Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

  6.Балантидиазға қарсы қолданылатын дәрілер.




    6. Балантидиазғ а қ арсы қ олданылатын дә рілер.

Балантидиаздың қ оздырғ ышы инфузория Balantidium coli болып табылады, негізі тоқ ішекті зақ ымдайды. Оны емдеуге тетрациклиндерді қ олданады.

 

     7. Лейшманиозғ а қ арсы қ олданылатын дә рілер.

Лейшманиоздың екі тү рі болады: 1) тері лейшманиозы, оның қ оздырғ ышы Leishmania tropica, содан соң 2) ішкі мү ше лейшманиозы, оның қ оздырғ ышы Leishmania donovani.

Ішкі лейшманиозда сурьмадан жасалғ ан дә рі – солюсурьмин (Solusurminum). Бұ л дә рі тері лейшманиозғ а да қ олдануғ а болады. Жаң адан басталғ ан тері лейшманиозы сол жаралы жерге акрихиннің (Acrichinum) инфильтраттық ерітіндісі жә не мономицин қ олданылады.

Солюсурьмин – комплексті зат, ішінде ең қ ажеті сурьма (21-33%) жә не глюкон қ ышқ ылы бар. Бұ ның 20% - 10 мл ампуласы тамыр арқ ылы егуге арналғ ан (тері астына егуге болмайды). Висцеральдық лейшманиоздың мө лшерін 0, 1 ден 0, 15 г/кг, осыдан асырмай беріп отыру керек. Лейшманиоз асқ ынып кетсе екінші қ осымша инфекция пайда болады, ол кезде антибиотиктер мен сульфаниламидтерді қ олдану керек.

Акрихин (мепакрин жә не т. б. ) 0, 05 - тү ймедағ ы, ертеден келе жатқ ан безгекке қ олданғ ан дә рі. Қ азіргі кезде тері лейшманиозына, лямблиозғ а, псориазғ а, ал кө бінесе ішек қ ұ рттарына (глисттерге) қ олданылады. Бір ерекше жанама ә сері адамның бү кіл денесі сап-сары болып, қ ышып бө рте бастайды, сондық тан да бұ ны қ азіргі кезде кө п қ олданбайды.

 

 

 

20 тарау. Ішекқ ұ рттарғ а (қ ұ рттарғ а немесе гельминттерге) қ арсы қ олданылатын дә рілер.

 

Ішекқ ұ рттардың орналасуына байланысты ішектік жә не ішектік емес гельминтоздар болып екіге бө лінеді.

1. Ішектік гелминтоздар:

 а/ домалақ қ ұ рттар (нематодтар) – аскаридоз (аскаридтер), энтеробиоз (острицалар), трихоцефаллез (власоглав), странгилоидоз (ішек угрицтері) жә не трихостронгилоидоз (трихостронгилидтер);    

    б/ жалпақ қ ұ рттар (цестодтар) – дифиллоботриоз (кең лентецтер), тениоз (қ аруланғ ан цепеньдер), тениаринхоз (қ аруланбағ ан цепеньдер) жә не гименолепидоз (тапалды цепеньдер);

в/ сорғ ыш қ ұ рттар (трематодтар) – метагонимоз (метагонимдер).

2. Ішекті емес гелминтоздар:

а/ нематодтар – фаляриатоз (лимфатикалық жү йеде), трихинеллез (еттерде жә не ішектерде);

б/ цестодтар – цистицеркоз (еттерде, мида, кө зде жә не т. б. ), эхинококкоз (бауырда, ө кпеде, мида жә не т. б. );

в/ трематодтар – шистосомоз (қ ан тамырларында), фасциолез (бауырда, ө т қ абында), описторхоз (бауырда, ұ йқ ы безде), клонорхоз (бауырда, ұ йқ ы безде) жә не парагонимоз (ө кпеде, мида, лимфатикалық тү йінде жә не т. б. ).

Осылардың бә рі гельминтоздық аурулардың қ оздырғ ыштары болып табылады. Гельминтоздық ауруларғ а қ олданылатын дә рілер келесі топтарғ а бө лінеді:

1. Ішектік гельминтозды емдеуге қ олданылатын дә рілер:

а) нематодозғ а ә сер ететін дә рілер: мебендазол (Mebendasole), альбендазол (Albendasole), пирантел (Pirantel), левамизол (Levamisolum), пиперазин адепенаты (Piperazini adipinas), нафтамон (Naphtammonum).

