Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Жай кесімді силлогизм 8 страница




Тергеу тәжірбиесінде адамдардың немесе нәрселердің ұқсастығын (тепе-теңдігін) анықтаудың маңызы зор., өйткені осы әдістің көмегімен айыпкерден табылған хатоның қолымен жазылғаны немесе өліктің денесінен алынған оқ сараптамаға берілген тапаншадан атылғаны т.б. анықталады. Тепе-теңдік заңы негізеделген мұндай зерттеу көбінесе қылмысты зерттеуде шешуші рөл атқарады.

4.3 Қайшылық заңы

Логикалық тепе-теңдік заңында материялық дүниедегі нәрселердің салыстырмалы орнықтылығы сияқты қасиеттері бейнеленген.

Өзінің ғасырлар бойы басынан өткізген тәжірбиесінде адамзат нәрселердің әдетті қасиеттерін талай рет байқаған. Мысалы: бір нәрсенің түсі ақ болса, нақ сол кезде жіне сол жағдайда оның түсі қара болу мүмкін емес екнін, егер құс ұшып келе жатса, нақ сол кезде онық бұтаққа қонып отыруы мүмкін емес екендігін адам әлде қашан байқаған.

Заттардың осы сияқты әдетті қасиеттері дұрыс ойлаудың тұрақты белгісі ретінде адамның санасына орнаған. Егер заттың белгілі бір қасиеті наө сол жағдайда және сол кезде ол заттың өзінде бірден болуы да, болмауы да мүмкін болмаса, онда дұрыс ойлауда да бір мезгілде, Бһбір мағынада алынған бір мәселе жөнінде қарама-қарсы екі түрлі пікір айтып, ой қайшылықтарын туғызуға болмайды.

Дұрыс ойлаудың бұл заңы логикада қайшылық заңы деп аталады.

Оның тұжырымдамасы мынадай:

Бір нәрсе туралы бір уақытта және бір тұрғыдан айтылған қарама-қарсы екі ойдың екеуі де бірдей ақиқат болуы мүмкін емес.

Егер «Байкал – терең көл» делінген болса, онда сонымен бірге «Байкал – таяз көл» деп айтуға болмайды.

Білімнің немесе тәжірбиенің қай саласына болса да қатысы бар біздің барлық дұрыс пікірлеуіміз үшін бұл заңның күші сақталады. Бұл жөнінде В.И.Ленин былай деп жазды: «Әрине, логикалық ойлау дұрысболса, экономикалық талдау жасағанда да, саяси талдаужасағанда да, «логикалық қайшылық» болмауы керек».

Дұрыс ойлау бір мәселе жөнінде бір мезгілде бірін-бір теріске шығаратын, біріне-бірі қайшы, дәйексіз, қарама-қарсы екі пікірге негізделуі мүмкін емес.

Ал, бір мәселе жөнінде түрлі уақытта не әртүрлі тұрғыдан қарама-қарсы екі пікір айтуға бола ма? Әбден болады. Мұнда логикалық қайшылық болмайды.

Бір мысал алайық. Бидай егісіне жарты айдың ішінде бірінші рет 15 мамыр күні жаңбыр жауды. Ол бидайдың көктеп шығуына пайдалы ма? Әрине, пайдалы. Ал, егер ол егінге жаңбыр бидай пісіп, орақ басталғанда, шңлде айында жауса, онда жаңбыр зиянды болар еді.

Демек, бір егіске түрлі уақытта жауған жаңбырдың пайдасы «бар» деп те, «жоқ» деп те айтуға болады. Бір егіс туралы айтылған бұлай деп айтылған екі пікірдің арасында қайшылық жоқ.

Ал, осы шілде айында бидай егісіне зияны болған жаңбыр қызанақ, орамжапырақ және қияр өсіп тұрған бақшаға пайдалы. Олай болса, бір мезгілде жауған жаңбырды, әртүрлі дақылдар тұрғасынан алғанда, пайдасы «бар» деп те, «жоқ» деп те айтуға болады.

