Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

МАЗМҰНЫ. 1 БӨЛІМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОТОЗООЛОГИЯ. Тақырып 1.1.Қарапайымдылартипі (Protozoa). Адамда паразитті түрде өмір сүретін Саркодты және Инфузория класының өкілдері




Қ АЗАҚ СТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚ ТАУ ЖӘ НЕ Ә ЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

«Астана Медицина Университеті» АҚ

МИРОЕДОВА Э. П., МАМБЕТПАЕВА Б. С.

ПАРАЗИТАРЛЫҚ ЖӘ НЕ ТРАНСМИССИВТІК АУРУЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Оқ у қ ұ ралы

АСТАНА - 2015

 

УДК: 577. 2: 616. 993 (075. 8)

ББК: 28. 087: 55. 1я73

М 64

 

Рецензенттер:

1. Н. М. Бейсенова –«ННМЦ» АҚ микробиологиялық зертханасының жетекшісі, м. ғ. д., профессор.

2. М. С. Мулдахметов - «МУА» АҚ интернатура балалар ауруларының кафедра мең герушісі, м. ғ. д., профессор.

3. К. Х. Алмагамбетов - «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы»РМК б. ғ. қ., м. ғ. д., профессор.

 

М 64, Мироедова Э. П., Мамбетпаева Б. С. Паразитарлық жә не трансмиссивтік    аурулардың биологиялық негіздері / оқ у қ ұ ралы. - Астана, 2015, - 143 б.

 

Осы оқ у қ ұ ралы «Паразитарлық жә не трансмиссивтік аурулардың биологиялық негіздері» элективті тә ртібі бойынша паразиттердің тү рлерінің таралуы, морфологиясы жә не даму циклдері, инвазионды сатыларын жә не адамның зақ ымдануы, диагностикалық ә дістері жә не алдын алу шаралары туралы материалдардан тұ рады. Паразитарлы жә не трансмиссивті аурулардың жаң а диагностика ә дістері кө рсетілген. Паразиттердің иллюстрациялары, ө мірлік циклінің схемалары, есептер, сабақ беру ә дістері толық жазылғ ан.

Медициналық оқ у орындарының студенттеріне, магистранттарына, резиденттеріне жә не докторанттарғ а арналғ ан.                                                                                  

 

ISBN

УДК: 577. 2: 616. 993 (075. 8)

ББК: 28. 087: 55. 1я73

М 64

 

 «Астана Медициналық Университеті» АҚ оқ у-ә дістемелік кең есімен қ осымша оқ у ә дебиеті ретінде бекітілген жә не баспағ а ұ сынылғ ан

Протокол № ________ от «___» __________2015 жыл.

 

Ó Э. П. Мироедова, Б. С. Мамбетпаева, 2015

МАЗМҰ НЫ

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………

 

1 БӨ ЛІМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОТОЗООЛОГИЯ

Тақ ырып 1. 1. Қ арапайымдылартипі (Protozoa). Адамда паразитті тү рде ө мір сү ретін Саркодты жә не Инфузория класының ө кілдері

дизентерия амебасы (Entamoeba histolytica) ………………………………….

Ішек амебасы (Entamoeba coli) ………………………………………………..

Гартмана Амебасы(Entamoeba hartmanni ) …………………………………..

Ауыз қ уысының амебасы (Entamoeba gingivalis)……………………………..

Ішек Балантидиі (Balantidium coli)……………………………………………

 

Тақ ырып 1. 2Қ арапайымдылартипі (Protozoa). Адамда паразитті тү рде ө мір сү ретін талшық тылар класының ө кілдері...........................................................

 

Лейшманиялар: Leisсhmaniatropicaminor, Leisсhmaniadonovani, Leisсhmaniainfantum………………………………………………………………………………..

Трипаносома (Tripanosomagambiense)

Лямблия (Lamblia intestinalis)

Трихомонадалар – Trichomonas

 

Тақ ырып 1. 3. Қ арапайымдылартипі (Protozoa). Адамда паразитті тү рде ө мір сү ретін споралыларкласының ө кілдері………………………

Маляриялық плазмодиялар (Plasmodium)

Токсоплазма

Кокцидиялар

 

Тақ ырып 1. 4. Адамның протозойдты ауруларының диагностикасы...........

 

БӨ ЛІМ 2. МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕЛМИНТОЛОГИЯ ….. …………...

 

Тақ ырып2. 1. Жалпақ қ ұ рттар типі (Platthelminthes) ТрематодаКлассы(Trematoda). Сорғ ыштар – адам паразиттері ……..................................

