Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Жай кесімді силлогизм 7 страница




Демек, егер бірінші пікір ақиқат болса, онбда екінші жалған, егерде екіншісі ақиқат болса, онда біріншісі жалған; бұл екі пікір бірден бір мезгілдің ішінде ақиқат бола алмайды.

Сондай-ақ, бұл пікірлердің екеуі де жалған бола алмайды. Дұрысында да, егер «оқушылардың барлығы да үйге берілген есептерді шығарды» деген пікір жалған болса, онда оқушылардың арасында берілген есепті шығармағандары да болғаны, ал олай болғанда, «кейбір оқушылар үйге берілген есептерді шығарған жоқ» деген пікір лажсыздан ақиқат болады. Керісінше, егер «кейбір оқушылар үйге берілген есептерді шығарған жоқ» деген пікір жалған болса, онда «оқушылардың барлығы да үйге берілген есептерді шығарды» деген пікір ақиқат болғаны. Демек, бұл пікір бірдей жалған бола алмайды. Екеуінің бірі лажсыздан ақиқат болуға тиіс.

Бұл қарастырылаған пікірлер қайшы пікірлер тобына жатады. Қайшы пікірлерді салыстырудан мынадай ереже шығаруға болады:

Екі қайшы пікірдің екеуі де бірдей ақиқат бола алмауы былай тұрсын, екеуі бірдей жалған да бола алмайды; егер қайшы пікірлердің бірі ақиқат болса, екінші жалған болады.

Қарама-қарсы пікірлерге бұл ереже қолданылмайды.

Өзімізге таныс қарама-қарсы пікірлерді алайық:

«мына қағаз ақ» және «мына қағаз қара».

Бұл екі пікірдің екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қағаз не ақ, не қара болады. Егер «қағаз ақ» деген ақиқат болса, онда лажсыздан «қағаз қара» деген пікір жалған болып шығады. Бірақ қайшы пікірлерден бұлардың айырмашылығы сол, қарама-қарсы пікірлердің екеуі де жалған болып қалуы мүмкін.

Қарама-қарсы пікірлерді салыстырудан олардың мынадай ережесін шығаруға болады:

Қарама-қарсы екі пікір бірдей ақиьқат бола алмайды, бірақ олардың екеуі бірдей жалған бола алады; Қарама-қарсы пікірлердің бірінің жалғандығынан екіншісінің жалғандығынан екіншсінің ақиқаттығы туралы қорытында жасауға тіпті болмайды.

Біз енді бағынышты пікірлердің арасындағы қатынастардың ережелерімен танысайық.

Мысал үшін мынадай екі пікірді алайық:

«сұйықтардың барлығы да серпімді».

«кейбір сұйықтар серпімді».

Сұйықтардың барлығы серпімді» деген бағындырушы пікірді ақиқат деп есептейік. Онда кейбір сұйықтар серпімді деген бағыныңқы пікір де ақиқат екені сөзсіз. Мұнымен қатар «кейбір» деген сөзді «ең болмағанда біразы» деген мағынада түсіну керек екені есте болуы керек. Терістеуші пікірлерді салыстырғанда да, осындай қатынас шығады.

Егер «Сібір өзендерінің ешқайсысы да оңтүстікке қарай ақпайды» деген пікір анықталса, онда «Сібір өзендерінің кейбіреулері оңтүстікке қарай ақпайды» (ең болағаньда біразы) деген пікірлердің ақиқат болуында күмән жоқ.

Бағыныңқы қатынастағы пікірлері қолданған кезде міндетті түрде есте болатын бірқатар ережелер бар.

1. Жалпы пікірлердің ақиқаттығынан оған бағынышты ішінара пікірдің ақиқаттығы келіп шағады.

 

Мысалы, егер «барлық галогендер химиялық элементтер» деген пікір ақиқат болса, онда «кейбір галогенде химиялық элементтер» деген пікір де ақиқат.

2. Ішінара пікірдің жалғандығынан бағындырушы жалпы пікірдің жалғандығы келіп шығады.

Мысалы, «кейбір ағаштар азотты керек етпейді» деген пікір жалған болса, онда «барлық ағаштар азотты керек етпейді» деген пікірде жалған.

3. Бағынышты пікірдің ақиқаттығынан бағындырушы жалпы пікірдің ақиқат болу қажеттігі келіп шықпайды.