б) цестодозғ а ә сер ететін дә рілер: фенасал (Phensalum), празиквантель (Praziquantel).

в) трематозғ а ә сер ететін дә рілер: празиквантель.

2. Ішек емес гельминтозды емдеуге қ олданылатын дә рілер:

а) нематодозғ а ә сер ететін дә рілер: дитразин цитраты (Litrazini citras), мебендазол.

б) цестодозғ а ә сер ететін дә рілер: альбендазол, мебендазол.

в) трематозғ а ә сер ететін дә рілер: празиквантель, хлоксил (Chloxylum).

Гельминттік ауруларды емдеу ү шін, ә уелі қ андай ішек қ ұ рттары қ ай жерге орналасқ анын білу керек. Ол ү шін ішек анализін жасау, нә жісті (ү лкен дә ретті) зерттеу, асқ азанды дайындау, диетаны сақ тау, содан соң дегельминтизацияғ а (гельминттерді сыртқ а айдауғ а) кіріскен дұ рыс.

Мебендазол (вермокс жә не т. б. ) - тү ймедағ ы 0, 1 г №6 жә не 2% - суспензиясы ішуге арналғ ан. Бұ л дә ріні ә ртү рлі ауруларғ а ө з кестесімен қ олданғ ан жө н. Аскаридозды жә не энтеробиозды емдегенде 2, 5 мг/кг тә улігіне 1 рет 3 кү н қ атарынан беріледі. Странгилоидозды жә не трихоцефалезді емдегенде сол мө лшерді 3-5 кү н қ атарынан береді. Трихинелезді емдегенде 0, 3-0, 6 г 1 тә улікке 3 рет, 10-14 кү н қ атарынан береді. Эхинококкозды емдегенде – 0, 5 г кү ніне, бірінші 3 кү н 2-3 рет тә улігіне, келесі 3 кү нде, содан соң 25-30 мг/кг тә улігіне 3-4 рет беріледі.   

Мебендазолды гельминттерге, энтеробиоз жә не трихоцефалезге, одан кейін аскаридозғ а, анкилостомидозғ а, странгилоидозғ а, тениозғ а, трихинеллезге, эхинококкозғ а жә не аралас инвазияғ а қ олданылады. Алдымен адам ашық қ ан жө н, сосын тиісті диетаны ұ стау керек, содан соң барып дә ріні пайдаланады. Бұ дан кейін ішті ө ткізетін дә рілердің қ ажеті жоқ. Бұ л дә ріні қ олданғ анда іші ө ту, іші ауру жә не аллергиялық ө згерістер болуы мү мкін. Жү кті жә не бала емізіп жү рген ә йелдерге беруге болмайды.

Альбендазол (зентал) - 0, 2 г тү ймедағ ы, энтеробиозғ а, аскаридозғ а, трихоцефалезғ а, анкилостомидозғ а, странгилоидозғ а жә не трихинеллезге қ олданылады. Энтеробиозғ а берілетін мө лшері – 0, 2 г кү ніне 1 рет, аскаридозғ а – 0, 4 г кү ніне 1 рет; трихоцефалезге – 0, 4 г тә улігіне 1 - 3 кү н қ атарынан беріледі; анкилостомидозғ а жә не стронгилоидозғ а сол мө лшерді 3-5 кү н береді; трихинеллезге 10 мг/кг тә улігіне 3 рет 10-14 кү н қ атарынан береді.

Альбендазолды пайдаланғ анда жанама ә серлері байқ алады: бас айналу, бас ауыру, ішектің, бауырдың жә не бү йректің қ ызметінің бұ зылуы, қ ан тү зілуінің тежелуі, қ ан қ ысымының кө терілуі жә не аллергиялық реакциялар кіреді. Кө здің ішкі тор қ абығ ының ауруларында жә не жү кті ә йелдерге қ олдануғ а болмайды.

Пирантел (гельминтокс жә не т. б. ) - тү ймедағ ы 0, 125 г №6 жә не 0, 25 г №3, 6; шайнайтын тү ймедағ ы 0, 25 г; 5% - 10 жә не 15 мл флаконы балаларғ а ішуге арналғ ан. Бұ л энтеробиозғ а, аскаридозғ а, анкилостомидозғ а, ең азы трихоцефаллезге қ олданылады. Энтеробиозды жә не аскаридозды емдегенде 1 рет 10 мг/кг мө лшері тағ айындалады, 2-3 аптадан кейін энтеробиозғ а осы мө лшермен тағ ы да 1 рет беріледі; анкилостомидозда сол мө лшермен 3 кү н қ атарынан беріледі.

