Жай кесімді силлогизм 5 страница
Дихотомиялық бөлу көптеген ғылыми – зерттеулерде де кеңінен қолданылады, себебі ол – ұғымды бөлудің дәйекті де жүйелі түрі. Бөлуге ұқсас тәсілдер Ұғымдарды бөлумен қатар біз ойлау тәжірбиесінде кейбір басқа логикалық тәсілдерді пайдаланымыз; олар, сыртқы түрлері қарағанда, бқлумен ұқсас, бірақ мәніне қарағанда, одан өзгеше болып келеді. 1. Бүтінді бөліктерге мүшелеу. Мысалы, «Қаңтар айы төрт аптадан және 3 күннен құралады». «Пойыз тепловоздан, вагондардан және платформалардан құралады». Бұл мысалдарда сөз түрлері мен тек туралы болып отыр. Әрине, ай апта мен күнге тектік ұғым емес, ал апта мен күн айдың түрлері емес, тек оның бөліктері ғана; пойыз вагондарға тектік ұғым, ал вагон - пойыздың түрі емес, оның бөлігі ғана. Мүшелеудің басқа мысалдары: адам – аяқ, қолдан, бастан, кеудеден, т.б. тұрады; пәтер – бөлмелерден; үй – шатырдан, қабырғалардан, терезелерден тұрады. 2. Ойды белгілі бір жоспармен орналастыру. Жасалған шаралардың, шығармалардың жоспарлары, кітаптардығы мазмұндар – бұлардың барлығы ұғымдардың бөлінуі болып шықпайды, өйіткені бұл жағдайлардың барлығында да түрлер мен тек арасында болатын қатынастар жоқ. Жіктелім Ұғымдарды бөле келіп, біз сонымен қатар, бөлінуші ұғымдар көрсететін нәрселерді ойша топ – топқа бөлеміз. Нәрселерді ойша топқа бөлу ісінің бір түрі жіктелім деп аталады.
Жіктелім дегеніміз – нәрселерді өзара ұқсастығын және олардың басқа текті нәрселерден айырмашылығын негізге ала отырып, топ – топқа бөлу жүйесі. Жіктелімнің негізі ретінде аса мәнді белгі алынады. Жіктемлімнің мысалына орыстың ұлы ғалымы Д.Н.Менделеев (1834 – 1907) жасаған «Элементтердің периодтық жүйесін» алуға болады. Менделеев химиялық элементтерді атомдық салмақтарының өсу реті мен химялық сапаларының біркелкілік белгісіне қарай орналастырған. Элементтерді жіктеу және Менделеевтің ашқан периодтық заңы ұлы химикке сол кездің өзінде белгісіз бірқатар жаңа элементтердің (галлий, скандий, германий, т.б.) бар екендігін күні бұрын болжап айтуға мүмкіндік берген. «Периодтық жүйедегі» әрбір элементтің ерекше белгілері болады және сол белгілері арқылы басқа элементтерден ажыратылып тұрады. Жіктелімнің негізін таңдап алуда Менделеевтің данышпандығы көрінеді, себебі оның алған негізі «Периодтық жүйені» жасауда шешуші рөл атқарды. Бұл факті жіктеу үшін дұрыс таңдап алған негіздің мәні үлкен екенін көрсетеді. Егер жіктелімге негіз етіп нәрселердің мәнді белгісі алынса, ондай жіктелімнің зор ғылыми және тәжірбиелік маңызы болуы мүмкін өйіткені ондай жіктелім Менделеев ұсынған жіктелімнен көреміз сияқты, нәрселердің, құбылыстардың бағынатын заңдылықтарын табуға мүмкіндік береді. Нәрселердің жаратылысын көрсететін басты белгі незінге алынған жіктелімді табиғи жіктелім деп аталады. Табиғи жіктелімнің мысалында («Периодтық жүйеден» басқа) осы кездегі биологиядағы жануарлар немесе өсімдіктер жіктелімін алуға болады.
