Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

§ 2. Қазіргі заманғы білім берудегі




§ 2. Қ азіргі заманғ ы білім берудегі

оқ ытудың негізгі бағ ыттары

 

Оқ ыту бағ ыттарының жалпы

психологиялық негізінің қ алыптасуы

 

Білім беру процесі XVIII ғ. екінші жартысынан бастап тек теоретикалық педагогикалық ұ ғ ынудың объектісіғ ана емес емес, сонымен қ атар психологиялық ұ ғ ынудың объектісі бола бастады. Ә рине, бұ л процесс педагогикалық психология дамуының екінші сатысына дейін психологиялық териялардың осы кезең індегі басымдылық етіп тұ рғ ан контексінде тү сіндіріледі, оның ережелері ү йрету процесімен астарласып жатыр. Ү йрету процесі осы теориялардың категориялары мен ұ ғ ымдарында қ арастырылғ ан. Еске салайық, ө ткен жү з жылдық тың соң ына дейін басты рө лді байланыстар (ассоциативтілік) теориясы алып отырғ ан, XX ғ асырдың басында бір мезгілде екі теория - бихеворизм жә не гештальтпсихология – оқ ытудың басты жағ дайларын қ алыптастырды. Тек педагогикалық психология дамуының ІІІ-ші сатысында ғ ана, XX ғ. екінші жартысында ө з бетінше теориялар, нақ тырақ айтатын болсақ, оқ ытудың бағ ыттары пайда болды. Алдымен, оқ ытудың жалпы теориясына қ омақ ты ә серін тигізген, оқ ыту (ү йрету) мен дамытудың байланыстық, бихевиористік жә не гештальтпсихологиялық теорияларының жалпыпсихологиялық ережелерін қ арастырайық.

Байланыстар туралы ойды психика қ ұ былысының мү мкін пайда болу механизмі ретінде қ арастыруды алғ аш рет Дж. Локк (1632-1704) ұ сынғ ан, алайда байланыс ұ ғ ымының ө зі, оның тү рлері мен ерекшеліктері жө ніндегі ұ ғ ымды Аристотель енгізген болатын.

Алғ ашқ ы ә серлену мен оны тудыратын тү сініктер мен идеяларды тү сіндіретін болашақ мектептің негізгі қ ағ идаларының анық баяндалуы Д. Гартлидің ү лесі (1747). Д. Гартли сыртқ ы ә серлер ү лкен жә не кіші толқ улар пайда болатын жү йке тінінің жауап қ айтаруын тудырады деген материалистік тү сінікке сү йенген. Оның айтуынша, «бір кезде пайда болғ ан кіші толқ улар сақ талып, жиналып «орган» қ ұ райды, ол келесі реакциялардан жаң а сырттық ә серлерден реакцияларды сақ тайды. Соның арқ асында организм… сә йкес тарихы бар оқ ытушы жү йе болады. Ү йретуге жарамдылық тың негізі - есте сақ тау. Есте сақ тау Гартли ү шін жү йке ұ йымдасуының ортақ іргелі қ асиеті» [244, 133 б. ]. Д. Гартли бойынша оқ ытуда есте сақ тау ү лкен рө л атқ арады.

Тү сініктер мен идеялар байланысының пайда болу себебін ары қ арай Дж. Ст. Миллем қ арастырғ ан, ол «біздің идеяларымыз (тү сініктеріміз) ә серлердің пайда болу жә не орын алу тә ртібі бойынша ө мір сү реді, олар оның дә л кө шірмесі. Басты заң – идеялар байланысы, ал байланыстардың екі себебі бар сияқ ты: байланысатын ә серлердің жандылығ ы жә не жиі қ айталануы». Байланыстар пайда болуының негізгі заң дылық тарының талдауы (ұ қ састық байланысы, шектестік бойынша байланыс (уақ ыт немесе орыны бойынша сә йкес келуі) себеп-салдар байланысы т. б. ) жә не олардың пайда болуының екінші реттегі заң дылық тары, оғ ан «алғ ашқ ы ә сердің ұ зақ қ а созылуы, оның жандылығ ы, жиілігі, уақ ыты бойынша аулақ татылуы» жатады, осының барлығ ы зерттеушілерді бұ л заң дардың «жақ сы есте сақ тау шарттарының тізбесі» деген қ орытындығ а ә келді (М. Г. Роговин). Осығ ан сә йкес, есте сақ тау байланыстар заң дарының ә рекетімен анық талды.