Пирентел препаратымен емдеу кезінде кейде жанама ә серлері болып тұ рады: лоқ су, қ ұ су, іш ө ту, бас айналу, басы ауырады, ұ йқ ысы келеді жә не денесі бө ртеді. Бауырдың жетіспеушілігінде жә не жү кті ә йелдерге қ олданбайды.

Пиперазин адепинаты (адипразин жә не т. б. ) - 0, 2 жә не 0, 5 г тү ймедағ ы №6, №10; 5% - 100 мл ерітіндісі балаларғ а ішуге, ә ртү рлі нематодтарғ а, кө бінесе аскаридоз бен энтеробиозғ а қ олданылады. Бұ л дә ріні бергенде алдын ала дайындық жә не диета ұ стаудың керегі жоқ. Бір кү нде берілетін мө лшері аскаридозғ а: 0, 4 г-нан 4 г-ғ а дейін немесе 0, 2 г-нан 2 г-ғ а дейін жасына қ арай беріледі. Энтеробиозғ а осы мө лшерде 5 кү н беру керек, содан соң 7 кү н демалдырып тағ ы да бір цикл емдеген жө н. Демалыс кү ндерінде де тік ішектегі қ алып қ ойғ ан острицаларды жуып шығ ару ү шін жатар алдында клизма жасап тұ ру керек.

Пиперазиннің улылығ ы аз, бірақ кейде жең іл-желпі жанама ә серлері пайда болады: лоқ су, іш ауыру, басы ауыру, демінің тарылуы, аллергиялық ө згерістер кө ріне бастайды, ал мө лшері кө бейің кіреп кетсе еттері босап, кү ші кетіп дірілдей бастайды, бү йректің қ ызметі бұ зылуы мү мкін, соның ә рекетінен нефротоксикалық жағ дайғ а ұ шырайды. Орталық жү йке жү йесінің ауруларында қ олданбайды.

Левамизол (декарис жә не т. б. ) – 0, 05 г № 2 жә не 0, 15 г № 1, аскаридоз кезінде ересек адамдарғ а 150 мг, ал балаларғ а 2, 5 мг/кг 1 рет. Дайындық жә не диетаның керегі жоқ. Емдік ә сері стронгилоидозғ а жә не аздап анкилостомидозғ а бар. Негізі бұ л дә ріні қ азіргі кезде иммуномодулятор ретінде қ олданады.

Нафтамон (алкопар жә не т. б. ) – 0, 5 г қ апталғ ан тү ймедағ ын аскаридозда, анкилостомидозда, энтеробиозда, трихоцефаллезда, трихостронгилоидозда қ олданады. Таң ғ ы ас алдында 2 сағ ат бұ рын тү ймедақ ты шайнамай сумен бірге ішу керек. Ересектерге жә не 10 жастан ү лкен балаларғ а 5 г, 3-тен 6-ғ а дейінгілерге 2-2, 5 г, 6-дан 8-ге дейінгілерге 3 г, 8-ден 9-ғ а дейінгілерге 4 г-нан 3-5 кү н қ атарынан беріледі. Қ ажет болса 2-3 аптадан кейін қ айталайды.

Нафтамонды колданғ анда оғ ан алдын ала дайындық керек емес, бірақ соның ө зінде де ащы тамақ ты, тұ зды жә не қ уырылғ ан тағ амды, сү тті ішуге болмайды. Бұ л дә рі ішті ө ткізеді, сондық тан ішті ө ткізетін дә рілерді пайдаланбайды. Кейде лоқ су, қ ұ су жә не іш ө ту уақ ытша байқ алады. Бауырдың функциясы бұ зылғ анда қ олдануғ а болмайды.

Празиквантель (билтрицид, азинокс жә не т. б. ) - тү ймедағ ы 0, 6 г № 6, шистосоматоз жә не трематодозғ а ә сері ө те жоғ ары келеді, одан соң ө кпе мен бауырдың описторхозына ә сері жақ сы. Одан басқ а да ауруларғ а (клонорхоз, фасциолез, парагонимоз, метагонимоз, гименолепидоз, тениаринхоз, тениоз, дифиллобатриоз жә не цистицеркоз жә не т. б. ) қ олданылады.