Егер жіктелімнің негізіне жіктелуші нәрселердің жаратылысын көрсетпейтін мәнсіз белгі алынса, онда ондай жіктелім жасанды жіктелім деп аталады. Ондай жіктелімге бір сыныптағы оқушылардың әліпби бойынша жазылған тізімі мысал бола алады. Аты-жөнінің басты әріпінің оқушының негізгі қасиеттеріне ешбір қатынасы жоқ. Бірақ та осы кейдесоқ белгілерді пайдаланудың өзі де тәжірбиелік мақсаттарда ыңғайлы болу үшін, мәселен, керекті адамды ұзақ іздеп жатпай, тез тауып алу үшін қажет болады. Осыдан келіп, оқушылардың аты – жөнін әліпби тәртібімен тізудің қажеттілігі туады. Тәжірбиелік жұмыста өте пайдалы мұндай жасанды жіктелімнің мысалы ретінде тағы да мыналарды атап көрсетуге болады: кітапханаларда кітаптардың аты жызылған карточкаларды каталогка әліпби тәртібі бойынша орналастыру, түрлі тілдердегі сөздіктердегі сөздерді әліпби бойынша жазу және т.б. іздеген нәрсені тез тауып алып, көп уақыт пен күш – қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жіктелім (табиғи немесе жасанды) бөлу ережелерінің барлығына да бағынады: ол бір негізбен жүргізілуге, оның мүшелері бірін – бірі тысқарылап тұруы, оның мүшелерінің барлығының жиынтығы сол алынған сыныпты түгел қамтуға, жіктелімнің ішінде дәлелсіз секірушіліктер болмауға тиіс. «Ұғым» тарауы бойынша жаттығулар 1. Төмендегі ұғымдардың мазмұны мен көлемі анықтандар: «адам», «Астана», «капиталист», «ерлік», «қылмыскер», «ана», «етістік», «баяндауыш», «үшбұрыш», «оқулық». 2. Төмендегі ұғымдардың түрлерін анықтаңдар: «айыпкер», «тіл», «қала», «Қазақстанның қалалары», «орман», «тобыр», «оқушы», «кітапхана», «адамзат», «құдай», «ерлік», «мүдде», «теңдік», «ақ», «ақтық», «ұрлық», «сотталушы», «тергеуші». 3. Төмендегі ұғымдарда шектеу және жалпылау жүргізіндер: «ғылы», «математика», «жәндік», «адам», «Сәрсен», «студент», «әдебиет», «алма ағашы».
4. Төмендегі ұғымдарды шектеу және жалпылау дұрыс жүргізілген бе? «Ауыл шаруашылық машинасы – машина – трактор», «жыл – ай – апта – күн», «криминалогия – заң ғылымы». 5. Төмендегі ұғымдардың арасындағы логикалық қатынастарды анықтап, шеңбер сызбасын сызып көрсетіндер: А) «Оқушы», – «спортшы», – «қазақ». Б) «Кірпіш үй» – «үш қабат», – «салынатын бітпеген үй». В) «Қара», – «ақ,» – «түс». Г) «Ағза», – «өсімдік», – «хайуан», – «жыртқыш». Ғ) «Шаруашылық қылмысы», – «сатып алушыларды алдау», – «арақ шарапты заңсыз дайындау». Д) «Әскери қылмыс», – «әскерден қашу», – «әскери лауазымдық қылмыс». Е) «Қылмыс құралы», – «ататын қару», – «тапанша». Ж) «Ромб», – «квадрат», – «төртбұрыш». 6. Төмендегі ұғымдардың анықтамалары дұрыс па, дұрыс болмаса, қандай қателер жіберілген? А) Адамды масқаралайтын жалған пікір таратуды өсек деп атайды. Ә) Гипотенуза дегеніміз – тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы. Б) Ауа – оттегі емес. В) Логика дегеніміз – ойлау туралы ғылым. Г) Азаматтардың жеке меншігіне қатысты заттарды білдірмей алып кетуді жеке адамның мүлкін ұрлау деп атайды. Ғ) Айналасының бәрі құрғақ жермен көмкерілген, айтарлықтай кең ауданды шұңқырға жиналған суды көл деп атайды. Д) Уақытша пайдалану үшін жерді, үйді, автомашинаны және т.б. нәрселерді белгілі бір мөлшерде ақша төлеп, жалдап алушы адамды жалгер деп атайды. Е) Арыстан – аңдар патшасы. Ж) Фашизм – ипмериализм тұсындағы буржуазияның ең кер тартпа бөлігінің әскери диктатурасы. 7. «Зат есім», «сын есім», «етістік», «тіл», «ғылым», «заң», «құқық», «меншік», «қылмыс» деген ұғымдардың ғылыми анықтамасын оқулықтардан көшіріп алып, логикалық талдау жасандар.
