Бап. Бала асырап алу туралы жазбаны жою
1. Бала алу туралы жазба бала асырап алудың күшiн жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмi негiзiнде жойылады. 2. Егер бала асырап алудың күшi олардың өтiнiшi бойынша жойылса, бала асырап алуды жою туралы өтiнiштi баланың ата-анасы, егер оның талап етуi бойынша бала асырап алудың күшiн жою жасалса, қорғаншы немесе қамқоршы орган бередi. 28-тарау. Атын, әкесiнiң атын және 194-бап. Атын, әкесiнiң атын және тегiн 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертуiне олар он алты жасқа толғаннан кейiн рұқсат берiледi. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi және оны тiркеудi арыз берушiнiң тұрғылықты жерiндегi азаматтық хал актiлерiн жазу органдары жүргiзедi. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертуден бас тарту жөнiнде сотқа заңда белгiленген мерзiмде шағым жасалуы мүмкiн. 2. Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы өтiнiштердi қарау Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледi. 29-тарау. Қайтыс болуды тiркеу 195-бап. Қайтыс болуды тiркеу тәртiбi 1. Қайтыс болу жағдайы, сондай-ақ азаматты өлдi деп жариялау туралы және өлу фактiсiн анықтау туралы сот шешiмдерi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында тiркеледi. 2. Қайтыс болуды тiркеу өлген адамның тұрған жерiндегi немесе ол қайтыс болған жердегi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында жүргiзiледi. 3. Адамды өлдi деп жариялау туралы және өлу фактiсiн анықтау туралы сот шешiмдерiн тiркеу шешiм шығарылған жерде жүргiзiледi.
196-бап. Қайтыс болуы туралы мәлiмдеме беру мерзiмi Қайтыс болу туралы мәлiмдеме жетi тәулiктен кешiктiрмей, ал адам зорлықпен өлтiрiлсе, өзiн-өзi өлтiрсе, жазатайым жағдайдан өлсе, сондай-ақ өлiк табылған жағдайда өлген немесе өлiк табылған кезден бес күннен кешiктiрмей берiлуге тиiс. 197-бап. Қайтыс болу туралы мәлiмдеме беретiн Қайтыс болу туралы мәлiмдеменi өлген адаммен бiрге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршiлерi, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлерi немесе адам қайтыс болған жердегi мекеменiң әкiмшiлiгi немесе өлiктi тапқан iшкi iстер органы жазбаша немесе ауызша түрде жасайды. 198-бап. Қайтыс болу туралы мәлiмдеменiң мазмұны Қайтыс болу туралы мәлiмдемеде мәлiмдеушi өлген адам туралы мына мәлiметтердi: өлген адамның аты, әкесiнiң аты, тегi, туған жылы, соңғы тұрған жерi және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы мен күнi, қайтыс болу себебi, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлiмдеме жасаған адамның аты, әкесiнiң аты, тегi және тұрғылықты жерi көрсетiледi. 199-бап. Қайтыс болу фактiсiн куәландыру 1. Қайтыс болу фактiсi дәрiгердiң куәлiгiмен, ал оны беру мүмкiн болмаған жағдайда екi куәнiң айғағымен куәландырылады. 2. Өлiктiң табылғаны туралы мәлiмдемеге тиiстi мемлекеттiк органдар жасаған хаттама қоса тiркеледi. 7-бөлiм. Неке-отбасы заңдары нормаларының 200-бап. Қазақстан Республикасының аумағында неке қию 1. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың нысаны мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың ережелерi, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттiң азаматы болса, сол мемлекеттiң заңдарымен, осы Заңның 9-11-баптарының неке қиюға кедергi болатын мән-жайлар жөнiндегi талаптарын сақтай отырып белгiленедi. 3. Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында некесiн қию ережелерi сол адамның тұрақты тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. 201-бап. Қазақстан Республикасының шетелдiк 1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде қиылады. 2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде шетелдiктер арасында қиылған некелер, егер бұл адамдар некелескен кезде Қазақстан Республикасындағы елшiсiн немесе консулын тағайындаған шет мемлекеттiң азаматтары болып табылса, екi жаққа бiрдей болу шартымен Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 202-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс 1. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында қиылған некелер және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктердiң немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттiң заңын сақтай отырып жасалса, осы Заңның 11-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында заңды ден танылады. 2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасында қиылған некелер, олар аумағында жасалған мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
203-бап. Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған некенiң заңсыздығы осы Заңның 200, 202- баптарына сәйкес неке қию кезiнде қолданылған заңдармен айқындалады. 204-бап. Некенiң бұзылуы 1. Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер арасындағы некенi бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некенi оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некенi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бұзуға жол берiлетiн жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде бұзылуы мүмкiн. 3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдiктер арасындағы некенi бұзу тиiстi шет мемлекеттiң заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 205-бап. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi аумағында екеуiнiң бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен, ал екеуiнiң бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда - аумағында екеуiнiң бiрге тұрған соңғы жерi болған мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бұрын бiрге тұрған жерi болмаған ерлi-зайыптылардың мүлiктiк емес және мүлiктiк жеке құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
206-бап. Әке (ана) болуды анықтау және даулау 1. Әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған кезде азаматы болған мемлекеттiң заңдарымен айқындалады. 2. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртiбi Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берiлсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын тым болмаса бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiне арыз беруге құқылы. 207-бап. Ата-аналардың және балалардың Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi, соның iшiнде ата-аналардың балаларын асырап-бағу жөнiндегi мiндетi аумағында олардың бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Ата-аналар мен балалардың бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда ата-аналардың және балалардың құқықтары мен мiндеттерi бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Талапкердiң талап етуi бойынша алименттiк мiндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұратын мемлекеттiң заңдары қолданылуы мүмкiн. 208-бап. Кәмелетке толған балалардың және басқа да отбасы мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттiк мiндеттемелерi, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерiнiң алименттiк мiндеттемелерi аумағында олардың бiрге тұратын жерi бар мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi. Бiрге тұратын жерi болмаған жағдайда мұндай мiндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттiң заңдарымен белгiленедi.
Читайте также: Асырылу барысы туралы 1 страница Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|