Сонымен қ атар, байланыстық психология ойлау процесін де есте сақ таудың ө зіндік репродуктивті функциясы ретінде қ арастыратынын еске салғ ан жө н.

Зерттеушілердің айтуы бойынша ойлау проблемасы, «идеялар кө бейту жө ніндегі мә селе ойлаудың байланыстық теориясының негізгі мә селесінің бірі болып табылады, себебі ой қ озғ алысы қ андай идеялардың жә не олардың есте сақ тау қ орынан қ андай тә ртіп бойынша кө беюіне байланысты» [37, 41 б. ]. Есте сақ тау процестерін қ арастыру кезінде репродуктивті ойлаудың негізгі заң ы болып олардың қ айталану жиілігіне байланысты байланыс кү шінің орнығ у заң ы қ алды (алайда оның қ олдану ортасы біраз ө згерді). Байланыстық психологияның білім беру ү шін қ айталау жиілігінің маң ыздылығ ы жә не байланыстың орнығ уы сол кездерде материалды кө п рет, механикалық қ айталау арқ ылы жаттау керек деген педагогикалық талаптың ө зіндік теоретикалық негіздемесі болды.  

Г. Эббингауздың эксперименттік мә ліметтерінде бір уақ ытта адамның есте сақ тап, жаттап ала алатындығ ы жазылғ ан. Бұ л болашақ та зерттеушілерге «еске сақ тау» жә не «ү йрету» (қ андай да бір дағ ды мен дағ дылар жү йесін игеру жә не сақ тау ретінде) деген екі ұ ғ ымды бір-бірімен тығ ыз байланыстыруына себеп болады. Соң ынан бихевиористердің ең бектерінде бұ л ұ ғ ымдардың бір-бірімен толық қ осылуы орын алады. Эксперименталды салыстырмалы психологияның кө рнекті ө кілі Э. Торндайк ХІХ ғ. соң ында, ү йретудің сол кездегі негіз бола алатын теорияларының бірі - істеп кө ру жә не қ ателесу теориясын ұ сынғ ан [252; тағ ы 245, 366-343 б. ]. Оның мә ні - жануарлар (Э. Торндайк экспериментті мысық қ а жасағ ан) бірнеше рет ә рекет жасау жә не қ ателесу арқ ылы тітіргендіргіш - стимулғ а сә йкес ө зінің бойындағ ы бар реакциялардың бірін кездейсоқ тауып алады. Мұ ндай сә йкестік қ анағ аттануды туғ ызады, ол берілген реакцияны нығ айта тү седі де стимулмен байланыстырады. Егер осындай стимул қ айталанса, онда реакция да қ айталанады. Осы Э. Торндайктың бірінші жә не негізгі - эффект заң ы. Екінші заң – жаттығ у заң ы болып реакцияның стимулғ а қ оятын негізгі шарты қ айталау саны, стимул ә серінің ұ зақ қ а созылуы мен кү штілігі – бұ л екінші заң – жаттығ у заң ы. Ү йретудің ү шінші заң ы – дайын болу заң ына сә йкес, жануардың реакциясы оның берілген ә рекетке дайындығ ына байланысты. Э. Торндайк: «тек қ арыны аш мысық тамақ іздейді» деган.  

Ө з теориясын дамыта келе Э. Торндайк ү йретудің тағ ы да бірнеше факторларын басып озды, солардың ішінде, ерекше рө лді «сә йкесік элементі» ойнайды. Ү йрету теориясының ары қ арай дамуында бұ л фактор дағ дыны тасымалдау принципімен астарласады. Э. Торндайк осындай тасымал ә р тү рлі жағ дайларда сә йкестік элементтердің орын алғ ан жағ дайында ғ ана жү зеге асырылады деген. Э. Торндайктың ары қ арай жү ргізген зерттеулері, ә сіресе, адамды ү йретуді сипаттауғ а қ атысты екінші заң ның біраз ө згеруіне ә келді. Э. Торндайк ү йретудің тағ ы бір заң дылығ ы ретінде нә тижелерді білу ұ ғ ымын енгізді, себебі оның айтуы бойынша, «нә тижені білмей ө ткізілген практика, қ андай ұ зақ мерзімге созылмасын – қ ажетсіз практика». Сонымен қ атар, нә тижені білуді Э. Торндайк эффект заң ының ә сер етуімен қ атар жү ретін, стимул мен реакцияның арасында пайда болғ ан байланысты нығ айтатын сә т деп қ арастырады.

