Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

610 Ж.Лхметов. Патологиялық анатомия




610                                                                     Ж. Лхметов. Патологиялық анатомия


21 белім. Балалар аурулары



 


211-сурет. Қ ызылшағ а тө н алыпжасушалы пневмония

Инфекцияның жедел кезең індё тыныс ағ заларының ө згерісте-рімен бірге кейде қ ызшшалық энцефалит дамиды. Қ абыну, вирус-тардың ми тініне енуімен байланысты ө рістеп кейін салдану, пси-хиканның бү зылуы, эпилепсия сияқ ты ауыр ө згерістер қ алдыра-ды. Микроскоппен қ арағ анда мидың ақ затының айналасында гли-ядан, мезенхима элементтерінен тү зілген сің белер кө рінеді.

Қ ызылшаның асқ ынуы екіншілік, бактериялық инфекциялар-мен байланысты. Бронхтарда ірің ді эндо-мезо-перибронхит, продуктивті панбронхит кө ріністері дамиды. Пневмония ірінді (абсцесті) тү р алады. Организмі ө лсіз балаларда ол созылмалы тү рде ө теді. Панбронхит бронхоэктаз дамуы себебінің бірі болады.

Жү кті ө йел қ ызылшамен ауырғ анда инфекция іштегі балағ а ө тіп, ол қ ызылша белгілерімен туады: олардың терісінде экзанте­ма, ө кпесінде интерстициалды (аралық ) пневмония дамиды.

ДИФТЕРИЯ

Дифтерия (грекше - diphtera - тері, қ абық ша) жү тқ ыншақ тың немесе жоғ арғ ы тыныс жолдарының фибринді қ абынуымен жә не жергілікті ошақ тардан дифтерия экзотоксинінің сорылуына бай­ланысты дамитын жалпы морфологиялық ө згерістермен сипатта-


латын жү қ палы ауру. Дифтерияғ а тә н ө згеріртер біздің дә уіріміздің I ғ асырында жасағ ан Сирия ғ алымы Аретей Каппадокийскийдің ең бектерінде жазылғ ан. Сол ү шін оны " Сирия ауруы" деп атағ ан. Жалпы дифтерияның отаны - Азия. Осы ауруғ а француз ғ алымы Бретонно (1826) " дифтерит" деп ат берген, ал оның шә кірті Трус-со (1846) оны " дифтерия" терминімен алмастырды.

Этиологиясы мен патогенезі. Дифтерияны corynebacterium diphtheriae таяқ шалары қ оздырады. Олар Грамм-оң. Антигендік қ ү рамы бойынша 5 серологиялық тү рге бө лінеді. Ауру кө зі ауырғ -ан адам немесе бактерия тасушылар. Инфекция негізінен ауа-там-шы жолымен жү ғ ады. Балалар арасында дифтерия лас қ ол, ойын-шық тар арқ ылы жү ғ уы мү мкін. Қ азіргі кезде дифтериямен бала­лар ғ ана емес, 18-25 жастағ ы жастар да ауырады. Дифтерия таяқ -шалары шырышты қ абық тарғ а енгеннен кейін ө сіп-ө ніп ө зінен экзотоксин бө ліп шығ арады. Ол лимфа жә не қ ан арқ ылы тарап, организмді уландырады. Экзотоксин тотық тану" айналымының (циклінің ) ферменттерін бү зады, катехоламиндер белсенділігін те-жеп тіндерде серотонин жиналып қ алады. Серотонин ә серінде ал-ғ ашында артерия тамырлары тарылып қ ан қ ысымы кө теріледі, кейін тамырлар парезіне байланысты қ ан қ ысымы тө мендеп кетеді.

