Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Жай кесімді силлогизм 6 страница




Мұндай пікірлер кейінірек күрделі пікірлерді арнайы өткенде толығырақ қарастырылмайды.

Дәстүрлі формаларды логикада атрибутивтік пікірді кесімді пікір деп те атаймыз.

Кесімді пікір және оның түрлері

Бұл пікірдің кесімді деп аталуының себебі – нәрселерге оның белгілерінің тән немесе тән еместігі ешқашандай бір шартсыз, күмансіз түрде кесіп айтылады. Бұл атау гректің kategorikos – айқын, шартсыз, кесімді деген мағына беретін сөзінен шыққан. Мысалы: «Қорқақ адам ажалынан бұрын өледі». «Қылмыс жасаған адам қылмыстық жауапкершіліктен құтыла алмайды.

Кесімді пікірлер саны (S – нің көлемі) жағынан үш түрге, ал сапасы (логикалық байланыстың сипаты) жағынан екі түрде бөлінеді. Сонымен қатар, кесімді пікірлер саны мен сапасы жағынан біріктіріп қарағанда төрт түрге бөлінеді. Пікірде бейнеленген белгінің (Р – ның) нәрсе үшін (S – үшін) қаншалықты мәнді екендігінің дәрежесіне қарай үшке бөлінеді.

Пікірлерді сапасына қарай бөлу. Пікірдің сапасы дегеніміз – оның байланысының сипаты. Сапасына қарай кесімді пікірлер қостаушы және терістеуші болып бөлінеді.

Қостаушы пікір дегеніміз – нәрсеге оның белгісінің тән екендігін бейнелейтін пікір.

Мысалы:

Қазан қаласы Еділдің жағасында орналасқан.

Сот істі заңға сәйкес шешуге міндетті.

Қостаушы пікірдің формуласы мынадай: S дегеніміз Р.

Қостаушы пікірде материялық дүниеде қосталып тұрған нәрсе ойша мақұлданады.

Терістеуші пікір – нәрсе мен белгінің арасында ешқандай байланыстың жоқ екенін бейнелейтін пікір.

Мысалы:

Қазақстанның азаматтары соғысты қаламайды.

Форфор – электр өткізгіш емес.

Айда атмосфера жоқ.

Терістеуші пікірдің формуласы мынадай: S дегеніміз Р емес.

Терістеуші пікірде материялық дүниеде бөлетеніп тұрған нәрсе ойша бөлектеніп көрсетіледі.

Предикаты теріс мазмұнды пікірдің қостаушы пікір деп саналады, өйіткені логикалық байланысты қостаушы. Мысалы, «Азамат Н. – сенімсіз адам» - қостаушы пікір, ал егер «Азамат Н. – сенімді адам емес» десек, бұл терістеуші болар еді.

Кейде пікірлердің барысында пікірдің тілдік айтылу формасын өзгертіп, оны S дегеніміз Р және S дегеніміз Р емес деген логикалық құрылыс формасына келтіруге тура келеді. Мысалы, «Айыпталушының қорғауға құқығы бар адам» деген пікірді «Айыпталушының қорғануға құқығы бар» деп өзгертеміз. Өзгертілгенсөйлемнен пікірдің логикалық құрылысы айқын көрініп тұр.

Пікірлерді санына қарай бөлу. Пікірдің саны деп субъекті (S) ұғымның көлемін айтады, ал оның көлемі бір нәрсені немесе бірнеше нәрсені, не болмаса нәрселердің бүкіл тобын толық қамтуы мүмкін, сөйтіп, предикат (Р) бейнелейтін белгі бір нәрсеге немесе бірнеше нәрсеге, не болмаса нәрселердің бүкіл тобына тиісті болуы мүмкін. Осыған сәйкес пікірлер жекеше, ішінара және болп үшке бөлінеді.

Жекеше пікір деп - әрбір дара нәрсенің белгілерінің байланысын қостайтын немесе терістейтін пікір.

