Жай кесімді силлогизм 1 страница
Стр 1 из 13Следующая ⇒ КІРІСПЕ Бұл пәннің міндеті – жоғары сынып оқушыларын дұрыс ойлаудың формалды логика зерттейтін негізгі заңдармен және ережелерімен таныстыру. Формалды логика екі бөлімнен тұрады: біріншісі – ойлау процесін құрудың жалпы адамдық заңдары мен ережелерін, формаларын зерттейтін (Аристотельден бері келе жатқан) ежелгі, дәстүрлі логика және екіншісі – ойлау процесін арнаулы математикалық әдістер, символдық шартты белгілерді қолдану арқылы зерттейтін математикалық логика. Математикалық логика техникадағы, тірі ағзалар дүниесі мен қоғамдық құрылыстағы аса күрделі процестер мен құбілістарды басқару заңдылықтары жайындағы ғылым кибернетикасымен тығыз байланысты. Кибернетиканың негізін салушы әйгілі математик Н.Винер кибернетиканың шығуының өзі математикалық логикасыз ақылға қонбас еді деп атап көрсетеді. Математикалық логика ақыл–ой еңбегін машиналандырудың құралы болып табылады. Математикалық логика тек кибернетикада ғана емес, сондай–ақ ғылым мен техниканың басқа да салаларында кеңінен қолданылады. Қазіргі мектеп оқушыларына болашақта есептеу техникасымен, автоматтық құралдармен жабдықталған цехтерде, кәсіпорындарда еңбек етуге тура келетіні сөзсіз. Жастарда жаңа техниканы басқару үшін қажетті әзірлік бар ма? Орта мектепте оқып жүргеннің өзінде–ақ жастарға азды – көпті компьютерлік білімді қалай беру керек? Бұл мәселелер қазір аса маңызды проблемаға айналып отыр. Қазіргі кезде алда тұрған міндет – компьютермен «сөйлесуді» мектеп оқушысы үшін әдетті іске айналдыру. Электрондық–есептеу техникасын оқып –үйренуге кірісетін мектеп оқушысы қазіргі заманғы математикалық формалды логика кибернетиканың теориялық негізі екенін білу тиіс.
Бірақ Аристотельден бері келе жатқан дәстүрлі формалды логика пәнін білмейінше математикалық логиканы ойдағыдай меңгеру қиын, өйткені дәстүрлі формалды логика зерттейтін жалпы адамдық ойлау заңдары мен формалары, ойқорытынды мен дәлелдеу ережелері математикалық логиканың да мазмұнына енеді, бірақ бұл логика ойлауды математикалық әдістер мен символдық амалдардың көмегімен зерттейтіні жоғарыда айтылды. Осы жөнінен алғанда, дәстүрлі формалды логиканы арифметикамен салыстырып, «логиканың арифметикакасы» деп қарастырсақ, ал математикалық логиканы «формалды логиканың алгебрасы» деуге болар еді. Арифметиканы білу алгебраны түсіну үшін кіріспе болатыны сияқты, дәстүрлі формалды логиканы білу математикалық логиканы түсіну үшін кіріспе, дайындық болып табылады. Бұл біріншіден. Екіншіден, осыдан 2500 жылдай бұрын Аристотель негізін салған дәстүрлі формалды логика зерттейтін дұрыс ойлаудың заңдар мен формаларын, ережелерін білу логикалық мәдениеттің, яғни, дұрыс ойлау мәдениетінің негізін құралды. Бүкіл адамзат мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын дұрыс ойлау мәдениеті әрбір адам үшін қажетті. Дұрыс ойлау, дұрыс пайымдау адамның күнделікті ойлау–сөйлеу практикасында қалыптасып, іске асатыны белгілі. Кәмелетке жеткен әрбір адам дұрыс пікірлеу, пайымдау, дәлелдеу сияқты ақыл–ой әрекеттерін іске асыруға қабілетті. Мұндай ақыл – ой қызметтерін іске асыра білу қабілеттерінің жиынтығы адамның логикалық мәдениетін құрайды.
