Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Жедел спецификалыҚ хирургиялыҚ инфекция.




ЖЕДЕЛ СПЕЦИФИКАЛЫҚ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНФЕКЦИЯ.

Жедел спецификалық хирургиялық инфекцияғ а сіреспе, сібір жарасы, жаралар дифтериясы жә не қ ұ тыру аурулары жатады. Хирургиялық науқ астарда сіреспе, сібір жарасы (сібір карбункулы) жә не жара дифтериясы сирек кездеседі.  

Сіреспе ( tetanus- грек тілінен аударғ анда тырысу, сіресу ) жедел спецификалық инфекциялық ауру. Қ оздырғ ышы спора арқ ылы дамитын анаэроб Clostridium tetani таяқ шасы. Негізінде сіреспе ауруын тудыратын сіреспе таяқ шасының тетаноспазмин экзотоксины. Тетаногемолизин экзотоксины аурудың дамуында маң ызды роль атқ армайды. Ауру қ оздырғ ыштары адам организміне жаралар арқ ылы тү сіп, экзотоксиндер бө лгенде сіреспе дамиды. Сіреспе таяқ шасы сапрофит ретінде сиыр, жылқ ы жә не адамның ішегінде мекендейді. Нә жіс арқ ылы топырақ ты ластандырады. Тың айтқ ыштарды (малдың кө ң і) пайдаланатын егіндіктерде, саяжайларда, огородта сіреспе таяқ шасы жиі кездеседі. Сондық тан топырақ пен ластанғ ан кездейсоқ жараларда сіреспемен ауыру қ ауптілігі ө те жоғ ары. Ұ лы Отан соғ ысында жараланғ ан жауынгерлердің 0, 6 – 0, 7% - сіреспе ауруы кездескен, ә сіресе қ ол аяқ жарақ аттарында. Бейбітшілік уақ ытта сіреспе сирек кездеседі, кө бінесе ауылды жерде, 14 жасқ а дейінгі балаларда, себебі дә рігерлік кө мектің дер кезінде кө рсетілмеуі. Аурудың инкубациялық кезең і 4 – 14 кү н, кей кезде 4 – 5 айдан кейін дамуы мү мкін. Инкубациялық кезең нің мерзімі жарағ а тү скен микробтардың тү ріне, мө лшеріне, вируленттілігіне, жараның орналасқ ан жеріне, тү ріне, ауырлығ ына, адамның иммунитетіне байланысты. Неғ ұ рлым инкубациялық кезең қ ысқ а болса, сіреспе соншалық ты ауыр тү рде ө теді. Сіреспемен ауырғ ан адамда тұ рақ ты иммунитет қ алыптаспайды.

Сіреспе ауруының жіктелуі.

1. Зақ ымдану тү рлеріне байланысты: жаралану, кү ю, операциядан кейін, ү сік шалу, электржарақ ат, нә рестелер анасының жатырынан босану кезінде жә не туғ аннан кейін жарақ ат алу.

2. Сіреспенің таралыуна байланысты: жалпы тү рі бү кіл организмді қ амтиді; жергілікті тү рі ( қ ол, аяқ, бас, дене). Жергілікті тү рі таралып кетуі мү мкін.

3. Клиникалық кө рінісіне байланысты 4 тү рін ажыратады: жедел сіреспе – tetanus vehemens; созылмалы – tetanus lentus; сіреспенің айқ ынды тү рі – tetanus completus;

4. сіреспенің баяу тү рі – tetanus incompletus. Басқ аша айтқ анда ө те ауыр, ауыр, орташа, жең іл тү рлері деп бө луге болады.

Клиникалық кө рінісі. Басында науқ астың басы ауырады, ә лсірейді, қ атты терлеп мазасызданады. Жарасы керіп ауырып, айналасындағ ы бұ лшық еттері тырысып тартылады. Ауру дамуында беттің мимикалық бұ лшық еттері тоникалық, клоникалық тырысып науқ астың аузын ашқ ызбайды. Науқ астың бет пішіні менсінбей кү ліп тұ рғ ан адамның бетіне ұ қ сайды. Сіреспенің бұ л белгісін – сардоникалық кү лкі симптомы деп атайды (risus sardonicus), 117-

 

сурет.

