Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Өмірге ғашық болу Логотерапия - 5




Ә детте, Логотерапия туралы айтқ анда тарихтан мысал келтіріп, мағ ынасын ашық тау ү шін барынша ғ ылыммен ә шекейлеп жатамыз. Бірақ кейде ондай кү рделі ә діс кедергі келтіреді. Терминдермен шимайлай берсең жә й адам шатысып кетеді. Сосын, Логотерапия бізге қ атысы жоқ, ерекше қ асиет дарығ ан адамдар ғ ана айналысатын эзотерикалық ілімнің бір тү рі сияқ ты қ алыпқ а енеді. Шындығ ында бұ л — Қ ұ дай деп аталатын тылсым кү шті қ уаныш пен шаттық хә лінде отырып, бір сә тке болса да сезініп қ алуғ а кө мектесетін ілім ғ ой. Ойымыз жү йелі шығ у ү шін Логотерапияның басты кредосын есімізге тү сіріп кө рейік: «Ө мірдің Мә не неде? Бізді ө мірге қ ұ штар қ ылатын не нә рсе? Бұ л тіршілікте қ ызығ ы сарқ ылмас, тұ рақ ты қ ұ марлық бар ма» деген сұ рақ тарғ а ғ ұ ламалар қ ысқ аша былай жауап береді: «ө мір жолында сенімен серіктес болғ ан кез келген адамның дініне, ұ лтына, жынысына, қ ызметіне, байлығ ына қ арамастан оның керегіне жарауғ а тырыс. Ақ ысыз қ ызмет етіп, оны қ уанышқ а бө леуге ұ мтыл. Сен бұ л ө мірге біреуге шаттық сезімін сыйлау ү шін ғ ана келдің. Одан басқ а мойның да міндет жоқ »
Енді шын ө мірге оралайық. Тап қ азір Қ азақ станда Торғ ын Қ алелова есімді отызғ а толмағ ан жас келіншектің тағ дыры сын сағ атта тұ р. Анасынан тұ қ ым қ уалап ауысқ ан аты жаман ауру оны ажалғ а ұ стап бермекші. Анасы қ айтқ ан кезде ү лкендер оның диагнозын 10 жасар Торғ ыннан жә не 13 жасар ә пкесінен жасырып айтпағ ан. Осының кесірінен аурудан бейхабар ә пкесі биыл бақ и болыпты. Енді бұ л дерт Торғ ынғ а ауыз салмақ шы. Ал Торғ ынғ а ө луге болмайды. Себебі, ол бір шаң ырақ тың шырағ ын жағ ып отыр. Бір азаматтың жары, бір қ ыздың анасы. Торғ ынның тағ дыры бірнеше адамның ө міріне кері ә сер еткелі тұ р. Міне, осы орайда мен тағ ы да бір ғ ибратты қ ұ былысқ а тап болдым. Яғ ни, Торғ ынның тағ дыры ү шін жү ріп жатқ ан кү рес біз ү шін де сынақ һ ә м сабақ.
Торғ ын Қ алелованың басындағ ы ауыр жағ дайды мен бірінші рет Facebook-тен оқ ыдым. Емі жоқ дертке шалдығ ып, кө мек сұ рағ ан адамдарды талай кө ріп жү рміз. Кө бінің диагнозына қ арап, ешқ андай шанс жоғ ын білесің. Қ олдан келер қ айран жоқ. Тіпті миллиондағ ан ақ шалар да ол кеселдің алдында шарасыз боп шығ ады. Бірақ сонда да жә рдемдесе беретін ақ жү рек жандар табылып жатады. Бір ретте мен сондай бір орыс апайдың ауру баласы жайлы посты бө лістім. Артынша Ғ алия Қ амбарбекова деген танысым ауру баланың анасына хабарласып, дереу қ ол ұ шын созды.

Бұ л жолы Торғ ынның ө мірбаянын асық пай оқ ып шық тым. Оның КазҰ У-де оқ ыдым дегеніне қ арап, қ асымдағ ы Айбектен:
— Торғ ын Қ алелова деген қ ызды танисың ба? Сендермен қ атар
оқ ыпты, -дедім. Айбек суретіне қ арады да:
— Ә й, мынау біздің курстағ ы Торғ ын ғ ой. Ө те жақ сы танимын. Бұ ғ ан
не бопты? - деді. Жазбаны дауыстап оқ и бастадым. Оқ ып болғ ан соң Айбек оның студент кезін еске алып:
— Торғ ын курстағ ы мейлінше қ азақ и тә рбиені бойына сің ірген ибалы
қ ыз. Ол тіпті бұ рымын де кеспеген. Сабағ ын да ө те жақ сы оқ ығ ан. Ү лкеннің жолын кесу, бө теннің ісіне араласу дегенді білмейтін. Ұ стаздар да оны ерекше жақ сы кө ретін. Ө мірдегі мақ сатын айқ ындап алғ ан ө те кү рескер қ ыз еді. Сондық тан мына жерде жазылғ ан ақ параттың бә рі рас деп білем. Ол шынымен де қ иындық қ а тап болғ анғ а ұ қ сайды. Мен білетін Торғ ын біреуден ө лсе де ақ ша сұ рамайтын. Ол кез келген кедергіні ө зінің жігерімен, талабымен жең іп ү йренген адам. Соғ ан қ арағ анда бұ л бір ерекше оқ иғ а болып тұ р. Қ алай ойлайсыз, жазылып кетуге шанс бар ма? –деді.
