Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Шартты - ажыратушы силлогизм




Бір алғышарты шартты пікір, екінші алғышарты ажыратушы пікір болып келетін ойқорытынды шартты- ажыратушы силлогизм немесе леммалық (латынша lemma –жорамал ойқорытынды)деп аталады.

Ажыратушы пікірдің альтернативасы екеу, үшеу және одан да көп болатынын жоғарыда көрдік, сондықтан леммалық ойқорытынды дилемма (екі альтернативалы), трилемма (үш альтернативалы), т.б болып бөлінеді. Енді дилемманы ғана қарастырып, мысалдар келтірейік. Дилемманың екі түрі болады:конструктивтік (құрастырушы) және деструктивтік (бұзушы) дилеммалар. Бұлардың өзі қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

1.Қарапайым коструктивтік дилемманың шарты алғышартында екі негізі болады, осы екі негізден ғана салдар шығады. Ажыратушы алғышарт мүмкін екі негізді қостайды, қорытынды салдарды қостайды. Сөйтіп, ойқорытынды негіздердің ақиқаттығын қостаудан салдардың ақиқаттығын қостауға көшеді.

Формуласы: Егер S-P болса, S1-P1.

Егер A-B болса, S1-P1 болады.

S-Pне A-B болады.

Олай болса, S1-P1 болады.

Мысалы:

Егер көпір арқылы жүрсе, онда мені жануар көріп қояды.

Егер өзеннен жүзіп өтсем, онда да мені жануар көріп қояды.

Демек, қай жолмен жүрсем де, жануар мені көріп қояды.

2. Күрделі конструктивтік диалемманың шарты алғышартында екі негіз, екі салдар болады. Ажыратушы алғышарт мүмкін екі негізді қостайды, қорытынды мүмкін екі салдарды қостайды. Сөйтіп, ойқорытынды негіздердің ақиқаттығын қостауға көшеді.

Формуласы: Егер S-P болса, S1-P1.

Егер A-B болса, S1-P1 болады.

S - P не A - B болады.

Олай болса, S1-P1 не S2-P2 болады.

Мысалы, өртеніп жатқан үйдің екінші қабатында қалған адам былай тұжырымдаған болар еді:

Егер басқыш арқылы түссем, онда отқа күйемін, ал егер терезеден секірсем, аяғымды сындырамын.

Мен аман қалу үшін, не басқыштан түсуім керек, не терезеден секіруім керек.

Демек, мен не отқа күюім керек не аяғымды сындыруым керек.

Сөйтіп, конструктивтік дилемма қостаушы екен.

3. Қарапайым деструктивтік дилемманың үлкен алғышартында бір негіз және одан тууы мұмкін екі салдардың екеуін де терістейді.

Формуласы: Егер S-P болса, S1-P1 не S2-P2

Бірақ S1-P1 емес, S2-P2емес.

Демек, S - P емес.

Мысалы:

Егер көрінген өсімдік ағаш болса, онда ол не жапырақты, не қылқанды болады.

Бірақ ол жапырақты да, қылқанды да емес.

Олай болса, ол өсімдік ағаш емес.

4. Күрделі деструктивтік дилемманың үлкен алғышартында екі негіз болады, ал қорытындыда олардан тууы мүмкін салдар болады. Кіші алғышарт екі салдарды терістейді, қорытынды екі негізді терістейді.

Формуласы: Егер S2-P2 емес.болса, онда S1-P1, егерS1-P1; егер A-B болса, онда

S2-P2болады.

Бірақ, S1-P1 емес және S2-P2 емес.Демек, S-P емес және A-B емес.

Мысалы:

Егер айыпкер алаяқтықпен айналысқан болса, онда ҚР қылмыстық кодексінің 147- бабымен сотталады; егер зорлықшылдықпен айналысқан болса, онда ол ҚР қылмыстық кодексінің 148- бабымен сотталады. Айыпкердің әрекетінде ҚР қылмыстық кодексінде көрсетілген баппен белгіленген қылмыстық әрекеттер жоқ.

Олай болса, айыпкер алаяқтықпен де, зорлықшылдықпен де, айналыспаған.

Сөйтіп, деструктивтік дилемма терістеуші модус екен.

Дилемманың төрт түрі бойынша сенімді түрде ақиқат қорытынды бермейді.

1. Конструктивтік (қостаушы) дилеммада ойқорытынды негізді қостаудан салдарды қостауға қарай жүруі тиіс. Деструктивтік (терістеуші) дилеммада салдарды терістеуден негізді терістеуге қарай жүруі тиіс.

Бұларға керісінше жүретін ойқорытынды сенімді түрде ақиқат қорытынды бермейді.

2. Ажыратушы алғышартта мүмкін альтернативалардың барлығы тізіп көрсетілуі тиіс. Ал дилеммада екі альтернативадан басқа альтернативалар болмауы керек.Бұл талап орындалмаса, сенімді ақиқат қорытынды шықпайды.

5.8. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.

Пайымдау процесінде қарапайым силлогизмдер өзара логикалық жағынан байланыса отырып, силлогизмдер тізбегінен тұратын күрделі ойқорытындылар туады. Бұл күрделі ойқорытындыларда алғашқы қарапайым силлогизмнің қорытындысы одан кейінгі силлогизмнің алғышарты болып келеді. Мұндай силлогизмдер немесе полисиллогизмдер деп аталады. Полисилогизмніңм екі түрі бар: олар прогрессивті полисиллогизм және регрессивті полисиллогизм деп аталады.

Прогрессивті полисиллогизмде алдыңғы силлогизмнің қорытындысы кейінгі силлогизмнің үлкен алғышарты болып отырады.

 

 

Оның формуласы:

бірінші А дегеніміз В

силлогизм С дегеніміз А

С дегеніміз В кейінгі

Д дегеніміз С силлогизм

Д дегеніміз В

Мысалы:

Қоғам үшін қауіпті әрекет (А) жазалануы тиіс (В).

Қылмыс (С)- қоғам үшін қауіпті әрекет (А).

Демек, қылмыс жазалануы тиіс (В).

Пара беру (Д) – қылмыс (С).

Демек, пара беру (Д) жазалану тиіс (В).

 

Регрессивті полисиллогизмде алдыңғы силлогизмнің қорытындысы кейінгі силлогизмнің кіші алғышарты болып келеді.

Формуласы:

бірінші А дегеніміз В

силлогизм С дегеніміз А

С дегеніміз В кейінгі

В дегеніміз Д силлогизм

С дегеніміз В

С дегеніміз Д

Мысалы:

Тауар өткізу дағдарысы өндірісті тоқтаттырады.

Капитализм тұсында тауар өндірісін ұлғайту тауар өткізу дағдарысын тудырады.

Демек, капитализм тұсында тауар өндіруді ұлғайту өндірісті тоқтаттырады.

Өндірістің тоқтауы еңбекшілер арасында жұмыссыздықты тудырады.

Капитализм тұсында тауар өндірісін ұлғайту өндірісті тоқтаттырады.

