Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Эпидемиологиясы. Клиникалық көрінісі. Диагностикасы




Эпидемиологиясы

Қ Д-2 жалпы Қ Д эпидемиологиясын анық тайды, себебі ол барлық қ ант диабеттің шамамен 98%-ын қ ұ райды. Қ Д-2 таралу жиілігі ә р мемлекеттер мен этникалық топтарда тү рліше ауытқ иды. Европа мемлекеттерінде, АҚ Ш жә не Ресей Федерациясында ол халық тың 5–6%-да кө рініс береді.

 

7. 8 сурет. Қ антты диабеттің 2 тү ріндегі β -жасушалардың секреторлы дисфункциясы (инсулин секрециясының 1-ші жылдам фазасының

тү сіп қ алуы).

7. 8 сурет Время, часы- Уақ ыт, сағ аттар Базальная гиперинсулинемия- Базальды гиперинсулинемия Инсулинемия, мЕД/л- Инсулинемия, мЕД/л Низкий пиковый уровень инсулинемии- Тө мен шың сыз инсулинемия дең гейі Выпадение 1-й секреторной фазы-1-ші секреторлы фазаның тү сіп қ алуы

 

Қ Д-2-мен сырқ аттану жас ұ лғ айғ ан сайын артады: ересектердің 10%, Батыс елдері мен Ресейде 65 жастан асқ ан адамдардың 20% кө рініс береді. Қ Д-2-мен сырқ аттану Америка мен Гавай аралдарының тұ рғ ылық ты халқ ында 2, 5 есе кө бірек дамыса, ал Пима тайпасының ү нділерінің 50%-да (Аризона штаты) анық талады. Ү ндістан, Қ ытай, Чили жә не Африканың ауылдық жерлерінде тұ рып, дә стү рлі ө мір салтымен ө мір сү ретін тұ рғ ындарда Қ Д-2 даму жиілігі ө те тө мен (шамамен 1%). Ал Ү ндістан, Қ ытайдан АҚ Ш пен Ұ лыбританияғ а кө шкен халық тың арасында Қ Д-2 таралу жиілігі 12–15 %.

БДДҰ мә ліметтері бойынша ә лемде қ ант диабетімен сырқ аттанғ андар саны болашақ та, яғ ни 20 жылда 122%-ды қ ұ райтын болады (135 млн-нан 300 млн-ғ а дейін). Бұ л халық тың ү демелі қ артаюымен, адамдардың урбанизацияланғ ан ө мір салтының ө ршуімен, терең деуімен байланысты. Соң ғ ы жылдары Қ Д-2 «жасарғ аны», тіпті балалар арасында жиелегені алаң датады.

 

Клиникалық кө рінісі

Бірқ атар жағ дайларда клиникалық белгілері анық талмауы мү мкін, тек кездейсоқ гликемия дең гейін рутинді анық тау барысында ғ ана анық талады. Ә детте сырқ ат 40 жастан асқ ан кезде манифестацияланады, оғ ан қ оса науқ астардың басым кө пшілігінде семіздік жә не метаболикалық синдромның басқ а да компоненттері анық талады (11. 2 бө лімді қ араң ыз). Науқ астар ең бекке қ абілетінің тө мендеуіне, оғ ан басқ а себептер болмаса шағ ымданбайды. Шө лдеу мен полиурия сияқ ты шағ ымдар да аса айқ ын болмайды. Науқ астарды жиі терінің немесе қ ынаптың қ ышуы мазалайды, сондық тан мұ ндай науқ астар гинекологтар пен дерматологтардың кө мегіне жиі жү гінеді. Қ Д-2-нің манифестациясынан нақ ты диагноз қ ойылғ анғ а дейінгі аралық та кө птеген жылдар ө тетіндіктен (шамамен 7 жыл), науқ астардың кө бінде ауру алғ аш анық талғ анда Қ Д кеш асқ ынуларының симптомдары мен кө ріністері басым болады. Бұ ғ ан қ оса, науқ астар жиі дә рігерге кеш симптомдарының кө рініс беруіне байланысты шағ ымданып келеді. Науқ астар аяқ тың ойық жаралық зақ ымдануына байланысты (диабеттік табан синдромы) хирургиялық стационарларда, кө ру қ абілетінің ү демелі тө мендеуіне байланысты (диабеттік ретинопатия) офтальмологтарда, инфарктар, инсульттар, аяқ қ антамырлардың облитерациялаушы зақ ымдануына байланысты қ аралғ ан мекемелерде гипергликемия алғ аш анық талады.

