Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Кіріспе. Негізгі бөлім. Хирургиялық инфекция. Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.




Кіріспе

 

Хирургия саласында хирургиялық инфекцияның алдын алу, онымен кү ресу ғ асырлар бойы кү ні бү гінге дейін толық шешімі табылмай келе жатқ ан ең маң ызды мә селелердің біріне айналды. Оның дә лелі бү гінгі кү нде адамдарда кездесетін аурулардың 70%, кө з жұ мғ ан аурулардың 30%- кө бі хирургиялық инфекцияғ а байланысты (Ефименко Н. А. 2004, ). Жедел операциялардан кейінгі ірің ді асқ ынулар 32-75% кездеседі, осы ірің ді асқ ынулар науқ астардың 42-60% ө лімге ә келеді (Гостищев В. К., 1997, Ерюхин И. А. 2003, Лохвицкий С. В., Тургунов Е. М., 2003, Ефименко Н. А., 2005, Pinner R. W et., al 1996). Ұ сынылып отырғ ан оқ улық «Хирургиялық инфекция» хирургия пә ні бойынша бекітілген типтік оқ у бағ дарламасына сә йкес жә не соң ғ ы ғ ылыми жетістіктерге сү йене отырып жазылғ ан. Онда хирургиялық инфекциялардың, ірің ді хирургиялық аурулардың жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі жә не диагноз қ ою, емдеу мә селелері, қ ауіпті асқ ынулары толық қ амтылғ ан. Жеке тарауларда жұ мсақ тіндер, сү йек-буын, серозды қ уыстар, қ ол-аяқ тың жедел жә не созылмалы ірің ді хирургиялық ауруларына толық сипаттама берілген. Кітапта ә рбір нозологияғ а суреттер келтірілген, барлығ ы 136 сурет жә не студенттер, интерн, резиденттердің білімін бақ ылауғ а тест сұ рақ тары,  ситуациялық есептермен толық тырылғ ан. Оқ улық медициналық университеттерде 3, 4, 5- курс студенттеріне жә не

интерн, резидент хирургтарғ а ә дебиет ретінде пайдалануғ а болады. Хирургиялық инфекция бө лімдерінде істейтін дә рігерлерге, хирургия пә нінен сабақ беретін ұ стаздарғ а да пайдасы тиетіні анық.


Негізгі бө лім

Хирургиялық инфекция

Ірің ді қ абынулар адам ағ засының кез - келген мү шелерінде дамуы мү мкін. Олардың этиологиясы ә ртү рлі ірің діктерді тудыратын микроорганизмдер. Барлық хирургиялық аурулардың 1/3-і жә не операциядан кейінгі кө птеген асқ ынулар хирургиялық инфекцияғ а байланысты.

Патологиялық хирургиялық инфекция хирургиялық ірің ді ауруларды (фурункул, карбункул, абсцесс, флегмона, т. б. ), іш қ уысы мү шелерінің жедел хирургиялық ірің ді деструктивті процестерін (аппендицит, холецистит, панкреатит, т. б. ), операциядан кейінгі жә не ашық, жабық жарақ аттардың ірің ді асқ ынуларын қ амтиды. Операциялардан кейінгі ірің ді асқ ынулар науқ астардың ө міріне ү лкен қ ауіп тө ндіреді. Операциядан кейін қ айтыс болғ ан науқ астардың жартысынан кө бінде ө лім ірің ді инфекцияның дамуына байланысты.

Хирургиялық инфекцияның басталуы, ағ ымы, болжамы бірнеше факторларғ а байланысты:

1. Макроорганизмнің иммундық жү йесінің қ абілетіне;

2. Микроорганизмнің мө лшері, вируленттілігі, дә рілерге тө зімді штамдары жыл сайын ө суіне.

3. Инфекция енген ошақ тың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне;

4. Жалпы қ ан айналымы бұ зылыстарында қ абыну ошағ ына микроорганизмдерге қ арсы тұ ратын, оларды жоюғ а арналғ ан арнайы клеткалық, гуморалды иммунды заттар дер кезінде жә не толық кө лемде жеткізілмеуіне.

5. Науқ астың аллергиялық статусына.

 Ақ ырғ ы жылдары ластанғ ан экологияның салдарынан, ауруларды емдеуде жә не олардың алдын алу мақ сатында кү нделікті қ олданылатын дә рі-дә рмектердің аллергиялық ә серінен адамдардың иммундық реактивтілігі ә лсіреген, осы себептерден хирургиялық инфекция жә не операциядан кейінгі ірің ді асқ ынулар жиі орын алуда.