Демек, капитализм тұсында тауар өндіруді ұлғайту еңбекшілер арасында жұмыссыздықты тудырады.

Келтірілген екі мысалдың екеуі де екі жай кесімді силлогизмді біріктіруден қорытынды шығаратын 1 фигураның ААА модусы бойынша жасалды. Алайда, полисиллогизм басқа фигуралардың басқа модустары бойынша да және шартты силлогизмдерді біріктіру арқылы да құралады.

Пікірлеу процесінде полисиллогизм, әдетте, қысқартылған формада қолданылады.оның кейбір аралық алғышарттары түсіп қалады. Қысқартылған полисиллогизмнің сорит және эпихейрема деп аталатын екі түрі бар.

1. Екі алғышарты да энтимема болып келетін қысқыртылған күрделі силлогизм эпихейрема деп аталады.

Біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату жазаланатын қылмыс, өйткені ол өсек болып табылады.

Айыпкердің әрекеті адамды масқаралайтын өтірік пікірді әдейі тарату болып табылады, өйткені ол азамат Н. Туралы айтқан пікірінде фактіні әдейі бұрмалаған.

Демек, айыпкердің әрекеті жазалануға тиісті қылмыс.

Бұл эпихейреманы толық силлогизм қалпына келтірелік. Бұл үшін алдымен I этимеманы қалпына келтіреміз.

Өсек - жазаланатын қылмыс.

Біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату - өсек.

Олай болса, бөтен біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату жазаланатын қылмыс.

Енді II энтимеманы қалпына келтірелік.

Азамат Н. Туралы айтқан пікірдегі фактіні әдейі бұрмалау біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату болып табылады.

Айыпкердің азамат Н. Туралы пікіріндегі әрекеті фактіні әдейі бұрмалауға жатады.

Демек, айыпкердің әрекеті біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату болып табылады.

Эпихейреманың қорытындысы I және II энтимемалардың қорытындыларынан шығарылған:

Біреуді масқаралаған үшін әдейі өтірік пікір тарату- жазаланатын қылмыс.

Айыпкердің әрекеті біреуді масқаралау үшін әдейі өтірік пікір тарату болып табылады.

Олай болса айыпкердің әрекеті - жазаланатын қылмыс.

Эпихейреманы толық полисииогизм түрінде қалпына келтіру ойқорытындының дұрыстығын тексеруге, байқамай кетіп қалатын логикалық қателерді болдырмауға көмектеседі.

Кейбір алғышарттары түсіп қалатын полисиллогизм сорит (грекше - бір топ алғышарт) деп аталады.

Сорит те прогрессивті және регрессивтік болып екіге бөлінеді. Прогрессивтік соритте полисиллогизмнің кейінгі силлогизмдердің үлкен алғышарттары түсіп қалып отырады.

Формуласы: А дегеніміз В

С дегеніміз А

Д дегеніміз С

Е дегеніміз Д

Демек, Е дегеніміз А.

Мысалы: Денсаулықты нығайтқанның бәрі (А)

Пайдалы (В)

Спорт (С) денсаулықты нығайтады (А)

Жеңіл атлетика (Д)- спорт (С).

Жүгіру (Е)- жеңіл атлетиканың түрі (Д).

Демек, жүгіру (Е)- пайдалы.

Регрессивті соритте регрессивтік полисиллогизмнің кіші алғышарты түсіп қалып отырады.

Формуласы: А дегеніміз В

В дегеніміз С

С дегеніміз Д

Д дегеніміз Е

Демек, А дегеніміз Е.

Мысалы: Пальма дегеніміз ағаш.

Ағаш дегеніміз өсімдік.

Өсімдік дегеніміз ағза.

Ағза бұзылады.

Демек, пальма бұзылады.

«Ойқорытынды» тарауы бойынша жаттығулар

1. Мына ойқорытындылардың алғышарттары мен қорытындысын көрсетіңіздер.

а) Барлық адвокаттардың жоғары білімі бар.

Ивановтың жоғары білімі жоқ.

Демек, Иванов адвокат емес.

ә) Омыртқалы жануарлардың қаны қызыл болады.

Сүтқоректілер- омыртқалы.

Олай болса, сүтқоректілердің қаны –қызыл

б) Егер жаңбыр жауып тұрса, онда аспанда бұлт бар.

Аспанда бұлт жоқ.

2. Төмендегі силлогизмдердің алғышарттары мен терминдерін (S –M- P) орын- орнына қойып, фигураларын және модустарын анықтаңыздар.

А) адал ниетті адамдар әділетті болады.

Менің досым- адал ниетті адам.

Демек, ол- әділетті адам.

Ә) Ешбір планета өзі жарық шығармайды.

Жұлдыздар өздері жарық шығарады.

Демек, жұлдыздар планета емес.

Б) Біздің университеттің барлық студенттері логиканы оқып үйренуде.

Біздің универсиеттің студенттерінің көршілігі- қазақтар.

Олай болса, кейбір қазақтар логиканы оқып үйренуде.

В) Ешбір құс сүтқоректі емес.

Кейбір үй жануарлары- құстар.

Демек, кейбір үй жануарлары сүтқоректі емес.

3. Мына қарапайым силлогизмдер дұрыс құрылған ба?

Дұрыс болмаса, қандай жалпы және ерекше ережелер бұзылған?

А) Студенттердің бәрі емтихан тапсырады.

Дүйсенбаев- студент емес.

Олай болса, ол емтихан тапсырмайды.

Ә) Кейбір студенттер- білімқұмар.

Дүйсеньбаев - студент.

Олай болса, ол- білімқұмар.

Б) Адамды өзін- өзі өлтіруге итермелеу - өмірге қарсы бағытталған қылмыс.

Петров - өмірге қарсы бағытталған қылмыс жасады.

Демек, Петров адамды өзін- өзі өлтірмеуге итермеледі.

В) Ешбір адал ниетті адам жаманшылық істемейді.

Кейбір жастар жаманшылық істеп жүр.

Демек, кейбір жастар - адал ниетті адам емес.

Г) Жас балаларды ұрлыққа баулу - кешірілмес қылмыс.

Н. Жас балаларды ұрлыққа баулиды.

Демек, Н. Кешірілмес қылмыс жасауда.

Ғ) Барлық прогресшіл адамдар бейбітшілікті жақтайды.

Бейбітшілікті жақтаушылар- соғысқұмар емес.

Демек, соғысқұмарлардың ешқайсысы прогресшіл адам емес.

4. Төмендегі энтимемаларды толық силлогизм қалпына келтіріліп, қорытындысының дұрыстығын анықтаңдар.

А) Ол қызарып кетті. Ол ай болса, ол- кінәлі.

Ә) бұл түзулер өзара қиылыспады. Өйткені олар – параллель түзулер.

Б) тірі ағзалардың бәрінде зат алмасу жүріп жатады.

Демек, өсімдіктер де зат алмасу жүріп жатады.

В) Студенттердің бәрі емтихан тапсыруға міндетті, ал Бейсенбаев – студент емес. Демек...