Мысалы, «біздің мектептің кейбір оқушылары стенографияны біледі» деген пікірдің ақиқаттығынан «біздің мектептің барлық оқушылары стенографияны біледі» деген жалпы пікірдің ақиқаттығы тіпті шықпайды.

4. Жалпы пікірдің жалғандығынан оған бағынышты ішінара пікірдің жалғандығы шықпайды.

Шынында да, мынадай пікірді алайық:

«Біздің сыныптың оқушыларының барлығы спортпен айналысады».

Бұл пікірді біз жалған деп алайық. Сонда бағыныңқы ішінара пікір қалай болмақшы? «Бізідң сыныптың оқушылары спорт пен айналысады» деген пікірдің ақиқат блатынын немесе жалған болатынын біз айта алмаймыз.

Пікірлер арасындағы қатынастардың негізгі түрлері және сөйлеу тілін де көп қолданылатын әр түрлі пікірлерді салыстыруды кейбір ережелері, міне, осынрдай. Салыстырылған пікірлерден тез және қатесіз қорытынды шығарып үйрену үшін, оларды жақсы біру керек.

Бастауышы мен баяндауышы бір, ал сапалары мен саны түрліше пікірлердің араларындағы қатынастарды есте сақтауды оңайлату үшін, кей кезде «логикалық квадрат» деп аталатын сызбаны пайдаланады.

Бұл квадраттың сызбасы мынадай: сол жақтағы жоғары бұрыш А аріпімен (жалпы қос таушы пікір), оң жақ жоғары бұрыш. Е әріпімен (жалпы теріс еу ші пікір), сол жақтағы төменгі бұрыш І іріпі мен (шынара қостаушы пікір) және оң жақтағы төменгі бұрыш О әріпімен (ішінара терістеуші піткір) белгіленеді.

Бұл квадраттағы әрбір сызық пікірлердің екі түрінің арасындағы қатынасты көрсетеді.

Мысалы, А мен І пікірлері, Е мен О пікірлері бағынышты қатынастардан тұрады. Бұл суреттенде көрініп тұр: А пікірі І пікірімен жоғарыдан төмен қарай жүргізілген сызық бойынша қосылған. А және І пікірлері қарама қарсы немесе қарсы пікірлер және ақырында, А мен О және Е мен І пікірлері қайшы пікірлер болады. Мұны бұрыштан бұрышқа тартылған диоганаль сызықтар көрсетеді.

Логикалық квадрат есте сақтауды жеңілдететін амал, оның басқа ешбір мәні жоқ.

3.8. Күрделі пікірлер

Пікірлеу барасында қарапайым пікірлермен қатар күрделі пікірлерде қолданылады.

Бірнеше қарапайым пікірден тұратын пікірлер күрделі пікірлердеп аталады. Мұнда ол қарапайым пікірлер «және», «егер...онда», «егер...сонда ғана» деген сияқты байланыстырушы сөздердің көмегімен күрделі пікір пікір болып құралады. Күрделі пікірлердің түрлерімен сипатын, құрылысын анықтап беретін басты элементтер осы байланыстар. Күрделі пікірлер біріктіруші, ажыратушы және шартты болып негізігі үш түрге бөлінеді.

Біріктіруші пікір (латынша конъюнкция) дегеніміз «және» деген логикалық байланыстың көмегімен қарапайым пікірлерден құралатын қарапайым пікір.

Бұл күрделі пікірдің формуласы , .

Табиғи сөйлеу түрінде біріктіруші пікірлер үш формада айтылады.

Бірінші форма пікірдің субъектісін де «және» деген сөзждбен біріктілрілген үш ұғым болады, предикаттағы бердгі сол субьектіге қатысты не қатыс ты еместігі жайын да айтылады.

Екінші форма субьектіге бірнеше предикаттар бейнеленген белгінің тиісті немесе тиісті еместігі жайынфда ой айтылады.

Үшінші формасы бірнеше субьектіден бірнеше предикаттан тұратын бірікттіруші пікір.

Ажыратушы пікір (дизьюнкция) «не», «немесе», «болмаса» деген логикалық байланыстардың көмегімен екі және одан да көп қарапайым пікірлердің байланысуы.

