Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

7. Сократқа дейінгі антикалық философия.




1. Милет философиясы.

2. Атомистердің философиялық білімі.

3. Софистер философиясы.

Антикалық философия – бү кіл дү ние жү зілік философияның дамуындағ ы керемет қ ұ былыс. Ол Кө не Грекияда біздің дә уірімізден бұ рынғ ы VII ғ асырдың соң ында қ алыптасып, біздің дә уіріміздің VI ғ асырына дейін ө мір сү рді.

Кө не Грекияда мың жылдан артық уақ ытта ә ртү рлі сарындағ ы философиялық ілімдер пісіп, жетіліп кейінгі философиялық ойлаудың дамуына негіз, бастау болды.

Антикалық философияның ө зіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқ ысы табиғ ат туралы ілімдермен тікелей байланыстығ ы. Алғ ашқ ы грек философтарын «физиктер» деп сипаттау кездейсоқ тық болмаса керек.

Кө не грек философиясының тағ ы да бір маң ызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғ аттың, бү кіл ә лемнің мә нін білуге тырысты. Алғ ашқ ы бастаулар, тү пнегіздер сияқ ты қ арапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мә селесіне кө теріледі.

Антикалық философияғ а ә лемді біртұ тастық тұ рғ ысынан пайымдау тә н.

Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғ ыз қ аруы ө зінің ақ ылы, ал қ ұ ралы – байқ ау. Осыдан келіп оның пайымдау жә не жалпылау сияқ ты сипаттары туындайды.

Антикалық философияның дамуында бірнеше кезең ді бө луге болады. Бұ л мә селеде ә ртү рлі кө зқ арастар бар. Біз ұ сынғ ан дә уірлер екі маң ызды факторғ а сү йенеді: біріншіден, кө не грек қ оғ амның ө зіндік дамуы, екіншіден философиялық мә селелердің ө згеріп отыруы.

1. натурфилософиялық кезең.

2. гуманистік кезең.

3. классикалық кезең.

4. эллиндік кезең.

5. римдік кезең.

Антикалық философияның натурфилософиялық дә уірі шамамен біздің дә уірімізден бұ рынғ ы VII ғ асыр мен IV ғ асырлар аралығ ын қ амтиды. Натурфилософияғ а милет мектебінің ө кілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқ ызуғ а болады.

Бұ л кезең дегі философиялық ілімдердің мә нін тү сіну ү шін мынадай іргелі ұ ғ ымдарды игеру керек:

1. тү пнегіз – барлық заттардың негізі

2. апейрон – шексіз, мә ң гі, белгісіз, ұ дайы қ озғ алыста болады

3. «логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағ ы қ ажеттілік, сө з, сонымен қ атар, ақ ыл, заң дегенді білдіреді.

4. апория – шешім табудың қ иындығ ы, тығ ырық қ а тірелгендік деген мағ ынада қ олданылады

5. атом – Демокрит философиясында ө те кішкене, бө лінбейтін бө лшек.

Милет мектебі - антика философиясындағ ы ең алғ ашқ ы мектептердің бірі. Оның ө кілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр.

Фалес ә лемнің тү пнегізі су деп есептеген. Бә рі судан пайда болады, бә рі суғ а айналады. Фалестің шә кірті Анаксимен ә лемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық заттар мен қ ұ былыстар шексіз, шетсіз апейроннан пайда болғ ан деді.

Эмпедокл ә лемнің негізі ретінде тө рт затты, яғ ни отты, суды, ауаны жә не жерді алды.

Аталғ ан философтардың бә рі дү ниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз тү пнегіз, ол ө зінің басқ а арқ ылы тү сіндірілуін қ ажет етпейді.

Гераклит бә рі ө згереді, бә рі ө ткінші деп пайымдады. Ө згерістердің қ озғ аушы кү ші мен негізі -  қ арама – қ арсылық тардың ө зара кү ресі.

Элеаттар мектебінің ө кілдері Парменид, Зенон, Ксенофан.

Субстанцияны тү сіндіру мә селесінде олар нақ ты бір зат пен қ ұ былыстан гө рі ө зімен ө зі болмыс деген ұ ғ ымды қ арастырады.

Парменид философиясының негізгі тезисі – болмыс бар, болмыс емес жоқ, болмыс еместі тануғ а, тіпті ол туралы айтуғ а да болмайды. Ол мә ң гілік, пайда болмайды, жойылмайды, ол біркелкі жә не ү здіксіз.

Ксенофанның пікірінше, болмыс дегеніміз - Қ ұ дай. Қ ұ дай ә лемнің субстанциясы.

Зенон шекті жә не шексіздік, жалғ ыздық пен кө птік, қ озғ алысты ойлаудың мә селерін қ ойып, зерттеді.

Зенон бос кең істік, кө птік, қ озғ алыс мә селелерінің сезімдер ү шін бар екендігін мойындады, ал оларды ұ ғ ымдар дең гейінде қ алай тү сіндіру қ ажет. Мә селенің тү п тө ркіні осыда болса керек.

Аристотель Зенонды диалектиканың негізін қ алаушы деп бағ алағ ан, ө йткені, ол ақ иқ атты, қ арсыласының ойындағ ы ішкі қ айшылық тарды айқ ындап, оны шешудің жолын қ арастырғ ан.

Зенонның апориялары қ озғ алысты терістейтін аргументтер. Осы уақ ытқ а дейін оның «Дихотомия», «Ахилл», «Ұ шатын жебе», «Стадион» деген апориялары жеткен.

2. Атомистік ілімнің негізін Демокрит қ алағ ан. Атом – дегеніміз бү тін, бө лінбейтін кішкене бө лшек. Оның бірігуінен жә не бө луінен бү кіл ә лемдегі заттар мен қ ұ былыстар қ ұ ралады. Олар бос кең істікте ү немі қ озғ алады.

Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз де зат, ол ерекше атомдардан, яғ ни жең іл жә не тез қ озғ алуғ а бейім атомдардан қ ұ ралады.

Демокрит осы принципімен таным процесінде тү сіндіреді. Таным дегеніміз заттардың бетінде ағ ып жү ретін атомдарды қ абылдау. Олар – заттармен қ ұ былыстардың бейнесі.

3. Софистер философиясымен антикалық философияның гуманистік дә уірі басталады.

Софистер біздің дә уірімізге дейінгі кә сіпқ ой оқ ытушы, философ.

Маң ызды мә селесі – адам мә селесі, оның ә лемге қ атынасын анық тау. Адам болмысы – субъективті болмыс. Олардың ілімі – субъективті идеалистік ілім, олар адамды барлық заттардың ө лшемі деп қ арастырады.

Софистер – Протагор, Горгий, Гиппий, Продик, Ликофрон, Алкидамант.

Софистер адамдардың барлық ұ ғ ымы мен этикалық қ алыптары, бағ а берулері салыстырмалы деп есептеді.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...