5. Шартты және ажыратушы силлогизмдер тақырыбына арналған жаттығулар.

Төмендегі шартты- кесімді силлогизмер дұрыс па?

А) Егер студент логиканы оқып үйренсе, онда ол өзінің ойлау мәдениетін көтерумен айналысқаны.

Студент Н. Логиканы оқып үйренуде.

Демек, ол өзінің ойлау мәдениетін көтерумен айналысуда.

Ә) Егер студент ауырып қалса, онда сабаққа келе алмайды.

Студент Н. Сабаққа келді.

Демек, студент Н. Ауырған жоқ.

Б) Егер өсімдікті суармаса, онда ол қурап кетеді.

Өсімдік қурап кетті.

Олай болса, ол суарылмаған.

В) Егер студент ауырып қалса, онда ол сабаққа келе алмайды.

Студент Н. Ауырған жоқ.

Демек, студент Н. Сабаққа келеді.

6. Мына ажыратушы және шартты- ажыратушы силлогизмдер дұрыс па?

А) күрделі сөйлемдер не салалас құрмалас, немесе сабақтас құрсалас болады.

Мына сөйлем - салалас құрмалас.

Демек, ол - сабақтас құрмалас емес.

Ә) Фосфор не ақ, немесе қызыл болады.

Мына фосфор - қызыл емес.

Демек, ол- ақ фосфор.

Б) Бұл қылмысты жасаған не Иванов не Петров болар.

Бұл қылмысты жасаған Иванов екен.

Олай болса,..?

В) Егер орман арқылы даламен жүрсем, онда тұтқынға түсіп қалуым мүмкін. Ал егер ашық даламен жүрсем, оққа ұшуым мүмкін.

Бірақ мен орман арқылы немесе ашық даламен ғана жүре аламын.

Олай болса, не тұтқынға түсемін, не болмаса оққа ұшамын.

7. Күрделі және қысқартылған күрделі силлогизмдер.

Өтірік сенімсіздік тудырады. Өйткені, өтірік шындыққа сәйкел келмейді.

Жарамсақтану - өтірік айту. Өйткені жарамсақтану - ақиқатты әдейі бұрмалау.

Олай болса, жарамсақтану сенімсіздік тудырады.

VI ТАРАУ

ИНДУКЦИЯЛЫҚ ОЙҚОРТЫНДЫ

6.1. Индукцияның маңызы

Өткен тарауда біз дидукцияляқ ойқортындыларды, яғни, жалпы қағидаларға, заңдарға немесе ережелерге сүйене отырып, дара немесе жеке оқиғалар туралы білім беретін ойқортындыларды қарастырдық.

Дара немесе жеке оқиғалардың жалпы қағида шығаратын басқа түрлі ой өрісі бе бар. Дарадан немесе жекелеп жалпыға қарай жасалатын ойқортындыларды индукциялық ойқортындылар немесе индукция деп атайды.

Индукция дегеніміз – жеке дара алғышарттардан жалпы қортынды шығаруға болатын ойқорытынды.

Ғылыми мен тәжірибенің кез келген саласында таным процесі эмпирикалық танымнан, яғни жеке нәрселер мен құбылыстардың сапалары мен қасиеттерін танып білуден басталады. Бір тектес табиғат және қоғам құбылыстарын бақылыау барысында зерттеуші ұқсас нәрселердің бәрінде қайталанатын белгілі бір қасиеттерін табады. Олардың ұдайы қайталана беруі ол қасиеттер белгілі бір қасиеттер белгілі бір топқа, жататын барлық құбылыстар үшін ортақ жалпы қасиетт екенін көрсетеді. Бұған жекеше білімнен жалпы білімге көшудің логикалық формасы – индукция (латынша induction – қорытып шығару) қолданылады.

Мұны орыстың атақты ғалымы М.В.Ломоносовтың индукциялық қортындысын мысалға алып, түсіндіріп көрейк. Бұл индукциялық қортынды жылылықтың жаратылысы туралы ғылыми жаңалық болып саналады. М.В.Ломоносов өзінің «Жылылық пен суықтық себебі туралы пікірлерінде» былый деп жазылды: «... бір біріне ысқыланған қол жылынады; аіаш жалындап жанады; шақпақ тасты болаттың сынығымен ұрса, онда жылылық азаябы». Бұдансоң ол жылылық пайда блатын тағы бірнеше жағдайларды атап өтті. Жылылықтың қозғалыстан пайда болатын, қозғалыс болмаса, жылылық та болиайтынын атап көрсеткен М.В.Ломоносовтың: «Жылылықты қозғалыс туғызады» деп қортынды жасады.

Индукция дегеніміз, міне осы болады.

Индукциялық ойқортындының негізгі қызметі – жекеше фактілірді жинақтап, жалпы пікір қорытып шығару. Бұл жалпылау өзінің мазмұны мен танымдық маңызы жағынан алуан түрлі болады: күнделікті қарапайым тәжірибелік іс әрекетен бастап, ғылымдағы ең жалпы заңдарын көрсететін жалпы пікірлер, т.б.

Индукйиялық ойқортындының алғышарты ретінде бір топқа жататын құбылыстарда қайталанылытын белгілір туралы тәжерибе жолымен анықталған жекеше пікірлер алынады. Индукциялық ойқортындының формуласы мынадай болады:

S1 – P,

S2 – P,

S3 – P,

S4 – P,

Sn – P,

S1, S2, S3, S4, Sn – Д болады.

Олай болса, Д – Pболады.

Индукциялық ойқортынды жаратылыстану ғылымдарының зеріттеулерінде, сот тергеу тәжерибесінде аса маңызды орын алады. Адамдар арасындағы күнделікті қарым қатынастар, заңға қарсы әрекеттердің жасалу себептері мен мақсаттары, қылмыс жасау тәсілдері, қылмыскерлердің тергеу орындарының іс әрекеттеріне көрсететін мінез құлқы, т.б. бәрі индукциялық ойқортындының негізінде тұжырымдалады.

Дедукциялық ойқортындымен салыстырғанда, индукцйялық ойқортындының ақиқат алғышарттары әрдайым қажетті түрде ақиқат қортынды бере бермейді, өйткені индукциялық ойқорытынды жеке фактілерге, тәжірибелік мәліметтерге негізделетіндіетен, фактілердің барлық көріністерін түгел қамти алмайды. Тәжірибенің толық аяқталу аяқталмауы индукциялық қорытындынің логикалық сипатына айтарлықтай әсерін тигізеді. Сондықтан индукциялық қорытынды негізінен ықтималдық сипатта болады.

Тәжірибелік зеріттеудің толықтыпына, аяқталған аяқталмағанына қарай индукциялық ойқорытынды толымды және толымсыз болып екі түрге бөлінеді. Индукциялық осы түрлерінің ерекшеліктерін қысқаша қарастырайық.

Толымды индукция

Толымды индукция дегеніміз – белгілі бір құбылыстың барлық жағдайларын толық қамтитын алғышарттардан жалпы қортынды шығыруға болатын индукциялық ойқортындының бір түрі.

