Жай кесімді силлогизм 2 страница
Ойлау заңы дегеніміз - пайымдау прцесіндегі бірнеше ұғым, пікір, ойқорытынды сияқты ойлау формаларына тән қажетті, ішкі, мәнді байланыстар. Формалдық логиканың заңдары (тепе-теңдік, қайшылықсыздық, үшіншісі (шешімі) жоқ және жеткілікті негіз заңдары) ойлаудың айқындылығын, қайшылықсыздығын, дәйектілігін және дәлелділігін талап ете отырып, оның дұрыстығын қамтамасыз етеді. Бұл талаптарды бұзу міндетті түрде логикалық қателіктерге соқтырады. Аталған заңдар адамдардың еркінен, қалауынан тыс қалыптасып, әрекет етеді. Олар - материиялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің байланыстары мен қатынастарының бейнеленуі. Сондықтан формалдық логиканың заңдары адамдардың ұлтына, табына, жеріне қарамастан, жалпы адамдық сипатта болды, өйткені, олар адамзаттың көп ғасырлық дүниетану тәжірибесінің нәтижесі ретінде тәжірибелік іс-әрекетте қалыптасты. Тәжірибеде миллиард қайталана отырып, адам санасында логиканың фигуралары (ойқорытындылары) түрінде орнықты. Ескеретін жағдай, формалдық логиканың заңдарымен қатар, ойлаудың диалектикалық заңдары да бар. Олар: қарама-қармылықтардың бірлігі мен күресі, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне өту және терістеуді терістеу заңдары. Бұлар - дүниенің даму заңдары. Бұл заңдардың көмегі арқасында ойлау процесі обьективтік дүниедегі диалектикалық даму процестерін танып-біле отырып, сонымен қатар формалдық логиканың заңдарын да қатаң сақтауы тиіс, өйткені, диалектикалық ойлау үшін де айқындылық, қайшылықсыздық және дәлелділік аса қажет.
1.4. Ойдың ақиқаттылығы мен дұрыстығын бірлігі Дүниетанудың мақсаты - дүние жайында ақиқат білім алу. Философияда ақиқат деп біздің біліміміздің шындыққа дәл сәйкес келу мазмұнын айтады. Мәселен, "жер күнді" деген пікір - ақиқат ой. Ал, керсінше, "күнде, айда, барлық жұлдыздар да Жерді айналады" деген жалған пікір ерте заманда ғасырлар бойы үстемдік жасап келеді. Әлем жайында білім барған сайын тереңдей түсуінің нәтижесінде астраномия ғылым бұл пікірдің жалғандығын, яғни шындыққа сәйкес келмейтіннің дәлелдеді. Дүниетану процесінде біз тек тікелей сезім мүшелерінің көрсеткеніне тәзірибелік, нақты фокторлерге ғана сүйенбей, адамзаттың ғасырлар бойғы тәжірибесі мен ғылыми танымды жинақтаған білімдерге де сүйенеміз. Бұрын ашылып, тәжірибеде дәленденген жалпы білімдерді пайымдау арқылы жаңа білім қорытып шығанру фактісін біз ғылымнан да, күнделікті өмірде сан рет кездестіреміз. Мұндай білімдер ғылымда қорытпа білім деп аталады. Мәселен, XVI - ғасырда кемемен жүзіп, жерді айналып шыққан протуладық Магеллан оның шар тәрізді екенін алдын ала көзімен тікелей көре алған жоқ. Логикалық пайымдаулар арқылы жасалған "жер - шар тәрізді домалақ дене" деген қорытпа білімнің ақиқаттығына кәміл сенгендіктен ғана бес-алты кемені жабдықтап, батыл тұрде батысқа қарай жүзіп кетті. Ал жердің шар тәріздес екенін тек біздің ғасырымызда ғарышқа ұшудың нәтижесінде ғана тікелей көруге мүмкінді туды.