8. Оқулықтардан, сөздікдер мен анықтама кітаптардан атаулы және гигиеналық анықтамалардың бірнеше мысалын тауып, көшіріп алындар. 9. Ұғымды бөлудің мына мысалдарын дұрыс па? Дұрыс болмаса, қандай қателер кеткен? А) Келісімдер бір жақты, екі жақты, көп жақты және жазбаша болып бөлінеді. Ә) Қылмыстар ашылған, ашылмаған және әдейі жасалған болып бөлінеді. Б) Кітаптар қызықты жіне қызықсыз, ғылыми және әдеби – көркем болып бөлінеді. В) Жауап алу куәгерден жауап алу, жәбірленушіден жауап алу және айыпкерден жауап алу болып бөлінеді. Д) Төртбұрыштар трапенцияға, параллеограмға, ромбыға, квадратқа және тікбұрышқа бөлінеді. Е) Тірі ағза өсімдіктерге, омыртқалы және омыртқасыз жануаларға бөлінеді. Ж) Сағаттар қол сағатқа, қабырға сағатқа, үстел сағатына және мұнаралық сағатқа бөлінеді. З) Көліктер теміржол, су, өзен, әуе және автомибиль көліктеріне бөлінеді. К) Үй қабырғаларға, бөлмелерге, төбеге және шатырға бөлінеді. III ТАРАУ ПІКІР 3.1. Пікірдің логикалық мәні Айналаны қоршаған болмысты танып біле келе, адам нәрселерді және олардың белгілерін ойша бөліп алады. Мысалы, біз бір металл нәрсені зерттесек, ол туралы ой айтамыз: «Бұл нәрсенің жылырлық, созылғыштық, балқығыштық, жылу өткізгіштік, электр тогын өткізгіштік қасиеті бар». Бұл сөйлемде бір нәрсе жөнінде ой айтылған. Ол ой нәрсе мен оның белгілері туралы пікірді көрсетеді. Нәрседе бір белгінің бар болуы немесе жоқ болуы біздің ойлауымызда я қостау, я терістеу пікір түрінде бейнелейді. Пікір әрдайым бір нәрсені не қостайды, не терістейді. Пікір деп– нәрселер мен олардың белгілері жөнінде бірденені қостайтын немесе теріске шығарытын ойды айтады. Егер біз пікірде айналаны қоршаған болмыстағы шын байланысып тұрғанды бөлектеп айтсақ, онда пікірміз дұрыс, ақиқат пікір болғаны. Мысалы, «металдар электр тогын өткізгіш олады» деген пікір – ақиқат пікір. Металдарға электр тогын өткізгіштік қасиет тән екендігі белгілі, сондықтан бұл біздің пікірімізде қосталып тұр. Ал, егер біз материялық дүниеде іс жүзінде байланысы жоқты ойша байланыстырсақ немесе шын байланысып тұрғанды ойша ажыратып бқлектесек, біздің пікіріміз жалған болады, өйткені ол пікірлер бейнеленіп тұрған нәрселерге сәйкес емес. Мысалы: «Атом – заттың бөлінбейтін бөлшегі» делінген пікір жалған. Біз бұл жерде шындығында байланысты емес нәрсені ойша байланыстырып отырамыз. Атом – күрделі материялық жүйе, ол ядроға және электрондарға ыдырайды. Атомның ядросы да ыдырауы мүмкін, өйіткені оның өзі де протондар мен нейтрондардан тұрады. Атом тек химиялық жағынан ғана бөлінбейді. Мұның мағынасы – бұл химиялық элементтің атомынан кіші бөлігі жоқ деген сөз.