Ірің ді қ абыну туындау ү шін, микроорганизмдер тү скен ошақ та олардың ө сіп-ө нуіне қ ажетті қ оректі заттардың (ө ліеттер, гематома) жә не де жергілікті, жалпы қ ан айналымының бұ зылыстары міндетті тү рде болуы керек. Ірің ді хирургиялық инфекцияның орын алуы аурулардың жасына да байланысты. Жас адамдарда, кө бінесе 17-35 жас аралығ ында флегмона, абсцесс, ірің ді лимфаденит, мастит, остеомиелит жиі кездеседі; 36-55 жастағ ы науқ астарда зә р шығ ару жү йесінің аурулары - пиелит, цистит, пиелонефрит, сонымен қ оса парапроктит, перитонит, 65 жастан асқ ан адамдарда карбункул, некроздық флегмона, инъекциядан кейінгі абсцесс, гангрена орын алса, жаң а туғ ан нә рестелерде – нә рестелер флегмонасы, стафилококты ө кпе деструкциясы, плеврит, жедел гематогенді остеомиелит, перитонит дамиды. Хирургиялық инфекцияны емдеуден гө рі, оның алдын алуы ә лдеқ айда тиімді. Ә р адам жеке басының гигиенасын сақ таса, кө птеген аурулардан, оқ ыс жарақ аттардан сақ танып жү рсе, дә рігерлік кө мекке дер кезінде жү гінсе, хирургиялық ірің ді инфекциялардың асқ ынулары сирек кездесуі мү мкін. Хирургиялық ірің ді инфекцияғ а шалдық қ ан науқ астардың иммунитеті ә лсіз болғ андық тан, олардың иммундық статусын зерттеп, тиісті иммунотерапия жә не иммунопрофилактика шараларына мұ қ ият кө ң іл аударғ ан жө н. Иммундық жү йенің физиологиясы мен патофизологиясын зерттейтін медицина саласы – клиникалық иммунология жақ сы ө ркендеп дамуда.

Хирургиялық инфекцияның жіктелуі.

Ірің ді процестің туындау кө зіне байланысты:

1. Ірің ді аурулар (фурункул, карбункул, флегмона, плеврит, остеомиелит жә не т. б. ).

2. Іш қ уысы мү шелерінің жедел хирургиялық аурулары: ірің ді аппендицит, холецистит, перитонит, панкреатит, ө кпе абсцесі мен гангренасы т. б. қ абынулар.

3. Операциялық жаралардың ірің деуі.

4. Ашық жә не жабық жарақ аттардың ірің ді асқ ынулары.

Хирургиялық инфекция клиникалық ағ ымына жә не тіндердегі патологоанатомиялық ө згерістеріне байланысты тө мендегідей жіктеледі:

1. Жедел хирургиялық инфекция: а) жедел ірің ді аэробты инфекция; ә ) жедел анаэробты инфекция; б) жедел спецификалық инфекция (сіреспе, сібір жарасы, дифтерия, т. б. ); в) жедел шірікті инфекция.

2. Созылмалы хирургиялық инфекция: а) созылмалы бейспецификалық ірің ді инфекция жә не ә ) созылмалы спецификалық инфекция (туберкулез, мерез, актиномикоз, т. б. ).

Аталғ ан инфекциялардың клиникалық кө ріністерінде науқ астың ағ засында жергілікті немесе жалпы ө згерістер басым болуы мү мкін (сепсис ауруында).

3. Этиологиясына байланысты: а) стафилококты инфекция; ә ) стрептококты инфекция; б) пневмококты инфекция; в) колибациллярлы инфекция; г) гонококты инфекция; ғ ) анаэробты инфекция; д) клостридиалды анаэробты инфекция; е) аралас инфекция, т. б.

4. Патология қ ұ рылымына байланысты: а) инфекциялық хирургиялық аурулар; ә ) хирургиялық аурулардың инфекциялық асқ ынулары; б) хирургиялық операциялардың ірің ді асқ ынулары; в) ашық, жабық жарақ аттардың ірің ді асқ ынулары.

5. Локализациясына байланысты: а) тері, теріасты майының қ абынуы; ә ) бас сү йегінің жабындысы, ми, ми қ абаттарының қ абынуы; б) мойын тіндерінің қ абынуы; в) кеуде тіндері, плевра қ уысы, ө кпенің қ абынулары; г) кө кірекаралық май тіндері, перикардтың қ абынулары; ғ ) іш қ уысының мү шелері жә не ішастарының қ абынулары; д) жамбас қ уысындағ ы мү шелердің қ абынулары; е) сү йек, буын тіндерінің қ абынулары.

6. Клиникалық ағ ымы бойынша: жедел ірің ді қ абынулар: а) жалпы; б) жергілікті. Созылмалы хирургиялық инфекция: а) жалпы; б) жергілікті.

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...