Э. Торндайктың мә ні бойынша байланысты жә не ә дісі мен тә сілдері бойынша бихевиористі ең бектері білім беру процесін теоретикалық тұ рғ ыдан тү сінуге маң ызды ә серін тигізді.

Істеп кө ру жә не қ ателесу теориясына баланы оқ ыту жә не психикалық дамыту саласында жұ мыс істеген, гештальтпсихология ө кілдерінің бірі К. Коффка сын талдау берген [95]. Байланысты психологиямен салыстырғ анда гештальтпсихология ү шін алғ ашқ ысы – элементтер емес, бү тіндік, қ ұ рылым, гештальт. Осы теорияны зерттеушілердің атап ө туі бойынша, гештальтпсихологияның негізіне постулат алынғ ан, ол бойынша «қ ұ рылымның пайда болуы – ұ йымдастыру, жә не де спонтанды, тез арада пайда болғ ан, нақ тырақ айтатын болсақ, материалдың ө зін-ө зі ұ йымдастыруы [200, 13 б. ]. Ол объекттің ө зінің субъекттен тә уелсіз ә рекеттесетін ө зінің жақ ындық, ұ қ састық, «тұ йық тық », «жақ сы жалғ астыру» «жақ сы форма» принциптеріне сә йкес қ абылдау немесе еске тү сіру процестері кезінде пайда болады. Оғ ан сә йкес оқ ытуда бірінші кезектегі жә не бастапқ ы міндет - тү сінуге, бү тінді, кескін ү йлесімді қ амтуғ а, бү тіннің барлық бө ліктерін, олардың ара қ атынасын ортақ қ абылдау болып табылады.

Гештальтпсихологтар мұ ндай тү сінік шешімнің кенеттен пайда болу нә тижесінде немесе «инсайт» кезінде туындайды деген.

Э. Торндайктың істеп кө ру жә не қ ателесу туралы теориясының дұ рыстығ ы жө нінде пікір таластыра келе, К. Коффка бірнеше қ атар, мә нсіз қ айталау тек зиян ғ ана ә келуі мү мкін, сол себепті алдымен ә рекеттің жолын, қ ұ рылымын немесе гештальтын тү сіну қ ажет, содан соң барып бұ л ә рекетті қ айталау керек қ ажет деген.

«Жануар ойланбай оқ ытылады деген қ ағ идадан бас тарту керек» [95, 117 б. ]

Адамды мақ сатты оқ ытуда ү йретудің осындай жолынан осыдан да ү лкен негізге сү йеніп бас тарту қ ажет. Оқ ыту процесін талдай келе К. Коффка ү лкен рө лді еліктеуге береді. Ол оның қ олдануының екі мү мкіндігін қ арастырады: тү сінбей жай ғ ана еліктеу, одан кейін – ойлап қ орыту немесе «еліктеу ү лгісін тү сіну еліктеу ә рекетінің алдында жү ріп отырады». Қ олда бар материалдарғ а сү йене келе, еліктеу жолы арқ ылы оқ ыту ең алдымен екінші форма арқ ылы жү зеге асырылады деген қ орытынды жасауғ а болады» [95, 204 б. ]. К. Коффканың ойынша, «... еліктеу арқ ылы оқ ыту, сө йлеу жә не жазу сияқ ты дағ дылар тек қ ана еліктеу арқ ылы мең герілетінін айтпағ анда, кенеттен оқ ытумен салыстырғ анда жең ілірек болады» [95, 205 б. ]. Коффка еліктеу ү лгісіне ү лкен назар аударады жә не оқ ыту ситуациясы «еліктеу ү лгісі болғ ан жағ дайда жақ сарады, себебі шешімнің басты кө зі бар» [95, 205 б. ].

Сонымен қ атар, Коффка ү йрету тек қ ана есте сақ тау қ ызметіне ғ ана байланысты емес, ол осы процесте жаң аның пайда болуының қ алай қ алыптасатынын тү сіндіруді қ ажет ететініне сілтейді.  