Бауыр сорғ ышы ……………………………………

Мысық немесе солтү стік сорғ ышы ………………………

Ланцет тә різді сорғ ыш ……………………………

Ө кпе сорғ ышы ………………………………….

Қ ан сорғ ыштар …………………………………

Тақ ырып2. 2. Жалпақ қ ұ рттар типі (Platthelminthes) Цестодаларклассы (Cestoda). Адам паразиттері – таспа қ ұ рттар

Шошқ а цепені ………………………………………………………

Сиыр цепені ……………………………………………………….

Енді таспа қ ұ рт...............................................................................

Эхинококк ………………………………………………..

Альвеококк ……………………………………………

Қ ысқ а цепен ……………………………………….

Тақ ырып2. 3. Жұ мыр қ ұ рттар типі(Nemathelminthes) НематодтарКлассы (Nematoda).  

Аскарида ………………………………………………….

Анкилостома ……………………………………………………..

Власоглав …………………………………………………….

Острица ……………………………………………………….

Трихинелла ……………………………………………………..

 

БӨ ЛІМ 3. МЕДИЦИНАЛЫҚ АРАХНОЭНТОМОЛОГИЯ

Тақ ырып 3. 1. Буынаяқ тылар типі(Arthropoda). Ө рмекшітә різділер классы (Arachnoida).

Иксодалық кенелер (Ixodidae)………………… ………………

Тайгалы кене (Ixodes perculcatus) ……. ……………………

Ит кенелер (Ixodes ricinus)……………………… ……

Жайылым кенесі (Dermacentor) ……………………….

Аргазкенесі (Argasidae)……………………… ……………..

Ауыл кенесі (Ornitoduspapillipes) ……………………

Қ отыр кенесі (Sarcoptesscabiei)…………… ……

Кенелер (угрица) (Demodefollicolorum) ……… …………

Ұ н кенесі (Tyroglyphusfarinae), сырный клещ (Tyroglyphuscasei)

Ү й кенесі (Dermatophagoidespteronyssinus)…………….

 

Тақ ырып 3. 2. Буынаяқ тылар типі (Arthropoda). Насекомдар классы (Insekta) …..

Бас биті (Pediculus humanus capitis) ……………………..

Кө йлек биті (Pediculus humanus humanus) ……………………

Қ асағ а биті (Phthirus pubis) …………………

Адам бү ргесі (Phlex irritans) ……………………………..

Тө сек бү ргесі - Cimex lectularius ……………………………

Масалар (Семейство Culicidae) …………………………………..

Москиттер (Phlebotomus papatasii) …………………………………

Бө лме шыбыны (Musca domestica) ………………………………

Вольфартовшыбыны (Wohlfartia magnifica ………………………...

Це-це шыбыны (Glossina) ……………………………………………..

 

БӨ ЛІМ 4. ПАРАЗИТАРНЫХ И ТРАНСМИССИВНЫХ АУРУЛАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ…………………………………….

 

Тақ ырып 4. 1. Қ арапайымдыларды зерттеу ә дістері

Ірі қ ан тамшысы ………………………………………………

Несеп-жыныстық мү шелерден бө лінулерді жә не басқ а биологиялық материалдарды зерттеу …………………………………………………

Несеп-жыныстық мү шелерден бө лінулерді «ілінген тамшы» ә діспен трихомонаданы анық тауғ а бағ ытталғ ан зерттеу …………………… ……………………

Нә жісті зерттеу ………………………………………

Нативті жағ ынды

Толу ә дістері

Серологиялық ә дістер …

Тақ ырып 4. 1. Гелминтоздарды диагностикалау ә дістері……………………………

Нә жісті зерттеу …………………………………..

Макроскопиялық зерттеу……………………………

Микроскопиялық зерттеу …………………………….

Перианалды қ атпарлардантампонмен жағ ынды ………

Қ анды зерттеу. ………………………………….

Ө т ішіндегісін зерттеу. …

Қ ақ ырық ты зерттеу……………………………………..

Зә рді зерттеу …………………………………..

Бұ лшық етті зерттеу ………………………………….

Серологиялық ә дістер ………………………………………

Гельминт жұ мыртқ аларын анық тауда санды ә дістер

Овометрия ……………………………………………….

Тақ ырып 4. 3 Буынаяқ тыларды жинау, тіркеу жә не зерттеу ә дістері ………………..

Кенелер …………………………………………………….

Масалар ………………………………………………………

Москиттер ………………………………………………………

Шыбындар …………………………………………………………..

Тақ ырып 4. 4 Паразитарлы жә не трансмиссивті аурулардыанық таудың жаң а ә дістері………………………………………………….

Иммуноферментті анализ ………………………………….

