Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Қалыптасуы, Қазіргі кездегі  ахуалы




І БӨ ЛІМ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ:

Қ АЛЫПТАСУЫ, Қ АЗІРГІ КЕЗДЕГІ  АХУАЛЫ

  Педагогикалық психологияны қ олданбалы психологияның ерекше бір тармағ ы, ө з алдына дербес ғ ылым ретінде қ арастыру  керек. Л. С. Выготский. Педагогическая                                                                                     психология.

1 тарау. Педагогикалық психология –

ғ ылыми білімнің пә наралық саласы

 

§ 1.  Педагогикалық психологияның

жалпы ғ ылыми сипаттамасы

Педагогикалық психология басқ а

адамтану ғ ылымдарының ішінде

Қ азіргі заман ғ ылымының  дамуында оның  ғ ылыми салалар, пә ндер мен  проблемалық салалардың  (жү йелендіру, иерархияландыру, куммулятивтік сияқ ты беталыстармен қ атар) ық палдасуы  мен саралап жіктелінуі сияқ ты негізгі екі беталысының ө зара ә рекеттесуі неғ ұ рлым айқ ын кө рініп келеді. Ғ ылымның ық палдастығ ын талдай келе, Ж. Пиаже, Б. Г. Ананьев пен Б. М. Кедров ғ ылыми білімнің ортасында адам туралы ғ ылым - психология тұ р деп кө рсеткен. Ғ ылыми білім ү шбұ рышының Б. М. Кедров ұ сынғ ан тү сіндірмесі (оның шың ы – жаратылыстану ғ ылымдары, оның тағ андарының бұ рыштары – философия жә не қ оғ амдық ғ ылымдар, ал оның ортасында осы ғ ылымдармен психология тү йісіп тұ р) Ж. Пиаженің келесі пайымдауымен сә йкестендіріледі «... психология барлық басқ а ғ ылымдардың ө німі ретінде ғ ана маң ызды орын алып тұ рғ ан жоқ, ол сондай-ақ олардың қ алыптасуы мен дамуына тү сініктеме бере алушы  бастау ретінде де орталық орын алады» [172, 155 б. ].

Адам проблемасының ғ ылым дамуындағ ы рө лін анығ ырақ Б. Г. Ананьев [7] анық тайды, оның ойынша адамды терең ірек зерттеу, саралап жіктеу,  сонымен бірге осы саладағ ы барлық зерттеулердің ық палдасуы  адам проблемасының жалпы ғ ылымдық сипатқ а ие болуына ық палын тигізді. Осы адам мә селесін жаһ андандыру беталыстарының педагогикалық психология саласындағ ы кө рінісін кезінде К. Д. Ушинский да байқ ағ ан, яғ ни 1868-1869 жылдардағ ы «Адам тә рбие пә ні ретінде. Педагогикалық антропология тә жірибесі» атты ең бектерінде, адам тә рбиесіне ө з ү лесін қ осқ ан ғ ылымдардың бағ ыныстылығ ын анық тау негізінде психологияның жетекші рө лі атап кө рсетілген.

Ө з кезегінде, психология да кү рделі ық палдасқ ан білім болып табылады, оның қ ұ рылымдық кө рінісінің негізінде, А. В. Петровскийге сә йкес, келесі психологиялық жақ тары алынғ ан: «1) нақ ты іс-ә рекеттің, 2) даму, 3) адамның (дамуы мен іс-ә рекеттің субъекті ретінде) қ оғ амғ а қ атынасы (ө зінің іс-ә рекеті мен іске асатын дамуы)» [39, 80 б. ]. Педагогикалық психология кө бінесе «нақ ты іс-ә рекет» негіздемесі бойынша ажыратылатын жалпы психологиялық білімдердің дербес саласы ретінде қ арастырылады, оның  негізінде оның басқ а тағ ы екі жағ ы ө з кө ріністерін табады. Бұ л тұ жырым, педагогикалық психологияның негізін білім беру іс-ә рекетінің ө зі, немесе, педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі П. Ф. Каптеревтің анық тауындай, білім беру процесінің механизмдері мен заң дылық тары қ алайтынын  білдіреді.  

