Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Этиологиясы




Кө птеген грам оң, грам теріс, аэробты, анаэробты, спорасыз, спора арқ ылы дамитын микроорганизмдер жә не патогенді саң ырауқ ұ лақ тар (грибоктар) хирургиялық инфекцияларды тудырады. Егер де қ абынудың қ оздырғ ышы бір тү рлі микроорганизм болса, моноинфекция, бірнеше микробтармен туындағ ан инфекция – аралас инфекция деп аталады. Жараларғ а инфекция сыртқ ы ортадан тү ссе, экзогенді, ағ заның ішіндегі қ абыну ошақ тарынан қ оздырғ ыштар тү ссе, эндогенді инфицирлену деп аталады.

Стафилококк – ірің діктерді жиі тудыратын микроорганизм, кө бінесе жарағ а ірің ді қ абынумен ауыратын науқ астардан жанасу арқ ылы немесе науқ астың ө зінің ағ засындағ ы эндогенді ірің ді ошақ тардан тү седі. Стафилококтар сапрофит ретінде ә р адамның тері жабындысында, ауыз қ уысында, тыныс алу жолдарында, жыныс мү шелерінің шырышты қ абаттарында мекендейді. Стафилококтар синтездейтін ә ртү рлі экзотоксиндер (стафилогемолизин, стафилолейцин, плазмокоагулаза) ә серінен инфицирленген ошақ та ірің ді қ абыну дамиды. Бұ л микробтар кө птеген антибиотиктерге, антисептиктерге тө зімді. Жайылғ ан ірің діктерді (сепсис) тудыруы ық тимал жә не сепсисте ірің діктер метастазы кез келген мү шелерде кездесуі мү мкін.

 Стрептококтар салыстырмалы тү рде сиректеу кездеседі. А, Б, Д бетагемолитикалық тү рлері холецистит, пиелонефрит, сепсис, тілме, бактериалды эндокардит, балаларда пневмония, остеомиелит, менингит, жаң а туғ ан нә рестелердің сепсис ауруларын тудырады. Стрептококк инфекцияларына тә н қ асиеттер - ө те ауыр интоксикация жә не метастазсыз сепсиске ә келуі.

Пневмококтар ерекшеліктері – олар токсиндер бө лмейді, жиі пневмонияны тудырады жә не де ірің ді артрит, отит, менингит, балаларда пневмококты перитонит ауруына себеп болуы мү мкін.

Гонококтар - гонорея этиологиясы ретінде белгілі микробтар, бірақ та, жыныстық жолдар арқ ылы жоғ ары тарап ірің ді эндометрит, аднексит, ірің ді пельвиоперитонит (жамбас қ уысының қ абынуы), қ ан арқ ылы тарап ірің ді артриттер, синовиттер тудыруы мү мкін.

Ішек таяқ шалары – іш қ уысы мү шелерінің ірің ді қ абынуларын (аппендицит, холецистит, ірің ді перитонит жә не сепсис) шақ ырады. Ішек таяқ шалары адам ішегінде мекендейді, аэробты жә не анаэробты жағ дайларда тіршілігі сақ талады, антибактериалды препараттарғ а ө те тө зімді, олар тудыратын қ абыну ошақ тарында тіндердің шіруінен науқ астар ө те ауыр интоксикацияғ а ұ шырайды. Егер де қ оздырғ ыш ретінде ішек таяқ шалары стафилококк, стрептококтармен бірге болса, онда ірің ді қ абыну ағ ымы ө те ауыр тү рде ө теді.

Протей – грам теріс таяқ шалар, кейбір тү рлері сапрофит ретінде адамдардың ауыз қ уысында, ішегінде тіршілік етеді, жараларғ а тү ссе, тіндерді ыдыратып, шірітіп, ө те ауыр ірің ді қ абынулар тудырады жә не антибиотиктерге, антисептиктерге ө те тө зімді, басқ а микроорганизмдермен қ осылып, ауруханаішілік қ ауіпті жұ қ палы инфекциялар этиологиясы болуы мү мкін.