Празиквантельмен емдеу ү шін ә р қ ұ рттарғ а арнайы кестелі тә сіл пайдаланылады. Шистосоматозды емдегенде 40-75 мг/кг, кү ніне 2-3 рет, ұ зақ тығ ы 10-28 кү нге дейін, описторхозда, клонорхозда жә не парагонимозда 75 мг/кг, кү ніне 3 рет, метагонимозда, фасциолопсидозда, тениаринхозда, тениозда, дифиллоботриозда жә не гимеполепидозда 20 мг/кг, кү ніне 1 рет. Бұ л дә рінің аздап болса да жанама ә серлері бар: ұ йқ ышылдық, бас айналу, іш ө ту, тершең дік, дененің қ ызуы, терінің аллергиялық бө ртпесі байқ алады. Кө здің цистицеркозында, бауыр зақ ымданғ анда жә не жү кті ә йелдерге қ олданбайды.

Фенасал (никлозамид жә не т. б. ) – тү ймедағ ы 0, 25 г №30 жә не №60, тениаринхозғ а, дифиллоботриозғ а, гименолепидозғ а жә не тениозғ а қ арсы қ олданылады. Емдеу тә сілі жалпы кестемен ө теді: ересектерге 2-3 г, 2 жастағ ы балаларғ а 0, 5 г, 2-ден 5-ке дейін 1 г, 5-тен 12-ге дейін 1, 5 г, 12 жә не одан ересектерге 2-3 г беріледі. Лоқ су, аллергиялық реакция жә не нейродерматит байқ алады.

Дитразин цитрат (лоскуран т. б. ) – тү ймедағ ы 0, 05 жә не 0, 1 г, филяриатозғ а қ арсы, кейде аскаридозғ а қ олданылады. Филяриатозды емдеуге 0, 1-0, 4 г, тә улігіне 3 рет қ олданылады, ұ зақ тығ ы 10-28 кү н. Аллергиялық ө згерістер кө п кездеседі, бауыр мен кө кбауыр ұ лғ аюы жә не кө здің зақ ымдалуы байқ алуы мү мкін. Кө з аурулары кезінде мен жү кті ә йелдерге берілмейді.

Хлоксил ұ нтағ ы пакетте 0, 5 жә не 1 г бауырдың гельминтозына (описторхоз, фасциоллез жә не клонорхоз) қ арсы қ олданылады. Емі 2 кү нге созылады. Таң ғ ы жең іл тамақ тан кейін 2 г - нан 5 – 10 г-ғ а дейін, 2 кү нде 20 г жә не тағ ы бір кестесі - 5 кү н қ атарынан 0, 06 г/кг немесе 3 кү н қ атарынан 0, 1 г/кг, тә улігіне 2-3 рет, арасы 2 сағ аттан сү тпен бірге ішеді. Дә рі ө те улы, қ азір хлоксил сирек пайданылады. Бұ ны бауыр мен жү рек ауруларында жә не жү кті ә йелдерге беруге болмайды.

 

               21 тарау. Қ атерлі ісік ауруларында қ олданылатын дә рілер - «цитостатиктер».

Қ атерлі ісік ауруларында қ олданылатын дә рілер маң ызды орын алады. Бірақ бұ л дә рілер толық дамымағ ан. Олардың таң даулы ә сері толық зерттелмеген. Бұ л дә рілердің жанама жә не улы ә серлері жиі байқ алады. Цитостатиктер сү йек кемігін, аш ішекті, кілегей қ абаттарын жә не жыныс бездерін зақ ымдай отырып жанама ә серлерін тигізеді. Бұ ларды пайдаланғ анда адамғ а иммунодепрессанттық жә не тератогендік ә сер етеді. Кейбір дә рілер жү рекке кері ә сер етеді. Қ ан тү зілуі бұ зылғ анда, бауыр мен бү йрек аурулары кезінде бұ л дә рілерді қ олдануғ а болмайды. Соң ғ ы кезде цитостатиктерді иммундық жү йені жақ сартатын дә рілермен қ осып береді.

Қ атерлі ісік ауруларында қ олданылатын дә рілерді келесі топтарғ а бө леді:

 І. Цитотоксикалық заттар:

 1. Алкилдік дә рілер: – сарколизин (Sarcolysinum), допан (Dopanum), циклофосфан (Cyclophosphanum), миелосан (Myelosanum) т. б.

 2. Антиметаболиттер – метотрексат (Methotrexate), меркаптопурин (Mercaptopurinum), фторурацил (Phthoruracilum).

 3. Аралас жасанды дә рілер – цисплатин (Cisplatine) жә не т. б.

