Бап. Патронат белгiленетiн бала (балалар)
1. Шарт бойынша оны патронат тәрбиешiлерге беру үшiн баланы (балаларды) алдын ала таңдауды қорғаншы және қамқоршы органмен келiсiм бойынша баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тiлек бiлдiрген адамдар жүзеге асырады. Ағалы-iнiлердi, апалы-сiңлiлердi (қарындастарын) ажыратуға жол берiлмейдi, бұған олардың мүдделерiне сай келетiн жағдайлар қосылмайды. 2. Баланы (балаларды) патронат тәрбиешiлерге беру оның пiкiрi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған бала (балалар) оның келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн. 3. Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) өзiне тиесiлi алименттерге, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншiк құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды. Тұрғын үй-жайы болмаған кезде, тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берiлуiне құқығы бар. Патронат тәрбиешiлерге берiлген бала (балалар) осы Заңның 52-54, 59-баптарында көзделген құқықтарға да ие болады. 123-бап. Патронат тәрбиешiлерге берiлген 1. Әрбiр баланы асырап-бағуға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мөлшерде ай сайын ақшалай қаражат төленедi. 2. Қорғаншы және қамқоршы орган патронат тәрбиешiлерге қажеттi көмек көрсетуге, баланың (балалардың) өмiрi мен тәрбиесiне қалыпты жағдай туғызуға жәрдемдесуге мiндеттi, сондай-ақ патронат тәрбиешiлерге жүктелген баланы (балаларды) асырап-бағу, тәрбиелеу және оған бiлiм беру мiндеттерiн орындауға бақылауды жүзеге асыруға құқылы.
5-бөлiм. Отбасы мүшелерiнiң алименттiк қатынастары 17-тарау. Ата-аналармен балалардың алименттiк 124-бап. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды 1. Ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға мiндеттi. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртiбi мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды. Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келiсiм (алимент төлеу туралы келiсiм) жасауға құқылы. 2. Егер ата-аналар өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады. 3. Ата-аналардың алимент төлеу туралы келiсiмi болмағанда, кәмелетке толмаған балалар асырап-бағуға алынбағанда және сотқа талап-арыз берiлмегенде қорғаншы және қамқоршы орган кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-анасынан (олардың бiреуiнен) алимент өндiрiп алу туралы талап қоюға құқылы. 125-бап. Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға 1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда сот кәмелетке толмаған балаларға олардың ата-аналарынан алименттi ай сайын мынадай мөлшерде: бiр балаға - ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кiрiсiнiң - төрттен бiрiн; екi балаға - үштен бiрiн; үш және одан да көп балаға - тең жартысын өндiрiп алады.
2. Бұл үлестердiң мөлшерiн сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемiтуi немесе көбейтуi мүмкiн. 126-бап. Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталатын Ата-аналардың ұлттық және (немесе) шетел валютасымен алатын және осы заңның 125-бабына сәйкес кәмелетке толмаған балаларға алимент ұсталып қалатын табысының және (немесе) өзге де кiрiсiнiң түрлерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 127-бап. Кәмелетке толмаған балаларға тұрақты ақша 1. Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына алимент төлеу туралы келiсiмi болмаған жағдайда және ата-ананың табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлестiк қатынаста алимент өндiрiп алу мүмкiн болмаған, қиындық тудырған немесе тараптардың бiрiнiң мүдделерiн айтарлықтай бұзатын жағдайларда, сот тұрақты ақша сомасында немесе сонымен бiрге үлесте/осы Заңның 125-бабына сәйкес/және тұрақты ақша сомасында ай сайын өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн белгiлеуге құқылы. Мұндай жағдайларға үнемi алынбайтын, өзгермелi табысы және (немесе) өзге де кiрiстерi бар ата-аналардан не табысын және (немесе) өзге де кiрiстерiн толығымен немесе iшiнара заттай алатын ата-анадан алимент өндiрiп алу жатады. 2. Тұрақты ақша сомасының мөлшерiн сот баланың бұрынғы қамтамасыз етiлу деңгейiн мүмкiндiгiнше барынша сақтауды негiзге алып, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен басқа да назар аударарлық мән- жайларды ескере отырып белгiлейдi. 3. Егер ата-аналардың әрқайсысының қолында балалар қалатын болса, алимент мөлшерiн аз қамтамасыз етiлген ата-ананың бiреуiнен екiншiсiнiң пайдасына осы баптың 2-тармағына сәйкес ай сайын өндiрiп алынатын және сот белгiлейтiн тұрақты ақша сомасы белгiленедi.