Логика ғылымының негізгі міндеті - пайымдау арқылы ой-қорытындыларын жасап, қорытпа білім алуда қолданылатын ойлау заңдарын (ережелерін) зерттеу. Ойқорытындылар жасағанда бір пікірді дәлелдеуге немесе бекерге шығаруға, жалған пікірлердің теріс екенің дәлелдеп, ұғымды анықтауға, т.б. логикалық әркекттерді іске асыруға тура келеді. Мұның бәрі белгілі бір логикалық ережелерге бағыну тиіс. Ойқорытындыларын жасай отырып, ақиқат білімге жету үшін, міндетті түрде мына екі талап орындалуы тиіс; біріншіден - алғысшарт болып таблатын негізгі алынатын бастапқы пікірлеріміздің ақиқат болуы, яғни, ақиқаттығы дәлелденген болуы тиіс, екіншіден - пайымдау барысында ойымыз логика заңдарына (ережелеріне) сәйекс құрылуы қажет."Егер біздің алғышарттарымыз ақиқат болса және оларға ойлау заңдарын дұрыс қолдансақ, - деп жазды Ф. Энгельс, - онда нәтиже шындыққа сәйкес келуі тиіс". Бірнеше мысал келтіре отырып түсіндірейік. Металдың бәрі қатты зат. Сынап қатты зат емес. Олай болсақ, сынап метталл емес деген жалған қорытынды шығады, себебі "Металдың бәрі қатты зат" деген бірінші алғышарт - жалғас пікір. Металдың бәрі - электор өткізгіш. Мына зат та - электор өткізгіш. Олай болса, бұл зат - металл деген қорытынды шықпайды, өйткені, екі алғшарттың екеуі де ақиқат болғанымен, олардың логикалық байланысы дұрыс қорытынды шығаруға жеткілікті негіз бола алмайды. Ол зат металл болуы да мүмкін, бірақ міндетті түрде оны металл деп айта алмаймыз. Металдың бәрі - электр өткізгіш, мыс - металл деп, екі алғышартты байланыстырсақ, онда бұл екеуінің байланысынан міндетті түрде "мыс - электр өткізгіш" деген ақиқат қорытынды шығады. Логиканың зандарын, көптеген иделист - философтар айтқандай, адамдар өз қалауынша, өз еркінше қолдан жасап алған жоқ.Олар материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың байланыстары мен қатынастарының адам миында табиғи бейнеленуі. Осы тұрғыдан алғанда, логиканың заңдарына сәйкес ойлау процесін, яғни, логикалық ойлауды, логика ғылымынан ажырата білу қажет.
Адамзат логиканың заңдарына сәйкес ойлауды ол заңдарды зерттейтін логика ғылымы пайда болудан әлдеқайда бұрын бастаған болатан. Логикалық теория адамның ойлау, сөйлеу қызыметін белгілі бір тұрғыдан зерттеудің нәтижесінде кейіннен пайда болды. Әрбір зерделі адамның логика ғылымы қарастыратын ұғым мен пікірді, ойқортынды мен дәлелдеу процестерін логика ғылымы оқып, үйренбей-ақ қолдана білетін ойлау логикасының алғашқылығы дәлелдейді. Ойлау логикасының дамуына, тереңдеуіне байланысты логика ғылымының да дамитынын логиканың екі жарым мың жылдық тарихы айқын көрсетеді. 1.5. Логика тарихынан қысқаша мәліметтер Ойлаудың логикалық формаларын арнайы зерттеу қашан, қай елде басталғанын дәл айтатын мәлімет жоқ. 1Логика гректің logos - «ойлау», «сөз», «ақылой», «заңдылық» деген ұғымдарды білдіретін кең мазмұнды сөзінен шыққан. Осыған сәйкес «логика» термині, негізінен, мынадай үш мағынада қолланылады: І) шындық дүниедегі заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын білдіру үшін («заттар логикасы», «тап күресі логикасы», т.б.); ІІ) ойлаудың дәйектілігін, айқындылығын, дәлелділіген білдіру үшін («ойлау логикасы», «пайымдау логикасы» мағынасында) қолданылады. Ойлаудың заңдылықтары обьективтік дүние заңдылықтарының адам санасында бейнеленуі болып табылады: ойлау логикасы заттар логикасының бейнесі; ІІІ) логика ғылымы ойлау логикасының теориялық, ғылыми бейнесі ретінде қолданыады. Олай болса, ойлау логикасы алғашқы, ал логика ғылымы содан кейінгі екінші болып табылады.
