Бап. Мемлекеттiк баж
1. Тууды тiркеу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, неке қию, некенi бұзу, тегiн, атын және әкесiнiң атын, ұлтын және жынысын өзгерту үшiн, сондай-ақ туу, неке, некенi бұзу, қайтыс болу туралы актiлердiң жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтiруге байланысты куәлiктер және азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталап куәлiктер беру үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген мөлшерде мемлекеттiк баж алынады. 2. Қайтыс болуды тiркеу, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты куәлiктер беру Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес мемлекеттiк баж алынбай жүргiзiледi. Ескерту. 166 бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 Заңымен. 167-бап. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды 1. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда және мүдделi адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi азаматтық хал актiлерiн жазатын органдар жүргiзедi. Мүдделi адамдардың арасында дау туған жағдайда азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер енгiзу, оларды түзету мәселелерi сот тәртiбiмен шешiледi. 2. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзу туралы арыздар - арыз берушiнiң тұрақты тұратын жерi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн Қазақстан Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарында тiркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берiледi.
3. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзудi жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын орган жүргiзедi. Азаматтық хал актiлерiн жазуға өзгерiстер, толықтырулар мен түзетулер енгiзуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 168-бап. Азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларын қалпына келтiру 1. Азаматтық хал актiлерiнiң жоғалған жазбаларын қалпына келтiру туралы арыз сол арызды берушiнiң тұрақты тұратын жерi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актiлерi Қазақстан Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарында тiркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне берiледi. 2. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын қалпына келтiру тиiстi жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған жағдайда немесе сот шешiмiнiң негiзiнде жасалады. 3. Азаматтық хал актiлерi жазбасының жоғалғаны сол жоғалған жазба болған жер бойынша азаматтық хал актiлерi жазбасының облыстық (қалалық) архивi растауға тиiс. 4. Азаматтық хал актiлерiн жазатын органдардың жоғалған жазбаны қалпына келтiруi мүмкiн болмаған жағдайда азаматтық хал актiлерiн тiркеу фактiсi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелер бойынша сот тәртiбiмен анықталады.
5. Азаматтық хал актiлерiнiң қалпына келтiрiлген жазбаларын тiркеудi жоғалған жазба болған жердегi азаматтық хал актiлерiн жазатын орган жүргiзедi. 169-бап. Азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды жою 1. Азаматтық хал актiлерi жазбасының: 1) сот шешiмiнiң негiзiнде; 2) мүдделi адамдардың арызы бойынша; 3) жойылуға тиiстi бастапқы, қалпына келтiрiлген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актiлерiн жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкiн. 2. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою туралы арыз сол арыз берушiнiң тұрақты тұратын жерi бойынша - сотқа немесе азаматтық хал актiлерiн жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал актiлерi Қазақстан Республикасының азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарында тiркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне берiледi. 3. Азаматтық хал актiлерi жазбаларын жою жойылуға тиiстi жазба болған жерде жүргiзiледi. 170-бап. Азаматтық хал актiлерiн жазу ережелерiн бұзғаны үшiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгi Лауазымды адамдар азаматтық хал актiлерiн тiркеуден негiзсiз бас тартқаны үшiн, халықтың табиғи қозғалысын есепке алу жөнiндегi мәлiметтердi белгiленген мерзiмде тапсырмағаны немесе терiс мәлiметтер тапсырғаны үшiн, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын жария еткенi үшiн (осы Заңның 91-бабы) заңда белгiленген тәртiппен жауап беруге тиiс. 171-бап. Азаматтардың некеге тұруға кедергi келтiретiн Некеге тұруға кедергi келтiретiн мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актiлерiн жазатын органдарға жалған мәлiметтер бергенi үшiн азаматтар заңдарға сәйкес жауап бередi.
Читайте также: Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|