қою. 4. Мұзды мұйық қою. 5.Оксигенотерапия жүргізу. 6. Науқасты зембілмен отырғызып хирургия бөлімшеге жеткізу. 7. АҚҚ, пульс, тыныс алуды бақылау. Нәтижесін бағалау: Тыныс алуының, АҚҚ, пульстің жақсаруы. 25. Стандарт: Филончиков-Гроссих бойынша операциялық алаңды өңдеу. Мақсаты: Операциялық аймақты өңдеу. Керекті құрал- жабдықтар: Қауіпсіз ұстара, 1% йодонат ерітіндісі, заласыздандырылған мақта тампондары, пинцет, 70% спирт. Іс-әрекет алгоритмі: 1. 1% йодонат ерітіндісіне малынған салфетканы пинцетпен алыңыз. 2. Операция жасалатын аймақты шетіне қарай 1% йодонат ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз. 3. 70% спиртке малынған салфетканы пинцетпен алыңыз. 4. Операция жасалатын аймақты шетіне қарай 70% спирт ерітіндісімен 2 рет сүртіңіз. 5. Залалсыздандырылған матамен операция орнын оқшаулаңыз, 1% йод ерітіндісімен және 70% спиртпен сүртіңіз. 6. Тігіс салу алдында және тігіс салғаннан кейін операция аймағын 1% йод ерітіндісмен өңдеңіз. Ескерту: Науқасқа операция алдында жалпы гигиеналық ванна жүргізіңіз. - Төсек жаймаларын, іш киімдерін ауыстырыңыз. - Операция алдында таңертең операция аймағындағы түктерді құрғақ тәсілмен қыруыңыз - Операциядан 30 минут бұрын науқасты шешіндіріңіз. - Басына орамал тартыңыз. - Аяғына бахила кигізіңіз. - Науқасты каталкаға жатқызыңыз. - Операция бөлімшесіне жеткізңіз.
26. Стандарт: «Ноқта» тәрізді байлам салу тәсілі. Көрсеткіші: Беттің және астыңғы жақтың зақымдануы Құрал-жабдықтар: Бинт ені 10см., қайшы
Іс әрекет алгоритмі: 1. Пациентті өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, манипуляцияны түсіндіру. 2. Бинттің бір ұшын сол жақ қолға, бинтті оң жақ қолға. 3. Бастың маңдай, шүйде бөлігіне бекітетін, циркулярлы тур өткізу. 4. Шүйде сүйектен иекке қарай жалғастыру, әрі қарай шүйде аймаққа барып баста бекіту. 5. Бинтті шүйде сүйекке түсіріп, әрі қарай иекке, бет жаққа, бастың маңдай бөлігіне өткізу, әрі қарай шүйде сүйектен бас жаққа бекітетін турмен бітіру. 6. Бинттің турларын қайталап отырып, иекке бет жаққа қарай апару. 7. Бас жақта бекітетін турлармен байламды бекіту. 8. Бинттің шетін бастың маңдай жағында байлап бекіту.