Экзотоксин ә серінен жергілікті эпителий некрозданып, қ ан тамырларының ө ткізгіштігі асып кетеді, тінге фибриноген белогы сің іп қ алады. Некрозданғ ан эпителийден бө лініп шық қ ан тромбо-киназа фибриногенді фибринге айландырып зақ ымданғ ан тіндердің бетінде фибринді қ абық ша пайда болады. Осы қ абық шаның ас-тындағ ы тінмен байланысы некроздың терендігі жә не эпителий тү ріне тә уелді. Кө п қ абатты жалпақ эпителиймен қ апталғ ан шы­рышты қ абық тарда (аран мен жү тқ ыншақ аймағ ында) эпителий ө те тығ ыз жайғ асқ ан ж^не бү л жасушалар бір-бірімен кө піршелер арқ ылы байланысқ ан. Сондық тан бү л жерде пайда болғ ан қ абық -шалар астындағ ы тіндермен мық ты бірігеді, оларды ажыратып алу ө те қ иын (фибринді қ абынудың дифтералық тү рі). Бір қ абатты цилиндрлік эпителиймен қ апталғ ан ағ заларда (кең ірдек, бронх) осы қ абық шалар тез кө шіп тү седі (фибринді қ абынудьщ крупозды тү рі).

Патологиялық анатомиясы. Дифтерияда жергілікті жә не жал­пы ө згерістер дамиды. Қ азіргі кезде жергілікті ошақ кө бінесе ба-дамша бездерде, аранның, жү тқ ыншақ тың жө не жоғ арғ ы тыныс жолдарының шырышты қ абатында орналасқ ан.

Аран жә не бадамша без дифтериясында ауру жедел катаралды қ абынумен басталады. Бадамша без ү лкейіп, аранның шырышты қ абаты қ анмен толып ісініп, 1-2 кү н ішінде ақ шыл-сары тү сте қ абық шамен қ апталады. Дифтерияғ а қ арсы сарысумен емдемегенде



Ж. Ахметов. Патологиялық анатомия


21 белім. Балалар аурулары



 


қ абыну айналасындағ ы тіндерде, жү мсақ жө не қ атты тандайғ а, жү тқ ыншақ қ а ө теді. Микроскоппен қ арағ анда эпителидің беткі қ абатының некрозданғ анын жө не осы жерде фибрин мен лейко-циттерден тү зілген қ абық шалардың пайда болғ анын кө реміз. Мой-ын, лимфа тү йіндері ісініп, ү лкейеді, дифтерияның улы тү рінде ақ шыл сары тү стегі некроз ошақ тары табылады. Қ абыну лимфа тү йіндерінің айналасьша тарағ анда (периаденит) мойнының жү мсақ тіндері ісінеді. Ауру ауырлағ ан сайын мойын ісігінің кө лемі де арта береді, оның бірнеше кезең дерін ажыратады.

Тыныс жолдарының дифшериясы кө мейдің, кең ірдектің жө не ірі бронхтардың крупозды қ абынуымен сипатталады. Кө мей дифте-риясы круп (шотланд тілінде to crope қ арлығ ып сө йлеу) деп атала-ды. Себебі қ абынуғ а байланысты ауру адамның дауысы озгеріп, тамағ ы қ арлығ ып жө теліп, кейде дыбысы шық пай қ алады. Кейін осы жердегі шырышты қ абық тың ісінуі, фибринді қ абық шаның кө шіп тү суі жә не кө мей бү лшық етінің жиырылуы нә тижесінде асфиксия (тү ншығ у) дамиды. Асфиксия ірі бронхтардағ ы фибринді қ абық ша сылыньш тү сіп, тө менгі тыныс жолдарын бітеп таста-ғ анда да пайда болуы мү мкін. Асфиксияда жедел операция - тра­хеотомия - жасау қ ажет.

Дифтерияга байланысты дамитын жсиіпы ө згерістер. Дифте- рияның токсинді тү рінде жү рек-тамыр, нерв, шығ ару жү йелерінде, бү йрекү сті бездерінде бірқ атар ө згерістер кө рінеді.

Жү ректегі ө згерістерді токсиндік миокардит деп атайды. Алғ а-шқ ы кезде бү л ө згерістер миокардтың паренхималық дистрофия­сы, вакуолизациясы тү рінде басталып, кардиомиоциттердің май-даланьш жә не бө лшектеніп кетуімен аяқ талады. Электронды мик-роскопта митохондрилер бү зылуы, май дистрофиясы, ал кейінірек миофибрилдер деструкциясы кө рінеді. Екінші аптадан бастап ми-окардта қ абынуғ а тә н ө згерістер кө рінеді. Дистрофиялық ө згерістерге қ ан тамырлары гиперемиясы, строманың ісінуі, ара-лык; тіннің лимфоциттер мен гистоциттерден тү ратын сің белері қ осылады. Жү ректің сыртқ ы кө рінісі дифтерия ү шін ө те тә н: жү рек ү лкейіп, қ уыстары ө те кең іп кетеді, тіні босап, жү рек пішіні ө згеріп ү шы дө ң геленген қ апқ а ү қ сап қ алады. Кесіп қ арағ анда миокард-тың тү сі қ оң ыр қ ан қ ү йылу ошақ тары табылады.