Сондай-ақ, қостап айтылған және теріске шығарып айтылған пікірлер бір мезгілде, бір нәрсе туралы айтылса да қайылық болмайды (егер олар түрлі тұрғыда айтылатын болса). Бұл жағдайда пікір қостап айтылғанда, нәрсе бір тұрғыдан қаралады да, теріске шығарылып айтылғанда, екіншітұрғыдан қаралады.

Қайшылық заңы бір уақытта, бір тұрғыдан айтылғанда қарама-қарсы екі пікірдің екеуі бірдей ақиқат болуы мүмкін емес дейді. Бірақ бұдан оның екеуі де жалған пікір болуы мүмкңн емес деген түсінік шықпайды. Мысалы: «Біздің топтағы студенттердің барлығы – үздік» және «Біздің топтағы бірде-бір студент үздік емес» деген қарама-қарсы пікірлердің екеуі бірдей ақиқат болуы мүмкін емес, бірақ оның екеуі де жалған болуы мүмкін. Бұл жағдайда: «Біздің топтағы кейбір студентер-үздік» деген пікір ақиқат болып шығады.

Сөйтіп, қайшылық заңы қарама-қарсы екі пікірдің екеуі бірдей ақиқат болмайтындығын ғана көрсетеді, бірақ олардың біреуінің немесе екеуінің бірдей жалған екені туралы сөз қылмайды.

Бұл айтылғандардан қайшылық заңы ешқандай қайшылықтарды мойындамайды екен деген қорытынды жасауға бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін, ең алдымен, қайшылықтар екі түрлі болатынын, атап айтқанда, ойлауда болатын формалды-логикалық қайшылықтарды өмірдің өзінде, болмыста болатын диалектикалық деп аталатын қайшылықтардан ажырата білу қажет.

Олардың негізгі айырмашылығы сол, өмір қайшылығы объективтік дүниенің дамуының ішкі қозғаушысы күші болып табылатын, ойлаудан тыс әрекет ететін қайшылық болса, ал формалды-логикалық қайшылық – бұрыс ойлаудан туатын қайшылық. Демек, өмірдің, «тіршіліктің өз қайшылығын» «дұрыс пайымдаудың қайшылығынан» айыра білу қажет.

Тепе–теңдік заңын түсіндіргендегі сияқты, қайшылық заңын түсіндіруде де диалектикалық көз қарастан метафизикалық көз қарасты ажырата білу қажет. Метафизиктер қайшылықтардың кез келгенін, оның ішінде өмірдің өз қайшылығын да жоққа шығарып, оны сандырақ деп санады. Ал шын мәнінде, қайшылық заңы диалектикалық қайшылықтарды жоққа шығармайды. Ол тек осы пайымдамау қайшылықтарына ғана қарсы, өйткеі бұлар-ойдың дәйектілігін бұзатын, шындықты дұрыс танып білуге кедергі жасайтын қайшылықтар. Қайшылық заңы, шын мәнінде алғанда, қайшылықсыздық заңы болып табылады. Біз тек дәстүр бойынша ғана бұл заңды алғаш тұжырымдаған Аристотельдің атауымен атаймыз.

Қайшылықсыздық заңы дұрыс ойлаудың негізгі сапаларының бірін-дәйектілікті талап етеді. Бұл заңды саналы түрде қолдану тек бөтен адамдардың ойлауында орын алған қайшылықтарды ғана емес, сондай-ақ әркімнің өз ойлау, пайымдауларында кеткен қайшылық, дәйексіздікті байқап, түзетуге, сөйтіп, өз пайымдауына сын көзбен қарауға үйретеді. Осыған орай, жәбірленуші мен куәләрдің, сондай-ақ айыпкерлердің де жауаптылардың да кездесетін қайшылықтарды дер кезінде байқап, түзетудің сот, тергеу істінде алатын орны ерекше.

