Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Стандарт: Гипс лангеталарын дайындау




 

Мақсаты: Аяқ-қолдың әр түрлі жарақаттарында иммобилизация жүргізуге арналған гипс лангеталарын дайындау, алдын ала дайындалған стандартты лангеталар манипуляция уақытын қысқартады.

Көрсеткіштері: Ашық және жабық сынықтар, шығу, буын шығуы кезінде және сүйек сынықтарын қалпына келтірген кезде жарақат орнын таңып бекіту.

Қарсы көрсеткіштері: Жоқ.

Керекті құралдар:

- Темір жабындымен немесе полиэтиленмен жабылған беті тегіс стол.

- Арнайы ыдыста гипс, елгезер, гипске арналған жалпақ лоток

- Бинттер немесе ұзындығы – 100 см және ені – 10-20 см кесілген медициналық дәке

- Матаға арналған қайшы

- Арнайы киім (кленка фартук, халат, қалпақ, жуылатын аяқ киім, бет перде, мата қолғап)

Науқаста мүмкін болатын жағдайлар:

- Ыңғайсыз, тегіс дайындалмаған лангета

- Түйіндер немесе қыртыстың болуы

- Дәкенің қабатына гипс қалыңдығының сәйкес келмеуі, бұл аяқ-қолға салғанда иммобилизация сапасын төмендетеді

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Арнайы киімді кию. (кленка фартук, халат, қалпақ, жуылатын аяқ киім, бет перде, мата қолғап)

2. Арнайы гипсі бар ыдысты дайындау, елгезермен елеу

3. Науқастың сау аяқ немесе қолына гипсті лангетаның қажетті ұзындығ мен енін бинтпен өлшеп алу.

4.Гипсті бинтті лангетаның өлшеп алған науқасқа керекті ұзындығына сәйкес дайындайды, гипсті бинтті бірнеше қабат орайды (иық үсті үшін 5-6 қабат, тірсекке –

5-10 қабат, санға - 10,12,14 қабат):

5. Лангета үшін бинтті белгілі бір қалыңдықта қабаттау былайша жүргізіледі: олардың шеттері қалың болмауы керек, ол үшін бинттің орамы лангетаның ұштарында баспалдақ тәрізденіп аяқталуы керек.

6. Содан кейін гипсті лангетаны екі жағынан ортасына қарай бостау етіп жинайды, содан соң кітап тәрізді бүктейді.

7. Дайын лангетаны сулайды, гипсті бинтті сулап сығамыз да, зақымданған жерге салады, ал, дайын лангеталарды арнайы корапта құрғақ жерде сақтайды.

Нәтижені бағалау: Дұрыс дайындалған лангета зақымданған жерді жақсы бекітеді, ыңғайсыз жағдай тудырмайды.

 

 

11. Стандарт: Екі көзге байлам салу техникасы.

Мақсаты: Көзге қойылған таңғышты бекіту

Көрсеткіштері: Операциядан кейінгі жара, көз жарақаттары

Керекті құралдар: Бинт ені 10-12см, қайшы.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасты бет жағын өзіне қаратып отырғызу;

2. Науқасты тыныштандырып, өткізілетін ем шара мақсатын түсіндіру;

3. Науқасты қарап, жарақатын анықтау.

4. Ені 10-12 см бинтті алыңыз.

5. Бинттің бастапқы ұшын сол қолға, ал бинтті оң қолға ұстаңыз;

6. Бастың маңдай бөлігіне бинтті орналастыру, сол жақтан оңға қарай айналдыра байлау;

7. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау;

8. Шүйде сүйектен құлақ астына бет жақтан жоғары бинттің бөлігін түсіру,осы жолмен сол көз жабылады;

9. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау.

10. Шүйде сүйектен бастап маңдайға бинтті апарып, оң жақ көз жабылады.

11. Маңдай, шүйде аймағында бекітетін тур жасау;

12. Бинттің шетін кесіп, байламды бекіту, түйінмен байлап, бастың маңдай бөлігінде;

 

 

12. Стандарт. Биологиялық сәйкестілікті анықтау техникасы

Мақсаты: Донор мен реципиенттің қанының сәйкес болуын анықтау

Көрсеткіші: Қан құю

Құрал-жабдықтар: Донордың қаны, система, залалсыздандырылған дәке шариктері, спирт, залалсыздандырылған пинцет, қолғап, КБУ.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа әс-шараның жүргізілу барысын және мақсатын түсіндіру.

2. Науқасты ыңғайлы жатқызып, жағдайын бақылау.

