Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

3 тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі




3 тарау. Педагогикалық іс-ә рекет стилі

§ 1. Іс-ә рекет стилінің жалпы сипаттамасы

Іс-ә рекет стилінің анық тамасы

        

Мұ ғ алімнің (оқ ытушының ) педагогикалық іс-ә рекеті, кез-келген басқ а іс-ә рекет сияқ ты, белгілі бір стильмен сипатталады. Кең мағ ынада іс-ә рекет (мысалы, басқ ару, ө ндірістік, педагогикалық ) стилі – оны орындаудың тү рлі жағ дайларында кө рінетін тә сілдердің, ә дістердің тұ рақ ты жү йесі. Ол іс-ә рекеттің ө зінің ө згешелігімен, оның субъектінің даралық -психологиялық ерекшеліктерімен шартталады (И. В. Страхов, Н. Д. Левитов, В. С. Мерлин, Е. А. Климов жә не т. б. ). Психологиялық тар мағ ынада іс-ә рекеттің даралық стилі – «бұ л типологиялық ерекшеліктермен шартталғ ан тә сілдердің орнық ты жү йесі, ол берілген іс-ә рекетті неғ ұ рлым жақ сы жү зеге асыруғ а ұ мтылғ ан адамда қ алыптасады, ... ө зінің (типологиялық шартталғ ан) даралығ ын іс-ә рекеттің сыртқ ы заттық шарттарымен неғ ұ рлым жақ сы тең дестіру мақ сатында адам саналы немесе стихиялы тү рде ә рекет жасауғ а мә жбү р болатын психологиялық қ ұ ралдардың даралық -ө зіндік жү йесі» [87, 49 б. ]. Осы анық тамада оның «іс-ә рекеттің неғ ұ рлым жақ сы орындалуын қ амтамасыз етуші амал-тә сілдердің жеке ө зіндік тіркесі» екені ерекше атап кө рсетіледі (В. С. Мерлин). Іс-ә рекет стилі, объектінің ө зінің қ абілеттерін айқ ындай отырып жә не оның даралық -психологиялық жә не тұ лғ алық ерекшеліктерімен анық тала отырып, оның операционалдық қ ұ рамын, іскерліктер мен дағ дыларды қ амтиды (В. Э. Чудновский).

 

Іс-ә рекеттің даралық стилі

 

Іс-ә рекет стилі ө зін-ө зі реттеу стилімен байланысты. Екеуі де адамның тұ тас даралық белсенділік стилінің, іс-ә рекетінің екі ө зара байланысты жақ тары ретінде қ арастырылады (В. И. Моросанова, Г. А. Берулава). Соң ғ ы он жылдық та бұ л қ ұ рылымғ а танымдық іс-ә рекеттің ерекшелігін анық таушы жә не тә уелсізділігімен, саралап жіктелінуімен, талдамалығ ымен  сипатталынатын когнитивті стиль тү сінігі қ осылады. Қ азіргі кезде «стиль» тү сінігі ө те кең контексте мінез-қ ұ лық стилі, іс-ә рекет стилі, басқ ару стилі (лидерлік), қ арым-қ атынас стилі, когнитивті стиль жә не т. б. ретінде айтылады.

Г. М. Андреева атап кө рсеткендей [10, 282 б. ], К. Левин анық тағ ан мінез-қ ұ лық стильдері ең алдымен, жетекшілердің шешім қ абылдау тү ріне жатқ ызылды. Жетекшілік етудің ө ктемшілдік, демократиялық жә не бетімен жіберуші ү ш стилі белгіленді. Кейінгі зерттеулерде оның директивті, алқ алық жә не рұ қ сат етілетін сияқ ты анық таулары енгізілді. Алайда іс-ә рекетке (мінез-қ ұ лық қ а), ө зара ә рекеттесуге, қ арым-қ атынасқ а қ атысты кө бінесе К. Левин ұ сынғ ан кө рсетулер қ олданылады. Стильдің екі жағ ы бө лінеді: мазмұ ндық жә не техникалық, яғ ни формалдық (амал, тә сілдер). Тө менде, Г. М. Андреева бойынша, ү ш стильдің формалдық жә не мазмұ ндық жақ тарының толық сипаттамасы келтірілген [10, 283-284 б.; 11, 222-224 б. ]:

 

Формалдық жағ ы Мазмұ ндық жағ ы

Ө ктемшілдік стиль

Іскерлік, қ ысқ а ә мірлер. Аяусыз, қ оқ ан-лоқ қ ылы тиым салу-лар. Нақ ты сө з, салқ ын ү н. Мақ тау мен сө гу субъективті. Эмоциялар есепке алынбайды. Тә сілдерді кө рсету – жү йе емес. Лидер позициясы- топтан тыс. Топтағ ы істер алдын-ала жоспарла-нады (барлық кө лемінде). Тек тікелей мақ саттар ғ ана анық та-лады, алыстары – белгісіз. Жетекшінің сө зі – шешуші.