Сотта істі қараған кезде, айыптаушы мен қорғаушы, ізденуші мен жауапкер адамдар қарсы жақтың дәлелдерін жоққа шығару арқылы өз дәлелдерін қорғағанда, бір біріне қайшы келетін пікірлерді ұсынады. Сондықтан, соттың ақырғы (ақтық) шешімі қайшылықсыз әрі анық фактілерге сүйенуі үшін, қаралып отырған іске қатысты жағдайлардың бәріне мұқият талдау жасау қажет.

4.4. Үшінсіші жоқ заң

Үшінсіші жоқ заң да, басқа логикалық заңдар сияқты, материялық болмыстың бір жағының біздің санамызда бейнеленуі болып табылады.

Атап айтқанда, қай жағы бейнеленеді? Мұны мынадай мысалмен түсіндірелік: біздің үйдің алдында өсіп тұрған ағаш не қайың, не қайың емес, ал үшінші бір зат болуы мүмкңн емес: біз жазып отырған қаламсаптың стержіні не қара немесе басқа түсті, яғни, қара емес.

Адам тәжірибесінде сансыз рет қайталанған осы сияқты жай фактілердің байланысы үшіншісі жоқ заң түрінде біздің санамызда бейнеленген.

Бұл заңның тұжырымдамасы мынадай:

Бір уақытта, бір тұрғыдан алынған бір нәрсе туралы қайшы екі ойдың әр уақытта біреуі ақиқат, екіншісі жалған болады, ал үшінші ой болуы мүмкін емес.

Жоғарыда қарастырылған қайшылық заңы бірімен-бірі үйлеспейтін пікірлердің барлығына-қарама қарсы пікірлерге де, қайшы пікірлерге де қолданыла береді.

Өйткені, оның талабы-бір нәрсе жайында бір мезгілде, бір тұғырда бірімен-бірі үйлеспейтін екі ақиқат пікірдің болмайтындығы, олардын міндетті түрде жалған болатындығы, ал екіншісі белгісіз, өйткені ол ақиқат та болуы, жалған да болуы мүмкңндңгңн дәлелдеу.

Ал үшіншісі жоқ заң бірі бірдеңені қостап, екіншісі дәл соны тіркесе шығаратын қайшы пікірлерге ғана қолданылады. Сонда бұл екеуінің біреуі ақиқат болса, екіншісі міндетті түрде жалған және керісінше, бірі жалған болса,екіншісі міндетті түрде ақиқат болады, үшіншісі жоқ. Бұл заңның латынша аты: «tritium non datur» деп аталады.

Бұл заңның формуласы: А деген не А не А емес.

Пікірлеудің арасындғы қайшылық екі түрлі болады. Біріншісі-екі жане пікірдің арасындаңы қайшылық.

Мысалға, мынадай екі жекеше пікірді алайық:

«Ока-елдің саласы».

«Ока-елдің саласы емес».

Бұл пікірдің біреуі-ақиқат, екіншісі-жалған. Мұнда ешбір аралық үшінші пікір болуы мүмкін емес. Егер бір адам: Ока-елдің саласы емес, басқа бір өзеннің саласы десе, ол үшінші аралық пікір болып шықпайды; өйткені ол «Ока-елдің саласы емес» деген пікірге дәл келер еді.

Бір-біріне қайшы келетін пікірлерге мынадай екі пікірде жатады: олардың біреуі - жалпы, екіншісі – ішінара пікір болады, мұнда бұлардың біреуі бірдеңе жөнінде қостаса, екіншісі оны теріске шығарады:

«Венгрия халқының барлығы мадьярлар».

«Венгрия халқының барлығы мадьярлар емес».

Бұл пікірлердің біреуі қайтсе де жалған, екіншісі-ақиқат болады, ал үшінші пікір болуы мүмкін емес.