Пікірдің ақиқаттығы, яғни, болмысты дұрыс бейнелеуі – оның еі басты сапасы. Пікір де ұғым сияқты объективті болмстың біздің санамыздағы бейнелеген формасы. Материялық дүниедегі нәрселер мен құбылыстар, олардың қасиеттері мен байланыстары туралы біліміміз пікірде бейнеленеді. Әрбір пікір үш логикалық бөліктен тұрады: логикалық бастауыштан, баяндауыштан және байланыстан. Мысал үшін мынадай пікірді алайық: «Парақор Н. – полиция қызметкері болып шықты». Бұл пікірді талдау бізге оның мынадай бөліктерден құралатынын көрсетеді. 1) «Парақор Н.» - логикалық бастауыш немесе пікірдің субъектісі; 2) «Полиция қызметкері» - логикалық баяндауыш немесе пікірдің предикаты; 3) «Болып шықты» - байланыс. Пікірдің бастауышы біздің ойымыздың бағытталған нәрсесін, объектісін, ал пікірлің баяндауышы белгіні көрсетеді; ол белгінің нәрседе бар екенін біз байланыс арқылы қостаймыз (немесе теріске шығарамыз). Мынадай пікірді алайық: «Заңгерлер үшін логиканы білу аса қажет». Мұндағы логикалық бастауыш – «заңгерлер», өйіткені бұл пікірде нақ сол туралы сөз болып отыр. Мұндағы баяндауыш – «логиканы білу аса қажет», өйіткені бастауыш жөнінде дәл осы ой айтылады. Пікірдің бастауышы мен баяндауышы пікірдің терминдері деп аталады. Ежелден – ақ логикада пікірдің бастауышы S әрпімен (subjektum деген латын сөзінің бірінші), ал пікірдің баяндауышын Р әрпімен (praedicatum деген латын әрпі) өрнектеу шартты түрде қабыл алынған. Сонымен, пікірді мынадай формуламен өрнектеугк болады: S дегеніміз Р, басқаша берсек: S – Р. Терістеуші пікірдің формуласы мынадай: S дегеніміз Р емес. Ал «дегеніміз», «деп», «айтамыз», «болып саналады» деген сияқты байланыс сөздері пікірде айтылмаған, тек ойда тұруы да мүмкін. Мұны біз, мысалы, мына сияқты пікірлерден көреміз: «Менің әкем – құю цехының жұмысшысы (болып саналады)», «Квадрат (дегеніміз) - төрт қабырғасы өзара тең тік төртбұрыш». 3.2. Пікір және сөйлем. Сұрақтың танымдағы рөлі Әрбір пікір қашан да болса грамматикалық сөйлес арқылы айтылады. Сөйлем дегеніміз – пікірдің материалдық қабығы. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алмайды. Тілдік материалдар бөлек жалаң пікр болмайды. Тіпті, пікірді біз ойша, іштей құраған күнде де, бәрібір ол сөздер, терминдер және сөйлемдер арқылы құралады. Пікір мен сөйлем бір – бірімен тығыз бірлікте, өйіткені сөйлем мен пікір бірінсіз бірі жоқ: сөйлем пікірдің тілдік көрініс формасы болса, ал пікір – сөйлемнің ішкі мазмұны, ойлау мазмұны. Бірақ пікірдің бөліктері мен сөйлем мүшелері толық сәйкес келе бермеуі де мүмкін. Кейде сөйлем бір – ақ сөзден тұрады (мысалы, атаулы сөйлемдер: жарық. Тыныш. Аяз.) да онда белгілі пікрі бейнеленеді. Тағы бір мысалды қарастырайық: «Каспий теңізі – жер шарыгдағы ең үлкен көл». Бұл мысалдар логикалық бастауыш («Каспий теңізі») грамматикалық бастауышпен көрсетілген, ал логикалық баяндауыш («Жер шарындағы ең үлкен көл») сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерімен берілген, ал логикалық байланыс «болып табылады» деген сөз тіркесі айтылмастан, жазбаша түрде сызықшамен өрнектелген. Мынадай мысалды қарастырайық: «Бұл ел оқтын – оқтын болатын дағдарыстан құтыла алмайды». Бұл мысалда логикалық және грамматикалық бастауыш («Бұл») сөйлемнің тұрлаусыз мүшесімен айтылған, ал теріс байланысты логикалық баяндауыш («оқтын – оқтын болатын дағдарыстан құтыла алмайды») сөйлемнің тұрлаусыз мүшесіне үйлесіп келген грамматикалық баяндауышпен айтылған. Пікірдің ішіндегі логикалық бастауышты бөліп көрсету үшін мынадай сұраққа жауап беру керек: «Берілген пікірдің тақырыбы не?». Екінші мысалда сөз бір ел туралы болып