Мысалы:

Ликург – ежелгі дүниенің ұлы заңгері.

Эдисон – қыздыру шамын ойлап шығарушы емес.

Жекеше пікір біздің ойлау процесімізде зор рөл атқарады. Нәрселердің біртұтас тобын олардың жеке өкілдерін зерттеп алмайынша, тануға болмайды. Әрбір жекеше пікір, егер ол нәрсені дұрыс бейнеленген болса, бізді нәрселер тобының мәнін табуға жақындата түседі». Бұл S – Р (емес)

Ал егер бір нәрсе емес, бірнеше нәрсені немесе нәрселердің бүкіл бір тобын білу керек болса, онда біздің ойымыздың жекеше пікірдің сатысында тоқтап қала алмайды. Берілген белгі нәрселердің бір тобына немесе олардың бүтін тобына тиісті екені пікірдің басқаша формуламен бейнелейді.

Мынадай пікірді қараастырайық:

Біздің университеттің кейбір студенттері – жақсы оқушылар.

Пікірде біз университеттегі кейбір студенттердің жақсы оқушылар екенін қоспайтын. Мұндай пікірді ішінара пікір деп атайды.

Ішінара пікір деп – нәрселердің бір тобының ішіндегі кейбір нәрселердің ғана белгілерінің байланысын қостайтын немесе терістейтін пікірді айтады.

Ішінара пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Ішінара пікір мынадай формуламен өрнектеледі.

Кейбір S дегеніміз Р болады (болмайды).

Ішінара пікірде нәрсе мен белгінің байланысы кеңіре түрде көрсетеді. Оның ішінде біз табылған белгінің бір қатар нәрселерге тиісті екенін көрсете айтамыз.

Бірақ көрсетілген белгі нәрселердің белгі нәрлердің бүкіл тобына тиістілігі туралы мәселені шешу үшін ішінара пікір әлі көмескі, өйіткені айтылған белгінің нәрселер тобының қай бөлігіне тән екені белгісіз. Шынында, жоғарыда, айтылған мысалдан студенттердің нешеуі жақсы оқитындар екенін анықтау мүмкін емес.

«Қазақстанның азаматтарының барлығының да тегін білім алуға құқығы бар». Мұндай пікір – жалпы пікір болады.

Жалпы пікір дегеніміз – нәрселердің бүкіл тобының әрбір нәрсе жөнінде бірдеңені қостайтын немесе терістейтін пікір.

Жалпы формуласы мынадай:

Барлық S дегеніміз Р.

Сондай – ақ, жалпы пікірде қарастырылған топтың барлық нәрселері үшін қандай да бір белгіні теріске шығаруға болады.

Ондай пікірге мынадай мысал алуға болады.

Ешбір капиталистік елдің конституциясы еңбек ету құқығын қамтамасыз етпейді.

Жалпы пікірде белгіні теріске шығарған жағдайда пікір формуласы мына түрге айналады.

Ешбір S денегіміз Р емес.

Жалпы пікір бізге белгілі бір қағиданың нәрселердің бүкәл тобы үшін ақиқаттығы туралы білім береді. Жалпы пікірдің маңызының зор болуы, міне, осында.

Жекеше, ішінара және жалпы пікірлердің дүние танудағы маңызы ерекше. Ең алдымен бұл үшеуі ара - қатынасы адамзаттың дүние танудың тарихи жолын бейнелейді. Жеке - дара нәрселер жайындағы білімді жекеше пікір түрінде тұжырымдаймыз. Жекеше пікір - ішінара және жалпы пікірлер айтудың алғашқы негізі.

Ішінара пікірлерде, жекеше пікірлермен салыстырғанда, әлдеқайда жинақталған, өрісі кеңдеу білім тұжырымдалады.Ең жалпы білім жалпы пікірлерде тұжырымдалады.Табиғат пен қоғам құбылыстарының ең маңызды жалпы байланыстарын бейнелейтін ғылым заңдары жалпы пікір түріндеи тұжырымдалады. Мәселен, "Ешбір тірі жәндік ауасыз өмір сүре алмайды" деген жалпы биологиялық заңды ашқанда, адамзат ондаған ғасырлар бойы сансыз көп жеке - дара тірі организмдерді зерттеп, ойлау сынағынан өткізді.