Грамматикалық ережелерін білмей–ақ адамдардың дұрыс сөйлей білетіні сияқты, логика ғылымы тұжырымдаған ережелерін білмей де дұрыс қорытынды жасап, дұрыс дәлелдеуге болады. Алайда, бұдан логиканы арнайы оқып үйренудің қажеті жоқ деген қорытынды шығаруға бола ма? Әрине, болмайды. Граматиканың ережелерін білу сауатты сөйлеуге, сауатты жазуға үйретіп, тіл мәдениетін жетілдіретін сияқты, дұрыс ойлаудың логикалық заңдары мен ережелерін білу, оларды саналы түрде қолдану «сауатты» ойлауға, яғни, дұрыс ойлауға дағдыландырып, ойлау мәдениетінің деңгейін көтеретіні сөзсіз. Сондықтан да логика ғылымының негізін салған ертедегі грек философы Аристотель оны «ойлаудың грамматикалық» деп атаған екен. Қазіргі қоғамның компьютерлену заманында математикалық (символдық) логиканың принциптері мен заңдарын білудің маңызы зор екені жоғарыда айтылды. Ал математикалық логиканың принциптерін түсіну үшін тағы да қайталап ескерткен артық болмыс, дәстүрлі формалды логиканың заңдары мен ережелерін білу аса қажет, өйткені бірінші екіншісінің дамуының жалғасы болып табылады. Мұның бәрі, қорыта айтқанда, әрбір адамның логикалық мәдениетін мектептегі кезінен бастап саналы түрде қалыптастыру қажеттігін тудырады. Сөз соңында айтарымыз, орта мектепте арналып қазақ тілінде тұңғыш жарық көргелі отырған бұл оқулықты оқушы жұртшылық жылы қабыл алатынына да күмән жоқ. Қазақстан шыққан тұңғыш логика профессорының бұл еңбегі қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін көтеруге өз үлесін қосады деп сенемін.
Философия ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Кенжебаев
І ТАРАУ ЛОГИКА ПӘНІ Логика пәні адамның ойлау процесін зерттейді. Ойлау - алуан түрлі астары бар, аса күрделі процесс, сондықтан оны логикамен қатар психология, физмология, философия сияқты ғылым салалары да зерттейді. Олай болса, логика ойлау процесін қалай зерттейді, оның қарастыратын пәні не деген орынды сұрақ туады. Логика ойлау процесін ең алдымен дүниені танып-білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады. Логикаға төмендегідей анықтама беруге болады. Логика дегеніміз - ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері туралы философиялық ғылым. Логика ғылымының бұл жалпылама анықтамасының мәнін ашып көрсету үшін, ойлау процесі дегеніміз не, оның заңдары мен формаларының мәні неде екенін түсіну қажет. 1.1. Ойлау - шындықтың санада бейнеленуі Ойлау дегеніміз - ең алдымен шындық дүниесінің адам миында бейнеленуі болып табылады. Ол біріншіден - дүниетанудың нәтижесі болса, екіншіден - дүниені тереңірек, толығырақ танып-білудің құралы. Себебі, заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып-білуге болмайтын ішкі қасиеттерін, мәні мен сырын тек ақыл-ойға салып, ойқорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз. Дүниені танып-білудің жолы - білмеуге қарай дәл емес, толымсыз білімнен дәл де толық білімге өту жолы екені белгілі. Таным процесі айналадағы шындық дүниені сезім мүшелері (көру, есту, иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу) арқылы тікелей бейнелендіруден, сөйтіп, нақты білім алудан басталады. Бұл сезімдік таным деп аталады. Адамды сыртқы дүниемен тікелей байланыстыратын бұл сезімдік таным шындық дүние жайындағы біздің біліміміздің қайнар көзі. Сезімдік таным үш негізгі формада іске асады. Олар: түйсік, қабылдау және елестету.