Осы арада ескерте кеткен жөн, кейбір аудармашылардың логика ғылымын «қисын» деп аударуы мүлде дұрыс емес. «Қисын» логика ғылымы зерттейтін ойлаудың ішкі құрылысын, формасын білдіре алмайды, әрі барғанда ол ойлау логикасының шындық дүниеге қатынасын ғана, яғни ойдың шындығын, ақиқаттығын ғана білдіру мүмкін. Екі жарым мың жылдай өмір сүріп келе жатқан ғылымды ондай тұрпайы терминмен атау үлкен қателік болады. Логикалық зерттеулердің бастамасы Ежелгі Қытай, Үнді және Грекия елдерінде біздің жыл санауымыздан бұрын V-IV ғасырларда бір-бірінен тәуелсіз басталғаны жайында да мәліметтер бар. Логика – алғашында жалпы филогсофияның құрамында таным теориясының бөлігі ретінде қарастырылды. Сондықтан логика әуелбастан-ақ материализм мен идеализм арасындағы ымырасыз күрестің объектісі болды. Дегенмен, логиканың ғылым ретінде дүниеге келіп, қалыптасқан отаны Ежелгі Грекия деп саналады, ал оның негізін салушы ұлы ғалым Аристотель болды. Рас, Ежелгі Грекияда логика саласындағы ғылыми-зерттеулерді алғаш басталған атомдық іліміні негізін салған. Демокрит еді. Логика мәселелерімен Ежелгі Грекия идеалистері Сократ пен Платон да айналысты. Бірақ олардың ешқайсысы дәйекті де дербес логика ғылымын жасай алмады. Бұл міндетті Ежелгі Грекияның әйгілі философы Аристотель (б.з.б. 384-322жж.) іске асырды. Сондықтан ол логиканың атасы деп саналады. Аристотель ойлаудың формалары туралы өзіне дейін жинақталған азды-көпті білімдерді талдай отырып, логика ғылымының барлық мәселелерін барынша жан-жақты зерттеді. Өзі жасаған бұл ғылымды Аристотель логика демей, «Аналитика» деп атады. Бұл еңбекінде ол өзі ашқан ойқорытындының ерекше формасы – силлогизді жан-жақты зерттеп, логикалық дәлелдеудің мәнін, ұғымдарды анықтау және бөлу әдістерін, т.б. ашып берді. «Софистикалық терістеулер жайында» деген еңбегінде ойқорытынды мен дәлелдеуде кететін логикалық қателіктердің себептерін, оларды ашу жолдарын қарастырды. «Метафизика» деп аталатын басты философиялық шығармасында өзі ашқан ойлаудың негізгі логикалық заңдарын: тепе-теңдік, қайшылық, үшіншісі (шешімі) жоқ заңдарды тұжырымдап берді. Логика мәселелерінің арнайы білім саласы ретінде бөлініп шығуына себеп болған мынадай екі жағдайды атап көрсеткен жөн. Біріншіден, ежелгі грек ойшылдары таным процесіне талдау жасап отырып, мазмұны әр түрлі ойқорытындылардың нәтижесінің ақиқат болуы тек алғышарттардың ақиқаттығына ғана емес, сондай-ақ пайымдау барысында олардың арасында болатын байланыс түріне де тәуелді деген қорытындыға келді. Екіншіден, ежелгі гректер жұрт алдында сөйлей білу өнеріне айрықша мән берген, әдемі сөйлей білу, жұртты сендіре білу қабілеті аса жоғары бағаланып, оны үйренуге баса назар аударылды. Бұл жағдайда жұрт алдында сөйлеудің әсерлілігі оның сыртқы әдемілігімен (мәнерлілігімен) ғана анықталмай, көбіне ішкі мазмұнымен анықталатын еді. Ал мазмұндылық - сөз арқылы берілетін ойдың дұрыстығына (дәйектілігіне, дәлелділігіне, т.б.) байланысты болады. Сөйтіп, ежелгі дүниедегі логика жалпы таным теориясымен (гносеологиямен) және шешендік өнерінің теориясымен (риторикамен) тығыз бірлікте дамыды.