3.4. Пікірдің сан және сапа жағынан біріктіріп бөлінгендегі түрлері

Әрбір пікірде сапа белгісі бар, яғни пікір әрқашан да қостаушы немесе терістеуші болады. Сонымен қатар, әрбір пікірдің сан белгісі бар.

Осы екі белгіні (сапасы мен санын) ескере отырып, біз пікірдің барлығын негізгі төрт түрге: жалпы қостаушы, ішінара қостаушы, жалпы терістеуші, ішінара терістеуші пікірлерге бөлеміз.

Мысалдардан қарастырайық:

1) «Студенттердің бәрі - оқушы».

Бұл пікірде студенттердің барлығына оқушылық сапа тән екендігі қосталады.

Бұл сияқты бірден бірден әрі жалпы, әрі қостаушы болған пікір жалпы қостаушы пікір деп аталады. Жалпы қостаушы пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Барлық S дегеніміз Р.

2) «Өндірістің кейбір жұмысшылары – қазақтар».

Бұл пікірде жұмысшылардың кейбіреулері қазақтан шыққандығы қосталады.

Бұл сияқты бірден әрі ішінара, әрі қостаушы болған пікір ішінара қостаушы пікір деп аталады.

Ішінара қостаушы пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Кейбір S дегеніміз Р болады.

3) «Ешбір құбылыс себепсіз болмайды».

Бұл пікірде дүниедегі құбылыстардырдың бәрінің де себепсіз пайда болу мүмкіншілігі терістеледі.

Бірден әрі жалпы, әрі терістеуші пікір жалпы терістеуші пікір деп аталады.

Жалпы терістеуші пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Ешбір S дегеніміз Р емес.

4) «Кейбір оқушылар шахмет ойнай білмейді».

Бұл пікірде оқушылардың бір бөлігінің шахмат ойнай білу сияқты қасиеті терістелінеді.

Бірден әрі ішінара, әрі терістеуші пікір ішінара терістеуші пікір деп аталады.

Ішінара терістеуші пікір мынадай формуламен өрнектеледі:

Кейбір S дегеніміз Р емес.

Қысқартылған айту үшін пікірдің бұл төрт түрінің әрқайсысы бір әріппен белгіленеді:

А – жалпы қостаушы пікір (affirmо деген латын сөзінің бірінші дауысты әрпі, «қостаймын» деген сөз).

І – ішінара қостаушы пікір (affirmо деген сөздің екінші дауысты әрпі).

Е – жалпы терістеуші пікір (nego деген латын сөзінің бірінші дауысты әрпі, «теріске шығарамын» деген сөз).

О – ішінара терістеуші пікір (nego деген сөздің екінші дауысты әрпі).

3.5.Пікірлерді модальдығына қарай бөлу

Пікірде нәрсенің және оның қасиеттерінің обьективтік байланысы, сыртқы дүние нәрселерінің, құбылыстарының араларындағы қатынастар мен байланыстар бейнеленеді. Бірақ бір нрсе мен оның қасиетінің байланысын немесе нәрселер арасындағы қатынастарды адам қашан да болсын бірден біле алмайды. Ұйғарудан, болжаудан адам обьективті болмыстың заңды байланыстарын және қатынастарын айқындауға бағыт алып отырады.

Нәрсенің және оның белгілерінің байланысы тек мүмкін түрде ғана ұйғарылса, онда адам өз ойын мынадай формада айтады: S бәлкім P болар. Мысалы: «Азамат Н-ның қылмыскер болуы мүмкін». «Бәлкім, ертең ауа райы жақсы болар».