27. Стандарт: Балтыр сүйегі сынғанда Крамер жақтау салу. Мақсаты: Сынған жерді қозғалтпау трамматикалык шоктын алдын алу ұлпалардын қосымша зақымдануын алдын алу Көрсеткіші: Балтырдың жарақаттануы. Буынның шығуы немесе сынуы Қарама қарсы көрсеткіші: Жоқ Құрал-жабдықтар: -сатылы Крамер жақтауы -залалсыздандырылған таңғыш материялдар(дәке тампоны, макта шариктері), -медициналык дәке, мата -жастықшалар -залалсыздандырылған шприц инесімен -жансыздандыруғрарналған дәрілер (баралгин ерітіндісі – 0,5 немесе 1 мл 2 %,немесе -фентанил 1 мл 0,005%, ерітінді көк тамырға немесе трамал – 100 мл) -зембіл. Науқаста мүмкін болатын жағдайлар - Жаракат болған жердін ауырсынуы, қоркыныш - Жара. Жарадан кан кету - Естен тану. Есенгіреу, Шок - Жарақаттанған аймақта қозгалысының шектелуі - Тіннің екіншілік зақымдалуы,тамырлар мен нервтердің сүйек үгінділерімен зақымдауы - Жараға иньфекцияның түсуі Іс- әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараны түсіндіру. Науқасты сынған жердің табан буыны мен тізе буынын қамтитын жақтауды аламыз. 2. Іс шаранын алдынан сынған жерді жансыздандырып қан ағуды тоқтатамыз асептикалық таңғыш таңамыз 3. Егер жақтау дайын болмаса бинт немесе мақта мен ораймыз 4.Қосымша жарақат болдырмау үшін жақтауды киімнің үстіне саламыз 5. Көмектесуші жақтауды сау аяғына өлшеп жарақаттанған аяққа салады, егер жақтауды дұрыс салмаған жағдайда, оны тез шешіп қайтадан салу керек 6. Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, бинтпен бекітіңіз. 7. Табан буынына мақталы – дәкені қоямыз. 8. Жақтаудың біреуін дайындап, табаннан бастап сан сүйегінің 3/1 бөлігіне дейін қамтимыз 9. Екі жақтауды екі жағынан салып бекітеміз немесе U тәріздес, табан буыны тік бұрышты болу керек 10. Жақтауларды бинтпен бекітеміз 11. Науқасты зембілге ыңғайлы қалыпта орналастырамыз
Нәтижені бағалау. Жақтау дұрыс салынған, ауырсыну басылған, таңғыш құрғақ, пациенттің жағдайы жақсарған.
28. Стандарт: Гипсті таңғышты салу тәртібі.
Мақсаты: Жарақаттанған жағдайда емдік иммобилизация үшін (сынықтар, буынның шығулары) Көрсеткіштері: Аяқ - қолдың механикалық жарақаттары
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Жұмыс барысында арнайы киім – бет перде, қолғап, ал жапқыш, бас киім кию керек 2. Гипсті бинт беті металмен немесе мрамормен қапталған арнайы столда дайындалады 3. Гипсті таңғышты дайындар алдында гипстің сапасын тексеру қажет 4. Гипс тез қатаю үшін гипстелген бинтті жылы суға салу керек 5. Гипсті жылы судан алар алдында, судағы ауа көпіршіктері бөлінісінің тоқтауын бақылау керек 6. Пациентті бинт орауға ыңғайлы етіп отырғызамыз 7. Аяқ – қолына ыңғайлы қалып береміз (абайлаңыз). 8. Сау аяқ – қолға гипсті лангетаны өлшеп аламыз 9. Гипс салатын жердің терісіне вазелин немесе балалрға арналған крем жағу керек 10. Сүйектің шығыңқы жерлеріне дәке салфеткаларын саламыз немесе барлық аймақты мақта –дәке орамымен оқшаулаймыз. 11. Таңғышты абайлап саламыз 12. Саусақтарын қан айналымын бақылау үшін ашық қалдырамыз 13. Таңғыштың түріне байланысты оны қосымша бинтпен бекітеміз 14. Гипс толық қатқанша аяқ – қолын қозғалтпау керек 15. Гипсті салғаннан кейін науқасты 2 сағаттай бақылаймыз, стационарлық емдеу жағдайында 2 күнге дейін
Ескерту: Гипстің сапасын тексеру. 1. Гипс пен бөлме температурасындағы суды бірдей мөлшерде алып, араластырамыз. Қоймалжың масса 6-7 мин соң қатаюы тиіс, пайда болған гипс пластинкасы үгітілмеуі тиіс, тек сынады 2. Гипсті уысымызға алып қатты қысамыз, сол кезде егер сапасы жақсы болса, гипс сусылдап қолдан түседі, ал,, егер сапасы жаман болса түйіршіктер пайда болады және саусақтың ізі қалады 3. Суға араластырылған гипсте сасыған жұмыртқаның иісі болмау керек.