Мәселен, біз өткен аптада дүисенбі күні ауаның темперетурасы минус 20⁰, сондай-ақ сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері минус 20⁰ болғанын байқадық. Ал дүйсенбі, сейсенбі, тағысын тағы басқа күндер жиылып бір апта болады. Осыдан кліп біз өткен апта бойына ауаның темперетурасы минус 20⁰ болды деп қортынды жасаймыз. Бұл ойқортынды мынадай формада болады. Өткен аптада дүйсенбі, сейсенбі және тағы басқа күндері ауаның темперетурасы минус 20⁰ болады.

Ал дүйсенбі, сейсенбі тағы басқа күндері жиылып бір апта болады.

Олай болса, өткен апта бойына ауаның температурасы минус 20⁰болады.

Толымды индукция тексеріп отырған құбылыстың барлық жағдайлары бізге белгілі болған уақытта ғана қолданылады. Мысалы, геометрияда фигуралардың қасиеттерін, ал географияда дүниенің бөліктерін, дүние жүзіндегі елдерді және тағы басқаларды оқып үйренгенде, толымды индукцияны қолдануға болады. Толымды индукцияда шығатын қортынды тек белгілі жағдайларға ғана қатысты. Мұнда басқа оқиғалар болуы мүмкін емес, өйткені олар болғанда, индукция толымды болмас еді.

Алайда, қортынды тек алғышарттарда көрсетілген оқиғаларға ғана қатысты болса да, қортындыны сол оқиғалардыңжай ғана жинағы деп қарауға болмайды. Қортынды жеке нәрселер туралы біздің білетінімізді жай қайталанғандық емес. Қортындыда біз бір топқа жататын барлық нәрселердің жалпы белгілері бар екенін және сол топта ондай белгілері жоқ нәрселердің болмайтыны жайында қажетті қортынды шығарамыз.

Егер толымды индукцияның алғышарттары ақиқат болса және олар бір топқа жататын элементтердің барлығы туралы хабар берсе, онда қортындысы қажетті түрде ақиқат болады. Толымды индукцияның алғышарттарында нәрселерге белгілі бір қасиеттің не сапаның тән екенлігі бейнеленсе, онда қортынды қостаушы пікір болады. Ал, егер алғышарттарында бір топқа жататын нәрселердің ешқайсысына белгінің тән еместігі бейнеленсе, онда қорытынды терістеуші пікір формасында құрылады. Мысалы:

Қостаушы формасы Терістеуші формасы

S1 – P,S1 – P емес,

S2 – P, S2 – P емес,

S3 – P, S3 – P емес,

S4 – P, S4 – P емес,

Sn – P, Sn – P емес,

Ал S1, S2, S3, S4…Sn – Д Ал S1, S2, S3, S4…Sn – Д

Олай болса, Д – P болады. Олай болса, Д – P емес.

Сот, тергеу ісінде дәлелді пайымдаулар көп жағдайда терістеуші толымды индукция формасында тұжырымдалады. Мысалы, қылмыс жасаудың белгілі бір әдіс-тәсілдері, маскүнемнің қылмыс жасалған жерге қалай барғандығының әдіс- тәсілдері, қылмысты іске асыру үшін қолданған қару – жарақтар, т.б. толық тізіп көрсетіліп терістеледі.

Толымды индукцияны қолдану мүмкіндіктері шектеулі, өйткені көптеген нәрселер мен құбылыстардың тобына жататын жеке түрлерін толық тізіп шығу іс жүзінде мүмкін емес. Зерттеушінің зеріттеуі тиіс нәрселер мен құбылыстардың тобы шексіз болса, онда ойқортынды толымсыз индукция формасында құрылады.

Толымды индукция

Толымсыз индукция дегеніміз – зеріттеліп отырған құбылыстың барлық жағдайларын қамтымайтын алғышарттардан жалпы қорытынды шығаратын индукциялық ойқорытындының бір түрі.

Толымсыз индукцияның ерекшелігі және сонымен бірге құндылығы мынада: біз толымсыз индукция арқылы зерттеп отырған құбылыстың барлық жағдайлары жөнінде жалпы қорытынды жасай алмаймыз, өйткені толымсыз индукцияның алғышарттарында ол жағдайлардың бәрі емес, әдетте, біразы ғана көрсетіледі.

Алайда, толымсыз индукцияны қолданатын жағдайлар есепке алынбаса, оның бұл ерекшелігі қате қорытындаларға әкеліп соқтыруы мүмкін және көп ретте солай болып та отырады. Мысалы ұзақ уақыт бойына адамдар аққудың бәрі ақ болады деп ойлап келген. Бұл қорытынды толымсыз индукция арқылы жасалған еді.

Толымсыз индукцияның мұндай түрін «қайшы жағдайлар кездеспейтін жай тізіп көрсету индукциясы» деп атайды.

Толымсыз индукцияның бұл түрі өте сенімсіз, себебі индукцияның бұл түрі қайшы оқиға мүлде болмайды деп сенуге негіз бола алмайды. Мәселен, XVII ғасырда еуропалықтар Австралияның жағалауларынан қара түсті қуларды кездестіргенен кеін, олардың түсі туралы жасалған бұрынғы қорытынды жалған болып шықты.

«Асығыс қорытынды» деген атаумен әйгілі болған логикалық қате толымсыз индукцияны дұрыс қолданбауға байланысты болады.

Бұл қатенің өзі қортындыны аз фактіге сүйеніп немесе мәнсіз белгілерге сүйеніп шығарғандықтан туады. Мысалы, егер қызметтестеріміздің біреуі жұмыста бірер қате жіберсе, оны өзіне тапсырылған істі орындауға мүлде қабілетсіз деп ұйғару «асығыс қорытқандық» болар еді. Мысалы, «барлық ғылымдар – ұмытшақ», «барлық қабілеттілер – жалқау» болады деген және тағы басқа сондай ұйғарулар асығыс қорытынды жасауға жатады.

Мұндай асығыс қортындыны халықтың ғасырлыр бойы тәжерибеде байқағандарымен шатастыруға болмайды. Табиғат құбылыстарына толымсыз индукцияны қолдану нәтижесінде келіп шыққан халық байқауларды көп реттерде аса құнды қорытынды болып отырады.

Тарихи мәліметтерге қарағанда, ондай индукциялық қорытындылар тіршілік қажеттері: ауа райының өзгерісіне әсер ететін факторларға, климат жағдайларының егістіктің өніміне тигізетін әсеріне, аурулардың пайда болуының және таралуының себептеріне, соғыстардың туу себептеріне, т.б. байланыты жасап отырады. Мұндай қорытындылардың табиғилығы толымсыз индукцияны кеңінен тараған әдеттегі ойқортындыға айналдырып жібереді.

Көп жағдайда құбылыстардың белгілерінің қайталанғыштығының көрінісі олардың шын жалпы байланыстарын бейнелендіреді. Ал солардың негізінде жасалған қорытындылар адамдардың тәжерибелік іс-әрекетіне бағыт сілтеуші бастама болып табылады. Мұндай аса қарапайым индукциялық жолмен алынған аса қарапайым қорытындысыз бірде бір еңбек процесі, еңбек құралдарын жетілдіру, кемеде жүзу, егіншілікті дамыту ісі, т.б. мүмкін емес.

