Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

XII тарау. СОЗЫЛМАЛЫ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯЛЫҚ




XII тарау. СОЗЫЛМАЛЫ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯЛЫҚ

ИНФЕКЦИЯ

Созылмалы спецификалық хирургиялық инфекцияларды арнайы қ оздырғ ыштар тудырады. Инфекциялардың бұ л тү рлеріне а) хирургиялық туберкулез, б) актиномикоз, в) сифилис, г) лепра жатады. Аталғ ан аурулардың ағ ымы басталғ аннан баяу, созылмалы, тіндерде ә р аурудың ө зіне тә н морфологиялық ө згерістер дамиды. Науқ астардың денсаулық тарын тө мендетіп, кө бінесе мү гедектікке ә келеді. Нақ тылы диагноз жыланкө здерден бө лінген сұ йық тық тарды, тіндердің биопсияғ а алынғ ан материалдарын микроскопиялық зерттеу кезінде ерекше ә рбір ауруғ а тә н, тіндердің ө згерістері-  гранулемалар анық талады.

Хирургиялық туберкулезге сү йек-буын туберкулезі, лимфа бездері, серозды қ уыстардың ( іш пердесі, плевра, ми қ абаттары), асқ азан, ішек, бү йрек, қ уық, аталық пен аналық без, жатыр, кө з туберкулезі жә не ө кпе туберкулезінің кейбір тү рлері жатады. Туберкулез микобактериялары адам организміне тыныс алу, ас қ орыту жолдары немесе тері жә не шырышты қ абаттардың зақ ымдалуы кезінде енеді. Тіндерде спецификалық созылмалы қ абыну реакциясы даму салдарынан туберкулезді бө ртпелер (гранулемалар) тү зіледі (123, 124-суреттер).

 

Сурет 123. Туберкулезды бө ртпелер (гранулемалар).

Сурет 124. Сү йектегі туберкулезді тү йіндердің ірімшік тә різді (казеозды) ө ліеттенуі.

 

Бұ л гранулемалар туберкулезді микобактерияларын айналдыра қ оршағ ан эпителиоидты жә не алып клеткалардан тұ рады. Гранулемалар перифериясында лимфоидты клеткалар орналасады. Туберкулезді гранулемалар бір-бірімен қ осылып, ақ шыл сұ р тү сті, ү лкендігі тарыдай тү йіндерге айналады. Туберкулез токсиндерінің ә серінен жә не жергілікті қ ан айналымының бұ зылыстарынан тү йіндер ө ліеттеніп ірімшік тә різді некрозғ а ұ шырайды (124-сурет). Некроздану процесі айналасындағ ы тіндерге таралуы мү мкін. Егер де, науқ астың иммунитеті жақ сы болса, туберкулезді тү йіндерде дә некер тіндер ө сіп, кальций тұ зы тү зіліп, туберкулезді тү йіндер кальцинаттанғ ан дә некер тү йінге айналып жазылады. Туберкулез ошағ ында экссудация, некроз, пролиферация процестері қ атар жү реді. Аталғ ан процестердің қ айсысы басым болса, соғ ан байланысты қ абыну тү рлері экссудативті, некрозды, пролиферативті деп бө лінеді. Туберкулез ауруында қ абыну реакциясы науқ астың иммунитетіне жә не туберкулез таяқ шаларының вируленттілігіне сә йкес дамиды. Туберкулезді процесте науқ астардың дене қ ызуы кө теріліп, сү йек, бұ лшық ет пен теріасты майының атрофиясы, бұ лшық еттің гипотония жә не гипотрофиясы, сү йектердің остеопорозы сияқ ты дистрофиялық ө згерістер орын алады. Регенерация процестері тө мендейді.

Сү йек – буын туберкулезі екіншілік (салдарлық ) инфекция болып келеді, туберкулез ауруы жиі ө кпеде, одан кейін лимфа тү йіндерімен, серозды қ уыстарда кездеседі. Сү йек-буын туберкулезі жалпы туберкулез ауруы локализациясының 10% қ ұ райды. Ленинград хирургия туберкулезі институтының мә ліметтері бойынша омыртқ а туберкулезі (спондилит), жамбас буын туберкулезі (коксит), тізе буын туберкулезі (гонит) барлық сү йек буын туберкулезіне шалдық қ ан аурулардың 75, 9%-кездеседі. Сү йек туберкулезі жіліктердің эпифизарлы бө ліктерін, қ ол-аяқ саусақ тарының фалангаларын зақ ымдайды. Сү йек-буын туберкулезіне шалдық қ ан аурулардың арасында 10 жасқ а дейің гі балалар 60%, 15 жасқ а дейін 72% қ ұ райды. Балалардың жиі ауратын себебі олардың организмінің ерекшеліктеріне байланысты: сү йектері кемікке бай, қ ан айналымы жақ сы.