Педагогикалық психология ә р тү рлі себептерге байланысты  кө птеген басқ а ғ ылымдармен байланысты. Біріншіден, ол ғ ылыми білім ү шбұ рышының ортасында орналасқ ан жалпы психологиялық білімнің нақ ты саласы болып табылады. Екіншіден, оның басқ а ғ ылымдармен байланыста болуының себебі, білім беру процесі ө з мақ саты мен мазмұ нына сә йкес ә леуметтік мә дени тә жірибені беруші болып табылатынында жә не осындай мә дениетте бү кіл ө ркениеттік білімдердің таң балық, тілдік формада шоғ ырландырылғ анына байланысты. Ү шіншіден, оның зерттеу пә ні ө зі танып білуші жә не танып білуге ү йретілуші,  басқ а да кө птеген адамтанушы ғ ылымдармен зерттелінетін адам болып табылады. Педагогикалық психология, мысалғ а педагогика, физиология, философия, лингвистика, ә леуметтану жә не т. б. ғ ылымдармен ү здіксіз байланыста екені анық. Соның ө зінде, педагогикалық психология – жалпы психологиялық білімнің саласы деген тұ жырымдама оның осы білімдердің негізінде, яғ ни психикалық даму, оның қ озғ аушы кү штері, адамның даралық жә не жыныстық -жас ерекшеліктері, оның тұ лғ а ретінде жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде қ алыптасатынын білдіреді. Сондық тан педагогикалық психология психологиялық білімдердің (ә леуметтік, дифференциалды психологиямен жә не т. б. ) басқ а салаларымен, ең алдымен жас ерекшелік психологиямен байланысты.

Педагогикалық жә не жас ерекшелік психология бір-бірімен осы ғ ылымдардың зерттеу объекттерінің  ортақ тығ ымен байланысты. Яғ ни, олардың зерттеу объекті дамып келе жатқ ан адам болып табылады. Бірақ, жас ерекшелік психологиясы «адам психикасының жас ерекшелік динамикасын, дамып келе жатқ ан адамның психикалық процестері мен психологиялық қ асиеттерінің онтогенезін» [43, 5 б. ] зерттесе, ал педагогикалық психология білім беру ық палымен психикалық жаң а қ ұ рылымдардың қ алыптасуының шарттары мен факторларын зерттейді. Осығ ан байланысты педагогикалық психологияның барлық проблемалары білім беру процесіндегі адамның жас ерекшеліктерін есепке алу негізінен қ аралады. Сонымен бірге, (бұ л жағ дайды тағ ы да ерекше атап кө рсетейік) педагогикалық та, жас ерекшелік психология да «... жалпы психологиялық заң дылық тарды ашып кө рсететін, қ алыптасып қ ойғ ан адам тұ лғ асының психикалық процестерін, психикалық кү йлерін жә не даралық -психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін» жалпы психологияның білімдеріне жү гінеді[96, 7 б. ]. Педагогикалық психологияны бір жағ ынан пә наралық ретінде, ал екінші жағ ынан – ғ ылыми білімнің дербес саласы ретіндегі осындай тү сіндірмесі, Б. Г. Ананьев позициясымен тең естіріледі. Б. Г. Ананьев бойынша, педагогикалық психология – шекаралық, кешендік білімдер саласы, ол «... педагогика мен психологияның ортасынан белгілі орын алып, ө сіп келе жатқ ан ұ рпақ ты дамыту, оқ ыту, тә рбиелеу арасындағ ы ө зара байланысты бірлесе зерттеу сферасына айналды» [8, 14 б. ].

Алайда, мұ ндай тү сіндірме басқ а авторлар келтірген педагогикалық психологияның мә ртебесінің анық тауларына сә йкес келмейді, мұ ның ө зі осы сұ рақ ты шешудің біржақ тылы еместігін кө рсетеді. Мысалы, «Жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық психология курсында» «... егер жас ерекшелік жә не педагогикалық психологияның дамуының бірінші кезең інде олардың жекелену беталыстары байқ алса, онда біздің кезең де, керісінше – жақ ындасу, кейбір жағ дайларда тіпті қ осылуы байқ алады» [101, 4 б. ] деп кө рсетілген. Екінші жағ ынан, «Жоғ ары мектеп педагогикасы мен психологиясының негіздерінде» бір кешендік ғ ылыми пә нді қ алыптастырғ ан, педагогика мен психологияның бірлігін, кешенділігін атап кө рсетеді [157, 5-6 б. ]. Іс жү зінде педагогикалық психология кешендік болып табылды деп ұ йғ аруғ а болады. В. И. Гинецинский [52] бойынша педагогика оның теоретикалық жә не тә жірибелік жақ тарында онымен тығ ыз байланысқ ан дербес ғ ылым болып табылады. Ал жалпы жә не жас ерекшелік психология онымен іштей тығ ыз, ү здіксіз байланыста болатын жалпы психологиялық білім саласы.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...