Кө кірің ді таяқ ша - адам денесінің тері жабындысының тершең жерлерінде сапрофит ретінде тіршілік етіп, ауруханаішілік таралатын ірің ді жұ қ палы хирургиялық инфекциялардың этиологиясы ретінде жиі кездеседі. Бұ л микроорганизмдер иммунитеті тө мен адам ағ засында ө сіп-ө ніп, тіндердің регенерациясын тежейді, полимиксин, амикацин, карбенициллин, бор қ ышқ ылынан басқ а антибиотиктерге, химиялық антисептиктерге ө те тө зімді.

Спорасыз дамитын анаэробтар ірің ді қ абынуларды шақ ыратын қ оздырғ ыштардың ү лкен бір тобын қ ұ райды. Бұ лардың ішінде: грам оң коктар (пептококтар, пептострептококтар т. б. ) жә не грам теріс бактериялар (бактеройдтар, фузобактериялар т. б. ). Анаэробты, спора арқ ылы дамитын клостридия бактериялары спецификалық қ абыну, некрозды процестерді - газды гангренаны тудырады. Клостридия ішінде аса қ ауіптілері: Cl. Perfringens, Cl. Aedematiens, CL. Septikus, Cl. Hystolitikus. Газды гангренада бактериалды токсиндер жә не ө ліеттенген тіндерден бө лінген улы заттармен науқ ас ө те ауыр интоксикацияғ а ұ шырайды. Анаэробты спора тү зетін бактерияларғ а сіреспе таяқ шасы да жатады, олар ү й жануарларының ішегінде сапрофит ретінде тіршілік етіп, топырақ қ а тү сіп, спора тү рінде ұ зақ мерзім сақ талады. Топырақ пен жараларғ а тү ссе, сіреспе ауруын тудырады. Сіреспе таяқ шасы ө те улы экзотоксиндер (тетаноспазмин, тетаногемолизин) бө леді.

 

Макроорганизмнің ірің ді қ абынуларды тойтару реакциясы, жә не қ абынудың патогенезі.

 