Бір-біріне кайшы келетін пікірлер әркашан қандай да бір альтернативаны білдіреді, яғни екі мүмкіншілік бар екенін білдіреді. Бұл мүмкіншіліктер бірін-бірі теріске шығарады. Егер бұл пңкңрлер альтернативаны бңлдңрмесе, онда олар бір-біріне қайшы емес, ол пікірлерге үшіншісі жоқ заң қолданылмайды

Мынадай тағы бір мысалдар алып көрейік:

«Қозғалып бара жаткан дене осы кезде берілген нүкте де тұр».

«Қщзғалып бара жатқан дене осы кезде берілген нүкте де тұрған жоқ».

Бұл пікір альтернатива емес, сондықтан бір-біріне қайшы келмейді, өйткені «Қозғалып бара жатқан дене сол бір уақыттың ішінде берілген нүктеде тұр және онда онд тұрған жоқ» деген бірден-бір ақиқат диалектикалық пікір бар. Екінші сөзбен айтқанда,қщзғалып бара жатқан дененің сол бір уақыттың ішінде берңлген нүктеде тұратын және тұрмайтын қасиеті бар.

Егер біреу қозғалып бара жатқан дененің ондай қасиеті жоқ десе, онда альтернативті екі пікір, бір-біпіне қайшы келетін екі пікір болып шығар еді. Оның біріншісі-ақиқат, екіншісі-жалған пікір; ешқандай аралық пікір болуы мүмкін емес.

Үшіншісі жоқ заң-біздің пікірлеуіміздің кесімділік сипатын білдіреді. Егер қайсыбір қағиданы қостаумен оны теріске шығарудың арасында аралық пікір жоқ болса, әр уақыт ол айқынсыздықты жойып, осы екі пікірдің қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін айқындау керек. Егер бір пікірдің ақиқат екені анықталса, онда бұған оның қайшы келетін пікірдің жалған екені заңды қорытынды шығады және оған керісінше, егер бір пікірдің жалған екені анықталса, онда оған қайшы пікірдің ақиқат екені туралы заңды қорытынды шығады.

Үшіншісі жоқ заңды білу пікірлердің ұайсысы жалған екенін шешуге, әрине, әлі жеткіліксіз. Бұл мәселені пікірде айтылған нәрселерді немесе құбылыстарды тәжірибе жүзінде зерттеу арқылы ғана шешуге болады.

Бірақ, егерде біз бір-біріне қайшы келетін екі пікірге кез болып, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын білмесек, соның озінде де олардың біреуі қайтсе де ақиқат, ал екіншісі жалған деп, сенімді түрде айта аламыз.

Үшіншісі жоқ заң-принципсіздікке, бір мәселе жөнінде бірін-бірі жоққа шығаратын көзқарастарды шатастыруға қарсы бағытталған заң. Бұл заңнын сот, тергеу ісінің тәжірибесінде қандай ерекше маңызы бар екендігін түсіну қиын емес, өйткені ол заң мәселені кеімді түрде шешуді талап етеді. Заңгер істі «не олай, не былай» шешуі тиіс. Факті расталды немесе расталмады, соны шешкеннен кейін айыпкер кінәлі немесе кінәлі емес деп шешіп тастауы тиіс.

Сонымен, қайшылық заңы екі пікір бір-біріне қарама-қарсы және қайшы келетін жағдайлардың барлығы да қолданыла береді, ойткені оның талабы-бір нәрсе туралы бір мезгілде, бір тұрғыда екі ақиқаттың болмауы. Ал үшіншісі жоқ заң бірі бірдеңені қостайтын, екіншісі дәл соны терістейтін екі қайшы пікір бар жерде ғана қолданылады.

4.5 Жеткілікті негіз заңы

Материялық дүниедегі әрбір құбылыстың өзінің себебі, өзінің негізі болады. Себептен туған құбылысты әрекет деп атайды. Себепсіз әрект жоқ, ал әрбір себеп әрекет туғызады. Өзен қатады, өйткені оны қоршаған ауаның температурасы төмендейді. Түтін жоғары көтеріледі, өйткені ол қоршаған атмосферадан жеңіл, тағы сол сияқты.