Миокардтағ ы ө згерістер ауру кісілердің ерте дамыган журек салдануынан ө луіне себеп болады. И. В. Давыдовскийдің (1958) пікірінше, миокардтағ ы мү ндай ө згерістер токсиндердің тікелей ө серінен емес, миокард нервтерінің бү зылуына байланысты дами­ды. Сонымен қ атар жү ректе, ә сіресе оның ү шында пайда болғ ан тромбтар тромбоэмболиялық асқ ынулар береді.


Нерв жуйесіндегі негізгі ө згерістер шЬткі нервтерде, симпати-калық жө не парасимпатикалық нерв ганглияларьщда болады. Шеткі нервтер миелині еріп бө лшектеніп кетеді, ал нерв қ абық тарында қ ан кернеу, ісіну, азды-кө пті қ абыну сің белері кө рінеді (паренхи-малық неврит). Бү л ө згерістер алғ ашқ ы қ абыну ошақ тарында жа-қ ын жайғ асқ ан тіл-жутқ ыншақ, кезеген жө не кө кет нервтерінде айқ ын кө рінеді. Вегетативтік нерв жү йесінде мойынның симпати-калық тү йіндерінде жә не кезеген нерв ганглилерінде ө згерістер басым болады. Оларда вакуолизация, тигролиз, ядро эктопиясы мен пикнозы жә не т. б. ө згерістер байқ алады. Нерв жү йесінің за- қ ымдануы клиникада жү мсақ таң дайдың, кө кеппщ жә не журектің салдануы тү рінде кө рінеді. Бү л ө згерістер ә детте 1, 5-2 айдан соң пайда болатындық тан кеш салдану деп аталады (мысалы, жү ректің кеш салдануы).

Буйрекусті бездерінде дистрофиялық жө не некроздық ө згерістер байқ алады. Бү йрекү сті безінің тамырларьша қ ан қ ү йылып, кейде ол геморрагиялық сү йық тық пен толғ ан йистағ а айналады.

Буйректерде дифтерия уын реабсорбциялауғ а қ атынасушы не-фротелий жасушалары бү тіндей ө ліп, некроздық нефроз (жедел ту-булопатия) дамиды.

Асқ азанда улы гастрит морфологиясы кө рінеді. Тыныс жолда-рының дифтериясы ү шін ө кпеде екіншілік вирусты-бактериялық пневмонияның дамуы тә н.

Асқ ыну турлері жоғ арыда айтылды. Дифтериялық миокардит-тен соң кардиосклероз дамуы мү мкін. Трахеотомия операциясын-да енгізген тү тік айналасында қ абыну ү рдістері дамып, ол жергілікгі жү мсақ тіндерге, тіпті кө кірек аралығ ына таралуы мү мкін. Тра-хеостомиялық тү тікті дү рыс қ оймаганда кейде теріасты, кө кіре-каралық эмфизема пайда болады. Осы тү гікті ө з мерзімінде алып тастамаса, олардың айналасында дә некер тін ө сіп, кең ірдек қ уысы-ның жоғ арғ ы бө лігі бү тіндей бітіп қ алуы мү мкін.

Ө лім себептері. Дифтериядан болатын ө лім ө детте ауру диаг­нозы кеш қ ойылғ анда жә не ө з мерзімінде антитоксиндік сарысу-мен емдемегенде ғ ана мү мкін. Ө лім негізінен жү ректің, кө кеттің салдануынан болады.

СКАРЛАТИНА

Скарлатина (итальянша - scarlatina - қ ып-қ ызыл, ашық қ ызыл) стрептококгы инфекциялардың бірі, аранның жедел қ абынуымен, денеде майда нү ктелі бө ртпелердің пайда болуымен жө не терінің қ абат-қ абат тү леуімен сипатгалады. Ауру кө зі скарлатинамен ауырғ -



Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...