Мәселен, жаңбыр жауардың алдында қарлығаштың жер бауырлап ұшатынын адамдар сан рет байқап, бұдан қорытынды жасаған. Сөйтіп, қарлығыш жер бауырлап ұшса, жұрт жаңбырдың жаууын күтетін болған.

Әр нәрсенің себебі бар. Қарлығаштың төмендеп ұшуы, әрине, кездейсоқ емес. Жаңбыр жауардың алдында ауа буға қанығады, сондықтан қарлығаштың қорегі болатын толып жатқан шыбын-шіркейлер төмендеп, жерге таман түседі. Өйткені, олардың қанаттары дымқылданып, ұшуы қиындайды. Сол себепті қарлығаштар да оларды ұстау үшін жер бауырлап ұшады.

Мұндай жағдайларда жаңбырдың болуы міндетті ме? Әрине, міндетті емес. Ауа буға қанығуы мүмкін, бірақ сонда да жаңбырдың жаумауы ықтимал.

Дедукциялық ойқортындыда құбылыстардың белгілі бір тобының жалпы қасиеттерін білу ол білімді сол топқа жататын жекеше құбылыстарға қолдануға жеткілікті де қажетті логикалық негіз болып табылады. Ал индукциялық ойқортындыда құбылыстардың кейбіреулерінің қасиеттері туралы білімнен олардың барлығы жөніндегі жалпы пікірге көшу үшін қажетті логикалық негіз жеткілксіз. Толымсыз индукцияда алғышарттардан жалпы қорытындыға көшудің логикалық негізі әлсіздеу, сондықтан мұнда ақиқат алғышарттардан тек ықтимал (проблемалық) қорытынды ғана шығады.

Толымсыз индукцияда келтірілген алғышарттардан ақиқаттығы жоғары ықтимал қорытынды шығару үшін, алғышарттарға қайшы келетін бірде бір жағдай болмауы тиіс. Қайшы келетін жағдайларды қатаң есепке алу толымсыз индукцияның міндетті шарты болып табылады. Келтірілген алғышарттарға қайшы келетін бір жағдай кездессе болды, толымсыз индукция дұрыс емес деп саналады.

Қайшы келетін фактілер көп жағдайда бақылаудың ақ түсті жүргізілуі салдарынан немесе бақылау жасайтын құралдың дұрыс жұмыс істемеуінен болады. Жеткілікті тәжерибесі жоқ немесе жалқаулау бақылаушы (тергеуші) кейде бірінші кездескен фактілерді негізге ала салып, басқа құбылыстарға назар аудармайды, сөйтіп, асығыс қорытынды жасайды.

Асығыс қорытындының мысалы ретінде мынандай бір жағдайды келтіруге болады. Халық сотының бір қылмысты іс бойынша шығарған үкімінде негізгі бір айыптау дәлелі ретінде сотталушының тұтқындалатынын алдын ала біліп, қашып кетуге әрекет жасаған фактісін келтірген. Одан жоғары тұран сот бұл үкімді бұзып іс қайта тергеуге жіберілген. Сонымен бірге соттың ұйғарымында сотталушының тұтқандалудан алдын қашып кетуге әрекет жасаған халық сотты айыптау дәлелі ретінде бағаланған кезде, мынадай қағиданы басшылыққа алған: «Кім де кім сот пен тергеуден қашатын болса, онда ол қылмыскер болғаны» деп ойлаған. Бұл пікір онша негізсіз де емес, бірақ кейбір қайшылықты жағдайларды ескерместен, бұл пікірді жаппай қолданып жіберуге болмайды. Тек қылмыскерлер ғана емес, кейде кінәсіз адамдар да тұтқындалудан қашуға бейім тұратынын өмір тәжірибесі көрсетіп жүр. Өйткені, ондай адамдар өздерінің шын заңды құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінбейді.

Қате индукциялық қорытындылар жай адасудың нәтижесінде ғана тумайды. Сондай-ақ, қайшы келетін жағдайларды әдейі ескермей немесе жасырып қойып, арам ниетпен алдын ала ойланып жасалған жалпылаулардан да туады. Мұндай жалған индукциялық жалпылаулар айла, алдау ретінде пайдаланылады.

Қате құрылған индукциялық жалпылаулар көп реттерде «көз тию», «жаман түс көру», «қара мысықтың жолды кесіп өтуіне» сену сияқты жоққа сенушілік пен жалған нанымдардың негізін құрайды.

Халық байқаулары мен атап көрсету толымсыз индукциясының басты кемшілігі сол, қорытындылар құбылыстардың себебін білуге негізделмей, тек байқалған сыртқы белгілерге сүйеніп қана жасалады.

Құбылыстардың заңдылығын, олардың ішкі себепті байланыстарын білуге сүйенген толымсыз индукция ғылыми индукция деп аталады.

6.4. Ғылыми индукция

Ғылыми индукция анализ және синтезбен өте тығыз байланысты. Ғылыми индукция процесінде бақылау жүргізілетін факті жан-жақты тексеріліп, талданады: ол факті барлық кездейсоқ белгілерден тазартылады; оның мәнді белгілері және пайда болу себептері айқындалады.

Ғылыми индукция дегеніміз - белгілі бір топқа жататын нәрселердің кейбір бөлігінің себепті байланыстарын және мәнді қасиеттерін зерттеу негізінде, сол топқа жататын барлық нәрселер жөнінде жалпы қорытынды шығаратын индукциялық ойқорытындының бір түрі.

Мұндай қорытынды жасау мүмкіншілігі бір тектес нәрселердің, құбылыстардың өздеріне тән заңдылықтары мен себептерін білуге негізделген. Ғылыми индукцияның толымсыз индукциясынан айырмасы-осы. Мысалы, біз өзіміз көріп жүрген құстардың барлығының ауамен тыныс алатынын байқаймыз. Осыдан «барлық құстар ауамен тыныс алады» деген жалпықорытынды жасаймыз. Бұл жай тізіп көрсету индукциясы болады.

Бірақ біз бірнеше немесе, тіпті, бір құстың тіршілік ету процесін зерттегенде, ауаның өмір ауаның барлық құстарға қажетті нәрсе екенін анықтағанбыз, енді біз ауаның барлық құстарға қажетті екені туралы жалпы қорытынды шығара аламыз.

Бұл ғылыми индукция болады.

Ол өзінің қорытындыларында тек байқалған фактілердің санына сүйенуден гөрі (жай тізіп көрсету индукциясы сияқты), фактілерді мұқият және жан-жақты зерттеуге басымырақ сүйенеді.

Егер жаңа фактілер зерттеу ісіне материал болса және мұндағы заңдылықты тереңірек түснуге мүмкіндік беретін болса, ғылыми индукция үшін фактілердің саны маңызы болады.