 

Диагностикасы

Барлық Қ Д ортақ диагностикалау қ ағ идалары 7. 3. бө лімде кө рсетілген. Қ Д-2 диагнозы басым жағ дайда типті клиникалы кө ріністері дамығ ан науқ астарда гипергликемия анық талуына (семіздік, 40–45 жастан жоғ ары жас шамасы, Қ Д-2-ге оң отбасылық анамнез, метаболикалық синдромның басқ а компоненттері), инсулиннің абсолютті тапшылығ ын дә лелдейтін клиникалық жә не зертханалық белгілердің болмауына (айқ ын дене салмағ ының тө мендеуі, кетоз) негізделіп қ ойылады. Қ Д-2 халық арасында кең таралуына, ұ зақ уақ ыт симптомсыз дамуына, ерте диагностикалау нә тижесінде кеш асқ ынулардың алдын алуғ а болатынына орай, клиникалық белгілері кө рініс бермеген науқ астарда Қ Д-2 дамуын жоқ қ а шығ ару мақ сатында скринингті зерттеу жү ргізу қ ажет. Басты сынама, жоғ арыда кө рсетілгендей ашқ арынғ а гликемияны анық тау болып табылады. Ол келесі жағ дайларда тағ айындалады:

1. Артық дене массасы (ИМТ 25 кг/м2 астам) бар 45 жастан асқ ан барлық ересек адамдарғ а 3 жылда бір рет.

2. Артық дене массасы (ИМТ 25 кг/м2 астам) бар жә не тө мендегідей қ осымша тү рткілері бар жас адамдар:

— аз қ озғ алыстағ ы ө мір сү ру салты;

— жақ ын туыстарындағ ы Қ Д-2;

— Қ Д-2 даму қ аупі жоғ ары ұ лттар арасында (афроамерикандық тар, латиноамерикандық тар, жергілікті американдық тар жә не т. б. );

— дене салмағ ы 4 кг артық нә ресте босанғ ан жә не/немесе анамнезінде гестациялы диабет кө рініс берген ә йелдер;

— артериялық гипертензия (140/90 мм Hg);

— ТЖЛП > 0, 9 ммоль/л жә не/немесе триглицеридтер > 2, 8 ммоль/л;

— аналық бездің поликистозды синдромы;

— ГТБ жә не АГБ;

— жү рек-қ антамыр аурулары.

Қ Д-2-нің жас балалар арасында жиі таралуы жоғ арғ ы қ ауіп-қ атер тобындағ ы жас балалар мен жасө спірімдер арасында гликемия дең гейін скринингті анық тауды қ ажет етеді (10 жастан бастап 2 жыл интервалмен немесе пубертаттың басталуымен егер одан ерте жаста дамыса), бұ ларғ а дене массасы жоғ ары (ИМТ жә не/немесе жасына сә йкес дене массасы > 85 перцентиль, қ алыпты дене салмағ ымен салыстырғ анда 120% жоғ ары дене массасы) жә не тө менде кө рсетілген тү рткілерге қ атысты балалар мен жасө спірімдер жатады:

• бірінші немесе екінші қ атардағ ы туыстар арасында Қ Д-2 болуы;

• жоғ арғ ы қ ауіптегі ұ лтқ а жату;

• инсулинрезистенттілікпен ассоцирленген клиникалық кө ріністер (acanthosis nigricans, артериальды гипертензия, дислипидемия);

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...