Мен:
— Білмедім. Бірақ не болса да бө лісіп, посты таратайық. Кім біледі, бә лкім қ ұ тылып кетер, - дедім де жазбаны бө лістім.
Арада апта ө тпей Торғ ынның ө зі сү йінші сұ рағ ан тағ ы бір пост жариялады. Қ аржы тауып шындап кіріссе, АҚ Ш-та бұ л ауруды тоқ тата алатын емхана бар боп шық ты. Жазбаны тынымсыз бө ліскен кісілердің де ең бегі далағ а кетпепті. Аз уақ ытта 100 мың нан аса қ аржы қ ұ йылғ ан. Дегенмен, бұ л қ аржының мә селені шешуге шамасы жетпейтіні кө рініп тұ рды. Сосын, осы қ аржы аударудағ ы кедергілерді ө зімше зерттей бастадым. Ә детте, мұ ндай жә рдем сұ рағ ан жазбаларды оқ ығ анда мидың бір қ ыртысында «Бұ ғ ан кө п қ аржы керек. Бала-шағ аны зорғ а асырап, бір айлық қ а қ арап отырғ ан бізден не қ айран? Ақ шасын шашып жү рген байларғ а айту керек қ ой мұ ндайды» деген ой жылт ете қ алады. Шынымен де солай. Жарымағ ан жалақ ымен қ арызданып-қ ауғ аланып зорғ а келе жатқ ан біздер мол қ аржы талап ететін ауруды тоқ тата аламыз деп сенбейміз. Санамыздың бір тү кпірінен келетін, «мұ ны тек қ ана байлар ғ ана шеше алады» деген кү шті сигнал бә рін басып тастайды.
Ойланып қ арасаң, проблеманы жария жазудағ ы мақ сат — кө птің кө мегіне сү йену. Яғ ни, «бай адамның назарына іліккенше таратың дар» деген ниет жоқ. Ал кө п ешқ ашан да бай болмайды. Олар шым-шымдап ғ ана тамызады. Кеше бірге отырғ ан бірнеше жігітке эксперимент жасадым. Олардың қ ай қ айсысы да адамшылық турасында кө п-кө рім ә ң гіме айтып, ө з ортасында сө з ұ стап жү рген ақ ылды азаматтар. Логотерапия туралы да ә рқ айсысының бір ә у дей алатын потенциялы бар. Бә рі жиналып отырғ анда:
— Жігіттер, Торғ ынғ а не кө мек кө рсете аламыз? – дедім.
— Біздің қ олдан не келеді? -деді олар.
— Мен де солай ойлаймын. Біздің қ олдан ештең е де келмейді. Бірақ,
мә селеге басқ а қ ырынан келейік. Біз аузымызбен орақ оруды ә бден мең геріп алдық. «Риясыз кө мек жасау ө мірдің мә ні» деп ә ң гімені соқ қ анда тың дағ ан жұ рт аузын ашып, кө зін жұ мады. Біз қ азір бә ріміз де «біз миллионер емеспіз ғ ой» деп ойлап отырмыз. Онда біз «ө мірдің мә нін миллионер болып алғ ан соң іздейік. Ұ лы Мә нге баратын жол ақ шамен ашылады» деп тү юміз керек. Егер бұ л кө зқ арас қ ате дейтін болсақ — қ олдан келгенді батыл тү рде іске асырайық.
— Не ұ сынасыз? -деді біреуі.
— Менің ше мол қ аржы аударып ерлік жасап қ ажеті жоқ. Карточкасына
мың тең ге аударсақ жетеді. «Бес мың нан аударайық » дегенмен, оны ешкім де жасамайды. Ауыр тиетіні рас. Бұ л жерде мидағ ы «менің мың тең геме қ арап қ ап па» деген оң бағ ан вирусты жою керек. Бар бә ле осы оң бағ ан ойдан бастау алады. Миллиондағ ан қ азақ тар «мен ары кетсе мың тең ге ғ ана аудара алам. Ол не болады» деп аудармай отыр. Ертең принципті тү рде бә ріміз шеру тартып банкоматқ а барамыз да, ә рқ айсымыз ең кемі мың тең геден аударамыз. Одан да артық салам дейтіндер болса қ арсылық жоқ. Біз сонда Торғ ынның ауруымен емес — ө зіміздің адамшылығ ымызды байыта тү суге кедергі боп тұ рғ ан санадағ ы вируспен кү рескен боп шығ амыз. Келісесің дер ме? – дедім.