Орта ғасырда материализм мен идеализмнің иен идеализмнің логика төңірегіндегі күресі "универсалий" деп аталын жалпы ұғымның табиғаты жайында болды. Реализм деп аталатын бағыт Платонның идеалитік бағытын қолдай отырып, жалпы ұғымдар жеке заттарға тәуелсіз, олардан өмір сүреді, олар жеке заттардың табиғаттан тыс мәнін құрайды деді. Бұған қарама-қарсы номинализм деп аталын бағыт шын өмір сүретін табиғаттағы жеке заттар ғана, ал жалпы ұғымдардың мәні заттардың атауын ғана, ал жалпы ұғымдардың мәні заттардың атауын ғана білдіру деп түсінді. Номинализм, Маркстің сөзімен айтқандай, орта ғасырлық философиядағы материализмнің бағытын көрсете отырып, идеалистік схоластикаға қарсы күресте белгілі бір рөл атқарды. Логиканың материалистік негіздерін зерттеуде XVII ғасырдағы озат ойшыл, ірі ғлымдардың бірі Ф.Бэконның (1561-1626), еңбектері маңызды рөл атқарады. Ф.Бэкон өзінің "Жаңа органон" атты шығармасында индукциялық логиканың негіздерін зерттеп береді. Ф.Бэконның өзшығармасын "Жаңа органон" деп аталуының себебі бар. Аристотель өлгеннен кейін ізбасарлары оның барлық логикалық еңбектерін "органон" (таным құралы) деген атпен біріктіріп, бір жүйеге келтірді. Аристотельдің логикасының негізгі арқауы силлогизм, яғни, жалпы ойдан жекеше қорытынды шығаратын дедукциялық ойқорытындының негізгі бір түрі болса, ал Бэкон бұған қарама-қарсы жеке алғышарттардан жалпы қорытынды шығарудың формасы ретінде индукциялық ойқорытындыны алға тартты. Өйткені сол кездерде дами бастаған капиталистік өндіріс тәсілі тәжірибелік ғылымды, техниканы, жеке фактілерге негізделген ғылыми экспериментті талап етті. Мұның үстіне Аристотельдің логикасын орта ғасырлық діни-схоластикалық философия бұрмалап, шындықтан қол үзген шіркеу уағыздарына қызмет ететін идеалистік логикаға айналдырып жіберген етді. Сондықтан Бэкон өзінің шығармасын "Жаңа органон" деп атап, ғылыми танымның әлдеқайда жетілдірілген жаңа әдісі ретінде индукциялық ойқорытындыны ұсынды. Индукциялық ойқорытындының мақсаты, Бэконның пікірше, шындық дүниедегі құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды ашу арқылы ғылыми қорытынды жасау болды. Осы мақсатпен ол "ұқсастық әдісі", "айырмашылық әдісі", "ұқсастық пен айырмашылықтың біріккен әдісі", "бірге болатын өзгерістер әдісі", "қалдықтар әдісі" деп аталған ғылыми индукцияның бес әдісін жасап берді. XIX ғасырда Гершель, Дж. Ст. Милль деген ғалымдар бұл әдістерді одан әрі жетілдіре түсті. Бұл әдістер қазіргі заманға дейін ғылыми зерттеуде, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарында, қылмыстарды ашу ісінде кеңінен қолданылып келеді. Логиканың әрі қарай тарихи даму барысында зерттеу жұмыстары мен мәселелері біршама өзгерді XVIII-XIX ғасырларда ғалымдардың көпшілігі логиканы жетілдірудің жетістіктері мен оның одан әрі зерттеу міндеттері жалпы философиялық таным теорисымен тығыз байланысты екенін дұрыс түсінді. Алайда, бұған қарама-қарсы пікірлер де кездесті. Немістің көрнекті философы И.Кант (1724-1804) логикалық формалар мен заңдарды "априорлық", яғни, тәжірибесінен бұрын, әуел бастан-ақ бар формалар деп жариялап, одан мазмұнды мүлде бөліп тастады. Бұл формалар ойдың ақиқаттығы немесе жалғандығы шындыққа сәйкес келуімен анықталмай, өзара бір-біріне сәйкес келуімен анықталады деді. Сөйтіп, Кант логиканы нағыз идеалистік, формалистік ғылымға айналдырды. Канттың бұл формализмін немістің атақты философы Гегель (1770-1831) иделистік деалектика тұрғысынан қатты сынға алды, формалдық логиканың заңдар дүниетанудың жалпы заңдары деген пікірге үзілді-кесілді қарсы болды, сөйтіп, ол формалдық логиканың заңдарын жете бағаламады. Әсіресе, теп-теңдік және қайшылық заңдарына қарсы шықты, формалдық логиканың заңдарына диалектикалық логиканы қарсы қойды. Бірақ ғылымның одан кейінгі даму формалдық логиканың маңызын жоққа шығару қате екендігін, өйткені, логиканың бұл екі түрі бірін-бірі толықтыра түсінетіндіген көрсетті. Бір жүйеге келтірілген диалектикалық логиканы тұңғыш рет Гегень жасады. Ал оны материалистік тұрғыда түсіндірген және бұған дейінгі бүкіл философия жетістіктерін жинақтап, нағыз ғылыми - материалистік деалектиканы, диалектикалық логиканы жасаған К.