Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Өмірге ғашық болу — 6




Ү ш жыл бұ рын наурыз айының басында қ алағ а кө лікпен шығ ып бара жаттым. Ұ зынағ аштан шығ а бергенде бір егде ә йел адам қ ол кө терді. Тоқ тап ала кеттім. Қ азақ емес. Орысша сө йлегені болмаса, орыс та емес. Тү ріне қ арап еврей болу керек деп ойладым. Кө зі ашық, мә дениетті адам екені кө зге ұ рып тұ р. Сыпайы амандасып, жайғ асқ ан соң мені ә ң гімеге тарта бастады. Ол:

— Бала кү німізде шешеміз наурыз басталса болды: «Жаң а жыл қ ұ тты болсын! » деп отырушы еді. Қ азір соны ел ұ мытуғ а айналды. Елдің бә рі 31 желтоқ санғ а ү йреніп алды. Ақ ылмен ойлап қ арасаң, 1 қ аң тар кү ні не жаң арауы мү мкін? – деді.

— Иә, расында не жаң аруы мү мкін? Бә рі бә з қ алпында қ алады. 22 наурыздағ ыдай кү н мен тең еліп, ертесіне жаң а уақ ыттың санағ ы басталса бір жө н, -дедім.

— Ә лі есімде. Ә желеріміз бірінші шық қ ан бә йшешекті қ ар астынан теріп ә кеп, міне жаң а жыл басталды деп қ уана кө рсетіп жатушы еді. Қ аң тарда шыршаны қ анша айналсақ та ә ліге дейін жаң а жылдың жаршысы бә йшешек сияқ ты кө рінеді де тұ рады. Мағ ан оның сө здері жағ ып кетті. Осылайша ә ң гімеміз жарасып сала берді. Мен де наурыз туралы біраз нә рсе айтқ ан болдым. Біраздан соң мен:

— Кім болып істейсіз? – дедім.

— Фортепианодан сабақ беремін.

— Жақ сы ғ ой!

— Ә рине. Ө зіме ұ найды. Зейнетке баяғ ыда шық қ ам. Жұ мыстан жібермейді. Ө нер мектебінде адам жетіспейді. Амал жоқ. Ақ ша ү шін ү йретем. Қ ызың ыз болса, мағ ан ү йірмеге берің із.

— Телефоның ызды берің із. Ә йел, бала-шағ аммен ақ ылдасып, бір хабарын берейін.

— Жақ сы кү темін, – деді. Есімі Ольга екен. Ольга апайым орта жолда тү сіп қ алды. Ертесіне отбасыма оралғ ан соң ү йірме туралы айттым. Он жасар қ ызым қ уана-қ уана келісті. Ертең іне Ольга апайды ө нер мектебінен оп-оң ай тауып алдым. Мені кө ріп: «Келдің із бе? » – деп қ уанып кетті. Музыкағ а қ абілетін тексеріп кө рді де: «Негізі, фортепианоғ а алты жастан аламыз. Бірақ қ абілетті қ ыз сияқ ты. Аламын», – деді. Хош, сонымен аптасына ү ш рет сол кісіден сабақ алатын болдық. Жарты жыл ө ткенде Ольга апай мені шақ ыртып:

— Қ ызың ыз мағ ан ұ нады. Кеш келсе де, тез ү йреніп кетті. Ө те алғ ыр бала. Болашақ та қ ызың ызды музыкағ а біржолата бергің із келмей ме? Ә рі қ арай консерватория дегендей. Ол ү шін, ә рине, қ ызың ыз біраз жарысқ а қ атысып лауреат атануы керек, – деді.

— Олай болмайтын шығ ар. Ө скен соң кө ң ілі сү йген мамандығ ын ө зі таң дай жатыр. Мен ә зірге айта алмаймын.

— Музыка, ө нер деген тамаша нә рсе ғ ой. Мә дениеттің нағ ыз мә йегі, – деп мені қ ызық тыра бастады.

— Иә, бірақ мен қ ызымды сол лауреат атануғ а емес, мә дениет ү йренсін деп ә келгем.

— Қ алай сонда?! Лауреат атанбаса, ө нер жолындағ ы карьерасы қ алай болады?!

—Мен сізге «баланың жан дү ниесін классикалық музыкамен байытып берсе» деген ниетпен бергем. Ал карьерағ а деген қ ұ штарлық іштарлық ты қ оздырады. Мен ө нер ортасын ө те жақ сы білем. Сахнаның арғ ы жағ ында лауреат атану ү шін қ андай қ ырқ ыстар болатынын талай кө ргем. Кіп-кішкентай бү лдіршіннің ондай мясорубкағ а осы бастан тү скенін қ аламас едім. Сондық тан сізге зор ө тініш: бұ дан былай мағ ан да, қ ызыма да ондай ұ сыныс айтпай-ақ қ ойсаң ыз, жақ сы болар еді. Себебі конкурсқ а қ атысып жең іп шығ удың нендей ә дістермен жү зеге асатыны бесенеден белгілі емес пе? – дедім. Ольга апай ойланап отырды да:

— Жарайды. Солай-ақ болсын. Мен тек талантты қ ызғ а обал болмасын деп қ ана айтып отырмын, – деді де, басылып қ алды. Мағ ан сө зін ө ткізе алмағ анына аздап ө кінгендей де болып кө рінді. Осыдан соң біраз уақ ыт мамыражай заман орнады. Ү йімізде батыстың неше тү рлі классикалық шедевр шығ армалары тұ рақ ты ойнала бастады. Расында да рақ ат! Кө з алдың да кішкентай қ ызың ның кү н санап ө нер ү йреніп, гү лденіп отырғ аны неткен қ уаныш десең ізші! 2014 жылдың қ ара кү зінде Ольга апай тағ ы шақ ыртты. Бардым. Ол:

— Алматыда жарыс болады. 17 мың тең ге тө леу керек. Қ ызың ыз сол конкурсқ а қ атысса, жақ сы болар еді, – деді.

— Неге? Менің қ ызым қ атыспаса болмай ма?

— Сіз ақ шадан қ иналып тұ рсыз ба?

— Жоқ. Менде ақ ша бар. Бірақ біз конкурс туралы айтпаймыз деп келісіп едік қ ой.

— Иә, солайы солай ғ ой. Бірақ бұ л ү лкен конкурстың да пайдасы бар. Ауылдың қ ыздары қ аланың балаларымен жарысып, психологиялық кедергіден ө теді. Ү лкен ортада ө здерін еркін сезініп ү йренеді. Жасқ аншақ болып қ ашанғ ы жү реді провинцияда? Кө рсін де ү лкен ортаны.

— Грамота, сыйлық тар бере ме?

— Ә лбетте. Онсыз бола ма? Балаларды кә дімгідей марапаттайды.

 

—Міне, кө рдің із бе? Осы марапат мағ ан ұ намайды. Себебі адам баласы ө нерді жан дү ниесін жайната тү су ү шін ғ ана ү йренеді. Ертең ол жерге неше тү рлі ата-аналар жиналады. Ә бден ә ккі болғ ан ата-аналар айналма ә дістерді іске қ осады. Шай-пайын ұ йымдастырып, шын таланттың жолын кеседі. Соның бә рін қ ызым кө реді. Психологиялық травма алады. Осының бә рін есепке алар болсам, мен ү шін бұ л конкурстың бір мысқ ал да мағ ынасы жоқ! Мен мағ ынасыз затқ а басымды қ атырмаймын, – деп кесіп айттым. Бірақ Ольга апай да сасқ ан жоқ. Қ анша дегенмен, еврейдің аты – еврей. Мат қ оюды шебер мең герген. Ол:

— Жарайды, Санжар, сіз ү шін бұ л конкурстың мағ ынасы жоқ екен. Сіз ө зің із бен қ ызың ызды ойлап отырсыз. Ол жағ ынан сізді қ олдаймын. Тіпті қ ызығ ып отырмын сізге. Бірақ олай кете берсек, мені кім ойлайды?

— Сізге не боп қ алды?

— Қ алай не боп қ алды? Менің де басшыларым бар. Олар менен нә тиже кү теді. Олар ү шін ө мірдің мә ні – сол! «Неше жылдан бері бала оқ ытып жү рсің, неге сенің шә кірттерің конкурста орын алмайды? » деп мені қ ыспақ қ а алады. Сонда мен сіздің ұ станғ ан ө мір салтың ыз ү шін басшылық тан сө з естуім керек пе? Осы ма мағ ыналы ө мір? Егер мені қ иындық қ а қ алдырып кететін болсаң ыз, одан сіз қ андай мә н табасыз? – деген кезде мен шынымен де тосылып қ алдым. Айтарғ а уә ж таппай отырып қ алдым. Сә лден соң:

— Жарайды. Онда қ ызым конкурсқ а грамота ү шін емес, сіздің абыройың ыз ү шін қ атысады.

— Олай болса, тіптен жақ сы, – деді ол қ уанып. Содан ү йге келдім де, қ ызымды дайындадым. Оғ ан: «Ертең жарысқ а барасың. Орын алам ба, жоқ па деп басың ды қ атырма. Апайым риза бола ма, жоқ па деп қ ана қ атыс. Барың ды сал. Аянып қ алма», – дедім. Ә рине, Алматыда арнайы мектепте тә улік бойы дайындалатын профессионал балалардан асып тү седі деген есек дә ме бізде болғ ан жоқ. Бірақ провинцияның дең гейінен жоғ ары кө рінсе, соның ө зі оларғ а жетіп жатыр. Ертесіне барып ақ шасын тө ледім. Ол да – ақ ша жеудің жетілген бір тү рі. Оқ ушы ө зі барып, ө зі келуі керек. Ү зілісте ас-ауқ ат, кофе брейк деген атымен жоқ. Тек конкурс біткен соң балаларғ а жылтырағ ан медаль-седаль сияқ ты арзанқ ол жылтырақ тарды таратып бермекші. Ү ндегем жоқ. Білмеген адам боп кете бердім. Ө зімен бірге қ атысатын бір қ ыздың ә кесі жеке кө лігімен бә рін топырлатып Алматығ а алып барып, алып келді. Қ ойшы, ә йтеуір не керек, сол кү ні кешке қ арай конкурстары ақ ыры бітті ғ ой. Ольга апайы біте салысымен мағ ан телефон толғ ады. Апарғ ан оқ ушыларының бас жү лдені алмаса да, биіктен қ алай кө рініп, топырлатып мақ тау қ ағ аздары мен медальдарды қ алай қ ырып алғ анын асығ а-аптығ а айтып жатты. (Бас жү лденің қ алай анық талғ аны онсыз да анық қ ой). Сө зінің соң ында:

