Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

1. Философияның мәселелері, құрылымы және функциялары.




1. Философияның негізгі мә селесі.

2. Философиялық білімнің жү йелік қ ұ рылымы.

3. Философияның негізгі функциялары.

Гректің ә мбебап философы Аристотель шығ армаларында «бірінші философия» деген сө з негізгі, іргелі ғ ылымның синонимі ретінде қ олданылғ ан. Философия тарих кө шінің ө не бойында ә лем мен адам туралы ең кү рделі сұ рақ тарғ а жауап іздейтін ғ ылым ретінде қ арастырылды.

Ә рине, бұ л жай ғ ана кездейсоқ тық емес, ө йткені философиялық ойлау бастапқ ы кезінен бастап – ақ адамзаттың танымдық тә жірибесін жинақ тай отырып, адам, оның тө ң ірегіндегі барлық кү рделі мә селелерге жауап іздеуге тырысты.

Сондық тан, кө птеген философтардың кең ө ресі, жоғ арғ ы эрудициясы мен ойлау мә дениеті болғ ан.

Философияның пайда болуының негізгі себебі – танымның жеке тү рлерінің (математика, астрономия тағ ы басқ алары) адам мен ә лем туралы біртұ тас – білім жү йесін жасай алмауы. Оның шығ уына ертедегі қ оғ амда дін мен мифологияғ а қ арама – қ арсы рационалдық таным жү йесінің қ ажеттігін тү сіну де ә сер етті.

Рационалдық таным аясында «Ә лем дегеніміз не? », «Оның бастапқ ы негізі неде? », «Ә лем шекті ме, шексіз бе? », «Адам дегеніміз не? », «Ақ иқ ат дегеніміз не? » сынды сұ рақ тар қ алыптасты.

Философияның қ алыптасуына антикалық қ оғ амда оны ө зінің негізгі дү ниетанымдық ә рекеті ретінде таң дағ ан арнайы ә леуметтік топтың пісіп – жетілуі де ық пал етті.

«Ә лем дегеніміз не? » деген сауал – философияның негізгі сұ рағ ы болып табылады. Ол адамның ө зі мен қ оршағ ан ортағ а қ арым – қ атынасының жалпы, тұ рақ ты, біртұ тас негіздерін білуге тырысқ ан табиғ и қ ажеттілігінен заң ды туындайды. Философияның негізгі сұ рағ ы – шын мә нінде ә лемнің тү пкі негіздері мен жү йелік қ ұ рылымы, ондағ ы адамның орны туралы сұ рақ болып табылады.

Бұ л мә селе жалпы адам ө мірінің бастауы, ө йткені адам ө зі ес жинап, дамып, қ атая бастағ аннан бері ө зінің айналасына қ арым – қ атынасының мағ ынасын, мә нін білуге талпыныс жасады.

Осы іргелі сұ рақ қ а жауап іздеу барысында екі философиялық ағ ым қ алыптасты. В. И. Лениннің айтуы бойынша, философиялық материализм («Демокрит бағ ыты») мен философиялық идеализм («Платон бағ ыты»). Олардың кө птеген тарихи формалары болды.

Философия адамның ә лем мен ө зінің мә нін іздей бастағ ан уақ ытта – ақ қ алыптаса бастайды. Сондық тан да, философия ә лемнің – жалпы теориясы жә не ондағ ы адамды теорялық тұ рғ ыдан пайымдау.

Философияны тек ә лем ғ ана қ ызық тырып қ оймағ ан, ондағ ы адам, оның мә ні, ө мір сү ру заң дылық тары да оның назарынан тыс қ алмағ ан. Ө йткені, адам осы ә лемде ө мірге келеді, оның аясында қ уанады, қ айғ ырады, таным процесінің дә мін татиды, ө леді. Философия - ө зінің мә ні мен мағ ынасы тұ рғ ысынан адами сипатқ а ие болғ ан ғ ылыми сала. Ө йткені, ешбір басқ а ә лем мен таным формасы «Ә лем - Адам» кү рделі байланысының барлық байлығ ы мен мү мкіндігін жан – жақ ты ашып кө рсете алмайды.

Философия - ә лем туралы жә не ондағ ы адамның орны туралы жалпы ілім. Ол адам мен ә лем байланысын қ арастыра отырып, ә лемді танудың, оны ө згертудің жалпы заң дылық тарын зерттейді.

Философияның пә ні басқ а ғ ылымдардан ерекше. Ө йткені, философия дегеніміз - ө те терең теориялық білім. Оның қ ұ рамында онтология, гносеология, даму теориясы, антропология, ә леуметтік философия сияқ ты ө те кү рделі салалар бар.

Философияның даму тарихында одан эстетика, этика, психология, саясаттану жеке пә ндер болып бө лініп шық ты.