Патолого-анатомиалық ө згерістер туберкулезді остеомиелиттен басталады, қ абыну ошағ ында туберкулезді гранулемалар тү зіліп, некрозданып, сү йекте деструкция, ұ сақ секвестрлер, каверна (қ уыс) орын алады. Сү йек метафизінен басталғ ан қ абыну буынғ а тарап туберкулезді артритке ә келеді. П. Г. Корнев сү йек – буын туберкулезінің дамуын 3 кезең ге бө леді: 1) буынғ а дейінгі кезең немесе біріншілік остит кезең і; 2) артриттік кезең немесе екіншілік артрит кезең і; 3) артриттен кейінгі кезең немесе артрит салдарының кезең і.

Буындар туберкулезі. Кө бінесе ірі буындарда дамиды. Қ абыну тү рлеріне байланысты буын туберкулезі синовиалды – экссудативті, фунгозды, сү йектік деп бө лінеді.

Синовиалды – экссудативті тү рінде буынның синовиалды қ абаты қ абынып қ ызарады, ісінеді, фибринге бай экссудат тү зіледі, буын шеміршегі ісінеді. Дұ рыс ем жү ргізілсе, қ абыну толық басылады, буынның функциясы бұ зылмайды. Қ абыну ө ршіген жағ дайда, буындағ ы экссудат ірің деп, буын шеміршегі жә не сү йегі деструкцияғ а ұ шырайды.

Фунгозды қ абынудапродуктивті, пролиферативті процестер экссудативті процестерден басым болады. Қ абынғ ан буында грануляция белсенді дамиды, туберкулезді грануламалар казеозды некрозғ а ұ шырайды, тіндер тыртық танады, буын грануляцияғ а толып, буын шеміршегі, сү йектері деструкцияланады Кейбір жағ дайларда грануляциялар буын капсуласына жә не айналасындағ ы тіндерге тарап қ ан, лимфа айналымын бұ зады, буын ісінеді, кө лемі ү лкейіп, буынның терісі бозарады. Буындағ ы ісікті сондық тан ақ ісік деп атайды.

Буын туберкулезінің сү йектік формасында гематогенді жолмен сү йекке тү скен туберкулез таяқ шалары сү йекте біріншілік туберкулезді қ абыну ошағ ын тудырады. Ошақ та казеозды некроздану салдарынан ұ сақ секвестрлер тү зіледі. Қ абыну шектеліп, буынғ а тарамаса, оның айналасында капсула қ алыптасады. Тү зіліс шектелмесе, буында екіншілік туберкулезді артрит дамиды, буын істен шығ ады. Науқ астың ө міріне де қ ауіп тө неді. 125-суретте (194-бет) туберкулезді гониттің ө ршу кезең і кө рсетілген. Буынның капсуласы қ алың дағ ан, буын сү йектерінің шеміршектері жұ қ арғ ан.

Клиникалық кө рінісі. Буын туберкулезінің локализациясына, тү ріне, даму кезең іне, науқ астың иммунитетіне байланысты. Аурудың жергілікті белгілері: буынның ісініп ауруы, деформациясы, функциясының бұ зылуы, ауырғ ан аяқ тың атрофияғ а ұ шырауы. Ауырсыну сезімі-нерв талшық тарының қ абыну ошақ тарындағ ы инфильтратта қ ысылуына жә не туберкулез токсиндерінен тітіркенуіне байланысты. Кейбір жағ дайда аурсыну қ абыну ошағ ынан басқ а жерде сезінеді. Мысалы жамбас буын туберкулезінде осы арағ а жақ ын жатқ ан n. femoralis жә не n. obturatorius инфильтратта қ ысылып, токсиндерден тітіркенгенде науқ астың тізесі ауырады, осы жағ дайлар диагноз қ оюда қ иындық тар тудырады. Науқ ас аяқ тың ауырғ анын жең ілдету ү шін, аяғ ын жартылай бү гіп ұ стайды. Ұ зақ уақ ыт бү гілген аяқ та тұ рақ ты контратура (қ имыдың шектелуі) дамиды. Ауырғ ан аяқ қ а ұ зақ мерзім салмақ тү сірмегендіктен жә не тіндер жасушаларына туберкулез токсиндерінің ә серінен бұ лшық ет атрофияғ а ұ шырайды.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...