Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

10. Орта ғасырлардағы араб тілді философия.




1. Араб тілді философияның тарихи ә леуметтік, мә дени жә не теориялық алғ ышарттары.

2. Калам – ислам қ ағ идаларын рационалды тү сіндірудің жолы.

3. Шығ ыс перипатетизмінің философиясы.

4. Сопылық философиясы.

 Орта ғ асырлардағ ы араб тілді философия мен мә дениеттің бү кіл дү ние жү зілік рухани даму процесінде алатын орны ерекше.

Мұ хаммед (570-632) кө шпелі араб тайпаларын біріктіруге тырысты. Арабтардың рухани қ уаты молая тү сті. VII ғ асырдың ортасына таман араб хилифаты бұ рынғ ы Рим империясынан да ү лкен қ ұ рылымғ а айналды. Оның бірнеше рухани орталық тары болды.

Меккедегі Кааба храмы халифаттың діни орталығ ына, Шығ ыста – Багдад, Батыста, Кордова білім мен ө нердің ошағ ына айналды.

VIII-XII ғ асырлар аралығ ында араб ә лемінде, алдымен Шығ ыста, сонан соң батыс облыстарында, ә сіресе Испанияда ғ ылымдардың дамуы басталады.

Алдымен тригонометрия, алгебра, сонан соң оптика мен психология, астрономия, химия, география, зоология, медицина дамиды. Бірте – бірте философиялық, діни сипаттағ ы ізденістер де пайда болады.

Араб – мұ сылман философиясын қ ызық тырғ ан объектінің кө п жә не кең болғ анына қ арамастан, оларды ерекше толғ андырғ ан бірнеше мә селелерді арнайы атап ө ткен жө н: Қ ұ дайдың мә ні жә не оның жердегі ө мірге қ атынасы, мә н мен қ ұ былыстың, жалпы мен жекенің, о дү ниедегі ө мірдің қ ұ пиялары. Жан, ақ ыл, материя ұ ғ ымдары да мұ қ ият зерттелді.

Жалпы араб философиясында екі тү рлі ағ ым қ алыптасты. Бірінші ағ ым грек философиясының дә стү рлерімен тығ ыз байланысты.

Шығ ыс – араб перипатетитзмнің дамуында екі тарихи кезең ерекше кө зге тү седі.

Бірінші кезең – IX-X ғ асыр. Бұ л Шығ ыстың атақ ты философтары ә л – Кинди, ә л – Фараби, ибн – Сина есімдерімен тығ ыз байланысты. X ғ асыр араб мә дениетінің гү лденген кезең і, не болмаса А. Мец айтқ андай: «Мұ сылмандық ренессанс» дә уірі.

Екінші кезең XII-XIII ғ асырлар мұ сылмандық Испаниядағ ы араб философиясының гү лденуі. Ибн Баджа, ибн Туфеиль, ибн Рушд сияқ ты философтар осы дә уірде ө мір сү рген.

Екінші ағ ым – мұ сылмандардың негізгі қ асиетті кітабы – Қ ұ ранғ а сү йенген философиялық концепциялар, мү тә кә лімдер, мү тә зә литтер (VIII-IX ғ асырлар), калам доктринасы (X-XII ғ асырлар).

Орта ғ асырлық араб мә дениеті кө птеген халық тардың біріккен ең бегі арқ ылы дү ниеге келді. Оның қ алыптасуына арабтармен қ атар парсылар, сириялық тар, еврейлер, сонымен қ атар, қ азіргі қ азақ тардың, ө збектердің, тә жіктердің, тү ркмендердің арғ ы аталары атсалысты.

Кө п жақ ты жә не ә ртү рлі мә дени дә стү рлердің ө зара ұ шырасып, тоғ ысуы нә тижесінде жоғ ары шығ армашылық сапағ а кө терілді.

Араб орта ғ асырлық ойлау мә дениетінің ерекшелігі – оның дін догматтарынан тыс, дербес дамуы. Сондық тан да жалпы орта ғ асырларғ а тә н теологиялық сипаттағ ы қ ұ дай жә не оғ ан адамның қ атысы туралы мә селе ә л-Фараби, ибн Сина, Бируни, ибн Рушд ең бектерінде жалпы мен жекенің, қ оғ ам мен адамның, мә ндік кү штері мен қ абілеттерінің адамның ө зіне қ атынасы туралы мә селе айналды.