 4. Антибиотиктер – дактиномицин (Dactinomycnum), доксорубомицин (Doxorurbicinm), оливомицин (Olivomycinum).

 5. Ө сімдіктен жасалғ ан дә рілер – винбластин (Vinblastine), винкристин (Vincristine), колхамин (Colchaminum).

 6. Гормональді препараттар:

а) андрогендік дә рілер – медротестрон пропионаты (Medrotestroni propionas) жә не т. б.    

б) эстрогендік дә рілер – фосфоэстрол (Phosphoestrolum), эстрамустин (Estramustin).

в) гестагендік дә рілер – гестонорон капроаты (Gestonorone caproate).

г) антиандрогендік дә рілер – фенастерид (Finasteride), флутамид (Flutamide).

д) антиэстрогендік дә рілер – тамоксифен (Tamoxifenum).

 7. Ферменттік дә рілер – L - аспарагиназа (Asparaginasum).

 8. Интерлейкинді дә рілер – альдеслейкин (Aldesleukin).

 

Алкилдік дә рілердің ә сер ету механизмі: торша қ ұ рылысындағ ы биологиялық субстраттар, сұ йық ерітінділердегі СІˉ иондарын бө леді, содан соң ДНҚ -ның нуклеофилді қ ұ рамымен байланысты субстраттар алкилденеді (CIˉ йоннан айырлады). Алкилденген заттар ДНҚ -мен ә рекеттесіп, ДНҚ -ның тұ рақ тылығ ын жә не біртұ тастығ ын бұ зады. Ол торшаның ө мір сү руін тоқ татады да, ө луіне ә келіп соғ ады. Алкилдеуші дә рілер торшағ а интерфаза кезінде цитостатикалық ә сер береді. Алкилдік дә рілер кө птен бері қ олданып келе жатыр.   

Сарколизин (рацемельфолан жә не т. б. ) тү ймедақ тары - 0, 05 г; 0, 02 жә не 0, 04 г, ал флакондағ ы ұ нтағ ын 10-20 мл изотоникалық ерітіндісімен қ осып, қ ан тамыр арқ ылы аптасына 1 рет 40-50 мг мө лшерде 60-70 кг салмағ ына қ арай егу керек. Ем ұ зақ тығ ы 4-7 апта.

Сарколизинді миелома, жұ мыртқ а семиномасы, Юинг саркомасы, созылмалы лейкоз, лимфогранулематоз, лимфо- жә не ретикулосаркома, ө ң еш пен асқ азанның қ атерлі ісігі кезінде колхаминмен бірге қ осып беріледі. Сарколизиннің жанама ә серлері: қ ан тү зілуінің тө мендеуі, лоқ су жә не қ ұ су. Осы кезде адам ә лсірейді, жү дейді. Лейкопения, тромбоцитопения, анемия, бауыр, бү йрек жә не жү рек-тамыр жү йесінде ө те ауыр бұ зылыстар байқ алса, сарколизинді қ олдануғ а болмайды.

Rp.: Sarcolysini 0, 04

   D. t. d. № 7

   S. Флакондағ ы ұ нтағ ын (40мг) NаCI изотоникалық

        ерітіндісімен бірге қ ан тамыр арқ ылы егу керек.

Допан (хлорэтиламиноурацил жә не т. б. ) тү ймедақ тары - 0, 002 г №35. Лимфогранулематоз, миелолейкоз, спленомегалия жә не созылмалы лимфолейкоз кезінде қ олданылады. Допан 6 – 10 мг мө лшерде 5 кү нде 1 рет қ олданылады, ол 5-7 рет беріледі. Бұ л кезде лоқ су, қ ұ су, лейкопоэздің жә не тромбоцитопоэздің тежелуі байқ алады. Лимогранулематоз кезінде сү йек кемігінде қ ан тү зілу тө мендегенде, жедел лейкоз жә не анемиямен асқ ынғ анда допанды қ олдануғ а болмайды.

Циклофосфан (циклофосфамид, цитоксан, эндоксан жә не т. б) тү ймедақ тары - 0, 05 г; 0, 1 жә не 0, 2 г, флакондағ ы ұ нтағ ын ерітіндімен қ ан тамырғ а жә не бұ лшық етке егеді.