128-бап. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға алимент осы Заңның 125-127-баптарына сәйкес өндiрiп алынады және балалардың қорғаншысына (қамқоршысына) немесе олардың патронат тәрбиешiсiне төленедi. 2. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу, емдеу мекемелерi мен өзге де мекемелердегi балаларға ата-аналарынан өндiрiп алынатын алимент сол мекемелердiң шотына аударылады, онда әр балаға бөлек есептеледi. Аталған мекемелер бұл соманы банкiлерге салуға құқылы. Келiп түскен алимент сомасының айналысынан түскен кiрiстiң елу процентi аталған мекемелердегi балаларды асырап-бағуға пайдаланылады. Бала мұндай мекемеден кеткен кезде оған төленген алимент сомасы және оның айналасынан түскен кiрiстiң елу процентi уәкiлеттi банкте баланың атына ашылған шотқа аударылады. 129-бап. Еңбекке жарамсыз кәмелетке толған 1. Ата-аналар өздерiнiң көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларын асырап-бағуға мiндеттi. 2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларға алимент төлеу мөлшерiн сот алимент төленетiн кезде қолданылып жүрген айлық есептiк көрсеткiшке еселенген қатынасында, тараптардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып белгiлейдi. 130-бап. Ата-аналардың балаларды асырап-бағуға 1. Алимент төлеу туралы келiсiм болмағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (кәмелетке толмаған балалардың немесе еңбекке жарамсыз кәмелетке толған көмекке мұқтаж балалардың ауыр науқастануы, мертiгуi, оларға бөгде адамның бағып-күтуiне ақы төлеу қажеттiгi және басқа да мән-жайлар) сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге әрбiр ата-ананы қатысуға тарту мүмкiн.
2. Ата-аналардың қосымша шығындарды көтеруге қатыстырылу тәртiбi мен бұл шығындардың мөлшерiн сот ата-аналар мен балалардың материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып ай сайын төленуге тиiстi алимент төленетiн кездегi айлық есептiк көрсеткiшке еселенген қатынасында белгiлейдi. 3. Сот ата-аналарды нақты шеккен қосымша шығындарды өтеуге де, балаларды асырап-бағуға болашақта жасалуға тиiс қосымша шығыстарды өтеуге де қатысуға мiндеттеуге құқылы. 131-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын 1. Еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар өздерiнiң еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға мiндеттi. 2. Алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж ата-аналарға алимент олардың еңбекке жарамды кәмелетке толған балаларынан сот тәртiбiмен өндiрiп алынады. 3. Әрбiр баладан өндiрiп алынатын алимент мөлшерiн сот ата-аналары мен балаларының материалдық және отбасылық жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi айлық есептiк көрсеткiшке еселенген қатынастарында белгiлейдi. 4. Алимент мөлшерiн айқындау кезiнде сот, балаларының бәрiне, олардың бiреуiне немесе олардың бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан, осы ата- ананың еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларының бәрiн ескеруге құқылы. 5. Егер сот ата-аналардың ата-ана мiндеттерiн орындаудан жалтарғанын анықтаса, балаларының өздерiнiң еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж ата-аналарын асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерiнен босатылуы мүмкiн. Балалары ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарына алимент төлеуден босатылады. 132-бап. Кәмелетке толған балалардың ата-аналарына 1. Кәмелетке толған балалар ата-аналарына қамқорлық жасамағанда және ерекше мән-жайлар болғанда (ата-анасы ауыр науқастану, мертiгу, оны бөгде адамның бағып-күткенi үшiн ақы төлеу, оны халықты әлеуметтiк қорғау жүйесiнiң интернат үйiне орналастыру қажет болғанда және т.с.с) кәмелетке толған балаларын сот осы мән-жайлар туғызған қосымша шығындарды көтеруге қатыстыруы мүмкiн.