Ажыратушы пікірдің ақиқаттығ немесе жалғандығы оны құрайтын пікірлердің мазмұнына байланыст болады. «Не», «немесе», деген байланыс сөйлеу екі мағынада біріктіруші ажыратушы және тысқарылаушы ажыратушы мағынада қолданылатындықтан, ажыратушы піккірдің екі түрі бар.

Бірінші түрі әлсіз дизьюкция деп аталады. Мұнда «не», «немесе» біріктіруші ажыратушы мағынада қолданылады.

Екінші түрі қатаң ажыратушы пікір деп аталады. Мұнда «не», «немесе» деген байланыстар тысқарылаушы ажыратушы мағынада қолданылады. Қатаң ажыратушы пікірдің мүшелері тұтастай бір мезгілде ақиқат бола алмайды: бірі ақиқат болса екіншісі жалған болады.

Шартты пікір дегеніміз - екі қарапайым пікірден тұратын, «егер...онда» деген логикадлық байланыстың көмегімен құралатын күрделі пікір.

Формуласы: «егер болса, онда » болады. Шартты пікірдің «егер болса» деген бөлігі лоогикалық негіз (немесе антецедент) деп, ал «онда » болады деген екінші бөлігі логикалық салдар (немесе консенвент) деп аталады. Мысалы: «Егер күн сәулесін үшбұрышты шыны приьзма дан өткізсе, онда экранға спектр түседі.

Шартты пікірлердің логикалық негізі мен салдарының сапасына қарай оның түрлері формаларын айыруға болады:

Егер болса, онда болады.

Мұнда логикалық неегіз де, салдар да қостаушы. Мысалы: «Егер студент сабаққа зейінді болса, онда ол өткен тақырыпты жақсы ұғады».

Егер болмаса, онда болмайды. Мысалы: «Егер студент сабаққа зейін қоймаса, онда ол өткен тақырыпты ұқпайды». Мұнда негіз де, салдар да терістеуші пікірлер.

Егер болса, онда емес.: «Егер студент жалқау болса, онда ол жақсы оқушы емес». Мұнда негіз – қостаушы, ал салдар – терістеуші.

Егер болмаса, онда болады. Мысалы: «егер картопты түптемесе, онда оның өнімі аз болады». Мұнда негіз– терістеуші, салдар – қостаушы пікір.

Шартты пікірлерге талдау жасағанда, олардың грамматикалық құрылысы мен қатар құбылыстардың арасындағы байланыстарды мән–мазмұн жағынанда ашып көрсету қажет. Не себепті бір құбылыстан кейін екінші құбылыстың пайда болатынын түсіндіруге мүмкіндік бар жерде логикалық негіздің ақиқаттығынан салдардың ақиқаттығы тікелей шығады.

Шартты пікірлерді басқа тұрғыдан да қарастыруға болады. Бұл жағдайда негізбен салдар арасындағы мазмұн тәуелділігіне көңіл аудармай, оларды ақиқаттығы мен жалғандығын ескере отырып, функционалды – логикалық байланыс тұрғысында ғана қарастыруға болады. Бұлай қарастырғанда, шартты байланыс импликация (латынша – implicate – тығыз байланысты) деп аталатын әлдеқайда кең көлемді логикалық байланыстың бір түрі ретінде ғана көрінеді. Ал күрделі шартты пікір импликативтік пікір деп аталады.

Импликация бір жағдайдан басқа үш жағдайдың бәрінде ақиқат болады, тек логикалық негіз ақиқат, ал салдар жалған болған жағдайда ғана тұтас шартты пікір жалған болады.

Қорыта айтқанда, «Егер..., онда...» байланысының функционалды–логикалық көрінісі ретінде алғанда, импликация құбылыстар арасындағы түрліше шартты байланыстардың логикалық жиынтығы болып табылады.

IV ТАРАУ

ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДАРЫ

4.1 Логикалық заң туралы түсінік

Материялық дүниенің біздің санамыздан тыс және тәуелсіз өмір сүретіні, ал біздің ойымыз материялық дүниедегі нәрселермен құбылыстардың адам миында бейнеленуі екені бірінші тарауда айтылды.