Циклофосфанды жедел лимфолейкоз, сү т безінің қ атерлі ісігі, ө кпенің ұ сақ торшалық қ атерлі ісігі, жыныс ұ рығ ының қ атерлі ісігі, кө птеген миелома, сү йектің ретикулосаркомасы, Юинг саркомасы, ангиосаркома, жұ мсақ ұ лпа саркомасы, жұ тқ ыншақ пен кең ірдектің қ атерлі ісіктері кезінде қ олданады. Аптасына 2-3 рет, 200 – 400 мг-нан бұ лшық етке егеді, емі 3-4 аптағ а созылады. Циклофосфанды кү н сайын 50-200 мг-нан ішу керек, ем ұ зақ тығ ы 2-3 аптағ а созылады.

Циклофосфанды пайдаланғ анда жанама ә серлері кездеседі: лоқ су, қ ұ су, бас айналу, кө з қ арауытуы, шаш тү су, нефропатия, кардиотоксикалық ә сер, гематурия, анемия, геморрагиялық жә не аллергиялық ө згерістер. Лейкопения, анемия, жү рек жә не бү йрек аурулары кезінде, хал-жағ дайы ауыр кезде, жү дегенде, жү кті жә не бала емізетін ә йелдерге циклофосфанды қ олдануғ а болмайды.

Миелосан (бусульфан, миелеран жә не т. б. ) тү ймедақ тары - 0, 002 г №100. Миелосанды созылмалы гранулоцитарлық лейкемия (миелолейкоз), нағ ыз полицитемия, эссенциалдық тромбоцитопения жә не миелофиброз кезінде қ олданады. Емнің ең бірінші кү ндері миелосанды 0, 06 мг/кг мө лшерде береді. Кейін дә рінің тә уліктік мө лшері 4 мг-ғ а дейін кө бейтеді. Ем ұ зақ тығ ы 12-20 апта.

Миелосанның жанама ә серлері: лоқ су, қ ұ су, жө тел, тамырлық дистония, уақ ытша аменорея, ерлерде импотенция пайда болады, бауырдың жұ мысы бұ зылады, аллергиялық реакциялар байқ алады. Жедел лейкоз, қ айталамалы созылмалы миелолейкоз, айқ ын тромбоцитопения кезінде, жү кті жә не бала емізіп жү рген ә йелдерге қ олдануғ а болмайды.

Барлық алкилдік дә рілерге жалпы зақ ымдайтын ә сер тә н – ол кө птеген жағ дайларда лейкопения, тромбоцитопения жә не анемиямен байқ алады. Қ ан тү зілуді белсендіру ү шін, цитокиндер, интерлейкиндер мен эритропоэтиндер (филграстим, молграстим) қ олданылады. Иммунитеттің тежелуіне байланысты бактериялық асқ ынулар болып жатса, онда антибиотиктерді енгізу керек.

2. Антиметаболиттер ДНҚ -ның жә не кейде РНҚ -ның қ ұ рылысына қ атерлі ә сер етіп зат алмасуды бұ зады. Қ атерлі ісік жасушаларының кө беюін тежейді. Антиметаболиттердің механизміне келсек, метотрексат дегидрофлатредуктаза ферментін тежейді, пурин мен тимидин тү зілуі бұ зылады, нә тижесінде ДНҚ қ ұ рылысы бұ зылады.

Метотрексат (зексат, трексан, триксилем жә не т. б. ) тү ймедақ тары - 0, 0025, 0, 005 жә не 0, 01 г, №20, №50 жә не №100; флакондағ ы ұ нтақ тары - 0, 005; 0, 02; 0, 05; 0, 1; 0, 5 жә не 1 г; ампулалары - 1%; 2, 5% жә не 5% - 1, 2 жә не 5 мл; флакондағ ы ерітінділері –0, 1%; 0, 25%; 1%; 2, 5%; 5% - 1, 2, 4, 8, 10, 20, 40 жә не 200 мл; флакондағ ы концентраты 10% - 5, 10 жә не 50 мл шығ арылады.

Қ атерлі ісікке қ арсы метотрексатты кү н сайын 2, 5-5 мг мө лшерде ішу керек, бірінші улы кө рсеткіші байқ алғ анша дейін немесе кү н сайын 15-20 мг-нан 4 кү н бойы немесе 25-30 мг-нан кү нара 4 рет қ олданылады. Бұ лшық ет жә не қ ан тамыр арқ ылы пайдаланғ анда, кү ніне 0, 4 мг/кг 5 кү н бойы беріледі, немесе осы мө лшермен 4 апта ішінде 5 тә улікте 1 рет немесе 1-ші жә не 8-ші кү ні 30-40 мг/кг қ олданылады, бұ дан кейін қ осымша басқ а емдеу кестесін пайдалануғ а болады.