Маркс пен Ф.Энгельс болды. Сонымен, қазіргі заманға логика бір-бірмен байланысты, бірақ бір - біріне дербес формалдық логикадан және диалектикалық логикадан тұрады. Олардың екеуінің де зерттеу объектісі - ойлау процесі бірақ оны түрлі тұрғыдан, әртүрлі әдіс-тәсілімен зерттейді. Олар бірін-бірі жоққа шығармайды, қайта бір-бірінің көмегі тиіп отырады, формалды логика ойлаудың ақиқаттығын талап ете отырып, диалектикалық логиканың заңдарына сүйенеді, ал диалектикалық ойлау процесі формалдық логиканың айқындылық, дәйектілік сияқты талаптарына бағынбайынша, шындық дүниені дәл, дұрыс бейнелей алмайды. Бұл екі логиканың туыстығы мен айырмашылығын Ф.Энгельс төменгі математика мен жоғарғы математиканың ара қатынасына ұқсастырып көрсеткен болатын "Элементарлық математика, тұрақты шамалар математикасы, жалпы алғанда, формалдық логиканың деңгейінде әрекет етеді: айнымалы шамалар математикасы шын мәнінде келгенде диалектиканың математикалық қатынастарға қолданылуы болып табылады". Бұл салыстырудың терең мәні бар: қарапайым арифматематикалық амалдарды оқып үйренбейінше, жоғарғы математиканы үйрену мүмкін еместігі сияқты алдын ала формалдық логиканы оқып үйренбейінше, диалектикалық формуланы дұрыс түсіну қиын. Сондықтан ойлауды, оның заңдары мен формаларын оқып үйренуді формалдық логикадан бастау керек. Логиканың даму тарихындағы бір бетбұрыс кезең оны математикаландыру идеясының тууы болды. Бастамасын XVIII ғасыр басында неміс ғалымы, математик Г.Б.Лейбниц (1646-1716) айтып кеткен бұл идея XIX ғасырдың орта кезінен бастап шын мәнінде дами бастады да, тек XX ғасырда ғана негізгі нәтижелері іске асты. Сөйтіп,математикалық немесе символикалық логика дүниеге келді. Символикалық логика формалдық логиканың кейбір тарауларында, атап айтқанда, ойқорытынды және дәлелдеу деген бөлімдерінде математикалық есептеу әдісінің қолданылуның нәтижесінде келіп шықты. Дәстірді формалдық логиканың негізінде шыққан символикалық логика қазіргі кезде зор теориялық және практикалық маңызы бар логиканың дербес бағытына айналды. Ол жоғарғы жүйке қызметінің физиологиясында, психологияда, тіл білімі ғылымында, техникада, т.б. кеңінен қолдау тапты. Адамныың ойлау қызметінің кейбір жақтары механикаландыруға қабілетті информациялық-логикалық машиналардың көмегі арқасында күрделі есептеулер жүргізіледі, бір тілден екінші тілге аударма жасалады, приборлар автоматты түрде басқарылады, т.б. ауыр жұмыстар оның көмегімен іске асырылады. Сөйтіп, ол ғылыми зерттеулер логикасына айналды деуге болады. Қазіргі символикалық немесе математикалық логика дәстүрлі формалдық логиканың ілгері қарай дамуы болып табылады. Атап айтқанда, математикалық логиканың табыстары дәстүрлі формалдық логиканы дәл ұғымды, бұлжымас дәлелді, жүйелі ғылымға айналдырды. Осының негізінде кейде дәстүрлі формалдық логика етді ескірді, оны зерттеудің әлде қайда дәл әдіс-тәсілдерін қолданатын математикалық логикамен ауыстыру керек деген пікір айтылып жүр. Бұл дұрыс пікір емес. Ең алдымен, дәстүрлі формалдық логикаға математикалық логиканы қарсы қоюдың өзі қате, өйткені екіншісі біріншісінің дамуының нәтижесі, жалғасы болып табылады. Екеуінің де негізін құрайтын бір процесс - ойлауды формаға түсіру, формалдандыру әдісі. Екіншіден, математикалық логика ойлаудың әлде қайда жоғарғы сатыс болғаны мен, бірақ дәстүрлі формалдық логиканың барлық мәселелерін (мысалы, ұғым мен пікір мәселелерін, оның ішінде ұғымның мәні мен мазмұны, ұғымды анықтау және бөлу, ұғым мен сөздің арақатынасы, дедукциялық және индукциялық ойқорытындылардың арақатынасы, танымдақ маңызы, гипотезаның ғылыми танымдығы маңызын, т.