Объективті дүние дегеніміз - байланысты, тұтас, бір бүтін нәрсе. Ондағы нәрселер мен құбылыстар бір-біріне тәуелді, бір-бірімен шарттас және қозғалыста, дамуда болады. Сыртқы дүниедегі нәрселердің қозғалысы мен дамуы белгілі бір заңдар бойынша жүреді. Егер біздің ойымыз бұл заңдарды дұрыс бейнелесе, онда біз оларды біле аламыз.

Алайда, ойлау болмысты тек дұрыс қана қоймай, бұрыс бенеленуіде мүмкін. Сондықтан ойлау дұрыс болғанда, оның қандай қасиеттері болатынын анықтаудың біз үшін үлкен маңызы бар. Бұл заңдарды біліп алғаннан кейін, оларды саналы түрде пайдалануға және соның арқасында өзімізді қоршаған дүниені дұрыс тануға болады.

Табиғаттың заңдары сияқты ойлау заңдарын да ешкім ойдан шығармаған. Ойлау заңдары материялық нәрселердің қажетті байланыстарының адам санасында бейнеленуі болып табылады.

Логикалық ойдаудың негізгі төрт заңын зерттейді. Олар: тепе-теңдік заңы, қайшылық заңы, үшіншісі жоқ заң және жеткілікті негіз заңы. Бұл заңдар дұрыс ойлаудың негізгі сапаларын, яғни, біздің ойымыздың анықтығын, қайшылыұсыздыңын, дәйектілігін және негізділігін білдіреді.

Ойлау дұрыс болуы үшін, ол аса не дәл анық, қатаң дәйекті болып, пікір тақырыбынан ауытқып кетпеуі керек және ойлауда логикалық қайшылықтар мен екіұштылық болуы тиіс. Біздің пікірлеріміз бен ойқорытындыларымыз дәлелді болуы керек, онсыз олардың сенімді болуы мүмкін емес.

Логикалық заңдар - дұрыс ойлаудың негізгі шарты.

4.2 Тепе-теңдік заңы

Бізді қоршаған дүниеде, табиғат пен қоғамда барлық нәрселер мәңгі және тоқтаусыз қозғалыста, өзгерісте болады. Қозғалыс дегеніміз – материяның мәңгі және өзіне тән табиғи қасиеті. Дүние – қозғалып тұрған материя.

Бірақ мәңгі қозғалыс процесінде болатын материялық денелер сонымен бірге уақытша белгілі бір тепе-теңдік күйінде және салыстырмалы тыныштықта болуы мүмкін. Мәселен, біз өзіміздың қай танысымызды алсақ та, ол жыл сайын өзгеріп тұрады. Бірақ, біз оны өзіміз танитын және танымайтын басқа адамдардан бәрібір ажырата аламыз: себебі ол танысымыздың бойында өзінің негізгі сипаттары өмір бойы сақталып қала береді. Сондықтан да біз оны тани аламыз.

Өсіп тұрған ағаш үздіксіз өзгеріп, дамуда болғанымен, ағаш болудан өзгермейді.

Міне, осы сияқта болмыстағы нәрселердің салыстырмалы тұрақтылығы, орнықтылығы, анықтылығы біздің санамызда тепе-теңдік заңы түрінде бейнеленеді. Бұл заң біздің ойларымыздың анықтығын және олардың белгілі бір пікірлеу процесіндегі тұрақтылығын көрсетеді.

Болмыстың кейбір құбылысы туралы дұрыс пайымдай отырып, біз өзіміздің ойымызда зерттеп отырған нәрсені басқа нәрсемен ауыстырмайиыз, әр түрлі ұғымды араластырып жібермейміз, екіұшты ойлаймыз. Ойлаудың дәл, анық болуы-дұрыс ойлаудың заңы.

Бұл заңның тұжырымдамасы мынадай:

Белгілі бір пікірлеуде, пікірталаста, әңгіме әрбір ұңым бір мағынада ғана қолданылуы қажет, яңни, өзіне-өзі тең болуы тиіс. Тепе-теңдік заңын А дегеніміз А немесе А=А деген формула түрінде бейнелеу қабыл алынған. Мұндағы А кез келеген ойды білдіреді.

Бұл нағыз қарапайым шартты әрбір жазушы, әрбір баяндамашы, әрбір жарыссөзде, әңгімелеуде, таластарда, тағы сол сияқты пікір алысуларда сөйлеушілер орындаулары тиіс.

