Ажыратушы –кесімді силлогизм
Ажыратушы кесімді силлогизм деп- бір алғышартты ажыратушы, ал екінші алғышарты мен қорытындысы кесімді пікір болып келетін ойқорытындыны айтады. Ажыратушы пікірді құрайтын жай пікірлер альтернативалар (латынша alternare - мүмкін екі жағдайдың бірін тағдау) деп аталады. Мысалы: «Тәуелсіздік алған ел дамудың не капиталистңк жолын, не капиталистік емес жолын таңдайды» деген пікірде дамудың екі мүмкін альтернативасы бар. Бұл пікірді ««Тәуелсіздік алған ел дамудың не капиталистік емес жолымен жүреді» деп, әрқайсысы бір альтернативаны көрсететін екі қарапайым пікірге бөліп тастауға болады. Біз бір альтернативаны қостасақ, екіншісін терістеуге мәжбүр боламыз. Ал біреуін терістесек, екіншісі қостауға міндеттіміз. Осыған сәйкес ажыратушы-кесімді силлогизмнің екі модусын (формасын) айыруға болады: қостай отырып, терістеуші (ponendo tollens) және терістей отырып қостаушы (tollendo ponens) модустарын қарастырайық. 1.Қостай отырып терістеуші модуста кіші алғышарт қостаушы, ал қорытынды терістеуші болады. Формуласы S не P не P1 болады. S - P Демек, S- P1 Мысалы: Тірі ағзалар не бір клеткалы, не көп клеткалы болады. Бұл ағзалар – көп клеткалы. Демек, бұлар –бір клеткалы емес. Бұл жерде кіші алғышарт бір альтернативаны қостап, қорытынды екіншісі терістеп тұр. Бұл модус бойынша, қорытынды әрдайым сенімді түрде ақиқат болу үшін, мына ереже сақталуы тиіс: үлкен алғышарт тысқарылаушы- ажыратушы пікір болуы керк, яғни, қатаң дизъюнкциялық пікір болуы керек. Егер бұл ереже сақталмас, сенімді қорытынды шықпайды. Бұл айтқанды дәлелдеу үшін мына мысалды алайық:
Ұрлықты жасаған не Н., не С. Ұрлықты жасаған С. Н. Ұрлықты жасаған жоқ Деп сенімді түрде айтамыз. Логикалық қажеттілікпен ондай қорытынды шықпайды. Бәлкім, Н. да ұрлыққа қатысқан шығар. 2. Терістей отырып қостаушы модуста кіші алғышарт бір альтернативаны терістейді, қорытынды екінші альтернативаны қостайды. Формуласы: S не P не P1 болады. S-P емес. Демек, S- P1 болады. Мысалы: Тірі ағзалар не бір клеткалы, не көп клеткалы болады. Бұл ағза бір клеткалы емес. Демек, бұл ағза- көп клеткалы. Бұл модус бойынша қорытынды әр дайым сенімді түрде ақиқат болу үшін, міна ереже сақталу қажет: үлкен алғышартта мүмкін болар альтернативаның бәрі тізіп көрсетілуі тиіс. Яғни үлкен алғышарт толық дизъюнкциялық пікір болуы керек. мльтернативаның бәр ітізіп көрсетілмесе, сенімді түрде ақиқат қортытынды шықпайды. Мұны мысалмен түсіндірейік: Келісім екі жақты немесе көп жақты болуы мүмкін. Бұл жасалған келісім екі жақты емес. Олай болса, бұл келісім- көп жақты болады- деген қорытынды шықпайды. Өйткені, үлкен алғышартта барлық мүмкін альтернатива толық көрсетілмеген (келісім бір жақты болуы да мүмкін: ол үшін бір адамның берген сенім куәлігі, мұра қалдырғаны жайында куәлігі, т.б. мәселесіні шешуге жетіп жатыр). Ажыратушы (үлкен) алғышартта альтернатива екеу емес үшеу, не оданда көпболуы мүмкін. Мысалы тексеру барысында тергеуші өрттің шығу себебі не әдейі өрттеу, не абайламай сіріңкенің шырпысын тастай салудан немесе қоймада сақталған тұтанғыш материалдың өздігінен жануынан деп жорамалдайды. Тексерудің барысында өрттің абайламай сіріңкенің шырпысын тастай салғанан болғаны анықталды. Сөйтіп, өрттің шығуының басқа альтернативалары теріске шығады. Бұл ойқорытынды қостай отырып терістеу модусы бойынша мынадай формада құрылады:
S не P не P1 P2 болады. S-P. Олай болса, S- P1 емес және P2 емес Бұл оқиғаны тексеруде ойқорытынды басқа материша формада да құрылуы мүмкін. Мысалы, тексеру барысында өрттің абайсызда шықпағаны және қоймадағы тұтанғыш материалдың өздігінен жануы болмағаны анықталса, онда ойқорытындыда терістей отырып қостаушы модус қолданылады: S не P не P1 не P2 болады. S-P1 емес және P2 емес Олай болса, S- P болады, я яғни, өрт әдейі өртеудің нәтижесінде болып шығады. Ажыратушы - кесімді силлогизм сот – тергеу жұмыстарында көп қолданылады. Әсіресе, тергеу версияларын құруда жіне тексеруде кеңінен қолданылады (VIIтарауда қарастырылады).
Читайте также: Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|