Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Сурет 14. Асқынған қолтықасты гидраденит.




Сурет 14. Асқ ынғ ан қ олтық асты гидраденит.

Сурет 15. Гидраденитті тіліп ашу операциясы.

Абсцесс – кез келген тіндердің, мү шелердің шектелген ірің ді қ абынуы. 16, 17-суретте кө з ү стінде орналасқ ан абсцесс жә не абсцестің ішкі кө рінісі. Абсцестің бетінде тері жабындысы, астында теріасты майы кө рсетілген.

         

Сурет 16. Кө з ү стінде орналасқ ан абсцесс.

         

Сурет 17. Абсцестің тү зілу схемасы

(ортасында ірің ді сұ йық тық, сыртына қ арай пиогенді капсула,

грануляциялық тін, теріасты майы).

Пайда болу себептері - қ анталаумен асқ ынғ ан кездейсоқ жарақ аттар немесе хирургиялық инфекцияның ағ задағ ы ірің ді ошақ тардан лимфогенді, гематогенді жолмен таралуы. Абсцестердің тағ ы бір себебі - тіндерге концентрациясы жоғ ары дә рілерді (10% кальций хлор, 25% магний сульфат, 24% кордиамин, 50% аналгин ерітінділері) жұ мсақ тіндерге абайсызда қ ателесіп енгізу. Абсцесті жиі тудыратын қ оздырғ ыштар - стафилококк, стрептококк, кө кірің жә не ішек таяқ шалары. Қ абыну ошағ ында тіндер ірің деп, ыдырайды, айналасында дә некер тіндермен шектеліп, пиогенді капсула тү зіледі. Беткейлі орналасқ ан абсцестер ө з бетімен жарылып, сыртқ а шығ ады. Ішкі органдардың ірің діктері (ө кпе абсцесі, ішекаралық абсцесс) плевра мен іш қ уыстарына жарылса, плеврит жә не перитонитпен асқ ынады.

Клиникалық кө ріністеріне келсек, теріге жақ ын орналасқ ан абсцесте қ абынудың жергілікті белгілері (терінің қ ызаруы, ісінуі, жергілікті температураның кө терілуі, солқ ылдатып ауруы, ауырғ ан мү шенің функциясының бұ зылуы) айқ ын кө рінеді, кейде тері жұ қ арып флюктуация (бү лкілдеу) симптомы пайда болады. Абсцесс қ уысындағ ы ірің нің тү ріне, консистенциясына, иісіне қ арап қ оздырғ ыштардың тү рлерін анық тауғ а болады: сасық, сұ р тү сті ірің шірікті қ абыну тудыратын микрофлорағ а тә н болса, сарғ ыш - жасыл ірің стафилококқ а, иісі тә тті, кө кшіл - жасыл тү сті ірің дікті кө кірің таяқ шасы тудырады. Кө лемді абсцесте ірің ді интоксикация (ірің ді – резорбциялық қ алтырау синдромы) салдарынан науқ астың жалпы жағ дайы нашарлайды, дене қ ызуы кө теріліп, ә лсізденеді, тә беті тө мендеп, басы ауырады. Қ ан анализдерінде: лейкоцитоз, нейтрофилез, лейкоциттік формула солғ а жылжып, ЭТЖ ө седі. Абсцесті гематома, киста, ыдырағ ан қ атерлі ісіктерден ажырата білу керек. Диагнозды анық тауда науқ астың шағ ымдары, анамнезі, сырқ аттың жергілікті жә не жалпы кө ріністеріне сү йене отырып, арнайы тә сілдерді қ олданады. Ең нә тижелі тә сіл - абсцесті пункциялап, алынғ ан сұ йық тық ты бактериологиялық зерттеуге жіберу. Ішкі мү шелер мен тіндерде терең орналасқ ан абсцестерді анық тап, пункциялау ү шін ультрадыбыс, рентгендік зерттеулерді жиі қ олданады.

Абсцестің емі: асептика заң ын сақ тай отырып, пункция жасау, ірің ді эвакуациялау, қ уыста тұ рғ ан иненің бойымен ірің дікті тіліп ашу, қ уысын антисептик ерітінділерімен жуып, силикон тү тікшелері, марля томпондарымен дренаждау. Жалпы ем хирургиялық ірің ді инфекцияларды емдеу принциптеріне сә йкес жү ргізіледі (қ ан, плазма қ ұ ю, антибиотиктер тағ айындау, иммундық терапия жү ргізу). 18-суретте ірің дікті тіліп, ашу. Ірің ді эвакуациялау кө рсетілген.              
        

Сурет 18. Жамбас абсцесі. Ірің ді эвакуациялау.

        

Флегмона – шелмайы жә не шелмайының кең істіктерінің шектелмеген, жайылғ ан ірің ді қ абынуы. 19-суретте бет флегмонасы кө рсетілген. Орналасуына байланысты тері асты, бұ лшық ет аралық, іш астары сыртындағ ы майлы клетчатканың флегмонасы деп бө лінеді. Арнайы аталатын флегмоналар: ірің ді медиастенит, парапроктит, паранефрит, периартрит.

Этиология, патогенезі: стафилококк, стрептококк, протей, ішек таяқ шалары майлы клетчаткаларғ а тікелей ашық жарақ аттар арқ ылы немесе гематогенді жолмен енеді. Қ абыну клетчаткалардың серозды инфильтрациясынан басталады, қ ан айналымы бұ зылып ірің ді экссудат тү зіледі, майлы тіндер ө ліеттеніп, бір-бірімен қ осылып қ абыну жайыла береді.

Сурет 19. Бет флегмонасы.

Клиникалық кө ріністеріне келсек, процесс шұ ғ ыл басталып, тез арада ірің ді қ абынудың жергілікті жә не жалпы белгілері пайда болады: беткейлі орналасқ ан флегмона ошағ ында ауырсыну, ісіну, қ ызару, жергілікті температураның кө терілуі, тіндердің инфильтрациясы туындайды. Инфильтрат ірің дегенде қ абынғ ан тіндер жұ мсарып, флюктуация симптомы анық талады. Жалпы симптоматикасы - дене қ ызуының 40°С дейін кө терілуі, ә лсіздік, қ алтырау, бастың ауруы, т. б. интоксикация белгілерімен сипатталады. Терең орналасқ ан флегмоналарды анық тау ә рқ ашанда қ иынғ а соғ ады, себебі жергілікті қ абыну белгілері кө зге кө рінбейді, ал жалпы интоксикация кө ріністері кө птеген инфекцияларда кездесе береді. Диагнозды анық тауда науқ астың шағ ымдары, сырқ аттың даму тарихы, қ абынуғ а қ атысты мү шелердің функциясының бұ зылу белгілері, физикалды, лабораториялық, ультрадыбысты, рентген, эндоскопиялық, компьютерлі томография сияқ ты зерттеулер кө мектеседі.

Емі: бастапқ ы серозды инфильтрация сатысында консервативті емнен бастағ ан жө н – иммобилизация, антибиотиктер, УЖЖ, химотрипсинмен электрофорез, процесті шектеу ү шін пенициллинді 0, 25% новокаинғ а қ осып, қ абыну ошағ ының айналасына енгізу, витаминдер, гормондар, ферменттер, иммунды, инфузионды дезинтоксикациялық терапия. Ірің ді экссудат тү зілгенде, ірің дікті кең інен тіліп, мұ қ ият санациялап, дренаждау. Ары қ арай консервативті емді жалғ астырады. 20-суреттегі кө рініс-бет, бас флегмонасын тіліп ашу, дренаждау.

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...