3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып деконтоминация жүргізіңіз

4. Залалсыз қолғапты киіңіз

5. Системаны құрыңыз

6. Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз

7. Системаны 3 минутқа жабыңыз

8. Науқастың жағдайын бақылаңыз

9. Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз

10. Системаны 3 минутқа жабу

11. Науқастың жағдайын бақылаңыз

12. Науқасқа 10-15 мл қанды тамшылатып енгізіңіз

13. Науқастың жағдайын бақылаңыз

14. Қалған қанды минутына 8-10 тамшыдан жәймен енгізіңіз

15. Қолғапты шешіп, КБУ ға тастаңыз

 

Ескерту: Тамызып болған қанның 10-15 мл тоңазтқышта сақтау;

- Флакондағы этикетканы сырқатнамаға жабыстыру

- Зәрдің бірінші бөлігін зәрдің жаллпы зерттеуіне жіберу

- Қан құю кезінде науқастың қасында қадағалап тұру

- Науқастың дене қызуын 3 қайтара тексеру

Іштің, кеуденің, белдің ауырсынуларында, құсқанда, бас ауырғанда, дем жетіспеген кезде, денесінде бөртпе пайда болса, тахикардия кезінде қан құюға болмайды!

Биологиялық сынама кезінде болған асқынуға алғашқы көмек көрсету:

- Тез арада системаны тоқтату

- Система мен флаконды шығару, инені тамырда қалдыру

- Дәрігерге хабарлау

- Инені тұзды ерітінділі басқа системаға жалғау

- Жағдайы жақсарған соң 2 сағат бойы науқастың жағдайын бақылау.

 

13. Стандарт: Саусақпен басу арқылы артериялық қан кетуді тоқтату техникасы

Мақсаты: Қан ағуды уақытша тоқтату.

Көрсеткіштері: Артериялық қан кету

Іс - әрекет алгоритмі:

Артерияларды саусақпен басудың анатомиялық орындары мыналар:

1. Жалпы ұйқы артериясын төс-бұғана-емізік бұлшық етінің ішкі шетінің ортасына, 6 мойын омыртқаның көлденең өсіндісінің ұйқы төмпешігіне қарай 1 саусақпен немесе қалған 4 саусақпен басады:

2. Сыртқы жақ артериясын астыңғы жақтың төменгі жиегіне, оның артқы және ортаңғы бөлігінің аралығын басады

3. Самай артериясын бас бармақпен құлақтың алдыңғы жағынан бас бармақпен самай сүйегіне қысып басамыз

4. Бұғана асты артериясын бұғана үсті аймағының ортасынан бірінші қабырғаның төмпешігіне қарай басамыз.

5. Иық артериясын иық сүйегіне екі басты бұлшық еттің ішкі жағына қарай басамыз.

6. Қолтық асты артериясын қолтық асты ойығына тоқпан жіліктің басына қарай басамыз.

7. Шыбық артериясын пульсты анықтайтын жерде, шыбық сүйегіне басамыз.

8. Шынтақ артериясы ншынтақ сүйегіне басамыз.

9. Сан артерияны пупарттық байламның ортасынан қасаға сүйектің көлденең тармағына қарай басамыз.

10. Іш қолқасының омыртқаға кіндік тұсының сол жағынан жұдырықпен басамыз.

14. Стандарт: Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату

Мақсаты: Қан ағуды уақытша тоқтату

Көрсеткіштері: Артериялық қан кетіп жатқан жара.

Керекті құралдар: Бинт, мақта,таңу пакеті, жастықша, орамал немесе белдік.

Іс - әрекет алгоритмі:

 

1. Бұғана асты артериясынан қан ағуды тоқтату үшін: иықты артқа қарай максималды тартып, орамалмен немесе белдікпен шынтақ буынының үстінен қатты байлап тастау.

 

2. Иық артериясынан қан ағуды тоқтату жолдары: білекті шынтақ буынынан максималды бүгу, білек пен тоқпан жілікті 3/1 бөлігінің тұсынан белдікпен немесе орамалмен бекіту

 

3. Тізе артындағы артериядан қан ағуды тоқтату: тізе буынын максимальді бүгіп орамалмен немесе белдікпен байлайды.

 

4. Сан артериясынан қан ағуды тоқтату үшін: жамбас буынын шат аймағында

максималды бүгіп, белдікпен немесе орамалмен байлау керек.

Ескерту: Буынды барынша бүгу кезінде бүгілген буынға жастықша қойылу керек.

 

Поделиться:





Читайте также:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...