Жаң а ғ ана тұ нжырап отырғ ан басы бү тін, қ алтасы тесік жігіттер жадырап сала берді. Арамызда Қ азақ телекомда істейтін Хаят есімді ө збек жігіті бар еді. Ол содан бір кү н бұ рын кө ктайғ ақ та кө лігімен ұ шып кетіп, мә шинесін қ иратып алып, мазасы болмай отырғ ан. Бұ л ұ сыныс оғ ан да майдай жақ ты.
— Оу, Санжар-ака, мен да қ атыссам бола ма? Мың тең ге аударам. Бірақ банкоматқ а баруғ а уақ ытым жоқ. Ө зің із сала салың ыз- деді де мың тең ге суырып берді. Қ айырлы ұ сынысты ө збектің бірінші боп іліп тү скені ұ лттас жігіттердің намысына тиіп кетті.
— Мен екі мың аударам, -деді ұ зынтұ ра біреуі. Оның қ асында отырғ ан бойдағ ым:
— Мен бойдақ пын. Тө рт мың аудара алам-деді. Осылайша ә п-сә тте
санадағ ы сең бұ зылды да кетті. Бұ л хабарды естіген басқ а да жігіттер жамырап жан-жақ тан ү н қ оса бастады. Меже бә ріне бірдей. Мың тең ге салсаң жетіп жатыр.
Мағ ан Торғ ынның ө з ө мірі ү шін жанталас кү ресіп жатқ аны қ атты ұ нады. Ө мірге сұ мдық қ ұ штар қ ыз екен. Ол жайында толық қ анды мә лімет алғ ың ыз келсе — Facebook желісіндегі Торғ ынның «Торгын Калелова» деген атпен тіркелген парақ шасына кіріп толық танысуғ а болады. Оның аман қ алу шансы тап қ азір — 50х50. Бір адамның ө міріне бірнеше адамның тағ дыры қ абатынан байланып тұ р. Не шік тү седі, не бү к тү седі. Ө з басым «Торғ ын тү скен ақ шадан ғ ана қ уат алып, қ аржының кө леміне қ арап қ уанады» дегенге ө лтірсе де сенбес едім. Ол ү шін ел-жұ ртының қ айғ ысын шын жү ректен бө ліскені маң ыздырақ. Туралап келген ажалдан ешкім де қ ұ тылып кете алмас. Бірақ ажал анық ауыз салды деген кү ннің ө зінде шаттанып, қ уанышпен рахаттана ө мір сү руге мол мү мкіндік бар. Оның есепшотына мың -ақ тең ге аудару арқ ылы жанына шексіз шаттық сыйлауғ а болады. Қ аржы жинап, ем бастап, ажалмен айқ асқ а тү су екінші кезектегі мә селе. Ә лбетте, бір «Атымтай Жомарт» шығ а келіп, бар тү йінді жалғ ыз ө зі тарқ атып жіберсе тіптен жақ сы!
Ал ә зірше біз ү шін психологиядағ ы кедергіні жоюдың ө зі ү лкен кү ш болып тұ р. Банкке бара жатқ анда ішің нен бір залым дауыс «осындай ақ қ ар, кө к мұ зда, алтын уақ ытың ды қ ұ ртып, сонша жерден сү йретіліп келгенде салатының мың -ақ тең ге ме? Ақ ыры жомарт екенсің 100 мың дап салмайсың ба? Одан да ү йің е қ айт» деп кеудең ді сығ ып тұ рады. Ө з ішің де аузын жаппай қ ақ сап тұ рғ ан бұ л кесір дауысқ а батыл тү рде «сен басты қ атырма! Мен сияқ ты миллион қ азақ 1 айда мың тең геден аударса, миллиард тең ге жиналады. Ү ш ай қ атарынан аударсақ 3 миллиард тең ге қ ұ ралады. Мен бұ л жерге Торғ ынның жанына шаттық сыйлау ү шін ғ ана келдім. Ол қ уанышқ а бө ленгенде мен де ө зімді бақ ытты сезінем. Ө мірдің Мә ні деген міне осы» деп аузына қ ұ м қ ұ ю керек. Логотерапияның практикасы деген осы. Дә л осы кө ң ілдің бір қ араң ғ ы қ уысынан шығ ып тұ рғ ан залым дауыс миллиондағ ан қ азақ тардың мұ қ таж кісінің ө мір ү шін қ айраттана кү ресуіне кедергі болып тұ р. Менің ше мидағ ы осындай ұ сақ -тү йек ойлардың отын ө шіруді мең герген қ ауым ғ ана ынтымақ пен ұ йысып, ө ркениетті халық болып, мағ ыналы ө мір сү ре алатын сияқ ты кө рінеді.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...