Дүниеде себепсіз құбылыс жоқ. Егер бір құбылыс басқа құбылыстардың өткендегі дамуы арқасында дайындалып жетілмесе, табиғатпен қоғамды ешбір құбылыстың пайда болуы мүмкін емес.

Нәрселер мен құбылыстардың объективті дүниедегі осындай өзара байланысы адамның ойында жеткілікті негіз заңы түрінде бейнеленген.

Жеткілікті негіз заңының тұжырымдмасы мынадай:

Әрбір ақиқат ой дәлелді болуы тиіс.

Қандай да болмасын бір ақиқат ой айтпайық, оның ақиқаттығын негіздеуіміз керек, яғни, шындыққа сәйкес келетіндігін дәлелдеуге тиіспіз. Мәселен, сотталушы,а белгілі бір кінә таққан кезде, айыптаушы өз пікірінің ақиқаттығының негіздейтін қажетті дәлелдер келтіру керек. Олай болмаса, тағылған кінә негізсіз болып шығады.

Жеткілікті негіз заңының формуласы мынадай:

Егер В болса, онда оның дәлелі болуы тиіс.

Бұл заң дұрыс ойлаудың қажетті шарты болып табылады. Табиғатта барлық нәрселердің өзіне лайық шынайы негізі болатын сияқты, болмысты бейнелейтін біздің ойымыз да негізі болуы тиіс.

Жеткілікті негіз ретінде қандай жағдайларда алуға болады?

Ең алдымен, мұндай негіз ретінде адамның өз тәжірбиесін, жеке фактілерді келтіруге болады. Кейбір пікірлердің ақиқаттығын шындық фактілерімен тікелей дәлеледеуге болады. «Бұл қылмысты жасаған Н. Деген адам» деген пікірдің ақиқаттығы, мәселен, сол қылмыстың жасал,анын көрген адамның тікелей көрсетуі, куәләндіру арқылы дәлелденеді, т.б. Мұндай дәлелдер қылмысты тергеу жұмыстарында, тарих ғылымында тарихи фактілерді анықтауды, т.б. жиі қолданылады.

Жеткілікті негіз ретінде кқп жағдайда ғылым заңдылықтыры мен ережелер, адамдардың тәжірибелік іс-әрекетінде мыңдаған рет дәлелденген аксиомалар, мемлекеттік басқару органдары қабылдап бекіткен заңдар қолданылады. Мәселен, егер математик квадраттың диогональдары өз ара тең десе, онда ол өзінің айтқанын негіздеу үшін, тең бұрыштардың қарсысында тең қабырғалар жатады деген аксиоманы қолданар еді, өйткені квадраттың барлық бұрыштары тік болғандықтан, өзара тең болады.

Ғылым заңдары, аксиомалар бұрын әбден дәлелденген болады, оларды тағы да дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Сондықтан қандай да бір жеке жағдайды негіздеу үшін ғылым заңын келтіреміз. Маселен, органикалық тіршіліктің бұдан бір жарым, екі миллиард жыл бұрын пайда болуы туралы пікірдің ақиқаттығын дәлелдеу үшін, тіршіліктің ең алғаш пайда бола бастағанын көрсететін нақты факті келтіру мүмкін емес.

Адамзаттың қоғамдық-тирихи тәжірбиесін өз заңдарымен принциптерінде тұжырымдаған ғылымның арқысында біз өз ойымызды негіздеу үшін, әрдайым тәжірбиеге жүгіне бермей, логикалық жолмен пайымдау әдіс-тәсілдерін қолданамыз.

Содықтан жазбаша баяндамада немесе ауызша сөйлейтін сөзде, мақала, шығарма жазғанда, тағы сол сияқты ой жұмыстарында бұрын талай рет тәжірбиеде тексерілген, ақиқатқа негізделген теориялық қағидаларға, заңдар мен ережелерге сүйене отырып, қорытынды жасаймыз.