отыр, демек, сол ел туралы болған ой берілген логикалық бастауышы болады. Ал пікірдің қалған бөлімнің барлығы, яғни, пікіріміздің тақырыбы жөнінде не қосталса, сының бәрі (байланыстан басқасы) логикалық баяндауыш болады. Логикалық пікір мен грамматикалық сөйлем бірлікте болады дегеннен олар бір – бірімен толық сәйкес келеді екен деген қорытынды шықпайды, өйіткені пікірлер негізінен хабарлы сөйлем түрінде айтылады. Ал тілде хабарлы сөйлем түрінде айтылады. Ал тілде хабарлы сөйлемнен басқа сұраулы, лепті сөйлемдер бар. Олар логикалық пікірді білдірмейді. Мысалы, «Бүгін кім кезекші?», «Сотқа куәгер шықырылды ма?», «Кіріңіз?», «Бөлмені босатыңыз!», деген сұраулы, лепті сөйлемдерге не қостау, не терістеу жоқ. Сұраулы сөйлемдердің пікірді білдірмейтін себебі – олардың міндеті хатар беру емес, хабар алуға итермелеу. Лепті сөйлемдер де пікірді білдірмейді – олар біреудің бұйыруын, басқа да өктемдік әрекетін білдіреді, яғни, бұл сөйлемдер не ақиқаттығы не жалғандықты білдірмейді. Грамматикалық сөйлемде белгілі бір тұрақты орны бар бастауышпен салыстырғанда, S пен Р – ның дәлме – дәл белгіленген тұрақты орны болмайды – олар көбінесе сөйлеу екпініне қарай анықталады. Мысалы, «Бейсенбаевтің жоғары заң білімі бар» деген сөйлемді айту екпініне қарай S пен Р ны анықсақ, мынадай үш түрлі пікірді байқауға болар еді: 1) Бейсенбаевтың (бөтен біреудің емес) жоғары заң білімі бар; 2) Бейсенбаевтың жоғары (орташа емес) заң білімі бар; 3) Бейсенбаевтың жоғары білімі (S) – заң білімі Р. Пікір мен грамматикалық сөйлемнің арасындағы тағы бір айырмашылық сол, түрлі тілдерде сөйлемдердің грамматикалық құрылысы түрліше болады. Ал пікірдің логикалық құрылысы барлық тілдерде бірдей болып келеді. Сонымен, пікір мен сөйлем тығыз бірлікте болғанымен, олардың арасында белгілі бір айырмашылықтар да бар. Ойлаудың формасы болып саналатын сөйлемді бір нәрсе деп қарастыру, ойлау процесінде қателіктерге соқтыруы мүмкін. Тағы бір ескерте келетін жағдай, граммтикалық түрі сұраулы және лепті болып келетін кейбір сөйлемдерде қостау немесе терістеу бар екенін байқауға болады. Мысалы, риторикалық сұраулы сөйлемдер мен лепті сөйлемдерге логикалық қостау және терістеу болады: «Осылай жасауға бола ма?», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жасасын!». Бұл сөйлемдердің астарында: «Бұлай жасауға болмайдыды ғой!», «Екі жерде екі төрт екенін әркім ақ біледі ғой!», «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел» деген қостаушы терістеуші ойлар жатады. Алайда, логикалық «таза» сұраулы сөйлемдердің де ойлау, таным процесіндегі маңызын жоққа шығармайды. Тіл білімі ғылымның дәлелденуіне қарағанда, сұраулы сөйлемдегі «таза» сұрақ жаңа білім алуға итермелеу қозғаушы күш болып табылады, өйіткені сұрақтың өзі жаңа пікірде айтылуы мүмкін болатын белгілі бір білімге, мәліметке сүйенеді. Мәселен «Бүгін кім кезекші?», «Сотқа куәгер шақырылды ма?» деген сұрақтардың арғы жағында «Біреу кезекшілікке тайындалуы тиіс», «Куәлар соттың отырысына шақырылуы тиіс» деген сияқты пікірлер тұрады. Білмеуден білуге, жалаң білімнен толық та тиянақты білімге өтудің түрткісі ретінде сұраққа төмендегідей талаптар қойылады. Біріншіден, сұрақтың астарында белгілі бір білім жатуы тиіс. Мысалға, «Кім алғаш рет Жер шарын кемемен жүзіп, айналып шықты?» деген сұрақтың астарында біреу тұнғыш рет кемемен жүзіп, жерді айналалып шыққан екен ғой деген білім жатыр. Екіншіден, бұл білім айқынсыз білім, яғни, көмескі білім, өйіткені дүниені тұңғыш айналып шыққан біреу бар екенін білмегенмен, бірақ оның аты – жөнін, қай елдің адамы екенін нақты біліміз. Сондықтан, үшіншіден, ол сұрақ енді білмегенді білуге деген ынтаны тудырып, іс – әрекетіне бастауышы болады. Сұрақ дұрыс тұжырымдалуы немесе дұрыс тұжырымдалмауы мүмкін. Дұрыс тұжырылдалып қойылған сұрақ жауап табуға көмектеседі, дұрыс қойылмаған сұрақ білім ізденуші шатастырады. Сондықтан сұрақ дәл, анық және түсінікті түрде қойылуы тиіс, яғни, сұрақтың мазмұнын құратын ұғымдар екі ұшты болмай, дәл және анық тұжырымдалған болуы керек. 