Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Ж.Ахметов. Патологиялық анатомия




21 -437


Ж. Ахметов. Патологиялық анатомия

шық тары ө здерінің қ алпын ө згертіп, жота-жотаң болып, иректеліп қ алады. Ишемия аймағ ывдағ ы капиллярларда эритроциттер ста­зы, лейкостаз, лейкодиапедез (6-8 сағ аттан соң ), қ ан қ ү йылу ошақ -тары кө рінеді. Осы ө згерістерді миокардтың жедел ишемиялық ди-строфиясы деп атайды. Сонымен қ атар, аурулардың жү рек қ ан тамырларында атеросклероз ү рдісінің едө уір дамығ андығ ын, кейбіреулерінде тромб барлыгын, ал ө лген кісілердің 35-40%-да миокард инфаркгын анық тауғ а болады.

ЖИА-дан ө лген адамдардың жү рек қ ан тамырларында тө мендегі ө згерістер кө рінеді: 1) атеросклероз жоқ немесе ө те ә лсіз (10%);

2) атеросклероз барлық тамырларда біркелкі едө уір дамығ ан (18%);

3) атеросклероз эр мү ше тамырларында ө ртү рлі, бірақ ө те кү ппі дамығ ан (72%) (А. В. Смольянников, Надцачина).

Атеросклероз ү рдісі сол жү рек артериясының тө мендеу бү та-ғ ында ә рдайым табылғ ан жә не кү шті дамығ аны ү шін оны " кү тпе-ген ө лім артериясы" деп атайды. Осы қ ан тамырларда атероскле­роз табақ шаларымен қ атар облитерация (тамыр саң ылауының бү тіндей бітіп қ алуы) ү рдісі де байқ алады. Оның негізгі себебі та­мыр ішінде пайда болатьш тромбтың қ алыптасуы. Тромбтар ө ртү рлі деректерге қ арағ анда 31%-тен 90%-ке дейінгі аралық та кездеседі. Бірақ та жү рек қ ан тамырларында бейімделу мү мкіншіліктері жеткілікті болган жағ дайда олардың біреуінің саң ылауы толығ ы-мен бітіп қ алуы ө рдайым инфарктық а соқ тыра бермейді. Мио­кард инфаркты жү рек тамырларында патология болмағ ан жагдай-да да кездесуі мү мкін, бү л жерде инфарктың туындауы тамыр спаз-масымен тікелей байланысты деп толық айтуғ а болады. Оның бү л тү рі барлық инфарктың шамамен 10%-тін қ ү райды.

МИОКАРД ИНФАРКТЫ

Миокард инфаркты деп жү рек бү лшық еттерінде дамитын не­кроз процесін тү сінеміз. Жү рек инфарктын тек 18-24 сағ аттан соң гана кө збен кө ріп шекарасын анық тауғ а болады, ал осы аралық та жү рек етінде инфарктың некрозеа дейінгі (ишемиялык) кезең і дами- ды. Оны анық тау ү шін арнайы гистохимиялық, электронды мик-роскопиялық зерттеулер жү ргізу қ ажет. Бү л ө згерістер экспери­мент арқ ылы шақ ырылғ ан инфаркта жан-жақ тщ тексерілген. Ин­фарктын; алгашқ ы 15-20 минуттарында-ақ қ ансызданган аймақ -тардағ ы бү лшық ет талшық тарьшан гликоген жоғ ала бастайды, ал 2-6 сагаттан тотыгу-тотық сыздану ферменттерінің оның ішінде суцинатдегидрогеназан^ің, белсенділігі ө згере бастайды. Ал


12 бө лім. Журек-қ ан тамыр жуйесінің аурулары                                               3 2 3

люминесцентті микроскоппен сары ала тү стегі акридинмен боял-ғ ан ет 30-60 минуттан кейін-ақ ишемия аймағ ында жасыл тү ске -ө згереді. Электронды микроскоппен де осы ө згерістерді бірінші минуттардан бастап кө ре дламыз. Дегенмен, бү л айтылғ ан тексеру ө дістерін практикада қ олдану мү мкіншілігі ө те аз, сондық тан осы кезең цеіі жалпы гистологиялқ ө згерістерде де тоқ талып ө ту шарт. Жай микроскоппен қ арағ анда инфарктың бірінші сағ аттарында микроциркуляция арнасындағ ы майда қ ан тамырларының ө з то-нустарын жоғ алтып кең ейіп кеткендігін, капиллярлардағ ы қ анның іркілу (стаз) жә не іркілу алдындағ ы жағ дайын (стазалды), қ ан қ ү йылу ошақ тарын кө реміз. Бү лшық ет талшық тары арасында эозин жө не фукцин бояуларымен қ ызыл тү ске боялган, кө лденең жо-лақ тарын жоғ алтқ ан, бө лшектеніп кеткен (фрагментация), ядро-лары ісінген немесе бү рісіп қ алғ ан (пикноз) бір топ жасушаларды кө реміз. Осылай озгерген жасушалар айналасында полиморфты ядролары ө ртү рлі лейкоциттер шоғ ырлана бастайды, ә детте олар ишемиядан соң 6 сагат ө ткенде кө рінеді. Бү л кезде жү рек строма-сы да ісінеді. Лейкоциттер саны ө скен сайын сол жердегі тіннің ыдырауы да кү шейе береді, осылайша бү тіндей еріп кеткен мио­кард ошақ тары (миоцитолиз) пайда болады.