Ә рекетті тү сіну жә не оның орындалуының арасындағ ы тә уелділікті дұ рыс атай келе К. Коффка, ә сіресе, туғ ан тілінде сө йлеуді мең гергенде еліктеуге ү лкен салмақ тү сіреді. Ол, ә детте балаларғ а тә н, сө йлеу шығ армашылығ ына, баланың тіл заң дылық тарын ө з бетімен табуына кө ң іл бө лмеген.

Гештальпсихологиямен бір уақ ытта пайда болғ ан бихевиоризм белгілі бір мө лшерде американдық функционализмнің ө кілі У. Джемс - Дж. Дьюидің философиялық бағ ытын ұ станғ ан. Ол психиканы қ арастыруда прагматикалық тұ рғ ыдан келген. У. Джемс бойынша, дағ ды, білім, қ абылдау арқ ылы берілетін сана ү немі қ оршағ ан ортамен сә йкес келеді, ол бейімделудің қ ызмет етуші жағ дайы ретінде анық талады. Осығ ан сә йкес, осы тә сілдің аумағ ында ағ заның қ оршағ ан ортағ а бейімделуіне кө мегін тигізетін реакциялары ғ ана пайдалы.

Бихевиоризмнің ғ ылыми-эксперименталды базасы болып бір жақ тан – Э. Торндайктің ү йретудің сипаты мен Г. Эббингауздың вербалды есте сақ тау туралы іс жү зіндегі дерекнамалары тұ рды. Басқ а жағ ынан, бихевиоризм, ә сіресе, Э. Толменнің жаң а бихеворизмі И. П. Павловтың шартты рефлекстер туралы іліміне негізделген. Алайда, психикағ а позитивті тұ рғ ыдан келу себептеріне байланысты шартты рефлекстің негізгі, орталық буынын осы психологиялық теорияның негізін салғ ан Дж. Уотсон кө ң іл бө лмеген. Ол рефлекстің сызбасында тек қ ана оның шеткі мү шелерін қ алдырып, оларды «стимул» S жә не «реакция» R деп белгілеген. «Стимул - реакция» (S→ R) қ атысы дағ дыны белгілі бір стимулғ а «жатталғ ан» реакция деп анық тағ ан.  

Бихевиоризм ө кілдерінің Э. Торндайктың жануарларғ а, адамдардың мінез-қ ұ лығ ына жасалынғ ан тә жірибелер барысында алынғ ан қ орытындыларын кө шіруге мү мкіндік беретін бихевиоризмнің негізгі шарты болып Дж. Уотсонның «адам – басқ а жануарлардан тек қ ана ө зін-ө зі ұ стау тү рімен ғ ана айырық шылынатын жануар, ... Сө йлеу – бұ л ә рекет, яғ ни ө зін-ө зі ұ стау. Тіл дегеніміз - еріннің жабық кезінде ойлану болып табылатын дағ ды... Психологтардың ой деп атағ аны жай айтқ анда, іштен ойлану болып табылады» [253, 6 б. ]. Басқ а сө збен айтқ анда, ерте бихеворизмге сә йкес адамның да жануардың да барлық психикалық ә рекетін «ү йрету» жә не «дағ ды» деген терминдермен сипаттауғ а болады. Дж. Уотсон ү шін жеке тә жірибе жинақ тау ретіндегі «ү йрету» жә не стимул-реакцияның нығ айтылғ ан байланысы ретіндегі «дағ ды» сияқ ты екі ұ ғ ым бірдей. Дж. Уотсон «сана» мен «ойлауды» елемеуін оларды объективті тікелей зерттеуге болмайтындығ ымен тү сіндіреді. Сондық тан Дж. Уотсонғ а сә йкес, бихевиоризм нағ ыз табиғ и ғ ылым «ми», «ақ ыл», «сана» сияқ ты ойша жорытылғ ан ұ ғ ымдарсыз ө мір сү ре алады. Ал психологияның басты мақ саты адамның ө зін-ө зі ұ стауын, мінез-қ ұ лқ ын зерттеу болып табылады [216]. Адамның сө йлеу мінез-қ ұ лығ ын жә не оны осы мінез-қ ұ лық қ а оқ ытуды бихевиоризм осы контексте қ арастырады.