29. Стандарт: А.В. Вишневский бойынша қабатты инфильтрациялық анестезияны өткізу техникасы. Мақсаты: Жергілікті ауырсынуды басу. Көрсеткіші: Біріншілік хирургиялық жараны өңдеуде, тігіс салу, жараны тазалау, жараны тігу, іріңді қуысты тесу, пункция. Керекті- құрал жабдықтар: Анестетик- новокаин 0,25% -ті 500 мл, новокаин 0,5%-ті 250 мл, шприц 5 мл, 10 мл, 20 мл, инъекцияға арналған ине, залалсыздандырылған жаймалар, залалсыздандырылған лоток, екі пинцет, 1% йодонат ерітіндісі, 70% этиль спирті, резеңке қолғап, КБУ.
Іс –әрекет алгоритмі:
1. Резеңке қолғап киіңіз.
2. Залалсыздандырылған салфетканы пинцетпен алып, алдымен теріні йодонатпен 2 рет өңдеңіз, кейін спиртпен ортасынан шетіне қарай өңдеңіз. 3. Шприцке новокаин ерітіндісін алыңыз. 4. Инені тері ішіне енгізіңіз. 5. Дәріні «лимон қабығы» пайда болғанша тері астына жайлап енгізіңіз. 6. Иненің ұшын тереңіне қарай жылжытып қабат сайын тері астына, бұлшық етке новокаин енгізіңіз. 7. Инені алыңыз, іс-әрекетті 3-5 митнуттан кейін жасаңыз. 8. Қолданылған қолғапты, инені, шприцті, таңғыш материалдарды КБУ-ға тастаңыз. Ескерту: Жергілікті жансызданудан кейін науқасты қадағалау. 1. Манипуляция кезінде науқасты өзіңізге ыңғайлы етіп жатқызыңыз. 2. Жүрегі айныса науқастың жастығын алып тастаңыз. 3. Егерде қарсы көрсеткіш жоқ болса жастықпен жатқызыңыз. 4. Науқасты 2 сағат бойы бақылаңыз: АҚҚ, пульсін, таңғышын қараңыз.
30. Стандарт: Кеңірдек пен көмейдің бөгде затпен бітелуі кезінде жедел көмек көрсету. Мақсаты: механикалық асфексияны, жедел өкпе тежелуін болдырмау. Көрсеткіштері: ентігу, тұншығу, тыныс алу тоқтауы. Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ. Керекті құралдар: - Зембіл - Дюфо инесі - Трахеостомаға арналған жиынтық - Жергілікті анестетик: новокаин 0,25%-10,0 - Залалсыздандырылған шприц 10,0 анестетик енгізу үшін - Скальпель, ұшы үшкір ілмек, Труссоның жара кеңейткіші - Залалсыздандырылған мақта шариктері - Спирт, антисептикалық ерітінді - Қолғап Асқынулары: - Есін жоғалту - Гипоксикалық кома - Клиникалық өлім - Жүректің, тыныс алудың тоқтауы Іс-әрекет алгоритмі: 1. науқастың жағдайын тез бағалау. 2. стеноздың 1-2 дәрежесінде науқасты саныңызға бетін төмен қаратып жатқызыңыз, кеудесі саныңызда жату керек, рефлокторлы түрде дем шығарту үшін жөтелуін сұрау, қолмен жауырын тұсынан ептеп итеру. 3. Нәтиже болмаса зардап шегушіні арт жағынан құшақтап, кеуде тұсын қысыңыз. 4. 3-4 дәрежелі стенозда науқасты жауырын астына жастықша қойып шалқасынан жатқызып, Дюфо инесімен трахеотомиялық пункция жүргізіңіз. 5. Егер бұл әрекет көмектеспесе трахеостома қоямыз. 6. Түтік айналасына залалсыздандырылған салфетка қоямыз, тыныс алу қиындағанда трахеостоманы тазалаймыз.. 7.Тыныс алу, АҚҚ, пульсті бақылау. 8. Науқасты трахеостомиялық пункциядан соң жартылай отырғызып, ал, трахеостомадан соң жатқызып зембілмен хирургия бөлімшесіне жеткізу. Нәтижесін бағалау: науқас жағдайы жақсарған, АҚҚ бірқалыпты, тұншығу және ентігу басылған
Читайте также: Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|