б. жалпы философиялық мәселелерін) қамти алмайды. Сондықтан ол екеуін толық теңестіруге болмайды. Математикалық логика көп мәнде ойлау- сөйлеу тәжірибесінің аса күрделі құбылысы болып табылатын ойлау процесінен алыстап кеткендіктен, дәстүрлі логикаға тән тәжірибелік - дидактикалық міндетті атқара алмайды. Ал жалпы білім беретін оқу курстарының мақсаты күнделікті ойлау-сөйлеу тәжірибесі үшін қажетті логикалық процестергі талдау жасауға бағытталуы керек. Олай болса дәстүрлі логиканың жалпы білім беретін оқу курсының негізгі мақсаты адамның логикалық мәдениеттің қалыптастыру және жетілдіру болуы тиіс. Оның үстіне, адамның ойлау қабілеті мен мәдениеті бала кезден бастап қалыптасатын болғандықтан, дәстүрлі логиканың мектептік курсы мектеп оқушыларының логикалық ойлауын жетілдіру мақсатын іске асыра отырып, болашақта оқылатын математикалық логика үшін даярлық курсының міндетін атқарады, өйткені дәстүрлі формалдық логиканың негізгі мазмұны математикалық логикаға қайшы келмейді. 1.6. Логиканың теориялық және практикалық маңызы. Логикалық мәдениетті қалыптастыру жолдары. Грамматиаклық ережелерін білмей-ақ адамдардың дұрыс сөйлей білетіні сияқты, логиканың ережелерін білмей де дұрыс ойлауға, дұрыс қорытынды жасап, дұрыс дәлеледеуге болатынын жоғарыда айттық. Бұдан енді логиканы арнайы оқып-үйренудің қажеті жоқ деген қорытынды шығаруға болмайды. Грамматиканың ережелерін білу – сауатты сөйлеуге, қатесіз жазуға үйретіп, тіл мәдениетін дамытатыны сияқты, дұрыс ойлаудың заңдары мен ережелерін білу, оларды саналы түрде қолдану – сауатты ойлауға, яғни дұрыс ойлауға дағдыландырып, ойлау мәдениетінің деңгейін көтеретіні сөзсіз. Логиканы оқып-үйренудің ешқандай теориялық және практикалық маңызы жоқ дейтін теріс пікірді қолдаушылардың кейбіреулері Гегельдің формалдық логика жайлы: «физиология ас қорыту мәселесіне қалай үйретсе, логика да дұрыс ойлауға солай үйретеді» деген мысқыл сөзін бетке ұстайды. Оған қарсы орыстың атақты физиологы академик И.П. Павловтың мынадай сөздерін келтіруге болар еді: «Мүмкіндігінше ұзақ өмір сүру үшін физиологияның атқаратын міндеті адамды дұрыс тамақтануға және тыныс алуға, дұрыс еңбек етіп, дұрыс дем алуға үйрету болып табылады». Ал логиканың міндетіне келсек, оның міндеті – адамды дұрыс ойлаудың заңдары мен формаларын саналы түрде қолдана білуге, сөйтіп, дұрыс ойлап, шындық дүниені танып-білуге үйрету. Логаика адам өмірінің барлық салалары үшін қажетті: ғылыми жұмыста да, оқып, білім алу үшін де, күнделікті тұрмыста дұрыс пайымдап, дұрыс тұжырым жасауда да, қысқасы, барлық іс-әрекетте керек. Сол өмір салаларының бір-екеуін қарастырып көрейік. Логика ғылымының негіздерін білу педагогикалық қызмет саласында ерекше қажет, өйткені оқу арқылы жаңа білім алуда, сабаққа дайындалуда, шығарма жазуда, баяндама жазуда, т.б. істерге әзірленуде логика қай мәселелерге баса көңіл аударып, қай мәселелерге үстірт қарауға болатынын көрсетеді. Логиканы білу ауызша сөйлеуде және жазбаша шығармада кеткен логикалық қателерді байқап, оларды жөндеудің қысқа да дұрыс жолдарын табуға көмектеседі. Қоғамдық өмірді қайта құрудың қазіргі аса күрделі кезеңінде оқу, білім беру процестерін ұйымдастырудың жаңа жа тиімді әдіс-тәсілдерін, дұрыс жолдарын табуға логиканың көмектесетіні сөзсіз.
Читайте также: Ажыратушы –кесімді силлогизм Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|