Метотрексаты ж едел лимфобластомдық лейкозды, бастың, мойынның, тамақ тың, қ уық тың, ө кпенің, тыныс жолдарының, сү т безінің, жатырдың, т. б. мү шелердің қ атерлі ісіктерін емдеу ү шін қ олданады. Бұ ның жанама жә не қ атерлік ә серлері де бар: нейтропения, тромбоцитопения, анемия, анорексия, диарея, қ ұ су, стоматит, тері бө ртуі жә не т. б. ө згерістер. Бұ л жағ дайда фоль қ ышқ ылын беру керек. Аптасына 3 рет қ анды зерттеп отыру керек, ең қ ажетті кө рсеткіштері - лейкоциттер мен тромбоциттер саны. Метотрексатты сү йек кемігі, бауыр жә не бү йрек аурулары, лейкопения, тромбоцитопения кезінде жә не жү кті ә йелдерге қ олдануғ а болмайды.

Меркаптопурин (леуперин, пуринетол жә не т. б. ) тү ймедақ тары - 0, 05 г - №25. Меркаптопуриннің қ ұ рылысы нуклеин қ ышқ ылдарына (ДНҚ, РНҚ ), пуриндік заттарғ а (аденин, гуанидин жә не т. б. субстраттарғ а) ұ қ сайды, сондық тан меркаптопурин олармен бә секелестікке тү седі де, содан соң нуклеотидтердің қ ұ рылысын бұ зады.

Меркаптопуринді жедел лейкозда, лимфобласттық жә не миелобласттық лейкоздарда, созылмалы миелолейкозда жә не полицитемияда қ олданады. Мұ ны кү ніне 2-2, 5 мг/кг дейін, қ ажеттілігіне қ арай 5мг/кг дейін ішу керек, содан соң жалпы мө лшерін қ ан тамырда бір қ алыпта ұ стап тұ ру ү шін, кү ніне 1, 5-2, 5 мг/кг қ олдану керек. Қ атерлі жә не жанама ә серлері метотрексатқ а ұ қ сас.

Фторурацил (фивофлу, флуороурацил, флурокс жә не т. б. ) 2, 5%- 10, 20, 40 жә не 100 мл, сонымен бірге 5% - 5, 10 жә не 20 мл флакондарының бә рі егуге арналғ ан. Кү ніне 10-15 мг/кг мө лшерде 4-5 кү н қ атарынан қ ан тамыр арқ ылы егіледі немесе 15 мг/кг мө лшерде жылдам ағ ызып егу ү шін, аптасына 1 рет 8-10 мө лшерде немесе 600 мг/м2  тағ айындалады 1-ші жә не 8-ші кү ндері басқ а да химиялық заттармен бірге қ олданылады.

Фторурацилді асқ азан, тамақ, ұ йқ ы безі, тоқ жә не тік ішек, сү т бездері, жатыр, қ уық, бас, мойын жә не т. б. мү шелер қ атерлі ісіктеріне қ арсы қ олданады. Бұ л ө те улы дә рі, оның кө птеген қ атерлі жә не кері ә серлері болады жә не басқ а да антиметаболиттерге (метотрексат жә не меркаптопуринге) ұ қ сас, сондық тан мұ ны пайдаланғ анда алдын ала қ орғ аныс шараларын жасап, зақ ымды болдырмауғ а тырысу керек.

3. Аралас жасанды дә рілер тобынан цитостатиктер цисплатин, прокарбазин тағ ы да басқ а белгілі заттар қ атерлі ісік торшасының ішіне еніп, ДНҚ -мен ә рекеттесіп, сол дененің байланыстарын бұ зады. Олар кө бінесе жыныс бездерінің, қ уық тың, эндометрий ісіктеріне жә не лимфосаркомаларғ а қ арсы қ олданылады.

Цисплатин (платамин, онкоплатин жә не т. б. ) 0, 05%; 0, 1% жә не 0, 25% - 10, 20, 50, 100 жә не 200 мл флакондағ ы ерітіндісі егуге арналғ ан. Бұ л негізі екі пластинамен қ осылмалы заттардан тұ рады. Қ атерлік ісіктерге деген ә сері ө те жоғ ары, соның ө зінде де оны басқ а дә рілермен (метотрексат, циклофосфан жә не т. б. ) бірге беру керек.