Философия пә нінің ерекшелігінен философиялық білімдердің негізгі белгілері туындайды:

- ол жалпы, теориялық сипаттағ ы білім;

- басқ а ғ ылымғ а негіз бола алатын іргелі ұ ғ ымдар мен идеяларды, ұ станымдарды біріктіретін білім;

- жеке философтардың тұ лғ алық қ асиеттерінің ық палын бейнелейтін субъективті білім;

- белгілі тарихи уақ ыттың объективті білімдері мен ұ станымдарының жиынтығ ы;

- танымның нысанын ғ ана емес, тану тетігін де қ арастырады;

- ой тек нысанғ а ғ ана емес, ө зіне де бағ ыттала алатындық тан, рефлексивті сипаты бар;

- бұ рынғ ы философтардың ұ станымына сү йенеді.

Кез - келген пә н қ ажетті ақ паратты бере отырып, ә лемнің салыстырмалы ә мбебап ү лгісін кө рсетеді. Ал философия ойлаудың болмысқ а қ атынасының тү пкі тамырын, негіздерін зерттейтін болғ андық тан, ол қ оршағ ан ортада нақ ты ішкі жағ ынан біртұ тас, жалпы кө зқ арасты қ алыптастырады.

Философия – жү йеленген дү ниетаным. Тарихта ә леуметтік ө мірді, дә стү рлі кө зқ арастарды, басты нанымдарды кү рделі, тү пкілікті ө згерістерге ұ шырап отыратын ірі идеялық қ озғ алыстар кең кө лемдегі діни – мистикалық, жаң арту ағ ымдары кө п болғ ан.

Қ азіргі уақ ытта мұ ндай процестердің кең орын алғ андығ ы соншалық, оның ерекше қ арқ ыны туралы атап айтуғ а тура келеді. Бұ л философияның қ оғ амдық маң ызын жоғ арылатады, ө йткені белгілі бір дү ниетанымғ а негізделмеген қ оғ амдық белсенділік ө те қ ауіпті. Жеке адамның еркімен дү ниетанымның ө згертушілік кү ші іске асып, қ оғ амдық мақ саттың орындалуы мү мкін емес.

Адам, оның еркіндігі мен кө зқ арасы қ оғ амдық дамудың қ айнар кө зі. Ә лем бү гін ү лкен ә леуметті, техникалық жә не мә дени ө згерістердің алдында тұ р. Техника мү мкіндіктерінің терең деп, ө мірдің барлық саласына еркін енуі ү лкен ө згерістер ә келуде.

Философия адам ө мірінің мә ні мен адам белсенділігінің мақ сатын тү сінуге кө мектеседі.

Ә р адам ө зі ү шін қ андай қ иындық тар маң ызды екенін ө зі таң дайды. Дегенмен, кө птеген рухани абсолюттер барлық адамдарғ а бірдей жә не ұ қ сас. Философия тарихында ә р тү рлі жағ дайларда жә не орындарда кө терілген қ ұ ндылық тар «тең дік», «еркіндік», «ең бек», «ә ділеттілік», «ө мір сү йгіштік» т. б. жалпы адамзаттың рухани қ ұ ндылық тары қ атарына жатады.

Адам ә р уақ ытта заттар мен қ ұ былыстардың тү пкі мә ніне бойлауғ а тырысады. Ә сіресе, бұ л балаларғ а тә н қ асиет. Ө йткені, олар мынау не, неліктен деген сұ рақ ты ө те жиі қ ояды. Мысалы: неге жаң быр жауады, қ ар тү седі?

Дү ние кү рделенген сайын философияның қ оғ амдағ ы маң ызы арта береді, оның бірнеше себептері бар:

- ә лемнің ірі жетістіктері философиялық тұ рғ ыдан тү сіндіру мен бағ алауды қ ажет етеді;

- қ азіргі ө ркениетте орын алып отырғ ан діни ө рлеу философияғ а, оның дү ниетанымдық мү мкіндігіне тағ ы да кө ң іл аударып, оны кең інен пайдалануғ а мү мкіндік ашуда. Ө йткені, ә р тү рлі діни кө зқ арастар мен ізденістер ө зара сұ хбаттасып, ұ шырасу процесінде бұ рын онша мә н беріле қ оймағ ан тосын жағ дайлар туғ ызып, философиялық талдауғ а кең ө ріс бере бастады;

- антропологиялық ө рлеу, яғ ни адамды, оның мә ні мен табиғ атын философиялық тұ рғ ыдан анық тау алдың ғ ы қ атарғ а шығ ып отырғ ан маң ызды мә селе.

Философия қ оғ амда ө те маң ызды функцияларды орындайды. Олардың ғ негізгілері мыналар:

- дү ниетанымдық – адамның ә лем туралы жалпы білімдерін қ алыптастыруы;

- онтологиялық – табиғ и жә не ә леуметтік болмыстың негізгі принциптерін анық тауы;

- гносеологиялық – қ оғ амның, адамның, табиғ аттың іргелі заң дылық тарын тану процесін тү сіндіруі;

- методологиялық – адамның танымдық жә не практикалық іс - ә рекетінің жалпы принциптері мен методтарын ө ң деуі;

- гуманистік – адамның азаматтығ ы мен қ адір, қ асиетін, еркіндігін мойындауды негіздеу;

- қ ұ ндылық тың – моральдық – адамгершілік қ ұ ндылық тарды жасауы жә не негіздеуі.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...