2. Калам - мұ сылмандық қ ағ идаларды рационализм тұ рғ ысынан тү сіндіру. Оның негізін ә л—Ашари қ алағ ан. Ө зінің ізденістерінің негізгі нысаны ретінде Қ ұ ранның қ асиеттілігі, Алланың атрибуттары, ә лемнің жаратылуы жә не оның ақ ыры, кү шті жаза сияқ ты мә селелері алынғ ан.

Каламдағ ы ең іргелі ұ ғ ым – Алланың жалғ ыздығ ы мен біртұ тастығ ын негіздеу.

Ислам VII ғ асырдың бірінші жартысында пайда болып, Шығ ыс мә дениетіне ү лкен ө згеріс алып келді. Оның негізін қ алаушы Мұ хаммед Алланың жалғ ыз екенін уағ ыздап, соғ ан ғ ана қ ұ лшылық етуге шақ ырады.

Адамзат баласы «Алланың жалғ ыз екенін мойындап, оның елшісі Мұ хаммед» белгі бергеннен кейін ислам дінін қ абылдады, яғ ни мұ сылман болды – деп санайды. Бұ л Алламен келісім – шартқ а келді дегенді білдіреді. Қ асиетті кітап араб тіінде жазылғ ан. Сондық тан ислам дініне сенушілер араб тілін ү йренуге міндетті болды. Халифат территориясында араб тілі – негізгі тіл болды.

Каламды басқ аша мү тә кә лімдер деп атайды. Калам деген араб ұ ғ ымы қ азақ тілінде – сө з деген мағ ына береді.

Калам ә лемнің атомистік қ ұ рылымын қ абылдайды. Заттар атомдардан қ ұ ралады. Бірақ оның пайда болуы қ ұ дайдың еркіне тә уелді. Қ ұ дай қ аласа, заттар атомдардан тү зіледі, қ аламаса тү зілмейді.

Шексіздік Қ ұ дайдың қ асиеті, ө йткені заттар табиғ атынан тұ рақ сыз.

Адамдардың себеп, салдар деп жү ргені тү к емес, шын мә нінде, қ ұ дай олардың санасында сондай дағ дыны туғ ызады. Ә лем заттармен бірге ұ дайы ө згеріп отырады, бірақ жеке заттардың ө зінде жеке немесе жалпы ұ дайы байланыс болуы мұ мкін емес. Ол Қ ұ дайдың шектелмеген еркіне байланысты. Адам ешуақ ытта еркін бола алмайды. Ол қ ұ дайдың ә мірін орындап отырады.

3. Араб тілді философиядағ ы перипатетизм ә л - Кинди шығ армашылығ ынан басталғ ан.

Ә л – Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағ ы ең бектерін жақ сы білген. Аристотель шығ армаларына жә не Порфирийдің «Кіріспесіне» тү сініктеме жазғ ан.

Ә л-Кинди философияны жаратылыстану ғ ылымдарымен тығ ыз байланыста қ арастырғ ан.

Философиямен терең айналысу ү шін математиканы білу қ ажет дей отырып, ә л – Кинди ғ ылымдардың жү йесін жасағ ан. Бұ л жү йеге «сан туралы ғ ылым» арифметика мен гармония, алаң ды ө лшейтін ғ ылым – геометрия, жұ лдыздар туралы ғ ылым – астрономия кірген. Тө ртінші орында алдың ғ ы ү ш ғ ылымды біріктіретін гармония туралы ғ ылым тұ рғ ан. Ө йткені, гармония немесе ү йлесімділік барлық жерде бар, яғ ни дыбыстарда, ә лемнің қ ұ рылымында, адамның жанында т. т. осы тө рт ғ ылымның негізін сан туралы ғ ылым қ алайды, ө йткені сан болмаса, ешнә рсе де болмас еді.