Түйсік дегеніміз - материалдық дүниедегі заттар мен нәрселердің сыртқы көрінісі, түсі, иісі, дәмі, түрі сияқты жеке-дара нақты белгілері мен қасиеттерін бейнелеу. Ал нәрселердің белгілі бір сапа, қасиеттер бірлігі түрінде біртұтас зат ретінде бейнелеу қабылдау деп аталады. Мәселен, терезе алдында өсіп тұрған алма ағашын көргенде, біз оны өз ойымызда басқа ағаштардан өзгеше, өзіндік белгілері бар нақты нәрсе ретінде бейнеленсек, ол қабылдау болып табылады. Сезімдік танымның жоғары формасы болып табылатын елестету -бұрын қабылданған, ал дәл қазір сезім мүшелерінің алдында жоқ нәрселердің көрнекі бейнесін қайта жаңғырту процесі. Мәселен, оқушы сыныпта отырып-ақ анасының немесе әкесінің бейнесін көз алдына келтіре алады. Бұл да көрнекі бейне. Мұнда да жалпылау процесі жоқ. Сезімдік танымның бұл үш формасы нәрселердің сыртқы бейнесін ғана бейнелейді. Алайда, адам мұндай көрнекі бейнемен, нақты біліммен ғана шектеле алмайды. Ол жеке көрнекі бейнелерді жалпылап, нәрселердің ішкі қасиеттерін, мәнін танып-білуге, табиғат пен қоғамның заңдарын ашуға тырысады. Ал бұл абстрактылы ойлау арқылы ғана іске асады. Абстрактылы ойлау дүниетанудың екінші, жоғары сатысы болып табылады. Сезімдік танымға қарағанда, ойлау дүниені тереңірек және толығырақ танып білуге мүмкіндік береді. Абстрактылы ойлау біртектес заттар мен құбылыстарға тән нақты, кездейсоқ және жеке-дара қасиет, белгілерді назардан тыс қалдыра отырып, олардың бәріне тән жалпы да мәнді белгілерін жинақтап бейнелейді. Егер адам заттардың көрнекі белгілерін сезім мүшелері арқылы бейнелеумен қанағаттанып қана қойса, онда ол құбылыстар арасындағы себепті байланыстар мен тәуелділіктерді аша алмайды. Мәселен, күннің күркіреуі мен найзағай жарқылының арасындағы байланысты, күн мен айдың тұтылуы себептерін, көптеген қылмыстық істердің себептерін, т.б. аша алмас еді. "...Экономикалық формаларға талдау жасағанда, - деп жазды К.Маркс, - ешқандай микроскопты, ешқандай химиялық реактивтерді қолдануға болмайды. Ол екеуінің орнын абстракцияның күші басуы тиіс". Алайда, абстрактылық ойлауды сезімдік танымнан мүлдем бөліп алып қарастыруға да болмайды. Ғылыми таным процесінде абстрактылық ойлау мен сезімдік таным бөлімбес бірлікте жүріп отырып, өйткені, ол екеуі біртұтас таным процесінің екі жағы болып табылады. Ойлаудың маңызы қаншалықты зор болғанымен, ол сезім мүшелерінің көмегімен алынған мәліметтерге негізделеді. Сезімдік танымның нәтижесі логикалық танымға өтудің алғышарты болып табылады. Сезімдік танымның мәліметтеріне негізделген абстрактылық ойлау (логикалық таным) ғана ақиқат білім береді. Танымның бұл екі сатысының ажырамас бірлігін практикаға айқын көрсетеді, өйткені практика танымның әрі негізгі қозғаушы күші, әрі білімнің ақиқаттылығының өлшемі (критерий) ретінде оның бүкіл өн бойында шешуші орын алады.
Сонымен, абстрактылық ойлаудың негізгі ерекшеліктері төмендегідей: Біріншіден - ойлау шындықты жинақталған формада бейнелейді. Сезімдік танымға қарағанда, ойлау нәрселердің жеке жақтарын назардан тыс қалдырып, олардың бәріне тән жалпы, мәнді жақтарын жинақтайды. Мәселен, күн сайын көптеген адамдарды көреміз. Олардың жасы, жынысы, ұлты мен кәсібі алуан түрлі, біреулер ұзын бойлы екіншілер қысқа бойлы, біреулердің шашы қара, екіншілердің шашы сары, т.