2. Кәмелетке толған балалардың әрқайсысының қосымша шығындарды көтеру тәртiбi мен осы шығындардың мөлшерiн сот осы Заңның 131-бабының 3,4, 5-тармақтарының ережелерi сақталған жағдайда ата-аналар мен балаларының материалдық және отбасы жағдайлары мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн ескере отырып белгiлейдi. 3. Қосымша шығындарды көтеру тәртiбi мен бұл шығындардың мөлшерi тараптардың келiсуiмен белгiленуi мүмкiн. 18-тарау. Ерлi-зайыптылардың және бұрынғы 133-бап. Ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiн 1. Ерлi-зайыптылар бiр-бiрiн материалдық жағынан қолдауға мiндеттi. 2. Мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлi-зайыптылардың арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар жұбайдан: 1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының 2) жүктi кезiнде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы әйелiнiң 3) ортақ мүгедек баланы бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегiз жасқа толғанға дейiн; 4) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейiн бағып-күтiп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толғаннан соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда мұқтаж жұбайының алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге құқығы бар. 134-бап. Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан 1. Алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеудi сот тәртiбiмен талап етуге: 1) жүктi кезiнде және ортақ баласы туған күннен бастап үш жыл бойы бұрынғы әйелiнiң 2) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейiн бағып-күтiп отырған, сондай-ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға I-II топтағы мүгедектiк белгiленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының 3) неке бұзылғанға дейiн еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар. 2. Алименттiң мөлшерi мен оны неке бұзылғаннан кейiн бұрынғы жұбайына берудiң тәртiбi бұрынғы ерлi-зайыптылардың арасындағы келiсiм бойынша белгiленуi мүмкiн. 135-бап. Ерлi-зайыптылардан және бұрынғы Ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) арасында алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда жұбайдан (бұрынғы жұбайдан) сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн ерлi-зайыптылардың (бұрынғы ерлi-зайыптылардың) материалдық және отбасы жағдайын, тараптардың бақа да назар аударарлық мүдделерiн негiзге ала отырып, алимент төлеу кезiндегi қолданылып жүрген есептiк көрсеткiшке еселенген қатынаста сот белгiлейдi. 136-бап. Жұбайды екiншi жұбайды асырап-бағу жөнiндегi 1. Сот жұбайдың еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж екiншi жұбайды асырап-бағу мiндетiнен босатуы немесе некеде тұрған кезеңде де, неке бұзылғаннан кейiн де бұл мiндеттi белгiлi бiр мерзiмге мынадай жағдайларда: 1) спирт iшiмдiктерiне, есiрткi заттарына, психотропты заттарға салынып кетуi салдарынан немесе қасақана қылмыс жасауы салдарынан көмекке мұқтаж жұбайы еңбекке жарамсыз болып қалған; 2) ерлi-зайыптылар некеде ұзақ тұрмаған; 3) алимент төлеудi талап ететiн жұбайдың отбасында өзiн лайықты ұстамаған жағдайларда шектеуi мүмкiн. 2. Бұрынғы жұбайын асырап-бағу жөнiндегi мiндет мынадай жағдайларда: 1) көмек алуға құқығы бар жұбай жаңа некеге тұрғанда; 2) осы Заңның 134-бабына көзделген мән-жайлар жойылғанда сот шешiмiмен тоқтатылады. 19-тарау. Отбасының басқа мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi 137-бап. Ағалары мен апаларының өздерiнiң кәмелетке Кәмелетке толмаған көмекке мұқтаж iнiлерi мен сiңлiлерiнiң (қарындастарының) өз ата-аналарынан қаражат алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған ағалары мен апаларына да, егер олар өздерiнiң еңбекке жарамды, кәмелетке толған балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, осындай құқық берiледi. 