Ірің ді қ абыну даму ү шін микроорганизмдер тері жабындысының, шырышты қ абаттардың жарақ аттарынан адамның ішкі ортасына енуі қ ажет. Жарағ а тү скен микробтар жасуша аралық саң ылауларғ а, лимфа тамырларына еніп, лимфа ағ ымымен терең орналасқ ан тіндерге тарайды (теріасты майы, бұ лшық ет, лимфа тү йіндері т. б. ). Қ абынудың ары қ арай ағ ымы бактериялардың вируленттілігіне, адам ағ засының иммунитетіне байланысты. Микробтар саны кө п, вируленттілігі ө те жоғ ары, науқ астың иммунитеті тө мен болса, қ абыну жалғ асады, керісінше жағ дайларда қ абыну басталып, тез арада тоқ тайды. Инфекция тү скен жердің қ ан айналымы жақ сы болса, микробтардың ө сіп-ө нуіне, таралуына қ олайсыз болады. Мысалы бас, бетте қ ан айналымы ө те жақ сы, сондық тан бұ л мү шелерде, басқ а жерлермен салыстырғ анда, қ абыну сирек орын алады. Тіндердің жергілікті иммунобиологиялық ерекшеліктері қ абыну ағ ымына ә серін тигізеді: микробтар жә не олардың токсиндерімен жиі ластанатын дене мү шелерінің тіндері инфекцияғ а тө зімді келеді, мысалы шат аралығ ында ірің ді процестер сирек кездеседі жә не тіндердің регенерациясы тез жү реді. Жарағ а тү скен микробтардың ө сіп, дамуы 5 – 6 сағ ат ө ткеннен кейін басталады. Осы себептерге байланысты кездейсоқ жараларды 6-8 сағ атқ а дейін хирургиялық жолмен тазаласа, қ абынудың алдын алуғ а мү мкіндік туады. Жаралардың ө ліеттенуі, қ анталауы, жоғ ары вируленттік полиинфекциямен инфицирленуі қ абынудың дамуына ө те қ олайлы. Микробтардың бір тү рімен (моноинфекция) туындағ ан қ абыну жең іл тү рде ө тсе, ( полиинфекция) болғ ан жағ дайда қ иынғ а соғ ады. Қ абынғ ан жарағ а қ осымша инфекция қ айталап тү ссе, қ абыну ағ ымы ауырлай тү седі, сондық тан жараны емдегенде асептика, антисептика заң дылық тарын мұ қ ият сақ тағ ан жө н. Макроорганизмнің хирургиялық инфекцияғ а реакциясы жалпы жә не жергілікті тү рге бө лінеді: жарағ а инфекция тү скен кезден бастап перифериялық жә не орталық жү йке жү йесі тітіркеніп, рефлексті тү рде жарада қ ан айналымы ө згереді. Бастапқ ыда артериалды гиперемия, ары қ арай венозды стаз ә серінен жара ісінеді, ауырсынып, жергілікті температура кө теріліп, мү шенің функциясы бұ зылады, жарада нейтрофилды лейкоциттерге бай қ абыну экссудаты тү зіледі. Қ абыну ағ ымы науқ астың иммунитетіне сай гиперэргиялы, нормэргиялы, гипоэргиялы, анэргиялы тү рде ө туі мү мкін. Гиперэргиялық қ абынуда ірің ді процестер белсенді жү ріп, айналасындағ ы тіндерге, қ ан, лимфа тамырларына жайылып, ауқ ымды ошақ ты қ амтиды жә не науқ асты ауыр интоксикацияғ а ұ шыратады. Қ абынудың бұ л тү рінде жү ргізілген ем кө бінесе нә тижесіз болып, аурудың ө ліміне ә келеді. Нормэргиялық реакция кезінде қ абыну тез арада шектеледі, интоксикация шамалы, дұ рыс жү ргізілген ем нә тижелі болады. Гипоэргиялық реакцияда қ абынудың ағ ымы баяу, кө лемі ауқ ымды емес, жергілікті жә не жалпы ө згерістер шамалы: ісіну, тромбоздар, лимфангит, лимфаденит орын алмайды, дене қ ызуы субфебрилді. Ірің діктер жең іл емделеді. Жарадағ ы микробтарды жою ү шін, қ абыну ошағ ын шектеуде фагоциттер, лейкоциттер, лимфа бездерінің маң ызы зор. Қ абыну ошағ ының айналасына лейкоциттер тү зіліп, оның сыртынан дә некер тіндерден грануляция ө сіп, процестерді шектейді. Бара - бара шектелген ірің діктердің сыртында капсула қ алыптасады, оны пиогенді капсула деп атайды. Егер де микробтардың вируленттілігі ө те белсенді болып, организм реакциясы ә лсіз келсе, инфекция жайылып, жалпы инфекция орын алады (сепсис). Жергілікті жә не жайылғ ан ірің ді ошақ тарда тү зілген бактериалды эндо, экзотоксиндер жә не тіндердің ө ліеттенуінде пайда болатын токсиндер науқ астың организмін ауыр интоксикацияғ а ұ шыратады. Науқ астың ағ засында зат алмасуы бұ зылып, аэробты процестерден анаэробты процестер басым болғ андық тан, сү т жә не пировиноград қ ышқ ылдары тү зіліп, қ анғ а тарап, ағ заның барлық мү шелеріне кері ә серін тигізеді. Бауыр, бү йрек функциясы бұ зылуына байланысты, организм улы заттардан толық тазармайды. Уланудың тағ ы бір кө зі ас қ орыту жү йесі болып табылады. Іш қ уысының қ абынуында (перитонит), ас қ орыту жү йесі салданып (парез) қ ызметі бұ зылады. Толық қ орытылмағ ан тағ амдар, ішек сө лдері, ішекте іріп - шірігенде тү зілетін улы заттар қ анғ а тарап, токсемияны, интоксикацияны кү шейте тү седі. Қ анда улы полипептидтер, антиген-антидене реакциясынан туындайтын иммунды комплекстер, этанол, ацетон сияқ ты метаболиттер кө п тү зіліп, мочевина, креатинин дең гейі ө седі. Жарадан бө лінетін сұ йық тық тармен адам ағ засы кө п мө лшерде белок, калий иондарын жоғ алтады. Электролит - су алмасуы бұ зылып, циркуляциядағ ы қ ан кө лемі кү рт ө згереді. Ірің ді интоксикация кезінде ағ зада олигоцитемиялық гиповолемия жиі орын алады. Ауыр интоксикация кезінде айналымдағ ы қ анның кө лемі 15-25%, плазма 7-10%, глобулярлы кө лем 8-15%-ғ а тө мендейді. Циркуляциядағ ы белоктар қ ұ рамында альбуминдер азайып, глобулиндер ө седі. Су - электролиттер алмасуының кері ө згерістерінен, қ анның сілтілі-қ ышқ ылдық тепе-тең дігі бұ зылады. Аталғ ан процестер қ абыну кезең деріне байланысты, қ арқ ынды кезең інде белсенді ө тіп, регенерация кезең інде бә сең дейді. Қ абыну кезең інде жә не тіндердің некроздануында экссудатпен бірге калий жоғ алуына байланысты, плазмада калий иондары азайып, клеткалар суды ішіне тартып, ісінеді, ал клеткалар аралығ ындағ ы кең істікте су азаяды, бұ л да сілтілі-қ ышқ ылдық тепе-тең діктің бұ зылуына ә келіп соғ ады. Осы аталғ ан ө згерістер, ә сіресе ірің ді процестердің ауыр тү рлерінде айқ ын кө рінеді. Мысалы сепсис, перитонит, ауқ ымды флегмона ауруларында.