Сурет 117. Сіреспе кезіндегі «сардоникалық кү лкі» симптомы.

 

Бұ лшық еттердің жиырылуы мойын, арқ а, іш, қ ол-аяқ қ а тарап, ұ стамалы тү рде қ айталанып, қ атты ауырып науқ асты ә бден ә лсіретеді. Болар-болмас дыбыс, жарық, т. б. тітіркендіргіш факторлар дереу дене бұ лшық еттерінің тырысуына ә келеді. Аурудың барлық бұ лшық еттері тартылғ анда науқ ас доғ а тә різді иіліп, ө кшесімен шү йдесіне тіреліп тұ рады. Бұ л позаны опистотонус деп атайды (118, 119-суреттер).

                 

Сурет 118. Балалар сіреспесі, дене бұ лшық еттерінің тырысуы.

 

 

Сурет 119. Сіреспе, опистотонус.

 

Қ атты сіресу кезінде бұ лшық еттер, байламдар жыртылып, сү йектердің сынуы мү мкін. Егер де тыныс алу актісіне қ атысатын бұ лшық еттер, диафрагма сірессе, ө кпенің қ ан айналымы бұ зылып пневмония дамуы немесе науқ ас асфиксиядан ө ліп кетуі мү мкін. Осы жағ дайлардың бә рінде науқ астың есі анық , бә рін сезіп, біліп қ атты қ иналады. Дене қ ызуы жоғ арылап, кейде 42º С дейін кө теріліп, науқ ас қ атты терлейді. Тамыр соғ ысы минутына 120- дейін жиілейді, жү рек тондары анық естіледі. Сіреспе ауруының ө те ауыр тү рі науқ асты 1-2 кү нде, ауыр тү рі 4-5 кү нде ө лімге ә келуі мү мкін, ал орташа жә не жең іл тү рлерінде науқ ас 20-30 кү нде сауығ ады. Сіреспе ауруының қ айталануы мү мкін. Науқ астардың 25 – 30%-сіреспе асфиксия, пневмония жә не сің ір, байламдардың жыртылуы, сү йек сынуымен асқ ынады.

Диагноз қ оюда келесі симптомдарғ а кө ң іл аударғ ан жө н: 1. жараның тартып, тырысып ауырсынуы; 2. дене қ ызуы кө терілмесе де науқ астың қ атты терлеуі; 3. арқ асының ауырсынуы; 4. жақ бұ лшық етінің рефлексінің жоғ арылауы (Лорин-Эпштейн симптомы). Бұ л сиптомды тексеру ү шін ауызын жартылай ашық ұ стағ ан науқ астың жақ бұ лшық етін саусақ пен немесе рефлексті тексеретін балғ амен ақ ырын соқ қ анда, науқ астың ауызы жабылады. Қ алыпты рефлекс теріс болады.