Мұндай пікірлер мүмкіндік пікір (проблемалық пікір) деп аталады. Олар арқылы біз нәрсе мен қасиет, белгінің арасындағы байланыстың тек қана ықтималдығын немесе мүмкіндігін қостаймыз. Бұл байланыстың бар екенін әзірше біз айқындағанымыз жоқ, ол әлі ұйғару түрінде. Егер біз: «Бәлкім, біздің сыныбымыз ертең Ә.Қастеев атындағы мұражайына барар» десек, онда ертең мұражайға сыныптың тіпті бармауы да мүмкін.

Мүмкіндік пікірдің ақиқаттығы күткен фактінің іске асуының пікірде көрсетілген ықтималдық дәрежесіне байланысты анықталады. Оқиғалардың ықтималдығы сол оқиғалардың болып жатқан жағдайларына байланысты.

Егер біз нәрсе мен белгі арасындағы байланысты ұйғармай, көз жетерлік етіп, ашып айтсақ, ашып айтсақ, онда біз ойымызды пікірдің мынадай формасымен білдіреміз: «Напалеон Қасиетті Елена аралында қайтыс болған». «Біздің мектепте физика кабинеті жақсы жабдықталған». «Университет кітапханасы көп жаңа кітаптар алды».

Мұндай пікірлерді шындық пікір (ассерториялық пікір) деп аталады. Мұндай пікірде бір нәрсе мен қасиеттің шын байланыстары, істің нақты жағдайы бейнеленеді. «Санкт- Петербург Нева бойына орналасқан» деген пікірде Санкт- Петербург шын тұрған жері айтылған. Мұнда біз оқиғаны заңдылық жағынан ойламаймыз, оның тарихи шарттылығын ескермейміз. Санкт- Петербургтің салынуының түрлі себептері бар бар екенін біз жалпы алғанда, әрине, білеміз, бірақ бұл жерде біз тек фактіні ғана көрсетеміз.

Егер пікірде нәрсенің тек шын жағдайы ғана көрсетіліп қоймай, оның үстіне зат пен қасиеттің байланысының заңдылығы да көрсетілсе, онда ол пікір пікірдің едәуір жоғары формасы болып саналады. Мұндай пікірдің мысалына мыналар жатады:

«Ешбір тірі жәндік ауасыз өмір сүре алмайды». «Ой тек тілдік материалдың негізінде ғана, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүреді». «Негіздің өзгеруі мен жойылуы қондырманың өзгеруі мен жойылуына әкеліп соғады». «Барлық шар тәрізді денелердің көлеңкесі дөңгелек болады».

Мұндай пікірлер қажеттік пікір (аподиктикалық пікір) деп аталады. Мұндай пікірде біз нәрсе мен оның қасиетінің арасындағы заңды байланысты бейнелейміз. Мұндай қажеттік пікірлер формасында әрбір ғылым өзінің табиғат пен қоғам заңдары жайындағы негізгі ережелерін баяндайды.

Қажеттік пікір де, шындық пікір сияқты, анықталып болған фактілерге жататыны анық, бірақ қажетті пікірлер құбылыстардың жалпы заңдылығын, берілген құбылыстардың қажеттігін бейнелейді.

Егер мүмкіндік пікірде – болуы мүмкін нәрсе бейнеленсе, шындық пікірде – бар нәрсе, ал қажетті пікірде – бар екенін былай қойғанда, лажсыз түрде болуға тиісті нәрсе бейнеленеді.

Әрбір дұрыс пікір бір мезгілде түрліше қатынастар тұрғысынан қаралуы мүмкін.Мысалы,«М.Әуезов – «Аба жолы» эпопеясының авторы деген пікір шын, қостаушы, жекеше, кесімді пікір болып табылады. Оның формуласы: S дегеніміз P.