Демократиялық стиль

Нұ сқ аулар ұ сыныс тү рінде. Қ ұ рғ ақ сө з емес, жолдастық ү н. Мақ тау мен сө гу – кең еспен. Ә мірлер мен тиымдар – пікірталас-пен. Лидер позициясы – топ ішінде. Шаралар алдын ала емес, топ ішінде жоспарланады. Ұ сыныстардың іске асуына бә рі жауап береді. Жұ мыстың барлық бө лімдері тек қ ана ұ сынылмай,  талқ ыланады.

Бетімен жіберу стилі

Ү н – конвенционалды. Мақ стау мен сө гудің болмауы. Ешқ андай ынтымақ тастық жоқ. Лидер позициясы – елеусіз, топ жағ ында. Топтағ ы істер ө здігінен жү реді. Лидер нұ сқ аулар бермейді. Жұ мыстың бө лімдері жеке мү дде-лерге қ аланады немесе жаң а лидер тарапынан беріледі.

                                         

 

Зерттеушілер стильдің инструменталды, компенсаторлық, жү йеқ ұ раушы жә не интегративті сияқ ты ә ртү рлі функцияларын (Е. А. Климов, В. С. Мерлин жә не т. б. ) жә не оның қ ұ рылымдық ұ йымдасуын анық тайды. Іс – ә рекеттің даралық стилінің, Е. А. Климов бойынша, белгілі бір қ ұ рылымы бар, оның ұ йытқ ысына даралық -психологиялық ерекшеліктер кіреді, олар іс-ә рекеттің табысты болуына не ық палын тигізеді, не кері ә сер етеді.  

Мінез-қ ұ лық тың жалпы стильдерін анық тай отырып зерттеушілер, адамдар қ ысылшаң, қ ақ тығ ыстық жағ дайларда мінез-қ ұ лық тың онғ а жуық даралық стильдерін айқ ындайтынын атап ө теді, олар қ ақ тығ ыстық, конфронтациялық, келең сіздікті жуып-шаюшы, ынтымақ тастық, ымырағ а келушілік, кө нгіш, қ ашқ ақ тау стилі, басу, бә секелестік жә не қ орғ аныс стилі (Г. Б. Морозова). Маң ыздысы, мінез-қ ұ лық тың бұ л стильдері іс-ә рекеттің кез-келген даралық стильдерімен қ атарласып жү реді жә не ол оның аясын қ ұ рай отырып, сә йкес эмоционалдық рең к береді. Олар педагогикалық іс-ә рекеттің, педагогикалық қ арым-қ атынастың жалпы эмоционалдық аясын да анық тайды.

Қ орыта келе, мінез-қ ұ лық қ а, іс-ә рекетке, қ арым-қ атынасқ а қ атысты неғ ұ рлым ортағ ы К. Левин ұ сынғ ан стильдер (оның формалды жә не мазмұ нды жақ тарының жиынтығ ында) болып табылады. Стильдің саралап жіктелінуі адамдардың ө зара ә рекеттесу сипатының ө згешелігімен жә не олардың даралық -психологиялық ерекшеліктерімен, мысалы, мінез акцентуациясымен байланыстырылады.

§ 2. Педагогикалық іс-ә рекет стилі

 

Педагогикалық іс-ә рекет стилінің жалпы сипаттамасы

 

Педагогикалық стиль сипаттамасы, оның ө згешелігін бейнелей отырып, басқ ару стилін де, ө зін-ө зі реттеу стилін де, қ арым-қ атынас стилін де жә не мұ ғ алімнің когнитивті стилін де қ амтиды. Педагогикалық іс-ә рекет стилі кем дегенде ү ш факторлардың ә сер етуін айқ ындайды: а) осы іс-ә рекет субъекті – мұ ғ алімнің (оқ ытушының ) даралық -психологиялық ерекшеліктері, ол даралық -типологиялық, тұ лғ алық, мінез-қ ұ лық тық ерекшеліктерді қ амтиды; б) іс-ә рекеттің ө зінің ерекшеліктері жә не в) оқ ушылардың ерекшеліктері (жасы, жынысы, мә ртебесі, білім дең гейі жә не т. б. ). Оқ ушылардың нақ ты оқ у жағ дайын ұ йымдастыру жә не олардың оқ у іс-ә рекеттерін басқ аруда субъект-субъекттік ө зара ә рекеттесумен сипатталатын педагогикалық іс-ә рекетте бұ л факторлар: а) ө зара ә рекеттесу сипатымен; б) іс-ә рекетті ұ йымдастыру сипатымен; в) мұ ғ алімнің пә ндік-кә сіби қ ұ зырлығ ымен; г) қ арым-қ атынас сипатымен де байланыстырылады. Бұ л жерде В. А. Кан-Каликке сә йкес, қ арым-қ атынас стилі деп педагог пеноқ ушының ә леуметтік–психологиялық ө зара ә рекетесуінің даралық -типологиялық ерекшеліктері тү сініледі.

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...