б. Олардың бәрін ойша салыстыра келгенде, бәріне ортақ мұнандай маңызды белгілерін - еңбекке, ойлауға және сөйлеуге қабілетін бөліп алып жинақтап, адамның абстрактылық бейнесін жасаймызда, жеке адам жайындағы ұғымнан жалпы адам туралы ғылыми ұғымға көшеміз. Дәл осылайша жинақтау және абстракциялау жолымен "материя", "сана", "мемлекет", "құқық" сияқты болып жатқан ғылыми ұғымдар құрылады. Сөйтіп, абстрактылық ойлау жинақтаудың арқасында шындықты барынша тереңірек бейнелейді. Екіншіден - ойлау шындықты тікелей бейнелеу емес, жанама бейнелеу, яғни, ой қорытындыларын жасау арқылы белгілі білімдерден жаңа білім қорытып шығару процесі боып табылады. 1.2. Ойлау мен тілдің бірлігі Ойлаудың үшінші ерекшелігі - оны тілмен тығыз байланыстылығында. Адамның миында қандай ой пайда болса да, ол тілдің материалдың незінде ғана туындап, іске асады. Адам өз ойын ауызша білдірсе де, жазбаша түрде білдірсе де, ойласа да, бәрібір, өз ойын сөз немесе сөйлем түрінде жеткізеді. Адамдар тілдің көмегімен өзін ойлау қызметін нәтижелерін тұжырымдап, бір-бірімен пікір алысып, өзара түсініседі. Тіл - ойды білдіретін белгілер жүйесі. Сөйлеу тіліне қатысты кез келген сөз (мәсемен, "ағаш", "өзен", "жануар", т.б.) ауызша дыбыстардың қосындысы немесе жазбаша таңбалардың жиынтығы ретінде өз бетінше ешбір мәнсіз, тек материалдық мәселелерге қолданғанда ғана олар мәнге ие болады. Тілдік белгі кез келген заттардың, нәрсенің мазмұнын білдіретін болғандықтан ғана қатынас құралы ролін атқарады. Мысалы, "үй", деген сөз сырт көрінісі жағынан қарағанда екі дыбыстың ұштасуы ғана болғаны мен, бірақ шындықта бар объективтік зат - үйдің бейнесін білдіретін ұғым болып табылады. Ал географиялық картада шартты белгілердің ролі мүлдем басқаша. Олар өздері көрсетілетін заттарға мүлде ұқсас емес, солардың мәнді белгілерін бейнелейтін ойда емес. Мәселен, математикалық белгілердің қосу мен алу белгілерін алсақта дәл сол сияқты. Белгілі бір ғылым саласындағы ұғымдарды белгелеу үшін қолданылатын бұл шартты белгілердің ғылыми ой-пікірді дамытудыға ролі орасан зор. Ал сөйлеу тіліндегі сөз, сойлемдердің белгі ретіндегі атқарар қызметі өзгеше. Олар адамдар арасында жан-жақты пікір алмасу, қарым-қатынас орнату қызметін атқарады. Көне заманда, адамзат қоғамы қалыптаса бастаған кезде, адамдарға өзара ұдайы хабарласып тұру үшін тұрақты дыбыстық белгілер жүйесі қажет болады, яғни, "табиғи" тіл немесе сөйлеу тілінің қажеттігі туды. Бұл қажеттілік дамудың түрлі сатысында тұрған халықтардың бәрінде болады. Тіл қоғамдық еңбек процесін негізінде ойлаумен бір мезгілде туды. Адам тілінің қалыптасуы ойлаудың қалыптасу мен бірге аса ұзақ уақытқа созылады. Адамзаттың жүздеген ұрпақтарынның тарихи даму барысында сөздер белгілі бір пихикалақ және логикалық мазмұны мен бірлікте айтылып, тиісті іс-әрекеттірмен пысықталып, адамдардың қарым-қатынасын және мінез-құлқын реттеп отырады. Нәтижеінде тілдік белгілердің (Сөздер мен сөйлемдердің) белгілі бір логикалық мазмұны мен біте қайнасыр кеткені соңға, оларды бір-бірінен бөліп қарап қалуға болмай қалды. Тілдік белгі (сөз) әр тілде әтүрлі болғанымен, Олардың логикалық ман-мазмұны біржей болатыны да соны көрсетеді. Мәселен, қазақ тіліндегі "ағаш" сөзі орыс тілінде "мод", т.