Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Бап. Некенi тiркеу туралы арыз




Некесiн тiркегiсi келетiн адамдар арыз берушiнiң бiреуi тұратын жердегi не өздерiнiң ата-аналары тұратын жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына арыз бередi.

181-бап. Некеге тұратын адамдардың арыздарын қабылдау

1. Некеге тұратын адамдар:

1) жеке басын куәландыратын құжаттарды;

2) белгiленген неке жасын кемiту қажет екенiн растайтын, осы Заңның 10-бабында аталған құжаттарды;

3) бұрынғы некелерi туралы мәлiметтердi;

4) балалары туралы мәлiметтердi көрсетуге мiндеттi.

2. Некеге тұратын адамдармен келiсе отырып, некенi тiркеу мерзiмi белгiленедi (осы Заңның 13-бабы).

182-бап. Некенi тiркеу тәртiбi

1. Некенi тiркеу азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында (бөлiмдерiнде), ал мұндай органдар жоқ жерлерде - аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - әкiм аппаратында жүргiзiледi.

Жоғарыда аталған органдардың лауазымды адамы:

1) некеге тұру ниетi туралы берiлген арыздарды жария етедi;

2) некелесушiлерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

3) некеге тұруға келiсетiнiн және жұбайлардың қалап алатын тектерiн анықтайды.

2. Неке қиюға кедергi жоқ болған жағдайда азаматтық хал актiлерi жазылатын кiтапқа неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актiлерiн жазу органының лауазымды адамы қол қойып бекiтедi.

Ескерту. 182-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

183-бап. Некенi салтанатты жағдайда тiркеу

Некенi тiркеу салтанатты жағдайда - азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының некенi салтанатты түрде тiркеуге арнайы белгiленген үй-жайларында, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн жазу органдары мен некеге отыратын адамдардың келiсуi бойынша өзге жерлерде де жүргiзiлуi мүмкiн.

184-бап. Неке туралы жазбаны тоқтата тұру

Неке туралы жазба жасалғанға дейiн некенi тiркеу үшiн кедергiлер бар екендiгi туралы арыз түскен жағдайда лауазымды адам жазбаны тоқтата тұруға және арыз берушiден белгiленген мерзiмде тиiсiнше деректi айғақтар берудi талап етуге мiндеттi. Бұл мерзiм бiр айдан аспауы керек.

185-бап. Ерлi-зайыптыларға неке туралы куәлiк беру

Некенi тiркеу өткiзiлгеннен кейiн ерлi-зайыптыларға неке туралы куәлiк берiледi.

26-тарау. Некенiң бұзылуын тiркеу

186-бап. Сот шешiмi бойынша некенiң бұзылуын тiркеу

Некенiң тоқтатылуын соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде тiркеу (осы Заңның 22-бабы) сот шешiмi шығарылған жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органында некенiң бұзылғаны туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесi және сот шешiмi бойынша өндiрiп алынуға тиiстi соманың төленгенi туралы түбiршектiң негiзiнде жүргiзiледi.

187-бап. Некенiң бұзылуын ерлi-зайыптылардың
өзара келiсiмi бойынша тiркеу

1. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша некенiң бұзылуын тiркеу (осы Заңның 16-бабының 1-тармағы) ерлi- зайыптылардың екеуi немесе бiреуi тұратын жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органына некенi бұзу туралы ерлi-зайыптылардың бiрлесiп берген арызы негiзiнде жүргiзiледi.

2. Некенiң бұзылуын ресiмдеу және некенiң бұзылғаны туралы куәлiктi ерлi-зайыптыларға беру олар өтiнiш берген күннен бастап бiр ай өткеннен кейiн жүргiзiледi.

188-бап. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз
немесе ұзақ мерзiмге бас бостандығынан айыруға
сотталған адаммен некенiң бұзылуын тiркеу

1. Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған (осы Заңның 16-бабының 2-тармағы) адаммен некенiң бұзылуын тiркеудi екiншi жұбайдың арызы мен соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң немесе үкiмiнiң көшiрмесiн не шешiм яки үкiмнен алынған үзiндiнi көрсету негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу органы жүргiзедi.

2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы арыз түскен күннен бастап бiр апта мерзiмде қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабiлетсiз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайдың мүлкiне қорғаншыға хабарлама алынған күннен бастап он бес күн мерзiм белгiлей отырып хабарлауға мiндеттi, осы мерзiм iшiнде олар арыз бойынша өздерiнiң арасында дау бар екенi туралы хабарлауға құқылы.

189-бап. Некенiң бұзылуы туралы куәлiк беру

1. Некенiң бұзылуын тiркеу жасалғаннан кейiн тараптардың әрқайсысына олардың арызы бойынша некенi бұзылғаны туралы куәлiк берiледi.

2. Егер неке сот тәртiбiмен бұзылса, некенiң бұзылуы туралы куәлiкте некенiң бұзылуы туралы сот шешiмiнiң заңды күшiне енгiзiлетiн күнi көрсетiлуге тиiс.

Поделиться:





Читайте также:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...