Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Болжамы. 3. 5. Эндокринді офтальмопатия. Этиологиясы. Патогенезі




Болжамы

Дер кезінде ем жү ргізілмеген жағ дайда болжамы нашар, ол жү рекшелер фибрилляциясымен, жү рек жеткіліксіздігімен, арық таумен (марантикалық тиреотоксикоз) анық талады. Қ Б қ ызметі қ алыптасқ ан кезде тиреотоксикалық кардиомиопатия болжамы оң тайлы- науқ астардың басым кө пшілігінде кардиомегалияның регрессі дамып, синусты ырғ ақ қ алыптасады. 12–18-айғ а созылғ ан тиреостатикалық терапия курсынан кейін тиреотоксикоздің рецидив беру мү мкіндігі - науқ астардың 70–75%.

 

3. 5. ЭНДОКРИНДІ ОФТАЛЬМОПАТИЯ

 

Эндокринді офтальмопатия (ЭОП, Грейвс офтальмопатиясы, аутоиммунды офтальмопатия) — Грейвс ауруымен патогенетикалық байланысты, ісінумен жә не лимфоцитарлы инфильтрациямен, кейін ретробульбарлы шелмай мен кө зқ озғ алтқ ыш бұ лшық еттердің фиброзды ө згерістерімен сипатталатын аутоиммунды ауру.

 

3. 6 кесте. Эндокринді офтальмопатия

 

Этиологиясы Грейвс ауруындағ ыдай
Патогенезі Грейвс ауруының жү йелік аутоиммунды ү рдісінің шең берінде дамитын ребробульбарлы шелмай мен кө зқ озғ алтқ ыш бұ лшық еттердің иммунды қ абынуы.
Эпидемиологиясы Грейвс ауруымен сырқ аттанғ ан науқ астардың 50–75 %-да дамиды.
Басты клиникалық кө ріністері «Кө зге қ ұ м кіргендей» сезім, кө здің ауыруы, диплопия, қ абақ тың ісінуі, экзофтальм, кө з жү йкесінің нейропатиялық кө ріністері, қ итарлық.
Диагностикасы Офтальмологиялық қ арау, экзофтальмометрия, орбиталардың УДЗ-сі мен МРТ-сі.
Салыстырмалы диагностикасы Ретробульбарлы ісіктер (бір жақ ты экзофтальм кезінде), кө з алмасының инфильтративті аурулары, миастения.
Емі Жең іл дә режесі кезінде кө рсетілмеген, ауыр жә не орташа ауырлық та белсенді фазада тағ айындайды: глюкокортикоидтар (per os немесе пульс-терапия), кө з алмасының рентгенографиясы, соматостатин туындылары, орбитаның хирургиялық декомпрессиясы, белсенді емес фазада: қ ажет болғ ан жағ дайда косметикалық операциялар орындалады.
Болжамы 98 % жағ дайда ремиссия дамиды (ө здігінен немесе емнен кейін), 2 % жағ дайда- белсенді емес фазасы орнағ аннан кейін ЭОП-ның қ алдық белгілерімен ауыр ағ ым.

 

95 % жағ дайда ЭОП Грейвс ауруымен бірге дамып, бұ л жү йелік аутоиммунды аурудың ажырамастай бө лігі болып табылады (оның «визитті картасы»), бірақ ЭОП тиреотоксикоздан бұ рын басталуы мү мкін. Шамамен 5% жағ дайда ЭОП аутоиммунды тиреоидитпен ұ штасады, ал қ алғ ан 5%-да — жекеленген ауру ретінде, яғ ни ГА кезінде дамитын аутоиммунды аурудың дара компоненті ретіне дамиды. Тү сініксіз себеппен 5–10 % жағ дайда ЭОП-ғ а біржақ ты сипат тә н (3. 6 кесте).

 

3. 14 сурет. Эндокринді офтальмопатияның даму сатылары

3. 14 сурет Активность- Белсенділігі Тяжесть- Ауырлығ ы Остаточные явления- Қ алдық белгілер % от максимальной активности и тяжести- Белсенділігі мен ауырлығ ының максимальды %

 

 

Этиологиясы

Кең таралғ ан теориялардың біріне сә йкес, ГА кезінде дамитын аутоиммунды ү рдіс нә тижесінде тү сініксіз себеппен ретробульбарлы шелмайдың преадипоциттері ТТГ-ғ а рецептор экспрессирлейтін адипоциттерге дифференциациялады. Одан кейін шелмай иммунды қ абынуды иницирлейтін ТТГ рецепторларына сенсибилизацияланғ ан В лимфоциттермен инфильтрацияланады. Қ абынуғ а дейінгі цитокиндердің тү зілуіне жауап ретінде ретробульбарлы шелмай адипоциттері кө п мө лшерде қ ышқ ыл гликозамингликандарды ө ндіре бастайды. Олар айқ ын гидрофильды қ асиетке ие болғ андық тан, ретробульбарлы шелмай ісініп, кө лемі жағ ынан ү лкейеді. Уақ ыт ө те қ абынулық ө згерістердің қ арқ ындылығ ы бә сең деп, тү рлі дә режедегі фиброзды ө згерістер дамиды.

 

Патогенезі

ЭОП-ның дамуында екі кезең ді ажыратуғ а болады (3. 14 сурет). Белсенді қ абынудың бірінші кезең де ретробульбарлы шелмайда қ абынулық ө згерістер дамиды. Бұ л ө згерістер шелмайдың кө лемінің ұ лғ аюымен кө рініс береді, нә тижесінде экзофтальмның дамуына ә келеді, ауыр жағ дайларда тіпті кө з жү йкесінің жаншылуын шақ ыруы мү мкін (кө з жү йкесінің нейропатиясы) (3. 15 сурет). Кө зқ озғ алтқ ыш бұ лшық еттердің қ абынуы біртекті дамымайды, сондық тан кө рудің бір бұ рышында (жоғ ары немесе жанына қ арағ анда) науқ аста диплопия анық талуы мү мкін. Ауыр жағ дайда тұ рақ ты диплопиямен сипатталатын қ итарлық кө рініс береді. Ауыр ағ ымдағ ы ЭОП-ның қ ауіпті асқ ынуы-кө здің толық жабылмауына, кейін қ асаң қ абық тың ө згеріп, тіпті жаралануына ә келетін айқ ын экзофтальм.

 

3. 15 сурет. Эндокринді офтальмопатия кезінде дамитын экзофтальм мен кө з жү йкесі компрессиясының патогенезі

 

ЭОП-ның екінші белсенді емес кезең інде кө з шарасында дамығ ан қ абынулық ү рдістер біртіндеп бә сең дейді. Жең іл дә режедегі ЭОП толық ремиссияның дамуымен аяқ талады, ал ауыр дә режедегі ЭОП кезінде тұ рақ ты экзофтальмге, жоғ арғ ы қ абақ тың тұ рақ ты ретракциясына, диплопиямен сипатталатын қ итарлық қ а, катаракта секілді кө з алмасы жағ ынан дамитын екіншілік ауытқ уларғ а ә келетін фиброзы ө згерістер орын алады. ЭОП-ның белсенді емес сатысында глюкоркортикоидтар секілді қ абынуғ а қ арсы дә рілік заттарды қ олдану нә тижесіз. ЭОП-ның қ ауіп факторлары мен ү демелі дамуына ә келетін тү рткілерге темекі тарту жә не Қ Б қ ызметінің бұ зылуы (гипотиреоз жә не тироетоксикоз секілді) жатады.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...