Математиканың ерекше проподевтикалық ролін кө рсете отырып, ә л – Кинди философияның рационалдық табиғ атына кө ң іл бө леді. Философия – барлық нә рсе туралы білім. Сонымен қ атар, ол – материя, форма, орын, қ озғ алыс жә не уақ ыт сияқ ты болмыстың жалпы анық тамалары туралы ілім.

Ә л – Кинди идеяларын одан ә рі дамытушы ә л – Фараби. Оның даң қ ы ә лемге тарап, кө зінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұ зтаз атанғ ан. Антикалық, орта ғ асырлық білімді терең тү сініп, шығ армашылық дең гейге кө теруге кө п ең бек еткен ә л – Фараби Платон мен Аристотель ең бектеріндегі кө птеген философиялық ойларды дамытты.

Аристотельден негізгі айырмашылығ ы ә л – Фараби, ең алдымен, ә лемнің пайда болуы, ә сіресе адамның пайда болуы, иерархиялық болмыстағ ы адамның ролі мен орнын анық тауғ а тырысты. Ә л – Фараби ө зінің космологиясындағ ы негізгі кө птү рді Аристотельден алды жә не оны ә рі қ арай жалғ астырды.

Аристотельдікі сияқ ты ә л – Фараби космосында да жоғ ары қ ұ былыс - аспан аяқ талғ ан, ал тө менгі қ ұ былыс – жер аяқ талмағ ан. Аспан денелерінен тө мен тұ рғ ан болмыс ө мір сү ру сатысы бойынша ә лі аяқ талмағ ан.

Фарабидің пікірінше, ә лемнің жоғ арғ ы, тө мен, оң ды - солды бө ліктері ө зара бір зат, нә рсе арқ ылы немесе кү ш жә рдемімен байланысады. Бө ліну кезінде пайда болатын орта бө лік осындай кү ш болып табылады. Ә лемді бір - бірін жалғ ап, басын қ осып тұ рғ ан ә лемдік кү ш бар. Ойшыл кү шті бірнеше топқ а бө леді.

Ә л – Фарабидің пікірі бойынша, бірінші болмыс – Қ ұ дай. Ол екінші болмыс пен белсенді интеллектің негізгі себебі болып табылады. Екінші болмыс аспан денелерінің пайда болуының себебі. Жеке аспан денелерінің қ алыптасуы екінші болмысқ а тә уелді. Дә режесі бойынша ең жоғ арғ ы екінші жә не ең тө менгі сфераларда ө мір сү ретін екінші болмыстан жеке сфералар қ алыптасады. Екінші болмыстың саны аспан денелерінің санына сә йкес келеді. Екінші болмыс деп біз жаны бар заттар мен періштелерді жә не тағ ы басқ аларды айтамыз.   

Ә лемнің шық қ ан тегі, негізі бір – ол ә лемдік нұ р. Ә лемдік нұ р деген ұ ғ ым Плотиннің эманация теориясын бірден еске тү сіреді. Ә лемдік нұ рдан бү кіл тіршілік дү ниесін тудыратын ә лемдік ақ ыл тарайды.

Фарабидің ә лемдік ақ ылы ө зін ө зі бейнелеп қ ана қ оймай, тануғ а да жетелейді. Оның ө зіндік болмысын қ амтамасыз ететін бірінші ә рекеті, екінші ақ ылды тудырады. Екінші ақ ыл материя мен форманың бірлігі болып табылатын жанды тудырады.

Осығ ан ұ қ сас эманация процесі одан ә рі жалғ асып, қ озғ алысқ а келтіріп, жан бітіретін ө зіндік кү штері бар Сатурн, Кү н, Шолпан, тағ ы басқ а планеталар дү ниеге келеді. Ай астындағ ы соң ғ ы сфераның ақ ылын ә л – Фараби ә рекетшіл ақ ыл деп бағ алайды. Ө йткені, ол ә лемдік ақ ылды да, жеке адамның ақ ылын да тудырады.

Сонымен қ атар, ол аспан денелерінің кө мегімен адамдар, жануарлар, ө сімдіктер, минералдар қ ұ ралатын тө рт жер стихиясын қ озғ алысқ а келтіреді.