Адамның дүниетануының шегі жоқ, сол себепті ешқандай индукциялық қорытынды аяқталған тұжырым бола алмайды. «ең қарапайым индукциялық жолмен алынған ең қарапйым ақиқат еш уақытта толық болмайды, өйткені тәжіррибе қашан да аяқталып бітпейді»(В.И.Ленин).

Индукциялық ойқорытынды күрделі ойқорытынды болып саналады. Ол әдетте бақлаудан және салыстырудан басталады. Индукциялық ойқорытынды процесінде анализ бен синтез, абстракциялау мен жалпылау тәсілдері қолданылады. Біз өзіміз зерттеп отырған нәрсеміз жөнінде жаңа білім алумен қатар, ол жаңа білімді бұрыннан өзіміз білетін біліммен әр уақыт байланыстырып отырамыз. Мұның өзі бізге дедукциялық ойқорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Сөйтіп, индукция дедукциямен өте тығыз байланыста болады.

Индукциялық ойқорытынды процесінде құбылыстың себепті байланысын зерттеудің ерекше әдістері де қолданылады. Бірақ, ол әдістерден, бұрын, құбылыстардың себепті байланыстарының қандай болатынын қарастырып көрейік.

6.5. Құбылыстардың себепті байланысы туралы түсінік

Дүниедегі барлық нәрселер, барлық құбылыстар өзара байланысты, біріне бірі тәуелді, бір бірімен шарттас. Дүниеде байланыссыз, оқшау тұрған нәрселер мен құбылыстар жоқ.

Нәрселердің, құбылыстардың бұл сияқты жалпы өзара байланысы алуан түрлі формада кездеседі. Жалпы байланыстың осындай формалардың бірі – себепті байланыс.

Құбылыстың себепті байланысы дегеніміз – себеп пен одан шыққан салдардың байланысы. Қажетті түрде басқа бір құбылысты туғызатын құбылыс себеп, ал себептен туған екінші құбылыс салдар деп аталады. Мысалы, оқушының емтихандаалған жақсы бағалары оның жақсы дайындалғанының салдары, ал жақсы дайындалғаны жақсы баға алуының себебі.

Себепті жағдаймен шатастыруға болмайды. Әрбір себепті байланыс белгілі бір жағдайларда пайда болады. Ол белгілі жағдайлардасалдардың шығуына кедергі жасауы да мүмкін, жәрдем етуі де мүмкін. Бірақ жағдайлар өз бетімен себеп туғыза алмайды. Олардың себептен айырмашылығы сол. Мәселен, оқушының жақсы баға алуына жәрдем еткен жағдайдың бірі, атап айтқанда, оқушының бойындағы қабілеттілігі болады. Алайда, қабілеттіліктің өзі ғана жақсы баға алудың себебі бола алмайды. Өйткені, қабілеттілік білім емес, тек білім алудың керекті жағдайы ғана, емтиханда баға білімге ғана қойылады.

Оқулықтардың және дәптерге жазып алған сыныпта өткен сабақтардың болуы, үйге берген тапсырманы орындау, тағы сол сияқтылар емтиханға дайындалудың жағдайларына жатады. Осы жағдайлардың барлығы көп ретте шешуші рөл атқарады. Керекті жағдайлар болмаса, себепті байланыс шықпауы да мүмкін, яғни, оқушы емтиханға дайындала алмайды, сол себепті ол емтихан тапсыра алмайды. Сондықтан жағдайлар өз бетінше салдар туғыза алмаса да, аса маңызды рөл атқарады.

Егер біз құбылыстың себебін таба алмасақ, бұл біздің сол себепті әлі білмегендігімізді көрсетеді. Бірақ ол себеп қайтсе де болмыста бар. Қандай құбылыс болса да белгілі бір себептің салдары ретінде жарыққа шығады, оның өзі басқа бір құбылыстың себебі болады. Мәселен, бұрынғы КСРО-ның ыдырап кетуінің себебі неде? Оның ең басты себебі-терең эканомикалық дағдарысқа ұшырауында. Ал бұл дағдарыстың себебі неде? Ұзақ жылдар бойы материалдық игіліктер өндіру ісіне, атап айтқанда, өндіріс құрал-жабдықтарын дамытуға, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін өндіріске енгізіп, еңбек өнімділігін арттыруға, шығарылған өнімнің сапасын жақсартуға жеткілікті көңіл бөлінбей, ұлттық табыстың басым көпшілігін соғыс қару-жарақтарын көптеп шығаруға барған сайын мол жұмсау, т.б.болды.

Себепті байланысқа тән негізгі белгілер мыналар: а)байланыстың жалпылығы; ә)уақыт жағынан жүйелігі; б)байланыстың қажеттілігі.

Себепті байланыстық жалпылығы дүниедегі барлық нәрселер мен құбылыстардың біртұтас байланыста болатынынан көрінеді. Сол біртұтас байланысты дүниеден бірінен бірі туатын екі құбылысты бөліп алып, бірін себеп, екіншісін салдар деп қарастырамыз. Шындығында, себептің өзі басқа бір құбылыстың салдары, ал салдардың өзі басқа құбылыстың себебі болып келеді және бір себептің бірнеше салдары немесе бір салдардың бірнеше себебі болуы мүмкін. Сондықтан өзізге керекті құбылысты тудырған белгісіз себепті ашу үшін, құбылысты жан-жақты қарастыру, әсіресе, уақыт жағынан бірінен соң бірі келетін құбылыстарға баса назар аудару қажет.

Уақыт жағынан қарағанда, себеп әрдайым салдардан бұрын болады. Бір жағдайларда салдар себептен соң көзді ашып-жұмғанша тез болдады. Мәселен, мылтықтың шүріппесін басысымен оқ атылады. Енді бір жағдайларда салдар себептен соң көп уақыт кейін болады. Организм у бергеннен кейін бірнеше секундтан, минуттан, сағаттан немесе күннен соң улануы мүмкін. Қоғам өмірінде салдар себептен бірнеше айдан, жылдан кейін келуі мүмкін, ал геологияда бірнеше ғасырға, мыңжылдыққа созылуы ықтимал. Демек, салдардың қайтенде де себептен кейін болатыны-заңдылық.

Себепті байланысты уақыт жағынан бірінен соң бірі келетін жай жүйелілікпен шатастырмау керек, өйткені бұл өрескел қатеге соқтырады, ондай қатені логикада «содан кейін, олай болса, соның себебінен» деп атайды.

Ол қате латынша «post hos, ergo propter hos» деп аталады. Найзағайдың жарқылын, мәселен, бұрынғылар күннің күркіреуінің себебі деп түсініп келеді, өйткені күн күркіреуінің дыбысы найзағай жарқылынан кейін естіледі.

Қылмысты тергеу ісінде кейде манадай қате жіберіледі. Н.-ның өліміне кінәлі қылмыскер М.деп есептеледі, өйткені қылмыс жасалмас бұрын М.Н-ды өлтіремін деп қорқытқан болатын. Қорқыту мен өлтірудің арасында қажетті логикалық байланыстың жоқтығына қарамастан, кейбір тергеушілер қорқытуды өлімнің себебі ретінде қарастыруға бейім тұрады.