Жаң а бихевиоризм ө кілдері Э. Толмен, К. Халл, Э. Газри, Б. Скиннер аралық ауыспалы, танымдық (когнитивті) карта, қ ұ ндылық тар матрицасы, мақ саттар, мотивациялар, антиципациялар, мінез-қ ұ лық ты басқ ару ұ ғ ымдарын енгізе отырып, Дж. Уотсонның ортодоксалды бихевиоризмінің жалпы мазмұ нынын ө згертті Э. Толменнің (басты категориясы- бейне) когнитивті бихевиоризмінің жаң а бихевиористік теориялары, К. Халлдың (басты категориясы - мотивация жә не антиципация) гипотетикалық -дедуктивті бихевиоризмі жә не Б. Скиннердің оперантты бихевиоризмі (басты категориясы - басқ ару) сияқ ты жаң а бихевиористік теориялар қ алыптасты [244, 234-249 б. ]. Жаң а бихевиоризмнің дә л ө зінде Э. Торндайктың жаттығ у жә не ә сер заң дары нақ тыланды. Бірінші заң қ айталану жиілігі ә рекетімен ғ ана толық тырылмай, ү йретудің тиімділігіне ә серін тигізетін бү тін қ ұ рылым (гештальт), когнитивті картаның пайда болуымен толық тырылады. Ә сер заң ы (немесе нығ аю) тек қ ана қ ажеттілікті қ анағ аттандыруғ а ғ ана емесе, когнитивті картаны (антиципация негізінде) бекітумен байланыс-тырылады.

Жү зжылдық тың басында осы психологиялық теориялардың негізінде оқ ытудың белгілі бағ ыттары мен теориялары қ алыпасты. Солардың біреуіне сә йкес, «формалды» оқ ытудың негізгі мақ саты - баланың білім игеру ү шін қ ажетті қ абілеттерін дамыту. Басқ а теорияғ а сә йкес - оқ ытудың негізгі мақ саты білімнің белгілі бір мө лшердегі жиынтығ ын мең геру. Олар «бала дамымайды жә не тә рбиеленбейді, ол оқ ып жә не тә рбиелену ү стінде дамиды» деген постулатты негізге алады [194, 1т., 176 б. ]. С. Л. Рубинштейн мұ ндай оқ ытудың екі бағ ытын бір-біріне қ арамақ айшы қ оюдың жасандылығ ын айта кетті. Ол оқ ытудың (ол арқ ылы бала ө теді) жә не дамуы (ол оқ ыту процесі кезінде жү реді) іс жү зінде жү ру барысында екеуі де жү реді: білімнің белгілі жү йесін мең геру де, сонымен бірге баланың қ абілеттіліктерін дамыту.

Сонымен қ атар, бұ л ойды неғ ұ рлым толық білдірген Н. А. Менчинскаяғ а сә йкес, оқ ытудың негізінде байланыс механизмі жатыр (автор оны И. П. Павловтың шарттылық -рефлекторлық теориясындағ ы «уақ ытша байланыстың » синонимі деп тү сінеді), оғ ан кү рделі талдамалық -синтетикалық ә рекет кіреді. Осығ ан сә йкес білім берудің жоғ арыда аталғ ан ерекшеліктері мен байланыстарды бекіту, жә не ең алдымен оларды қ айталауды педагог оқ ытуды ұ йымдастыру барысында назарғ а алуы қ ажет. Оқ ушылардың талдамалық -синтетикалық ә рекетінің ерекшеліктерін ескеру, ассоциативті байланыстарды нығ айту осы кү нге дейін оқ ытудағ ы маң ызды талаптардың бірі болып қ алып отыр.

Жү зжылдық тың ортасынан бастап оқ ыту бағ ыттары оның екі сипатының тө ң ірегінде жинақ талады: басқ аруғ а кө нушілік жә не оқ ушыларда білімді ө з бетімен «табу» қ абілетін қ алыптастыру. Бұ л жерде, ә рине, бір де бір бағ ыт қ азіргі уақ ытта таза кү йінде ұ сынылмағ ан, біреуі екіншісінің элементтерін қ амтиды. Алайда, олардың ә рбіреуі ү шін қ ажетті талап - оқ ытудың тә рбие беруші, дамытушы сипаты жә не ү йрету субъектінің белсенділігі.

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...