Бұ л ә лемдік ү лгіде адамғ а ерекше кө ң іл бө лінген.

Ә л – Фараби адам жанының тә ннен басқ а мә ні бар екенін айтады. Бірақ бұ л мә селеде Шығ ыс елдерінде ө те ық палды болғ ан неоплатонизм дә стү рін қ олдамайды. Ол жанның тә ннен бұ рын немесе кейін ө мір сү ретінін мойындамайды. Жанның қ ызметтерін анық тауда оғ ан «Бірінші ұ стаз» Аристотельдің ә сері тисе керек, ө йткені ол жан мен тә ннің ө зара байланысын атап кө рсетеді. Адамның ө сімдіктен, жануардан айырмашылығ ы оның жанының рухани қ ызметтерінде, яғ ни ә демілік пен жетілгендікті қ абылдауында.

Адамның таным функциялары сезімсіз іске аса алмайды. Қ абылдау мен қ иял – сезімдік білімнің негізгі қ ұ ралдары. Бірақ олар болмыстың іргелі анық тамалары мә нді игере алмайды. Ол тек ақ ылғ а ғ ана тә н.

Ақ ылда ғ ана адамның жоғ ары танымдық қ абілеттері дами алады. Ө йткені ақ ыл болмыстың мә нін игереді.

Ибн-Сина (980-1037) – ғ алым – философ, дә рігер, Шығ ыс перипатепизмінің кө рнекті ө кілі. «Сауық тыру кітабы» жә не «Қ ұ тқ ару кітабы» деп аталатын екі атақ ты шығ арманың авторы. Ойшылдың бұ л кітаптарында осы дә уірдің кө рнекті дә рігерінің этикалық ізденістері кө рініс тапқ ан.

Ибн Сина барлық ғ ылымдарды теориялық жә не практикалық деп екіге бө лген. Этиканы жеке адамның тә ртібі туралы ілім, экономиканы ү й жұ мыстарын басқ ару ғ ылымы, саясатты халық ты, мемлекетті басқ ару жә не ұ йымдастыру туралы ілім деп анық тағ ан. Бұ л ғ ылымдардың бә рі практикалық сипатта, ө йткені олар адамның іс - ә рекетімен тығ ыз байланыста.

Теориялық ғ ылымдарғ а метафизика, математика, физика жатқ ызылғ ан.

Авиценаның ғ ылым теориясы ә лемнің танылатына негізделген. Ғ алым ө зінің кү шімен адам дү ниені тани алатынына сенген.

Авиценна логиканы жоғ ары бағ алағ ан. Аристотель сияқ ты ол да логиканы теориялық ғ ылымдардың қ атарына қ оспағ ан, бірақ барлық негізгі философиялық ең бектерінде оны философияғ а кіріспе ретінде алғ ан. «Даниш – намеде» ибн – Сина логиканы «ғ ылым - ө лшемі» деп атағ ан. Ө йткені кез келген білімнің нақ тылығ ы, танымдық дең гейі логика арқ ылы белгілі болады.

Метафизика болмыс туралы жалпы ілім деп анық талады.

Метафизика зерттейтін тө рт тү рлі болмыс бар. Біріншіден, ешқ андай денелік белгісі жоқ, таза рухани қ ұ былыстар, оның ішіндегі маң ыздысы – Қ ұ дай. Екіншіден, материямен тығ ыз байланысты болмыс, мысалы, аспан денелері. Ү шіншіден, кейде тә нмен бірге, кейде одан тыс ө мір сү ретін заттар, мысалы, субстанция, сана, қ ажеттілік, мү мкіндік. Тө ртіншіден, метафизика материалдық заттарды жә не олармен біте қ айнасқ ан ұ ғ ымдарды зерттейді.

Ибн Синаның пікірінше, ә лем қ ұ дайдың эманациясы арқ ылы қ ажеттілік негізінде қ алыптасты. Қ ұ дай бейтарап, ә лем материалды, қ ұ дай сияқ ты ол да мә ң гі. Табиғ и заттар бір – бірімен себеп салдарлы байланысқ ан, онда табиғ и заң дылық тар ү стемдік жасайды.