138-бап. Немерелерiн асырап-бағу жөнiндегi Өздерiнiң ата-аналарынан көмек алуы мүмкiн болмаған жағдайда, кәмелетке толмаған, көмекке мұқтаж немерелердiң өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар әжесi мен атасынан сот тәртiбiмен алимент алуға құқығы бар. Өздерiнiң жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата-анасынан көмек ала алмаса, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кәмелетке толған немерелерге де осындай құқық берiледi. 139-бап. Немерелердiң атасын және әжесiн Өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайынан (бұрынғы жұбайынан) қажеттi қаражат ала алмаған жағдайда, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж аталар мен әжелер өздерiнiң алимент төлеуге қажеттi қаражаты бар кәмелетке толған немерелерiнен сот тәртiбiмен алимент талап етуге құқылы. 140-бап. Тәрбиеленушiлердiң өздерiн нақты 1. Кәмелетке толмаған балаларға нақты тәрбие берудi, асырап-бағуды жүзеге асырушы, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж адамдар, егер олар өздерiнiң кәмелетке толған, еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, олар өздерiнiң кәмелетке толған, еңбекке жарамды тәрбиеленушiлерiнен көмек берудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. 2. Егер тәрбиелеушiлер тәрбиеленушiлердi бес жылдан аз уақыт асырап- бағып, тәрбиелесе, сондай-ақ өздерiнiң тәрбиеленушiлерiнен тиiстi түрде асырап-бақпаған және тәрбиелемеген болса, сот тәрбиеленушiлердi нақты тәрбиеленушiлерiн асырап бағу жөнiндегi мiндеттен босатуға құқылы. 3. Осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттер қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронатта болған адамдарға жүктелмейдi. 141-бап. Өгей ұлдар мен өгей қыздардың өгей әкесiн және 1. Өгей ұлдар мен өгей қыздарын тәрбиелеп, асырап-баққан, еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж өгей әке мен өгей шешенiң, егер өздерiнiң кәмелетке толған еңбекке жарамды балаларынан немесе жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) көмек ала алмаса, осыған қажеттi қаражаты бар еңбекке жарамды, кәмелетке толған өгей ұлдарынан немесе өгей қыздарынан асырап бағуды сот тәртiбiмен талап етуге құқылы. 2. Егер өгей әке мен өгей шеше өгей балалары мен өгей қыздарын бес жылдан аз уақыт тәрбиелеп, асырап-бақса, сондай-ақ олар өздерiнiң тәрбиелеу және асырау мiндеттерiн тиiстi түрде атқармаса, сот өгей ұлдар мен өгей қыздарды өгей әкесi мен өгей шешесiн асырап-бағу мiндеттерiнен босатуға құқылы. 142-бап. Отбасының басқа мүшелерiнен сот тәртiбiмен 1. Осы Заңның 139-141-баптарында аталған адамдарға алименттiң мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленуi мүмкiн. 2. Тараптардың келiсiмi болмаған жағдайда сот тәртiбiмен өндiрiп алынатын алименттiң мөлшерiн сот әрбiр жеке жағдайда алимент төлеушi мен алушының материалдық және отбасы жағдайы мен тараптардың назар аударарлық басқа да мүдделерiн ескере отырып, алимент төлеген кезде қолданылып жүрген есептiк көрсеткiшке еселенген қатынаста белгiлейдi. 3. Егер отбасының алимент талап етушi мүшесiн бiр мезгiлде бiрнеше адам асырап-бағуға мiндеттi болса, сот олардың материалдық және отбасы жағдайына қарай әрқайсысының алимент төлеу мiндеттерiн орындауға қатысу мөлшерiн белгiлейдi. Алимент мөлшерiн белгiлеу кезiнде сот, алимент төлеуге мiндеттi барлық адамдардың бәрiне, олардың бiреуiне немесе олардың бiрнешеуiне талап қойылғанына қарамастан, сол адамдардың бәрiн ескеруге құқылы. 