3.3 Пікірдің түрлері. Пікірдің бір-бірінен бірқатар өзгешіліктері болуы мүмкін және болады да. Өйткені оларда әр түрлі заттар, олардың әр түрлі қасиеттері, сондай-нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Мысалы: пікірдің субъектісінде сөз бір нәрсе туралы, бірнеше нәрселер туралы немесе нәрселердің бүкіл бір тобы туралы болуы мүмкін. Пікірдің предикаты мен байланысы белгілі бір нәрсенің немесе бірнеше нәрселердің қандайда бір қасиетінің бар немесе жоқ екенін көрсетуі мүмкін. Пікірдің субъектісі мен предикаты арасындағы қатынас нәрселер мен олардың қасиеттерінің арасындағы әр түрлі байланыстарды көрсетеді. Пікірдің субъектісі біреу немесе бірнешеу және сондай-ақ предикаты да біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін. Осыған орай, пікірлер қарапайым және күрделі болып, үлкен екі топқа бөлінеді. Қарапайым пікір бір субъектіден және бір предикаттан, ал күрделі пікір бірнеше субъектіден немесе бірнеше предикаттан тұрады. Енді пікірдің осы түрлерін қарастырып көрейік. Қарапайым пікір және оның түрлері Екі ғана ұйымнан (S және P) тұратын пікірлер қарапайым деп аталады. Оның құрылысы: S-P. Бұл пікірде қосталатын немесе тіреске шығарылатын нәрсе не: оның белгісі ме, әлде нәрселердің арасындағы қатынас па, осыған қарай қарапайым пікірлер атрибутивтік пікір және қатынастық пікір болып екіге бөлінеді. Атрибутивтік пікір дегеніміз - нәрселердің белгісі жайындағы пікір. Ол нәрсе мен оның белгісінің байланысын қостау не терістеу түрінде бейнеленеді. Мәселен: «Марат-оқу озаты», «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет», «Соттың ешқайсысы дауыс беруден бас тарта алмайды», т.б. Атрибутивтік пікір көлемдік жағынан қарастыруы мүмкін. Бұл жағдайда ол нәрсе мен оның белгісінің байланысы тұрғысынан қарастырылмай, жекеше ұғымның көлемінің тектік ұғымның көлеміне ену (немесе енбеу) жағынан қарастырылады.
Шеңбер арқылы көрсету пікір терминдерінің түрлі (S пен Р – ның) арасындағы көлемдік қатынастарды түсіндіру үшін өте қолайлы, сондықтан ол логикада кеңінен қолданылады. Қатынастардық пікір нәрселер арасында түрлі қарым – қатынастарды (тепе – теңдік, теңсіздік, уақыттылық, кеңістік, себептік, т.б.) бейнелейді. Мысалы: «А мен В тең», «Жұмабай - сәрсеннің әкесі», «Алматы – Ташкенттен кішірек», т.б. Қатынастық пікірдің логикалық құрылысы атрибутивтік пікірден гөрі өзгешелеу. Солай бола тұрса да оларды атрибуттық пікір түрінде де қарастыруға болады. Мысалы, «Алматы – Ташкенттен кішірек» деген мысалда «Ташкенттен кішірек» болу – Алматыға тән белгі дегенді білдіреді. Атрибуттық пікірлерде кейде бірнеше нәрселерге бір белгінің тән екендігі бейнелеуі мүмкін. Мұндай пікірлерден бір предикат (Р) бірнеше субъектіге (S) қатысты болады. Мысалы: «Сәрсен, Бейсен, Жомарт – заң институтының студенттері» белгісі үш адамға тән болып тұр. Мұны біз мынадай формуламен көрсетеміз: – Р. Бұл пікірдің үш қарапайым пікірден тұратын күрделі пікір екендігі бөліп тастауға болады. Дәл осы сияқты кейбір атрибутивтік пікірлерде бір субъектіге (S) бірнеше предикаттың тән екенін айтылады.
Читайте также: Ажыратушы –кесімді силлогизм Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|