Себепті байланыстың аса маңызды бір белгісі – қажеттілік. Себеп пен салдардың арасындағы байланыс үстірт, кездейсоқ болмастан, құбылыстардың ішкі мәнінен туатын қажетті байланыс болуы тиіс. Сонда ғана салдар логикалық негізден, дәлелден, логикалық қажеттіліктен шығатын болады.

Жоққа сенушіліктің, діни әдет-ғұрыптардың көбі жоғарыдан аталған қателікпен байланысты. Мәселен, алдынан қара мысық кесіп өтсе, жоққа сенуші адамдар жаманшылыққа жориды. Мысықтың кездесуі мен жаманшылыққа ұшыраудың арасында ешқандай себепті байланыс жоқ екендігі мәлім. Олар –жай уақыт жөнінен бірінен соң бірі келуі мүмкін екі құбылыс. Бірақ уақыт жөнінен бірінен соң бірі қатар келуі логикалық қорытынды жасау үшін негіз бола алмайды.

6.6. Құбылыстардың себепті байланыстарының зерттеу әдістері

Ғылым мен техникада саяси және қоғамдық өзімізге керекті құбылыстардың себебін білудің әрқашан маңызы үлкен. Себебін білу дегеніміз құбылысты көп реттерде адамның мақсатына бағындырып оны басқаруға мүмкіндік алу деген сөз. Мысалы, техник машинаның тоқтаған себебін тауып ол себепті жоюды машина қайтадан жұмыс істейбастайды.

Әдетте себепті тексеру бақылаудан басталады бақылау процессінде табиғаттану, техникалық ғылымдарда және кейбір қоғамдық ғылымдарда экспирементті яғни қолдан тәжірибе жасауды жиі қолданады. Бақылау жүргізгенде тәжірибе жасағанда құбылыстардың себепті байланыстарын зерттеу әдістерін пайдаланады ондай әдістердің бізге белгілісі біреу: ұқсастық әдісі айырмашылық әдісі ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісі қалдықтар әдісі және бірге болатын өзгерістер әдісі. Әдетте бір әдіс біріктіріліп қолданылады сонда әртүрлі әдістерің комбинациясы жасалады. Көп таралған комбинация ұқсастықпен айырмашылық біріккен әдіс болып саналады. Бұл әдістерді қолдану арқылы құбылыстардың себепті байланысы анықталады енді осы әдістерді қысқаша қарастырайық:

1.Ұқсастық әдісі бұл- әдісті тұжырымдамасы мынадай егер зерттеліп отқан құбылысты екі немесе оданда көпжағдайларының барлығына ортақ бір ғана құбылыс болса онда бұл ортақ құбылыс зерттеліп отырған құбылыстың себебі болады. Мысалы, жаз айының бірінде бір ауылда бірінен соң бірі үш адам күтпеген жерден дизентерия ауруымен ауруханаға түседі. Бұл аурудың себебін зерттеп қарағанда олардың ішкен жеген тамақтары жалпы алғанда бірдей болып шығады бірінші ауру сүт ішкен ет, көкөніс, жеміс жеген, ішетін суы құдықтың суы болған. Екінші ауруда көкөніс жеген сүт ішкен үйдегі краннан су ішетіні анықталған. Үшінші ауру жеміс жидек жеген олда сүт, үйдегі краннан су ішкен осы үш аурудың барлық жағдайларын салыстырғанда аурудың себепшісі сүт болып шығады өйткені үш жағдайдың үшеуінің ұқсастығы сүт ішуде болып отыр. Бұл аурудың таралу себебін ары қарай тексергенде дизентериябацилласын бактериясын таратушы сүт сататын әйел болып шығады.

Ұқсастық әдісі бойынша жасалған салыстырудыңсыз басы мынадай болады:

1. АВСД бар жерде d бар.

2. АСД бар жерде d бар.

3. АВД бар жерде d бар.

4. АВСД бар жерде, d бар.

Демек А бәлкім b себебі болар.

Жалпы алғанда индукциялық ұқсастық әдісі бойынша жасаған ой қорытындының логикалық формасы дидукциялық ойқорынтының ажыратушы - келісімді силлогизмнің tellendo ponens(терістей отырып қостаушы) модусы бойынша жасалады.

НеА, не в,не С,не Д ны тудырады.

ВС ның себебі болмай шықты.

Олай болса, А

Ұқсастық әдісі қылмысты тергеу тәжірибесінде жиі қолданылады. Мәселен, бір аптаның ішінде қаланың үш жерінде есіктің құлпын бұздырып пәтерді тонау қылмысы орын алды делік. Осы үш ұрлықтың барлық жағдайларын салыстыра отырып, олардың жасалу әдістерінің ұқсастығын анықтайды. Сөйтіп, бұл ұрлықты жасаған бір ұрылыар тобы деген қорытынды жасалып, қылмыскер ізделе бастайды.

Ұқсастық әдісінің мәнісі, басқа индукциялық әдістер сияқты, жеке жағдайлардан жалпы қорытынды шығару болып табылады. Мұндай жеке оқиғалар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің қорытындымыз сенімдірек болады.

Алайда, ғылым индукция қорытындысының сенімділігі зерттелетін оқиғалардың санына ғана байланысты емес, ең алдымен біздің зерттелетін құбылысты қаншалықты терең жан-жақты тексеруімізге байланысты.

Ұқсастық әдісін қолданғанда, зерттелетін құбылыстардың барлығына ортақ бір ғана ақиқат жағдай бар екенін дәл анықтау керек. Бірақ, көбінесе, анықтау қиын болғандықтан, ұқсастық әдісі индукцияның басқа әдістермен толықтырылады.

Айырмашылық әдісі. Бұл әдісті мынадай мысалмен түсіндірейік: бақшаның ішінде бірнеше түп бүлдірген өскен дейік. Бірсыпырасы күн жағында, бірсыпырасы күн түспейтін көлеңке жағында өседі. Олардың өсіп, дамуының басқа жағдайлары(топырағы, жердің ылғалдылығы, тыңайтқыштардың шашылуы, тағы басқалары) бірдей олардың сортыда бірдей. Күн жағында өскен бұталардың жидектері тәтті, көлеңкедегі бұталардың жидектері дәмсіз, тәтті емес.

Бұдан олардың дәмінің әр түрлі болуының себебі – күн сәулесінің әсері деп қорытынды жасауға болады.

Бұл қорытынды айырмашылық әдісі бойынша жасалып отыр.

Бұл әдістің мәнісі мынада:біз өзімізге керекті құбылыстың екі оқиғасын салыстырамыз. Ол екі оқиғаның бір жағдайдан басқа жағдайларының бәрі бірдей екенін көреміз. Содан келіп, зерттеліп отырған құбылыстың себебі бір ғана жағдай екендігі туралы қорытынды жасаймыз.