20-тарау. Алимент төлеу туралы келiсiм 143-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм жасау Алимент төлеу (алименттiң мөлшерi, оны төлеудi шарттарымен тәртiбi) туралы келiсiм алименттi төлеуге мiндеттi адам мен оны алушы адам арасында, ал алименттi төлеуге мiндеттi адам және (немесе) алимент алушы әрекетке қабiлетсiз болған жағдайда осы адамдардың заңды өкiлдерi арасында жасалады. 144-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмiнiң нысаны 1. Алимент төлеу туралы келiсiм жазбаша түрде жасалады және оны нотариат куәландыруға тиiс. Алимент төлеу туралы келiсiмнiң заңда белгiленген нысанының сақталмауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) 157-бабында көзделген салдарларға әкеп соғады. 2. Алимент төлеу туралы нотариат куәландырған келiсiм атқару парағының күшiне ие болады. 145-бап. Алимент төлеу туралы келiсiмдi жасасу, атқару, 1. Алимент төлеу тәртiбi туралы келiсiмдi жасасуға, атқаруға, бұзуға және жарамсыз деп тануға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (Жалпы бөлiм) азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жасасуды, атқаруды, бұзуды және жарамсыз деп тануды реттейтiн нормалары қолданылады. 2. Алимент төлеу туралы келiсiм екi жақтың өзара келiсiмi бойынша кез келген уақытта өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу алимент төлеу туралы келiсiмнiң өзi сияқты нысанда жасалуға тиiс. 3. Алимент төлеу туралы келiсiмдi орындаудан бiржақты бас тартуға немесе оның шарттарын бiржақты өзгертуге жол берiлмейдi. 4. Тараптардың материалдық немесе отбасы жағдайлары елеулi өзгерiске ұшыраған жағдайда және алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу жөнiндегi келiсiмге қол жетпеген кезде мүдделi тарап осы келiсiмдi өзгерту туралы немесе бұзу туралы сотқа талап беруге құқылы. Алимент төлеу туралы келiсiмдi өзгерту немесе бұзу туралы мәселенi шешкен кезде сот тараптардың назар аударарлық кез келген мүддесiн ескеруге құқылы. 146-бап. Алимент алушының мүдделерiн бұзатын алимент Егер алимент төлеу туралы келiсiмде көзделген кәмелетке толмаған баланы немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз отбасы мүшесiн асырап- бағу шарттары олардың мүдделерiн айтарлықтай бұзатын болса, атап айтқанда, осы Заңның 147-бабы 2-тармағының талаптары сақталмаған жағдайда кәмелетке толмаған баланың немесе кәмелетке толған әрекетке қабiлетсiз отбасы мүшесiнiң заңды өкiлiнiң, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органның немесе прокурордың талап етуi бойынша сот тәртiбiмен мұндай келiсiм жарамсыз деп танылуы мүмкiн. 147-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша 1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша төленетiн алименттiң мөлшерiн тараптар сол келiсiмде белгiлейдi. 2. Кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеу жөнiндегi келiсiм бойынша белгiленетiн алименттiң мөлшерi олардың сот тәртiбiмен алимент өндiрiп алған жағдайда алатын алименттiң мөлшерiнен төмен болмауы керек (осы Заңның 125-бабы). 148-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент 1. Алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төлеудiң әдiстерi мен тәртiбi сол келiсiммен белгiленедi. 2. Алименттiң алимент төлеуге мiндеттi адам табысына және (немесе) өзге де кiрiсiне үлес есебiмен; дүркiн-дүркiн төленiп тұратын тұрақты ақша сомасымен; бiр жолғы төленетiн тұрақты ақша сомасымен; мүлiк беру жолымен, сондай-ақ келiсiмде қол жеткенiне қарай өзге де әдiстермен төленуi мүмкiн. Алимент төлеу туралы келiсiмде алимент төлеудiң түрлi әдiстерiн ұштастыру көзделуi мүмкiн. 