бап. Бала асырап алу
⇐ ПредыдущаяСтр 9 из 9 1. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның iшiнде бала асырап алудың күшiн жою осы заңның 76-78, 82-84 және 96-баптарының талаптарын сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. 2. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдiк болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкiлiнiң және бала азаматы болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының келiсiмiн, сондай-ақ егер аталған мемлекеттiң заңдарына сәйкес талап етiлетiн болса, асырап алуға баланың да келiсiмiн алу қажет. 3. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттiң құзыреттi орган жүргiзген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейiн баланың тұратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органынан немесе оның ата-анасынан (олардың бiреуiнен) бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. 4. Егер бала асырап алудың нәтижесiнде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күшi сот тәртiбiмен жойылуға тиiс.
5. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдiктерге асырап алуға берудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 6. Шетелдiктерге асырап алуға берiлген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi жүзеге асырады. Ескерту. 209-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi). 210-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу 1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде жүргiзiледi. 2. Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде, егер мүдделi адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. 211-бап. Азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын шет мемлекеттердiң құжаттарын тану Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар жөнiнде тиiстi мемлекеттердiң заңдары бойынша азаматтық хал актiлерiнiң жасалғанын растайтын шет мемлекеттердiң құзыреттi органдары берген құжаттар консулдық ресмилендiрiлген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады. 212-бап. Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының Қазақстан Республикасында қолданылуы Басқа мемлекеттердiң неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.
213-бап. Халықаралық шарттар Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарында белгiленгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасының
Читайте также: Воспользуйтесь поиском по сайту: ©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...
|