Хирургиялық ірің ді инфекциялардың клиникалық кө ріністері жә не ауруларды зерттеу ерекшеліктері. Хирургиялық ірің ді қ абыну ауруларының клиникалық кө ріністері жалпы жә не жергілікті белгілермен сипатталады. Беткейлі орналасқ ан ірің діктерде қ абынғ ан жерде қ ызару (rubor), ісіну (tumor), ауырсыну (dolor), жергілікті температураның кө терілуі (calor), дене мү шесінің функциясының бұ зылуы (function laesa) орын алады. Қ абыну процесі терең орналасқ ан жағ дайда бұ л белгілер кө зге кө рінбейді, ішкі мү шелер қ абынса, клиникалық кө ріністері ауруғ а шалдық қ ан ә рбір мү шенің функциясының бұ зылу белгілерімен білінеді (плеврит, перитонит). Клиникалық зерттеу кезінде, қ абынудың кезең дерін анық тауғ а болады: егер де пальпация кезінде ауыратын тығ ыз тү зіліс анық талса, ол мү шелер, тіндердің қ абынуының инфильтративті кезең і екенін білдіреді. Ірің деу кезең інде инфильтрат жұ мсарып, флюктуация (бү лкілдеу) симптомы анық талады. Қ абынудың асқ ынғ ан тү рлерінде инфекция лимфа жолдарымен таралса, лимфангиит, лимфаденит, кө ктамыр арқ ылы таралғ анда тромбофлебит дамиды. Жергілікті қ абыну ө рши тү ссе, науқ астың жалпы жағ дайы да ауырлайды: дене қ ызуы кө теріліп, қ алтырап, мазасызданып, ә лсіреп, басы ауырып, сандырақ тауы мү мкін. Тынысы тарылып, жү регі қ ағ ып, қ ан қ ысымы ө згереді, қ анның анализдерінде кері ө згерістер орын алады: анемия, лейкоцитоз, лейкоцитарлық формула солғ а жылжиды, белоктар азайып, негізгі жү йелердің функциясы бұ зылады. Ү лкен, кіші дә рет дұ рыс жү рмейді: (метеоризм, іш ө ту, олигоурия, анурия), зә р анализінде белок, цилиндрлер пайда болады. Бауыр, кө кбауыр ұ лғ айып, науқ астың сарғ аюы мү мкін. Бұ л жалпы клиникалық кө ріністер науқ астың иммундық статусына байланысты. Оларды сепсистен, кейбір инфекциялы аурулардан (сү зек, бруцеллез, паратиф, туберкулез, т. б. ) ажырата білу керек. Қ арапайым ірің діктердегі интоксикация белгілері ірің дікті тіліп ашып, тиісті емнен кейін клиникалық кө ріністер азаяды, не жоғ алады, ал сепсисте айтарлық тай нә тиже болмайды, қ анда батериялар анық талады (бактериемия). Ірің ді хирургиялық инфекцияны анық тауда пункция жасау, рентген, ультрадыбысты зерттеу, эндоскопия, клиника-лабораториялық, биохимиялық зерттеулердің маң ызы зор.

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...