Айырмашылық әдісінің тұжырымдамасы мынадай:

Егер құбылыс болатын оқиға мен сол құбылыс болмайтын оқиғаның бір ғана жағдайдан көрінсе, сол жағдайды құбылыстың себебі деп тұжырымдауға болады.

Айырмашылық әдісі - ұқсастық әдісіне қарағанда, көбірек қолданылатын әдіс. Ұқсастық әдісі, көбінесе, табиғи жағдайларда бақылау жүргізуге байланысты болса, айырмашылық әдісі, әдетте, экспериментке байланысты қолданылады. Өзімізге керекті құбылысқа бір қажетті жағдай туғызамыз, кейбір жағдайларды әдейі болдырмаймыз (немесе жаңадан енгіземіз) сөйтіп, себепті табамыз.

Бірақ айырмашылық әдісі жай бақылау процесінде де пайдаланылады (бүлдірген жөніндегі мысал).

Француздың әйгілі ғалымы Луи Пастер айырмашылық әдісін қолдана отырып, азық-түлік заттарының не себепті тез бұзылатынын ашып берді. Ол бірдей екі ыдысқа сұйық азық-түлік затты құйып, біреуінің аузын ауа кірмейтін етіп мықтап бекітіп, екіншісінің аузын ашық қалдырып, бір бөлмеге қойып қояды. Бөлменің температурасы да бірдей, айырмашылық тек біреуінің ішіне ауа емін-еркін кіреді де, екіншісіне ауа кірмейді. Бір аптадан кейін барып қарағанда, аузы бітеу ыдыстағы тамақ бұзылмай, сол күйі тұрғанын, ал екінші аузы ашық ыдыстағы тамақты құжынаған құрт басып кеткенін көреді. Сөйтіп, одан: «азық-түлік заттарының тез бұзылуының себебі – оған ауамен бірге түрлі микробтардың енуінде» деген қорытынды жасап содан бері тез бұзылатын тамақтық заттарды консервілеу басталды.

Айырмашылық әдісі белгілі бір қылмысты мәселен, «үй тонауды»кім жасағанын анықтау үшінде пайдаланалы.Тергеуші бұл қылмыста не Н.,не М.,не К,жасауы мүмкін деп жорамал жасағанан кейін,іс ж.зінде бұл күмәнді адамдардың сол күні (түні) қайда болғанын,не істегенін анықтауға кіріседі. Астыртын зерттеудің нәтижесінде тергеуші қылмыс жасалған күні Н, мүлде басқа жақта болғанын, ал М ауруханада жатқанын,т.б.анықтайдыда, демек, қылмысты жасаған К.болуы керек деген қорытындыға келеді де, әрі қарай тексеруге кіріседі.

Айырмашылық әдісі бойынша қорытынды жасаудың логикалық формасыда дедукциялық ойқорынтыдының ажыратушысы – келісімді силлогизмнің telendo ponens (терістей отырып қостау)модусы бойынша жасалады:

Не А, не В,не С-d-ны тудырады.

В және С-d-ның себебі емес

Ондай болса, А-dның себебі

Айырмашылық әдісін дұрыс қолдану үшін бізге керекті оқиғалардың айырмашылығы тек бір жағдайдан ғана көрінетіндігін анықтаудың маңызы зор. Бірақ мұны анықтау көбінесе қиын болғандықтан, мұндай айырмашылық әдісін ұқсастық әдісімен толықтырған пайдалы...

3. Ұқсастықпен айырмашылықтың біріккен әдісі. Бұл әдіс- ұқсастық әдісімен айырмашылық әдісін ұластыру.

Мынадай мысал алайық баклажанды көп жылдық қызанақпен будандастыруды нәтижесінде аса мұқият қарағанның өзінде, ешбір айырмашылығы жоқ сияқты болып көрінген тұқым алынды.

Тұқым тәжірибе егістігіне себәлді. Бұл будан өсімдіктің өніп шыққан көктерінің сырт пішіні жағынан бір бірінен айырмашылығы болған жоқ. Кейіннен оларға орамжапырақ бүргесі түсіп жей бастады. Бірақ бүрге барлығының көгін жеген жоқ кейбіреуіне тіпті тимепті.

Сөйтіп (айырмашылық әдісі бойынша) бұл будан өсімдіктің көктерінің арасында (олай болса тұқымныңарасында да) айырмашылық бар екені анықталды. Өйткені, бүрге кейберінің көктерін жейді ді кейбіреулерікін жемейді.

Мұндай айырмашылықты себебін білу үшін ұқсастық әдісінде қолдануға тура келеді. Көпжылдық қызанақтың көгі мен өсімдіктің көгінің арасында ұқсастық болғаны.

Бұдан баклажанды көпжылдық қызанақпен будандастырудан алынған тұқымның ішінде өзінің химиялық құрамы жағынан баклажан тұқымына жақын тұратындары (көгін бүрге жеп қойғандары) және өзінің химиялық құрамы жағынан қызанақ тұқымына жақын тұратындары да (көгін бүрге жемегендері де) бар деген жалпы қорытынды жасалды.

Сөйтіп ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісін қолдану, біріншіден баклажанды қызанақпен будандастыру нәтижесінде алынған тұқымдардың арасындағы айырмашылықты білуге және екіншіден ол айырмашылықтың себебін анықтауға мүмкіншілік берді.

4. Қалдықтар әдісі. Нептун ғаламшарының табылуы бұл әдісті қолданудың мысалы бола алады.

Бұл ғаламшарды таппастан бұрын астрономдар Уран ғаламшардың белгілі бір жерге келгенде өзінің қозғалысыныңбаяулататынын байқаған(Уранды ол уақытта Күн жүйесінің ең соңғы ғаламшары деп есептейді). Бұл сияқты баяулау сол кезде мәлім болған басқа ғаламшарлардың бірінің әсерінен болуы мүмкін еді. Алайда, есептеп қарағанда «ұйытқуының» себебі ол емес екені анықталды. Сондай ақ күнде басқа жұлдыздарда оған себеп болуы мүмкі емес еді. Ғаламшардың тұрған орнын есептеп шығарып, одан кейін сол орынды өте қуатты телескоппен қарауды нәтижесінде шынында да нептун деп аталған жана ғаламшар табылды (1846 ж).

Қалдықтар әдісінің жәрдемімен Гелий деп аталған химиялық элемент ашылды. Ол жерден емес,күнің беттінен ашығандықтан,ол гелий (орысша «Солнечный» дегенді білдіреді) деп аталды. Аса күшті телескоппен қарағанда,ғалымдар күніңі бетінен бұрын белгісіз бір спекторды көреді.Бұл жаңа спектр бұрын белгісіз жана химиялық элеметке байланысты болу керек деген болжамға келеді де, қалдықтар әдісі бойынша күн сәулесінің құрамындағы бұрынан белгілі спектрлердің бәрін шығарып тастағанда,қызғылттау сары түсті спектр қалады. Бұл спектр Жерде де болу керек деп, ұқсастық әдісі бойынша әрі қарай зерттеулер жұргізгенде ол жердене табылды.

<
Поделиться:





Читайте также:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...