21-тарау. Алименттi сот тәртiбiмен төлеттiру 149-бап. Алименттi сот шешiмiмен өндiрiп алу Осы Заңның 124-142-баптарында аталған отбасы мүшелерi алимент төлеу туралы келiсiм болмаған жағдайда алимент өндiрiп алу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы. 150-бап. Алимент алу үшiн арыз беру мерзiмдерi 1. Алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзiмге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келiсiм бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндiрiп алу туралы арыз беруге құқылы. 2. Алимент сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап берiледi. Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бiрақ алименттi төлеуге мiндеттi адамның оны төлеуден жалтаруы салдарынан алимент алынбағанын сот анықтаса, сотқа өтiнiш жасалған кезден бастап үш жыл мерзiм шегiнде өткен кезеңге алимент өндiрiп алынуы мүмкiн. 151-бап. Ұйым әкiмшiлiгiнiң алименттi ұстап қалу мiндетi Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орны бойынша ұйымның әкiмшiлiгi нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде немесе атқару парағының негiзiнде алимент төлеуге мiндеттi адамның жалақысынан және өзге де кiрiсiнен алимент алушы адам үшiн ай сайын алимент ұстап қалуға және оны алимент төлеуге мiндеттi адамның есебiнен алимент төлеуге мiндеттi адамға жалақының және өзге де кiрiстiң төленген күнiнен бастап үш күн мерзiмнен кешiктiрмей төлеуге немесе аударуға мiндеттi. 152-бап. Алимент төлеу туралы келiсiм негiзiнде Нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiмнiң негiзiнде алимент осындай келiсiмнiң және атқару құжаттарының негiзiнде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге мiндеттi адам жалақысының және өзге де кiрiсiнiң елу процентiнен асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкiн. 153-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның жұмыс орнын 1. Сот шешiмi немесе нотариат куәландырған алимент төлеу туралы келiсiм негiзiнде алименттi ұстап қалушы ұйымның әкiмшiлiгi алименттi өндiрiп алу жөнiндегi шешiм орындалатын жердегi сот орындаушысына және алимент алушы адамға алименттi төлеуге мiндеттi адамның жұмыстан босағаны туралы, сондай-ақ, өзiне белгiлi болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерiн үш күн мерзiм iшiнде хабарлауға мiндеттi. 2. Алимент төлеуге мiндеттi адам сот орындаушысы белгiлеген мерзiмде соңғысына және алимент алушы адамға, жұмыс орнының немесе тұратын жерiнiң өзгергенi туралы, ал кәмелетке толмаған балаларға алимент төлеген жағдайда қосымша табысының немесе өзге де кiрiсiнiң болуы туралы хабарлауға тиiс. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған деректердi дәлелсiз себептермен хабарламаған жағдайда бұған кiнәлi лауазымды адамдар және өзге де азаматтар әкiмшiлiк жауапқа тартылады. 154-бап. Алимент төлеуге мiндеттi адамның 1. Алимент төлеу туралы келiсiммен немесе сот шешiмiмен белгiленген мөлшерде алимент, сондай-ақ алимент бойынша берешек алимент төлеуге мiндеттi адамның табысынан және өзге де кiрiсiнен өндiрiп алынады, табысы және өзгеде кiрiсi жеткiлiксiз болған жағдайда алимент сол алимент төлеуге мiндеттi адамның банктердегi шотындағы немесе банктiк емес қаржы мекемелерiндегi ақша қаражатынан ұсталады. Бұл қаражат жеткiлiксiз болған жағдайда ол алимент төлеуге мiндеттi адамның заң бойынша өндiрiп алуға болатын кез келген мүлкiнен өндiрiлiп алынады. 2. Алимент төлеуге мiндеттi адамның шотындағы ақша қаражатынан және оның өзге де мүлкiнен алимент өндiрiп алу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Читайте также: Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|