Араб перипатетизмнің шың ы – ибн Рушд немесе Аверроэс, мұ сылмандық Испанияның орталығ ы Кордовада ө мір сү рген. Аристотельдің ізімен ол да барлық адамдарғ а ортақ бейтарап ә лемдік ақ ыл деп пайымдады, оның философиясы материалистік сипатта дамыды., ол алдың ғ ы қ атарлы араб ойшылдарының жә не Аристотель ілімдерін синтездеу нә тижесінде схоластика мен католицимзге қ арсы бағ ытталғ ан ілімді жасады.

Осығ ан сә йкес жеке адамның жанының мә ң гілік тегін теріске шығ арды, бірақ бү кіл адамзат мә ң гілік деп есептеді.

Ибн - Рушд «екі жақ ты ақ иқ ат» ілімін жасады. Мұ ның кө мегімен философия мен ғ ылымды діннің бақ ылауынан босатуғ а ә рекет жасады. Ойшылдың бұ л қ адамы философияның кейінгі дамуына оң ық пал етті.

4. Сопылық – исламдағ ы мистикалық бағ ыт. Оның тану объектісі - Қ ұ дай. Оны танып білудің ө зіндік ерекшелігі бар, ө йткені Қ ұ дай сияқ ты ө те қ асиетті объектіні тануғ а логикалық ойлау немесе парасаттың шамасы келмейді. Ол ү шін ерекше бір жағ дай – адам жанының терең тү кпірінде жататын бір киелі кү ш қ ажет. Ондай кү ш бар ма? Бар болса, ол қ андай кү ш деген сұ рақ тар бірден кө кейге оралады. Иә, адамды адам ететін, оғ ан ерекше рухани қ уат беретін, оның ө мірін мә нді де сә нді ететін, жү регігің тү кпірінде нә р алып, ә рдайым жанып тұ ратын ерекше кү ш – ол сү йіспеншілік Қ ұ дайтану адамнан ерекше ә серленушілікті, сү йіспеншілікті, онымен ерекше сырласуды қ ажет етті.

Қ ұ дай тану – ерекше сү йіспеншілік сезімін бастан кешіру. Қ ұ дай, ең алдымен, сү ю объектісі, ал оғ ан шын кө ң ілімен берілген сопылар шексіз сү юшілер.

Сопылық жолына тү сіп, қ ұ дай сұ лулығ ын танудың алғ ы шарттарының бірі – Аллағ а махаббат болып табылады. Махаббат бар жерде ү лкен пә ктік те, терең жан тә рбиесі де, тұ нық сезімталдық та бар.

Сопылық жол – Алла тағ алағ а жетудің, Қ ұ дайды танудың сү йіспеншілік жолы.

Сопылық жолының тө рт сатысын кө рсетуге болады:

1) «шариат» - мұ сылман дінінің заң дарын бұ лжытпай орындау;

2) «тарикат» - беделді қ ария сопының айтқ анын тың дайтын, орындайтын «мюрид» ролінде болу; дұ ғ а оқ у жә не сапалы байқ ау нә тижесінде жеке ерікті басып тастау;

3) «марифат» - ақ ылмен емес жү рекпен қ ұ дайдағ ы ә лемнің бірлігін тану, барлық діндердің бірдейлігі, жақ сылық пен жамандық тың салыстырмалылығ ы.

4) «хакикат» - қ ұ даймен танып болғ анның толық бірігуі.

Сопылар жалғ ыз беп кө птің, қ ұ дай мен адамның қ атынасын ерекше атап, соның мә нін іздегендіктен кө птеген адамгершілік этикалық ұ ғ ымдарғ а кезігеміз.

Сопылық ө з бетінше ойланып, еркіндікке ұ мтылатын адамдарды қ ызық тырды. Ө йткені ол таяу Шығ ыста ә руақ ытта бағ аланатын бейтарап ой – қ иялмен емін – еркін айналысуғ а мү мкіндік берді. Сопылық ұ ғ ымдарын пайдалана отырып, сырт кө зге исламның аясында қ алып, бірақ іс жү зінде одан шығ ып кетуге болатын еді.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...