Басқа пікірлердің дұрыстығын дәлелдеу үшін келтірелген пікірлерді логикалық негіз деп, ал ол негізден туатын пікірді логикалық салдар деп атайды. Логикалық негіз бен салдардың байланысы объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың себеп – салдар байланысын бейнелейтін жоғарыда айттық. Бірақ әрдайым логикалық негіз объективтік негіз логикалық салдар түрінде болып келеді. Мәселен, «Далада жаңбыр жауып тұр, өйткені үйдің шатыры су болып қалыпты» дейміз немесе «Біз іздеп жүрген автомашина мына жерде тұрыпты, өйткені оның ізі түсіп қалыпты» деп топшылайды қылмысты тергеуші. Ал, шындығында шатырдың су болуы мен автомашинаның ізі себеп емес, салдар болып табылады. Сондықтан логикалық негіз бен салдардан ажырата білу қажет.

Логикалық негіз болмыстағы құбылыстардың дұрыс бейнесі болса ғана, жеткілікті негіз бола алады, екінші сөзбен айтқанда, әрбір логикалық негіз әрдайым шынайы негізбен байланысты.

Жеткілікті негіз заңының ойлау процесінде аса зор теориялық және тәжірбиелік маңызы бар. Біреуді өзіздің айтқандарымыздың ақиқаттыңына сендіру керек болатын әрбір жағдайда сол айтқандарымызды дәлелдеуіміз керек.

Жеткілікті негіз заңы – еш нәрсемен дәлелденбеген пікірлерге сеніп, оларды қабылдай салатын логикасыз ойларға, әр түрлі нанымдарға, ырымшылдық пен жоққа сенушілікке қарсы бағытталған заң.

Біздің заманымызда да жоққа сенетін, ырымшыл адамдар аз емес, қазіргі кезде олар тіпті көбейіп барады. Олар, мәселен, айна сынса, бақытсыздыққа арасында ешқандай себепті байланыс жоқ. Логика – жоққа сенушілік пен жалған нанымның дұшпаны. Сондықтан ол әрбір пікірдің дәлелді болуы үшін «содан кейін, демек, соның себебіне» деген логикалық қатені жібермеуді талап етеді. Бұл соңғы қате уақыт жағынан бірінен кейін бірі болатын екі құбылыстың өзара байланысы болмаса да, бірін себеп, екіншісін салдар деп дұрыс түсінбеуден туады.

Бұл жөнінде орыстың ХІХ ғасырдағы атақты жазушы Н.Г.Чернышевский «Ырымшылдық және логиканың ережелері» деген еңбегінде ежелгі римдіктердің өмірінен мынандай мысал келтіреді. Ежелгі римдіктер әскерінің оң жағында қарқылдап отырған қарғаны көргенде, ұрыста жеңіліп қалыпты, келесі жылы қарға сол жақта отырып қарқылдаса, ұрыста жеңіп шығыпты. Осыдан кейін римдіктер: «Оң жақтан қарқылдаған қарға жеңіліс әкеледі, сол жақтан қарқылдаған қарға жеңіс әкеледі» деген қорытынды жасаған екен.

Жеткілікті негіз заңының талаптарын бұлжытпай орындаудың сот – тергеу тәжірбиесінде атқаратын рөлі орасан зор. Ең алдымен, соттың немесе тергеу ісінің әрбір қорытындысы негізді болуы тиіс. Жазаланушының қылмысты екендігі туралы материалды оның жұмысын бұлтартпай дәледейтін жеткілікті мәліметтер болуы қажет. Олай болмаса, кінәлау дұрыс деп есептелмейді.

Біз қарастырып өткен төрт заңның дұрыс ойлауға қоятын айқындылық, қайшылықсыздық, дәйектілік және дәлелділік талаптары ойлаудың ұғым, пікір, ойқорытынды, дәлелдеу сияқты жеке формаларының айрықша ережелерінен көрініп отырады. Мысалы, бұл заңдар ұғымдардың арасындағы қатынастарды қарастырғанда, ұғымды анықтағанда, пікірлердің арасындағы қатынастарды, ойқорытындылар мен дәлелдеулердің жеке түрлерін дұрыс құру ережелерін қарастырғанда, т.б қолданылады. Сол себепті бұл заңдардың логикалық мәні мен талаптарын берік меңгеріп, біліп алған жөн.