 

— Кешке мә дениет ү йінің алдына келіп, қ ызың ызды алып кетің із, – деді. Бардым. Кө ліктен оқ ушыларымен топырлап тү сіп жатыр. Ольга апайдың қ уанышын кө рсең із ғ ой! Қ уанышы қ ойнына сыймай тұ р. Шә кірттерінің жетістігін айтып, жолдың жағ асында шаттана мақ танып, жарты сағ ат балпылдап ә ң гіме айтып тұ рып алды. Шә кірттерінің қ олында бір-бір мақ тау қ ағ азы. Мойындарына сары жезден жасалғ ан бір-бір медаль салбыратып іліп қ ойыпты. Қ ысқ асы, мен мақ сатыма жеттім. Ольга апайды қ уанышқ а бө ледім. Қ ыспақ тан қ ұ тқ ардым. Басшылығ ы оғ ан претензия қ оя алмады. Ал қ ызымыз болса ә у бастан бас жү лде мен атақ тардан дә мелі болып бармағ андық тан, сахнаның арғ ы жағ ындағ ы пыш-пыш ә ң гімені елемеген кү йі шат-шадыман кү йде ү йімізге оралды. Мен не ү шін мұ ндай стратегияны таң дадым? Себебі, Виктор Франклдың тұ жырымы бойынша Табиғ ат адам баласына талантты атақ қ а таласу ү шін емес, кісіні қ уанышқ а бө леу ү шін ғ ана берген. Егер осы пікірді хош кө ретін болсақ, біздің стратегия ө зін ақ тады деген сө з. Тағ ы да қ айталап есің ізге сала кетейік. «Адам не ү шін ө мір сү реді? », «Адам ө лгенше не істеп қ алуғ а міндетті еді? » деген сұ рақ тарғ а былай деп жауап берген болатын: «тоқ сан ауыз сө здің тобық тай тү йіні» – қ артайып шау тартқ анша адамдық борышың – адам ұ рпағ ына қ уаныш пен шаттық сыйлау. Кез келген адамғ а жаның ашып, оның нә сіліне, ұ лтына, тү ріне, дініне, тіліне, жынысына қ арамастан, оларғ а адал қ ызмет етіп, еткен қ ызметің е мақ тау, бодау, ақ ы кү тпестен, шаттық сезімге шомылып жү ру Ө мірдің Негізгі Мә ні болып табылмақ ».

 

Ә лбетте кө п ел менің бұ л ә рекетімді тү сіне алмайды. Олар мені «баласының бағ ын байлады» деп те ойлайды. Бірақ логотерапия бойынша олай емес. Бұ л ілімнің теориясы бойынша Қ ұ дай берген дарынды пайдаланып ондай мү мкіндікті іліп тү сетін пысық тық ты потенциализм деп атайды. Яғ ни талантты адамның бойында кісі қ ызығ атын мү мкіндік мол болады. Бірақ логотерапия сұ рақ ты былай қ ояды: «Талантты адам потенциалын пайдаланып, атағ ын шығ аратын ә рбір мү мкіндікті мү лт жібермей даң қ ын шығ аруы керек пе ә лде сол дарынымен елге танылмай-ақ Табиғ аттың талап еткен жалғ ыз ғ ана адамшылық парызын орындауы керек пе? » Менің ше ақ ылды адам міндетті тү рде осы парызды таң дауы керек. Егер біз «қ алайда жү лделі оралуымыз керек» деген далбаса бағ ытты таң дағ анда жең ұ шынан жалғ асып жатқ ан, шым-шытырық жемқ ор жү йенің қ ұ рбаны болар едік. Қ ызымыз да ә ділетсіз шешімдерді кө ріп шок алар еді. Ал, ә ділетсіздік – адамның ө мірге деген қ ұ штарлығ ын жоятын ең ірі факторлардың бірі. Сондық тан, бұ л бә леге ұ рынбаудың жалғ ыз жолы -ө зің нің бағ ың ү шін емес, ө згенің шаттығ ы ү шін ө мір сү ру.

 

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...