Кейбір пікірлердің модальдық түрін анықтағанда табиғи сөйлеу тілінде пікірдің бұл сипатын білдіру үшін алуан түрлі сөздер қолданылуы мүмкін ескеру керек. Мүмкіндікті білдіру үшін қазақ тілінде «мүмкін», «бәлкім», «солай шығар», «былай шығар» т.б. ал қажеттілікті білдіру үшін «қажетті», «болуы тиіс», «міндетті түрде», «демек», «қалайда», т.б. сөздер қолданылады. Кейде мұндай сөздер болмауы да мүмкін. Мұндай сөздердің сөйлемде қолданылуы әрдайым обьективтік мүмкіндік немесе қажеттілік жайындағы ұғымды білдіре бермейді. Сол себебті бұлар пікірлердің шын моральдығын анықтауды қиындатып, логикалық қателіктерге әкелуі мүмкін. Сондықтан пікірдің моральдығын оның мазмұнына қарай анықтаған жөн.

3.6.Пікірдегі бастауыш пен баяндауыш терминдердің таралуы

Біз әр түрлі пікірлерде бір немесе бірнеше нәрсе жайында не болмаса белгілі бір топтың нәрселері туралы қандайда бір қасиет, белгі жинақталатынын (терістелетінін) көрдік. Басқаша айтқанда, пікірдің бастауышында біз бір не бірнеше нәрселердің немесе белгілі бір топтың нәрселерінің барлығын бейнелейміз.

Бастауыш немесе баяндауыш термині белгілі бір топтың нәрселерін тегіс қамтымай, тек олардың бір бөлігін ғана қамтыса, онда бастауыш немесе баяндауыш толық көлемде алынбаған, яғни, нәрс лердің барлығына бірдей таратылмаған делінеді. Мысалы, «Кейбір ұшақтардың реактивтік двигательдері бар» деген пікірде бастауыш таратылмаған, өйткені ол пікірде ұшақтардың барлығы туралы емес, тек кейбіреулері туралы ғана сөз болып отыр.

Ал, бастауыш пен баяндауыш топ нәрселерінің барлығын қамтыса, онда бастауыштың көлемі толық алынған немесе нәрселердің бәріне таратылған делінеді. Мысалы, «ұшақтың бәрі де ауадан ауыр» деген пікірде бастауыш таратылған, өйткені онда барлық ұшақтар туралы айтылады. Ал баяндауыш таратылмаған, өйткені ұшақтан басқа да ауадан ауыр нәрселер көп.

Пікірге енген терминдердің таратылғанын білудің пікірдің мәнін жете түсінуге көмегі бар. Пікір термині нәрселердің бұкіл класын қамтима, немесе тек оның бір бөлігін ғана қамти ма – мұны анықтаудың қашан да болсын маңызы зор, әсіресе ойқорытындыларда аса қажетті болады.

Пікірдің формсын өзгерту (қайтадан екінші түрде құру) керек болған жағдайда пікір терминдерінің таралуын білу өте қажет болады. Мәселен,, жалпы пікірді ішінара пікірге өзгерту - ойлау практикасында жиі кездесіп отырады. Мысалы, «Металдардың барлығы да элемент» деген жалпы пікірді «Кейбір элементтер металл» деп ішінара пікірге өзгертуге болады.

Ал «Металдың барлығы да -элемент» делінген пікірді «Элементтердің барлығы да- металл» деп өзгертуге болмайды. Себебі: «Металдың барлығы да – элемент» деген пікірде «элемент» термині толық көлемінде алынбаған, яғни, таратылмаған. Сондықтан пікірдің өзгерген формасында элемент термині пікірдің субьектісін көрсетсе, онда ол терминді толық көлемінде алуға болмайды, «кейбір» деген сөзді қосу керек.

Пікірде енген терминдердің таратылғанын білу өзіміздің пікірлерімізді дұрысырақ құруға мүмкіндік береді.

Мынадай екі пікірді талдап көрейік.

«Бір клеткалардың барлығы да жай бөліну мен көбейеді».

«Амебаның барлығы да- бір клеткалы».

Осы пікірлерді байланыстырып, мынадай қорытынды жасауға болады:

«Амебаның барлығы да жай бөлінумен көбейеді».