Әсіресе, біздің тілімізді бір емес, бірнеше мағыналы сөздердік бар екенін еске алсақ, бұл міндетті шартты орындаудың қажеттігі өзінен-өзі түсінікті болады.

Мысал үшіни төмендегі пікірлерді алайық:

«Барлық жанартаулар-тау, ал барлық гейзерлер – жанартаулар болғандықтан, барлық гейзерлер – тау болады».

Бұл пікірлерді төмендегі формаға келтірейік:

Барлық жанартаулар-тау.

Барлық гейзерлер – жанартаулар

Олай болса, барлық гейзерлер – тау.

Бұл қорытынды («барлық гейзерлер – тау») дұрыс емес, өйткені гейзерлердің тау емес екні белгілі. Мұндай жалған қорытындың шығу себебі пікірлеуде тепе-теңдік заңы бұзылған, яғни, логикалық қате жіберілген, оны ұғымды алмастыру деп атайды.

Мұның мәні мынада: пікірлеуде «жанартаулар» деген сөз әр түрлі екі үмағынада қолданылған. Бірніші пікірде «жанартаулар» деген жердің белгілі қатапары ретінде айтылған, ал екінші пікірде «жанартаулар» деп жанартаудаң атылуы процесі айтылып тұр. Ұғымның алмасып кетуі нәтижесінде, яғни, сөздің мәні ауысқандықтан, «жанартаулар» деген сөз екіұшты мағынада қолданылып отыр. Сондықтан мәні жағынан да, формасы жағынан да дұрыс болмай тұр.

Ұғымды алмастыру қатесі білместіктен болуы немесе әдейі жасалуы мүмкін. Мәселен, адамдар көбінесе, өмір тәжірбиесіне, т.б. байланысты «өсек» деген ұғымды түрліше түсінуі мүмкін. Заңгер өсек деп жазықсыз біреудің абыройын төгетін, ойдан шығарылған жалған пікір таратуға, байланысты қылмысты әрекетті түсінеді, ал заңгер емес қатардағы азамат кез келген қтірікті өсек деп түсінеді. Кейбір ұғымдарды тергеуші бір мағынада, ал айыпкер немесе куәгерлер дәл мағынасын білмей, басқа мағынада түсінгендіктен, дауласуға дейін баратын жағдайларда кездеседі. Бұл түсінбеушілік қаралап отырған істің дұрыс шешілуіне кедергі болады.

Ұғымның мазмұнын дұрыс түсінбегендіктен туатын «ұғымдарды алмастырып алу» қатесі логикада «паралогизм» деп аталатын, яғни, паралогизм – білместіктен туатын логикалық қате.

Кейде тепе-теңдік заңы саналы түрде, әдейі бқзылады. Осы істі ақиқат жағдайын бұрмалағысы келген адамдар істейді. Ондай қате «софизм» деп аталады. Мәселен, өзінің әңгімелескен адамын біле тұра шатастыру мақсатымен бұрыс пікірлеуге грек софистері өте шебер болған. «Софизм» деген сөз, яғни, біле тұра істелетін логикалық өате осыдан шыққан. Софистер өздерінің пікірлеуінде ылғи әр түрлі мағынадағы ұғымдарды қолданған. Мысал үшін «мүйізді» деген софизмді талдайық:

Неңдң жоғалтпасаң, сол өзіңде бар,

Сен мүйізіңді жоғалтқан жоқсың.

Олай болса, санің мүйізің бар.

Сызықтың астында жазылған қорытынды – көрер көзге қате. Мұндағы софистердің айласы «жоғалту» деген сөздің екіұшты талқылануына негізделеген. Бірінші жолдағы «жоғалту» деген сөз адамда бар нәрселерге арналған және оларды адам жоғалқан жоқ, ал екінші жолдағы «жоғалту» адамда еш уақытта болмаған нәрселерге арналған. Қорытындының дұрыс болуының мүмкін еместігі сондықтан.

Софистикалық айла қолдану – сот, тергеу ісінде жиі кездесетін жағдай.

Кейбір әккі айыпкерлер өзінің қарсылысына жала жауып: «Ол – ежелден маған жұлдызы қарсы адам, айтып тұрғанының бәрі өтірік, өсек» деп, ұғымына теріс мазмұн беріп, тергеу жұмысын шатастыруға тырысады.