Сіреспенің емі. Сіреспемен ауырғ ан науқ асты жеке, қ араң ғ ы, тыныш палатағ а орналастырып, тә жірибелі дә рігерлер, мейірбикелер ү немі бақ ылап емдейді. Сіреспенің токсиндері қ ан айналымында 2 – 3 тә улік болады, одан кейін нерв жасушаларына еніп бұ лшық еттерді тырыстырып сіреспе ауруын тудырады. Сіреспеге қ арсы қ олданылатын сарысу, жү йке жү йесімен ә лі реакцияғ а тү спеген (бос) тетаноспазминнің уытын қ айтара алады, ал жү йке жү йесімен байланыстағ ы токсиндерге антитоксикалық ә сері жоқ. Сондық тан қ андағ ы токсиндерді жою ү шін сіреспеге қ арсы сарысуды неғ ұ рлым ерте қ олданғ ан жө н. Сіреспе ауруына тек қ ана симптоматикалық ем жү ргізіледі: наркоз беріп жараны кең інен тіліп ө ліеттен, бө где заттардан мұ қ ият тазарту, сіреспеге қ арсы сарысу жә не магнезий сульфаты ерітінділерін енгізу. Диагноз анық талысымен дереу 2-3 тә улік ішінде Безредко тә сілімен сіреспеге қ арсы сарысудың тиісті емдік дозасын қ олданады. Ү лкен адамдардың тә уліктік дозасы 100000 – 150000 ХБ (халык аралық бірлік), нә рестелерге 10000 – 20000 ХБ, ересек балаларғ а 20000 – 80000 ХБ. Сарысуды қ олданар алдында оны дене температурасына дейін (36-37º. ) жылытып 2-3 кү н қ атарынан инъекциялайды. Тә уліктік дозаның жартысын бұ лшық етке, қ алғ анын 1-10 қ атынаста изотониялық натрий хлор ерітіндісімен араластырып, венағ а тамшылатып енгізеді. Сіреспеге қ арсы гаммаглобулинді бұ лшық етке 10000 ХБ бастап, ары қ арай тә улігіне 5000 ХБ салынады. Сіреспе сарысуының курстық дозасы 200000 -350000 ХБ, гаммаглобулиннің мө лшері 20000 – 50000 ХБ. Бұ лшық еттердің тырысуы жергілікті болса транквилизаторлар мен барбитураттар қ олданады: кө ктамырғ а 10-15 мг. тә улігіне 150 – 300мг. диазепам, қ осымша бұ лшық етке 100-200мг. 3-6 сағ ат сайын натрий тиопенталы немесе гексенал (тә улігіне 1 -2 гр. ). Анальгетик ретінде промедол жасалады. Сіреспенің ауыр тү рлерінде бұ лшық ет релаксанттарын барбитураттар немесе диазепаммен бірге қ олданып, науқ асты трахеостома арқ ылы жасанды тыныс алдыру аппаратына 7 – 10 тә улікке қ осады. Ө те ауыр жағ дайларда жасанды ө кпе вентиляциясы 30 тә улік, одан да ұ зақ мерзім жү ргізіледі. Трансфузионды дезинтоксикациялық терапия жү ргізуде қ ан алмастырушы сұ йық тық тардың дезинтоксикациялық ә сері бар препараттармен қ оса, электролиттер жә не глюкоза ерітінділерін қ олданады. Науқ аста ацидоз орын алса натрий гидрокарбонаты, трисамин ерітінділері қ ұ йылады. Жараның ірің деуі, ірің ді трахеобронхит, пневмония сияқ ты сіреспенің асқ ынуларын емдеу жә не алдын алу ү шін антибиотикотерпия жү ргізіледі. Науқ астардың жү рек жұ мысын, тыныс алуын жақ сартуда сульфокафокаин, кордиамин, коргликон, цититон, оксигенотерапия тағ айындалады. Науқ астарды энтералды жә не параэнтералды жолмен жоғ ары калориялы тағ амдармен қ оректендіру қ ажет.

Сіреспе ауруының алдын алу жараны мұ қ ият зерттеуден басталады: жараның жіптерін шешіп, толық ашып, ішін 3% сутегі асқ ынтотығ ы жә не фурациллин ерітінділерімен жуады, ө ліеттерден, ірің діктерден мұ қ ият тазартып дренаждалады. Аурудың арнайы алдын алу шаралары жоспарлы жә не жедел тү рде жү ргізіледі: жоспарлы тү рінде сіреспенің адсорбцияланғ ан анатоксині ә скер қ атарындағ ылар, механизаторлар, қ ұ рылысшыларғ а қ олданады: 0, 5 мл. анатоксинді енгізіп, ревакцинация (0, 5мл. анатоксин) бір ай жә не 1 жылдан кейін жасалады. 12 жасқ а дейінгі балаларғ а комплексті КДС (коклюш - кө кжө тел, дифтерия, сіреспе) вакцинасымен иммунизация жү ргізіледі. Жедел тү рінде бұ рын екпе ө ткендерге 0, 5 мл. анатоксин жасалса, екпе алмағ андарғ а 1мл. анатоксин жә не 3000 ХБ сіреспеге қ арсы сарысу немесе 450 – 600 ХБ сіреспеге қ арсы гамма-глобулин инъекцияланып, 1 айдан соң 0, 5 мл., 1 жылдан кейін тағ ы да 0, 5мл. анатоксин енгізіп ревакцинация жү ргізіледі.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...