Бұл пікірлердің нәтижесінде біз дұрыс қорытындыға келдік. Оның үстіне, алғашқы екі пікірдің мәніне қарағанда, біз жаңа білім алдық.

Ал енді мынадай екі пікірден біз ешқандай жаңа білім алмаймыз:

«Амебаның барлығы да- бір клеткалы».

«Инфузория- бір клеткалы».

Неліктен алғашқы екі пікірден біз ешқандай жаңа (үшінші) ақиқат пікір туады да, сонғы екі пікірден ондай қорытынды тууы мүмкін емес?

Себебі, бірінші пікірлерде екі рет алынған «бір клеткалы» деген термин екі пікірдің екеуінде де таратылмаған. «Амебаның барлығы да – бір клеткалы» деген пікірде біз амеба «бір клеткалардың бір бөлігі екенін білеміз», «Инфузория- бір клеткалы» деген пікірден біз инфузория да «бір клеткалылардың» бөлігі ғана екенін білеміз. Бірақ осы бөліктердің қандай екені, олардың бір- бірімен қандай қатынаста екендігі берілген пікірлерден көрінбейді. Олай болғанда, жаңа білім алу үшін «бір клеткалылар» деген термин «барлық амебалар» және «инфузория» деген екі терминді керегінше байланыстыра алмайды.

Жалпы бұл жөнінде ойқорытындылар туралы тарауды өткенде жергілікті айтылады, себебі терминдердің таралуы дұрыс ойқорытынды жасаудың негізгі бір шарты болып табылады.

Енді жалпы қостаушы, жалпы терістеуші, ішінара қостаушы ішінара терістеуші пікірлердегі бастауыш пен баяндауыш терминдерінің таратылуын қарастырайық.

1. Жалпы қостаушы пікірлерде бастауыш таратылған болады.

Бұл айтылған пікірдің формуласынан- ақ көрініп тұр: «Барлық S дегеніміз P», өйткені бұл пікірде қалай да болмасын бір топтың барлық нәрселері туралы әңгіме болып отыр. Мысалы, «Автомобильдердің бәрінің де двигателі бар» деген пікірде бастауыш барлық көлемімен алынып отыр, ол барлық автомобиьдерді қамтыған, сондықтан ол таратылған терминге жатады.

Жалпы қостаушы пікірдің баяндауышы таратылған болуы да, таратылмаған болуы да мүмкін.

а) Баяндауышының көлемі бастауышының көлемінен кең болатын жалпы қостаушы пікірлерде баяндауыш таратылмаған болады.

«Барлық галгендер- химиялық элементтер» деген пікірде баяндауыш барлық көлемде алынбай отыр, өйткені, пікірде (химиялық элементтердің бәрі де галогендер деп) сөз химиялық элементтердің барлығы жөнінде болмай отыр; басқа сөзбен айтқанда, мұндай пікірде баяндауыш таратылмаған болады. Бұл пікірде бастауыш mүр, ал баяндауыш тек болып отыр.

Пікірдің бастауышы мен баяндауышының арасындағы мұндай қатынасты 10- суреттегідей екі шеңбер түрінде көрсетіге болады.

ә) Баяндауышының көлемі бастауышының көлеміне тең болып келетін жалпы қостаушы пікірлерде баяндауышы таратылған болады.

«Дөңгелектің бәрі де бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің геометриялық орны болып табылады» деген пікірде баяндауыш бүкіл көлеміне алынған, өйткені бірдей қашықтықта жатқан нүктелердің барлық геометриялық орны дөңгелек болып табылады, демек пікірде сөз бірдей қашықтықта жатқан барлық нүктелердің геометриялық орны туралы болып отыр. Ұғымның анықтамасы түрінде болып келетін жалпы қостаушы пікірлердің баяндауышы да таратылған болады, өйткені «анықтама тепе- тең болуы тиіс» деген ереже осыны талап етеді.

Пікірдің бастауышы мен баяндауышының арасындағы мұндай қатынасы бірі мен бірі үлес келген екі шеңбер (11- сурет) түрінде көрсетуге болады.