б. болып айтылғанымен, олардың бәрінің логикалық мазмұны бір ұғымды білдіретіндіктен ғана біз бір-бірімізді аударма арқылы болса да түсіне аламыз. Белгілі бір тілге енетін кез келген белгінің өзіне тән заттық мәні болады, өйткені ол белгі өзі айқындайтын ой обчектісінің - заттық орнына жүреді. Тілдік белгінің заттық мәні оның мазмұнымен, яғни, қандай ойды білдіретінімен тығыз байланысты. Белгінің мәні жайында сөз болғанда, біз ол белгінің обчектіге (белгілі бір затқа) қатысын ғана ескермейміз, сондай-ақ ол объектінің белгілі бір қасиеттері жайында хабар беретін де ескруіміз керек. Ой нәрсені бейнелендірген де, оның қайсы бір жақтарын (қасиеттерін) іріктеп алып көрсетеді. Белгіде (сөзде) бейнеленген белгілі бір мән оның симатикалық (мазмұндық) жағын құрайды. Белгілер, жоғарыда атап өткеніміздей, сондай-ақ адам мен адамның арасындағы қатынасқа байланысты, яғни, ол сөзді естіген адам белгілі бір мінез білдіріп, іс-әрекет көрсетуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, тілдік белгілер адам арасында қарым-қатынас орнатудың, өзара түсінудің құралы ретінде көрінде. Тілдік белгелердің бұл жағын, әдетте, оның прогматикалық (практикалық) жағы деп атайды. Ақыр соңында, белгілер бір тұтас жалпы жүйеге (тілге) енеді, сол тілдің табиғатына тән ережелер негізінде өзара белгілі бір қатынастарда болады. Осының арқасында сол тілдің бір белгілерінен басқа басқа белгілеріне реттеп өту мүмкіндіктері туады. Бұл тілдің синтаксистік жағы деп аталады, ал сол тілдің ішкі құрылысына сәйкес белгілер (сөз, сөйлемдер) арасында болатын қатынастар жүйесі оның синтаксисін құрады. Логика үшін айрықша маңыздысы - тілге симатикалық талдау жасау. Кез келген сөз, сөйлем шындыққа қатынасы бар белгілі бір ойды білдіреді. Бұл жағдайда тілдік белгі ретінде сөйлемді онда бейнеленген ойдан (логикалық пікірден) айыру білу, ал бұл екеуін оларда бейнеленген шындықтан ажырата білу керек. 1.3 Логикалық форма және логикалық заң туралы ұғым Логика дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым екенін жоғарыда айттық. Ал енді ойлаудың логикалық формасы және логикалық заң дегеніміз не, соны қарастырып көрейік. Ойлаудың логикалық формасы деп оның құрылысын, яғни, құрамдас бөліктерінің байланысу тәсілін айтады. Семантикалық жағынан алғанда, ойлаудың негізгі формаларына ұғым, пікір және ой қорытынды жатады. Бұл формалардың әрқайсысы кейінірек арнайы тарауларда толық қарастырылады. Бұл жерде тек логикалық форма деген ұғымды түсіндіру үшін оларға қысқаша тоқталамыз. Шындық дүниедегі жеке нәрселер немесе олардың жиынтығы адам ойында ең алдымен ұғым түрінде бейнеленеді. Олар мазмұны жағынан алуан түрі: мәселен, "ағаш", "қылмыскер", "өсек" т.б тұрліше ойлау обектілерін бейнелейтін ұғымдар. "Қылмыскер" - мемлекеттік өкімет органдары бекіткен заңды бұзған адамға айтылса, ал "өсек" біреуді масқаралайтын жалған пікір таратуды білдіреді. Бұл ұғымдардың мазмұны бір - бірінен мүлдем өзгеше болғанымен, бәріне ортақ белгі - заттарға тән жалпы, мәнді белгілерді немесе қасиеттерді бейнелеу тәсілі бірдей ұғымдару болу. Бір нәрсеге тән айрықша белгілерді немесе көп нәрселердің тұтас тобына тән жалпы мәнді белгілерді мәнсіз белгілерінен бөліп алып бейнелеудің нәтижесінде сол ой обьектісі туралы ұғым (А) құрып, өзара байланысты (а, в, с деген) жалпы мәнді белгілерін атап көрсетеміз. Сөйтіп, түрлі заттар адам ойлауында бірдей тәсілмен - мәнді белгілердің белгіні бір байланысын көрсететін ұғым формасында бейнеленеді. Шындық дүниедегі заттар мен олардың қасиеттері арасындағы немесе бірнеше заттар арасындағы түрлі қатынастар пікір формасында бейнеленеді. Бұл қатынастар қостау немесе терістеу түрінде бейнеленеді. Мысалы, "қылмыскердің қорғануға құқығы бар" деген пікірде қылмыскер мен оның қорғануға деген құқығы қосталып тұр. "Кейбір адамдардың логикалық білімі жоқ" деген пікірде " кейбір адамдар" мен "логикалық білім" арасындағы байланыс терістеліп тұр. Келтірілген пікірлер мазмұны жағынан түрлінше болғанымен, ондағы ұғымдардың байланыс тәсілі бірдей. Ол байланыс не қостау