Цисплатинді ұ рық, жатыр, ө кпе, қ арын, ө ң еш, қ уық, тері, бас, мойын т. б. кө птеген ісіктерге қ осымша басқ а да цитостатиктермен бірге қ олданады. Емдік мө лшерлері 20 мг/м2 тә улігіне 1 рет қ ан тамыр арқ ылы 5 кү н қ атарынан егіледі. 3-4 аптадан кейін қ айталауғ а болады. Басқ а да емдік кестелерді қ олдануғ а болады. Бұ ның қ атерлі жә не жанама ә серлері басқ а да цитостатиктермен ұ қ сас келеді.

 

4. Ісіктерге қ арсы белсенділігі бар антибиотиктер.

Кө птеген антибиотиктердің микробтарғ а қ арсы ә серінен басқ а цитостатикалық қ асиеті бар. Олар нуклеин қ ышқ ылы қ ұ рылысын бұ зады.

Дактиномицин (космеген жә не т. б. ) - 0, 05% - 1 мл ампуласы жә не 0, 0005 г флакондағ ы ұ нтағ ы болады. Мұ ны 0, 3 мг/м2   тә улігіне 1 реттен 5 кү н қ атарынан қ ан тамыр арқ ылы егеді немесе 4 аптада 1 рет тамшылатып 2-3 сағ ат егуге ( 0, 0005 г флакондағ ы 1-2 мг/м2) қ олданылады.

Дактиномицин препаратын кө бінесе жатыр хорионкарциномасына, ретикулосаркомағ а, Юинг саркомасына, лимфогранулематозғ а жә не басқ а да ісіктерге қ арсы қ олданады. Мұ ны пайдаланғ ан кезде лоқ су, қ ұ су, іш ө ту, асқ азанның жарақ аттануы, қ ызба, бауыр қ ызметінің бұ зылуы, лейкопения, анемия, тромбоцитопения жә не т. б. жанама ә серлері болып тұ рады. Адам ауыр халде жатқ анда, жү кті ә йелдерге, бауыр мен бү йрек жетіспеушілігінде, вирустық инфекцияда беруге болмайды.

Доксорубицин гидрохлориді (адриамицин, адрибластин жә не т. б. ) - 0, 01 жә не 0, 05 г ұ нтақ флаконда шығ арылады. Мұ ны қ ан тамырғ а егуге 50 -75 мг/м2 мө лшерде 3 аптада 1 рет, немесе 25-30 мг/м2 мө лшерде 1 аптада 1 рет беріледі.

Доксорубицин сү т безі, ө кпе, асқ азан, қ алқ анша безі, қ уық, жедел лейкоз, лимфогрануломатоз жә не тағ ы басқ а мү шелер қ атерлі ісіктері кезінде қ олданылады. Ісіктен басқ а қ осымша аурулар болса, ол препараттың негізі кардиотоксикалық ә серімен байланысты - миокардит, жү рек жетіспеушілігі, аритмиялар жә не миокард инфаркты. Қ ан кету, туберкулез, асқ азан жә не он екі елі ішек жарасы, жү кті ә йелдерге, бауыр мен бү йрек жетіспеушілігі, лейкопения мен тромбоцитопения кезінде қ олдануғ а болмайды. Осығ ан сә йкес жанама ә серлері де байқ алады.

Оливомицин - 0, 02 г қ оймалжың ерітіндісі флакон тү рінде шығ арылады. Мұ ны тек қ ан тамыр арқ ылы егеді (тері астына жә не бұ лшық етке егуге болмайды, ө йткені некроз пайда болады). Ересектерге 5 мг-нан бастап, 10 жә не 15 мг-ғ а дейін қ ан тамыр арқ ылы тамшылатып 2-3 минут ішінде енгізу керек. Екі кү н ішінде 1 рет, 10 мг-нан 20 мг дейін беріледі. Дә рінің емдік шипасы болса 1-1, 5 айдан соң қ айталағ ан жө н.

Оливомицинді аталық ұ рық безінің ісіктеріне (семинома, эмбрионалды ісік, тератобластома), тонзиллярлық ісіктеріне (лимфоэпителиома, ретикулосаркома жә не т. б. ), жатырдың хорионэпителиомасына, жатыр мойнының ісігіне жә не т. б. осындай ісіктерге қ арсы қ олданады. Кардиотоксикалық қ атерлі ә серлері болуы мү мкін, сондық тан жү рек-тамыр аурулары кезінде сақ болғ ан жө н, науқ астың жағ дайы ө те нашарлағ анда қ олданбайды.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...