Инфарктың некрозга ушырау кезең і осы жердегі ә ртү рлі фер-менттер белсенділігінің кү шеюіне тікелей байланысты. Бү л кезең -де инфаркт шекарасы анық талып оны кө збен кору мү мкін бола-




12 бө лім. Жү рек-қ ан тамыр жуйесінің аурулары


101-сурет. Сол қ арынша

ушының инфарютан кейінгі аневризмасы, сол жерде пайда болғ ан тромб -


Ж. Лхметов. Патологиялық анатомия

ды. Инфаркт ошақ тары ақ шыл сары, кө кшіл қ оң ыр немесе жа-сылсары тү рінде кө рініп, олардың жиектерінде қ ызыл тү стегі қ ан қ ү ылу ошақ тары табылады- оны қ ызьиі жиекті ақ инфаркт дейді. Инфарктқ а ү шырағ ан жердегі ет талшық тары, аралық тін, қ ан та-мырлары лейкоцит ферменттері ө серінде тү гел ө леді. Инфарктпен сау тін арасында кең ейген қ ан тамырлардан жә не лейкоциттерден тү ратын шекаралаушы сызық (демаркация) пайда болды (100-сурет). Осы жерде 4-ші кү ннен бастап микрофаг, 4-5-ші кү вдері лимфо­цит, фибробласт элементтері топталып, бір жағ ынан некрозғ а ү шы-рағ ан ө лі тіндерді тасып алып кету, екінші жағ ынан олардың ор-нын басу процестері қ атар жү ріп жатады. Инфарктан кейінгі 7-8-ші кү нде табылатын ішазмалы жасушалар иммунды механизмдердің де іске қ осылғ анынан хабар береді, ал 6-7 кү ндері бсы жерге қ ан тамырлары ө сіп кіріп, некроз ошақ тары бірте-бірте жас дә некер тінмен алмаса бастайды.

Инфарктың ушінші қ алыптасу кезең і осы ү рдістердің ә рі қ арай дамуымен сипатталады, 5-6 аптадан соң қ атты, фиброзды тыртық қ алады. Дегенмен қ алыптасу кезең інің ү зақ тығ ы инфарктың кө леміне байланысты, ө те ірі инфарктан кейін сол тыртық танғ ан жерлерде ә лі толық ьщырап сорылып кетпеген некроз ошақ тарьш табуғ а болады.

Инфарктың кө леміне қ арап: 1) трансмуралды, 2) интраму-ралды, 3) субэндокардиалды жә не 4) перикардасты тү рлерін ажы-ратады.

Трансмуралды инфаркт деп инфарктың жү рек қ абырғ асының барлық қ абаттарына жайылуын тү сінеміз. Инфарктың жедел кезең індегі асқ ынулар осы тү рде кө п кездеседі. Оларғ а тө мендегі ө згерістерді кіргізуге болады. 1. Жү ректің жарылып кетуі - ол не-крозғ а ү шырағ ан жү ректің сол қ арыншасыньщ алдыщы бө лігі, си­рек жағ дайларда қ арыншалар арасындағ ы перде немесе басқ а бө ліктері жарылып, жү рек қ абына 500 мл-ге дейін қ ан шығ ады. Осығ ан байланысты, жиналағ ан қ ан жү ректің ө зін басып тастайды (жү рек тампонадасы) Инфарктың осы асқ ынуы 10-15% мө лшерінде кездеседі. Кейде қ арыншалар арасындағ ы перде жарылады немесе инфарктқ а байланысты қ ақ пақ шалардың емізікті бү лшық еттері ү зіліп кетеді.

Миокардтың субэндокардиалды инфаркты жү ректің ішкі қ аба-тында дамып, жү рек қ абырғ асының 1/3 бө лігін, сирек жағ дайда жартысын қ амтиды. Қ алыпты жағ дайда жү ректің эндокард астын-дағ ы аймағ ы коронарлық қ ан айналымның шетінде жайғ асқ ан, сондық тан жү рек тамырларындағ ы қ ан қ ысымының тө мендеуі осы жерде ишемияның, одан ә рі инфарктың дамуына соқ тырады.


Жү ректің трансмуралдық инфаркты осы субэндотелиалдьгк, инфар-ктың ә рі қ арай терендеуіне байланысты деген де пікір бар, яғ ни айтылғ ан инфаркт тү рлерінің патогенезі бір-бірімен тығ ыз байла­нысты.

Жедел инфарктқ а байланысты тө менгі асқ ынулар дамиды. Клиникалық ағ ымына қ арай миокард инфарктының: 1) біріншілік, 2) рецидив беруші (бірінші инфарктан кейін 6 апта ішінде дами-тын) жә не 3) қ айтадан болғ ан (алдың ғ ы инфарктан 6 апта ө ткен соң ) тү рлерін ажыратады.

Жү ректің белгілі бір бө лігінің тез кең ейіп кетіп, томпайып шығ ып тү руын жү рек аневризмасы дейді. Аневризма жарылып кетуімен немесе оның қ уысында тромб тү зілуімен қ ауіпті, олар тромбоэмболияғ а соқ тыруы мү мкін. Тромбоэмболия нә тижесінде кө птеген ағ заларда қ осымша инфаркт пайда болады. Кейде ин-фарктқ а байланысты кардиогенді шокпен асқ ынады. Инфаркт ү рдісі,

Shj «it у*

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...