Паразитарлы аурулардың ПЦР диагностикасы ……………..

Тестілер......................................................................................

Қ орытынды.................................................................................

Ә дебиет................................................................................

 

Кіріспе

Адам жә не жануарлардың ауруларын этиология бойынша эндогенді жә не экзогенді деп кассификациялауғ а болады. Эндогенді аурулардың негізінде тұ қ ым қ уалайтын аппарат қ ызметінің жә не қ ұ рылымының аномалиясы жатыр. Экзогенді аурулар ә р-тү рлі болады: ол травмалар, тамақ танудың бұ зылуы, авитаминоздар жә не т. б. Сонымен қ атар, бұ л аурулар тірі организмдермен шақ ырылады: вирустармен, прокариоттармен жә не жанурлармен. Прокариотармен жә не вирустармен шақ ырылатын аурулар инфекциялық деп аталады. Ал жануарлармен шақ ырылатын аурулар инвазиялық немесе паразитарлы деп аталады.

Паразиттер адам организмінде токсиндер шығ арады, сонымен ол лимфо ағ ымының бітелуін, аллергиялық реакцияларды шақ ырады жә не инфекциялық ауруларғ а куресін тө мендетіп, созылмалы ауруларғ а шалдығ уына ә кеп соғ ады.

ХХI ғ асырда паразитарлы аурулар ең жиі патология болып, медико-социалды мә селе болып саналғ ан. Кө птеген факторлардың ә серінен, экологияның нашарлауынан, дұ рыс тамақ танбау, витамин жә не микроэлемент жетіспеушілігінен, созылмалы аурулардың кө беюі, паразитологиялық аурулардың клиникалық кө рінісі ө згеріп оның диагностикасы қ иындады.

Сурет. Адам организмінде паразиттердің орналасуы (В. Н. Ярыгин бойынша). 1 — бас миы (эхинококк, цистицерк шошқ а цепні, трипаносома, токсоплазма жә не т. б. ), 2 —қ ан (безгек плазмодиясы, трипаносома жә не т. б.; ), 3 —ө кпе (эхинококк, ө кпе сорғ ышыжә не т. б. ), 4 — бауыр (басқ а кө п сорғ ыштар, эхинококк, токсоплазма жә не т. б. ), 5 — бұ лшық ет (трихинелла, шошқ а цепеннің цистицерктеріжә не т. б. ), 6 — тері асты қ абаты (ришта жә не т. б. ), 7 — жыныс жү йесі (шистосомалар, трихомонадаларжә не т. б. ), 8 —ашық жерлердегі тері (лейщмания жә не т. б. ), 9 — тоқ ішек (дизентериялық амеба, балантидия, қ ыл басжә не т. б. ), 10 — аш ішек (лямблия, бү кіл цепендер, таспа қ ұ рт, аскарида, острица жә не т. б. )

Паразитизм - ә ртү рлі тү рлердің біреуі паразит екіншісін (иесін) ө мір сү ру ортасы жә не қ оректенудің қ айнар кө зі ретінде пайдаланатын ағ залардың арасындағ ы қ арым-қ атынастардың ерекше тү рі. Паразиттер адамдардың барлық мү шелері мен ұ лпаларында ө мір сү реді. Олар мү шелерді уландырады жә не тітіркендіреді, механикалық жолмен жарақ аттайды, мү шелердің жұ мысын бұ зады, тағ амдық заттардың сінірілуін тө мендетеді, аномалиялардың дамуына себепкер болады, кейде ө лімге ә келіп соқ тырады.

Паразиттер ө мір сү ру ортасы мен уақ ытына байланысты бірнеше топқ а бө лінеді:

Нағ ыз паразиттер - тек қ ана паразиттік ө мір сү ретін ағ залар.

Жалғ ан паразиттер – басқ а ағ заның денесіне кездейсоқ тү сіп, паразитті тү рге айналатын, еркін ө мір сү ретін ағ залар.

Тұ рақ ты паразиттер – иесін ө мір сү ру ортасы жә не қ оректік кө зі ретінде пайдаланатын ағ залар, ә детте олар иесінен ө мір бойы кетпейді.

Уақ ытша паразиттер – иесін тек қ орек ретінде пайдаланатын ағ залар. Олар ө мірінің кө п бө лігін еркін жағ дайда ө ткізеді.

Сыртқ ы паразиттер – иесінің денесінің бетінде тіршілік ететін организмдер.

Эндопаразиттер ішкі паразиттер – иесінің мү шелерінің ішінде ө мір сү ретін ағ залар. Оларды терінің ішкі қ абаттарындағ ылар, қ уыстық жә не ұ лпалық деп бө леді.