«Логикалық ойлаудың негізгі заңдары» тарауы бойынша жаттығулар

Төмендегі пайымдауларда логиканың қай заңы бұзылған?

1) Азамат Н. қылмыс жасалған кезде сол жерде болыпты. Демек, ол қылмысқа тікелей қатысушы болып табылады.

2) Бұл грамматикалық сөйлем ұзын екен. Олай болса, бұл сөйлем – күрделі сөйлем.

3) Ф.Энгельс өзінің бір еңбегінде идеялық қарсыласының пайымдауындағы қателікті ашып көрсету үшін, мынадай мысалды келтіреді: немесе армиясының бір қарт майоры өзі басқаратын бөлімшеге қызмет етуге бір ерікті әскери адам – философия докторы келіпті дегенді ести сала, оны өзіне шақырып алады да:

- Сізді доктор дейді ғой, рас па? Доктор болсаңыз, оқтын – оқтын маған келіп тұрыңыз, үйінде әйелі және жеті баласы бар адамға емдеуші керек – ақ! – дейді.

- Кешіріңіз, майор мырза, - дейді ерікті әскери адамдар, - мен философия докторы!

- Онда менің жұмысым жоқ, докторсыз ба, докторсыз. Жүре беріңіз! – дейді майор.

4) Тургеневтің «Рудин» атты романында мынадай диалог келтіреді:

- Демек, сіздіңше, сенім деген жоқ қой?

- Жоқ және болған да емес.

- Бұл сіздің сеніміңіз ғой?

- Иә.

- Сонда қалай болғаны? Сенім жоқ дейсіз, артынша бар дейсіз!

5) Ол жұмысқа не автобуспен, не трамваймен келуі тиіс. Ол трамваймен келмеді. Олай болса, автобуспен келедін

6) Логикалық заңдардың бұзылғанын көрсететін мыңсалдарды кітаптан, газет – журналдардан, т.б. өздерің келтіріңдер.

V ТАРАУ

ОЙҚОРЫТЫНДЫ

5.1 Ойқорытынды және оның түрлері туралы түсінік

Шындықты танып-білудің нәтижесінде адам жаңа білім алады. Оның бір қатарын сезім мүшелерінің көмегі арқасында тікелей бейнелеулердің нәтижесінде алады: көзімен көреді, құлағымен естиді, иісін сезеді, т.б. Бірақ адамның бұл сезімдік таным процесіне ақыл-ой міндетті түрде қатысады. Солай болғанын өзінде де, адам сезімдік таныммен шектеліп қала алмайды, өйткені сезім мүшелерінің дүниетану мүмкіндіктері шектеулі: тек сезім мүшелері арқылы адам, біріншіден, бұрын өтіп кеткен заттармен құбылыстарыды танып – біле алмас еді. Екіншіден, көптеген заттар мен құбылыстар кеңістік тұрғысынан алданған, өте алыс орналасқан, оларды да сезім мүшелерімен танып-біле алмайды. Үшіншіден, сезім мүшелері арқылы адам нәрселердің тек сырт көріністерін, құбылыстарын ғана танып білер еді де, ал олардың ішкі мәнін, заңдылықтарын, т.б. танып-біле алмас еді. Мәселен, адамзат көптеген ғасырлар бойы Жерді күн айналады деп қателесіп немесе Жер шар тәрізді домалақ емес, жазық деп түсініп келді, өйткені көздің көрсетуі солай болды. Тек астрономия ғылымы дамығаннан кейін ғана ғылыми ойлаудың (ойқорытындының) көмегімен ол қателіктерді жөндеді.

Поделиться:





Читайте также:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...