формасында, не терістеу формасында бейнеленген. Бұл пікірлерді құрайтын ұғымдарды логикада қабыл алынған S (субьект) және Р (предикат) таңбалармен білгілеп көрсетсек, осындай кез-келген пікірлер үшін ортақ формула: S-P келіп шығады. Мұндағы S - (пікірдің субьектісі) ой обьектісін, Р (предикат) сол обьектінің белгісін, ал олардың арасындағы "-" белгісі S пен Р-нің байланысын көрсетеді. Бұл байланыс қостаушы да, терістеуші де болу мүмкін. Ойқорытынды дегеніміз - бірнеше пікірлердің логикалық байланысының жаңа пікір - қорытынды шығарудың логикалық формасы. Қорытынды шығарудың логикалық формасы түрінше мазмұндағы ойқорытындыға ортақ. Мысалы, "Куә жалған мәлімет бермеуге міндетті", ал "Бейсенбаев - куә" деген пікірлерден қажетті түрде "Бейсенбаев жалған мәлімет бермеуге міндетті" деген пікір шығады. Алдыңғы екі пікір "куә" деген ортақ ұғымын көмегімен байланысып тұрғандықтан ғана қорытынды шығаруға мүмкіндік туды. Демек, мазмұны жағынан әр түрлі ойқорытындылардың бәріне ортақ жалпылық - алғаш берілген пікірлердің арасындағы байланысу тәсілі. Сонымен, ойлаудың негізгі формалары ұғым, пікір, ойқорытындыны қарастыра отырып, біз олардың нақты мазмұнына тәуелсіз, әрқайсысына тән жалпылықты таптық. Атап айтқанда, ойдың мазмұны бөліктерінің байланысу тәсілін - ұғым мазмұндағы белгілердің, одан кейін пікір мазмұнын құрайтын ұғымдардың және соңында ойқорытындының мазмұнын құрайтын пікірлердің байланысу тәсілін таптық. Бұл тәсіл тілдері түрліше болып келетін алуан түрлі халықтар мен ұлттардың бәрін ойлау процесіне тән ортақ логикалық форма болып табылады. Сондықтан да біз аударма арқылы болса да олармен өзара түсінісе аламыз. Күнделікті ойлау процесінде ойдың мазмұны мен формасы ажыратылмас бірлікте болады, өйткені, формасыз таза мазмұн және мазмұнсыз таза форма болмайды. Бірақ арнайы талдау жасау мақсаты қойылған кезде, ойдың нақты мазмұнына көңіл аудармай, оның формасына ойша біліп алып зеттейміз. Сондықтан біз қарастырып отырған логика формалдық логика деп аталады. Ойлаудың бұл аталған формалары ақиқат қорытынды беруі үшін, олардын байланысы белгілі бір логикалық зандар мен ережелерге бағынуы тиіс, өйткені, пайымдау процесінде ойлау формаларын дұрыс байланыстыратын зандар түрліше логикалық қателіктерден сақтайды. Россияның "Строиельная газетасында" жарияланған мынадай бір хабар бұл айтқанымыздың айқын мысалы бола алады. Бір құрылыс алаңында салынып жатқан үш қабат үйдің балконының бір жағы қисайып тұр екен. Соны түзеп қою үшін құрылыс бригадирі жанына тайгадағы бір селодан жаңадан келген бір жас жұмысшыны алып, іске кіріседі. Ол сүйменді (ломды) алып, балкон тіреуінің бүйіріне көлденең қойып, жас жұмышыға кувалда деп аталатын дәу балға беріп: - Бей по ребру! - деп бұйырады. Бұйрықтың мәнін түсінбеген жас жұмысшы аң-таң болып тұрғанда, бригадир: -Бүйірден соқ дедім ғой саған! - деп боқтап жібереді. Содан кейін жас жұмысшы бригадирдің бүйірінен соғып жібергенде, ол үшінші қабаттан жерге құлап түседі, бірақ Құдай сақтап, қалың күртік қардың үстіне құлайды. Жас жұмысшы сотта ақталып шығады, өйткені, бригадир бұйрық бермес бұрын, оның мәнін жұмысшыға дұрыстап түсіндіруі тиіс еді. Бұл жерден логикның тепе-теңдік заңы бұзылды. Өйткені "ребро" деген сөзді екеуі түрлі түсінді де," әрбір ой анық, айқын болуы тиіс, олар түрліше мағынада алынбауы керек" деп аталған заңның талабы сақталмады, өйткені, орыс тілінде "ребро" деген сөз - көп мәнді сөз.
Читайте также: Ажыратушы –кесімді силлогизм Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|