Паразиттердің тіршілік биологиялық циклі бір немесе біртіндеп бірнеше иелерінің ағ засында ө теді.

Паразиттерге қ атысты иелерін бірнеше топқ а бө леді:

Ақ ырғ ы иесі деп денесінде паразиттер жынысты жолмен кө бейіп жетілетін ағ заны атайды.

Аралық иесі деп денесінде паразиттер дернә сілдік сатысы тү рінде ө тетін немесе жыныссыз жолмен кө бейетін ағ заларды атайды.

Резервуарлық иесі деп денесінде паразиттер ө згеріссіз ө мір сү ретін ағ заларды атайды. Кө птеген паразиттер иесі ү шін патогенді, яғ ни ауру қ оздыруғ а қ абілетті. Аурудың аттары ауру қ оздырғ ыштарының туысының латынша аттарының тү біріне –аз, -ез, -оз деген жұ рнақ тар қ осу арқ ылы аталады. Мысалы: амеба – амебиаз, лейшмания – лейшманиоз.

Ауруларды иелерінің қ ұ рамына, қ оздырғ ыштың табиғ атына, этиологиясына, таралу жолдарына эпидемиологиясына қ арай бө леді.

Антропоноздық аурулар – ауру қ оздырғ ыштары тек қ ана адамдарда болатын аурулар.

Зооноздық аурулар – ауру қ оздырғ ыштары тек қ ана жануарларда болатын аурулар.

Антропозооноздық аурулар – ауру қ оздырғ ыштары адам ағ засында да, жануарларда да кездеседі.

Инвазиялық паразиттік аурулардың қ оздырғ ыштары жануар ағ засынан, карапайымдылардан, кұ рттардан, буынаяқ тылардан тұ рады.

Жануарлардың паразитпен зақ ымдауын инвазия деп атайды, ал қ оздырғ ыштардың иесіне кіру сатысын инвазиялық деп атайды.

Иесінің ағ засына инвазиялық бастама ә ртү рлі жолдарменжұ ғ ады:

а) алиментарлық ә діспен, тамақ пен, сумен, кір қ олмен;

б) контактылы жолмен: жарақ атталғ ан жерден пассивті ену, активті – жынысты жанасуда, тері арқ ылы ену;

в) трансмиссивті жұ ктырушылар тасымалдаушылар арқ ылы.

Осығ ан байланысты аурулар да алиментарлы, контактылы, трансмиссивті деп аталады.

Трансмиссивті аурулардың қ оздырғ ыштарын жұ ктырушылар ә детте буынаяқ тылар болып табылады. Олар иесіне паразитті шағ у – иногуляция арқ ылы немесе оның денесімен жанасу – контоминация арқ ылы енгізеді.

Жұ қ тырушылар: егер денесінде қ оздырғ ыштар тіршілік циклының бір бө лігін ө ткізсе немесе кө бейетін болса спецификалық болып, егер денесінде қ оздырғ ыштар ө згеріске ұ шырамайтын болса механикалық деп екіге бө лінеді.

Спецификалық жұ ктырғ ыштар сонымен қ атар паразиттердің иелері де болып келеді.

Қ оздырғ ыштар таралғ ан территория аурудың ошағ ы деп аталады. Иесіне байланысты ошақ тар ү ш топқ а бө лінеді. Антропикалық ошақ – паразиттің биологиялық циклында адамдар жә не ү й жануарлары болды. Табиғ и ошақ тар – паразиттің биологиялық циклында тек жабайы жануарлар орын алады. Аралас ошақ тар – паразиттің биологиялық циклында ү й жә не жабайы жануарлар жә не тұ рғ ындар болып саналады.

Аурулардың алдын алуы – бұ л алдын алу шаралар жү йесі. Паразитарлы ауруларды алдын алудың негізгі бағ ыты адам организміне ену жолдарын азайту, сонымен қ атар жануарлар организмінде паразиттерді жою.  

Медициналық паразитология – адам паразиттерінің морфологиясын, биологиясын, патогендік маң ызын жә не паразиттік аурулардың диагностикалық, емдеу жә не профилактикалық ә дістерін зерттейді.

Медициналық протозоология- адамда паразитарлық ауру – протозооноздарды тудыратын Қ арапайымдылар типінің паразиттерін зерттейді.

Медициналық гельминтология - адамда паразитарлық ауру – гельминтоздарды тудыратын Жалпақ жә не Жұ мыр қ ұ рттар типінің паразиттерін зерттейді.

Медициналық арахноэнтомология- Буынаяқ тылар типінежататын адамдағ ы трансмиссивті аурулардың паразиттері мен тасымалдаушыларын зерттейді.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...