Дұрыс ойлаудың софистикамен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Кімді кім айналадағы дұние туралы және оның заңдылықтары туралы ақиқат білім ал,ысы келсе, екіұшты, көмексі, тиянақсыз пікірлеуден аулақ болуы тиіс.

Қандай да бір ғылымда немесе пікірлеуде болсын, ұғымның анықтығы – аса маңызды нәрсе. Сондықтан тепе-теңдің заңын бұлжытпай орындау өте қажет.

Бірақ тепе – теңдік заңын біздің ұғымымыз, ойымыз әрқашан тұрақты, өзгермейтін мазмұнды сақтап қалуы тиіс деп, теріс түсінуге болмайды. Тепе- теңдңк заңын былай түсіндіру – метафизикалық көзқарасқа тән нәрсе. Ф.Энгельс тепе – теңдік заңыны метафизикалық түсінігін былай сынаған болатын: «Ескі метафизикалық мағынада тепе- теңдік принципі А=А деп түсінетін ескі дүниетанымның негізгі принципі болып табылады. Әрбір зат өзіне – өзі тең. Күн жүйесі, жұлдыздар, ағзалар бәрі де тұрақты деп есептеледі. Жаратылыстану әрбір жеке жағдайда бұл принципті қадам басқан сайын бекерге шығарады».

Тепе – теңдік заңының ескі метафизикалық түсінігі ғылыми – диалектикалық түсінікпен үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұл заңның диалектикалық түсінігі бойынша, біздің ұғымдарымыздың, ойларымыздың мазмұны сол ұғымдар мен ойда бейнеленген нәрселердің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Оның үстіне біздің дүниетанымымыздың тереңдей түсінуіне байланыстыда өзгеріп отырады. Бірақ нәрселерге тән мәнді белгілердің сақталуына байланысты олар өзінің сапалық айқындылығын жоғалтпайды да, біз оларды басқа нәрселермен шатастырмаймыз.

Тепе – теңдік заңын дұрыс қолдану біздің ойымыздың анықтығын және дәлдігін қамтамасыз етеді. Бұл заңның ғылыми - диалектикалық түсіндірмесі, міне, осындай.

Заңгерлердің жұмысында тепе – теңдік заңының талаптарын орындаудың маңызы ерекше зор. Мәселен, қылмысты тергеу тәжірибесінде қылмыскерді немесе өлікті, түрліше бұйымдарды куәгерге немесе жіберілген адамға таныту әдісі жиі қолданылады. Тепе – теңдік заңына негізделген бұл тергеу амалының мәні сол, шын қылмыскер мен күдікті адамның тепе – тең екендігі, жоғалып кеткен адам мен табылған өліктің бір адам екендігін, ұрылардан алынған заттардың ішінен иесінің өз мүлкін дәл тануын анықтау қажет. Бұл істің қиындығынан кейде қателіктер де болмай тұрмайды,өйткені жәбірленген адам немесе куә қылмыскердің түр – түсін есінде сақтай алмауы салдарынан шын қылмыскерді танымай, оның орнына басқа біреуді көрсетуі мүмкін.

Бір мысал. Жаздың бір қараңғы түнінде Н. Және А. Деген екі қыз бала орманның ішіндегі жолмен үйіне қайтып келе жатады. Ауылға бір шақырымдай қалғанда, орман ішінен үш ересек кісі шыға келеді де, қыздарға тап береді. А. Деген қыз қстатпай, қашып құтылып, үйіне келіп, Н-ның әке-шешесіне болған оқиғаны хабалайды. Н-ның әкесі қолына мылтығын алып, әйелі мен А-ны етіп, оқиға болған жерге ертіп келе жатқанда, ауылдың шетінде В., К. Және О. деген үш жас жігіт алдыларынан кездесе кетеді. Н-ның әкесі А-дан шабуыл жасаған осылар емес пе деп сұрағанда, А. осылар деп жауап береді. Үш жігіт тұтқынға алынады. Кейбір дәлелдер осыларды кінәлауға негіз болады: олар оқиға болған жақтан келе жатты, олар да үшеу және оларды А. таныды. Алайда, кейіннен жүргізілген тергеу ол үшеуінің болған оқиғаға ешқандай қатысы жоқ екнін, қылмысты жоқ екнін, қылмысты басқалар жасағандығын анықтады.

Поделиться:





Читайте также:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...