2. Ішінара қостаушы пікірлерде бастауыш таратылмаған болады.

Ондай пікірлерде бастауыштың таратылмағаны оның «Кейбір S дегеніміз P» формуласының өзінен- ақ анық көрініп тұр. Пікірде сөз нәрселердің бүкіл тобы туралы ғана болып отыр. Мысалы, «Кейбір әңгімелер қызықты болады» делінген пікірде қызықтысы әңгіменің бәрі қызықты емес, тек олардың кейбіреулері ғана екені бірден көрініп тұр

үйлесімділік (тепе-теңдік); жарым-жартылай үйлесімділік; логикалық бағыныштылық. Үйлесім сіздік екеі түрге бөлінеді: қарама-қайшылық және қайшылық қатынастар. Мынадай екі пікірді қарастырып көрейік.

«бірде-бір өсімдік ауасыз тіршілік ете алмайды».

«гүлді өсімдіктер ауасыз тіршілік ете алмайды».

Бұл екі пікір дің еркшелігі неде? Бірінші пікірде бейнеленген нәрсе (S-барлық өсімдіктер) екінші пікірде бейнеленген нәрсе (S-гүлді өсімдіктер) жөнінде бағындырушы болады. Мұндай пікірлер бағыныңқы қатыста болады.

Енді мынадай екі пікірде қарастырайық:

«мына қағаз ақ»

«мына қағаз ақ емес».

Бұл пікірлерге тән ерекшелік не? Екінші пікірдің бірінші пікірді бүтіндей теріске шығаруда. Олардың арасында аралық ешбір нәрсе жоқ, қағаз не ақ, не ақ емес. Шынында, қандай болса да, екінші, үшінші түсті атасақ та (көк, қызыл, көгілдір) бәрібір олар «ақ емес» деген жалпы ұғымға жатады.

Бір мезгілде бір нәрсе туралы бірінің теріске шығарғанын екінші қостайтын екі пікір қайшы пікірлер деп аталады. Олар келіспеушілік қатынаста болатын пікірлердің бірінші тобын құрады.

Бірақ келіспеушілік қатынаста басқа формада да көріну мүмкін. Оны мынадай екі пікірдің мысалынан көруге болады.

«мына қағаз ақ»

«мына қағаз қара»

Мұндай пікірлер қарама-қарсы пікірлер деп аталады. Бұл жерде екінші пікір бірінші пікірді теріске шығарып отыр, бірақ қайшы пікірлерден мұндағы айырмашылық сол, екінші пікір бірінші пікірде тек теріске шығарумен ғана тоқтап қалмай, сонымен қатар, басқа бір нәрсені қостайды. Біз қағаздың, шынында, ақ емес екенін білеміз, бірақ сонымен қатар қағаздың қара екендігі де бізге мәлім болып отыр.

Тағы басқа да айырмашы бар. Егер қайшы пікірлердің арасында аралық пікір бола алмайтын болса, қарама-қарсылық жағдайда аралық пікір болуы мүмкін. Қағаз сұр, ашық сұр, күңгірт сұр түсті, т.б. бола алады.

Пікірлердің арасындағы қатынастарды білу бізге қандай пікірдің болсын шындығын тезірек ашуға көмектеседі.

Бізде мынадай пікір таласы туды дейік:

«біздің топтың барлық оқушылары математикадан үйге берілген есептерді шығарды».

«біздің топтың кейбір оқушылары математикадан үйге берілген есептерді шығарған жоқ».

Бұл пікірдің екеуі бірдей ақиқат бола алмайтынын байқау қыйын емес. Шыдығында да, егер есепті оқушылардың барлығы бірдей шығарған болса, онда есепті шығармаған оқушының жоқ болғаны. Керісінше, оқушылардың есепті оқушылардың біреуі шығармаса да, нда есепті оқушылардың барлығы бірдей шығарды деп айтуға болмайды.

Поделиться:





Читайте также:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...