Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

18. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ философиясы.




1. Қ азақ философиясының бастаулары.

2. Жыраулар шығ армашылығ ындағ ы философиялық идеялар.

Қ азақ философиясы деген ұ ғ ым ғ ылым тіліне 90 жылдардың басында енді. Ол – қ азақ халқ ының ө зіндік тө л мә дениеті мен ерекше тағ дырының айнасы. Халық тарихқ а қ азақ деген атпен XIV-XV ғ асырда енгенімен, оның одан да ә рі терең тарихы бар.

А. Х. Қ асымжанов, Ә. Н. Нысанбаев, Ғ. Есімов сияқ ты ғ алымдардың айтуынша, қ азақ халқ ының ойлау мә дениетінің шығ у тегі кө не тү ркі заманынан басталады. V-VI ғ асырларда тү ріктерде ә ліппе болғ ан. Соның негізінде тү ріктер жазба мә дениетін тудырды. Оны мә дениет тарихында кө не тү ркі жырлары деп атайды. Ол мә дениет мұ ралар Талас, Орхон, Енисей ө зендері бойынан табылғ андық тан «Орхон - Енисей» руна жазулары деп аталады.

Қ азақ халқ ының менталиті кө птеген мә дени дә стү рлердің, яғ ни сақ тардың, кө не тү ркілердің, қ ытайдың, арабтың, парсының, орыстың, европалық тың ө зара ұ шырасып, араласуынан туындағ ан.

Жазба мә дениетінің пайда болуы мен діннің қ алыптасуын зерттеушілер тү ркі – соғ дылық жә не тү ркі тохарлық байланыстың ық палымен тү сіндіреді.

Қ азақ тардың ө зіндік діні – тә ң ірлі дү ниетанымы болды. Тә ң ірлік ө зіндік онтологиясы, космологиясы этикасы мен демонологиясы бар жетілдірілген дү ниетаным болды»1.

Бұ дан басқ а бақ сылық, буддизм, манихейшілік, христиан діні де орын алғ ан. Мұ ндай кө пжақ тылық пен олардың арасындағ ы ө зара кірігу, бірігу процесі ерекше дү ниетанымдық жү йенің қ алыптасуына жә не оның плюралистік сипат алуына негіз болды.

Қ азақ тың ұ лттық менталитетінің архетиптері болып табылатын кең дігі, кең пейілділігі, қ айырымдылығ ы, қ онақ жайлығ ы, басқ аны жатырқ амауы, аң ғ арымпаздығ ы, байқ ағ ыштығ ы, табиғ атқ а жақ ындығ ы, философиялық ойларғ а бейімділігі, дү ние, ө мір, заман туралы ойлары, ақ ын – жандылығ ы, маң ғ аздығ ы, асық пай – аптық бауы, тә убә шілдігі, сә тті кү нді кү туі, туысшылдығ ы2 сияқ ты сипаттарының қ алыптасуы Анахарсис, Қ орқ ыт ата, ә л – Фараби, Ж. Баласағ ұ н, М. Қ ашқ ари, Қ. А. Ясауи сынды ә ртү рлі бағ ыттағ ы философиялық дә стү рлердің ә серінен болды.

Философия тарихында Шығ ыс перипатетизмінің кө рнекті ө кілі болғ ан, ө зінің шығ армашылығ ында батыс пен шығ ыс дү ниетанымдық жү йелерін ерекше ү йлесіммен, тапқ ырлық пен қ абыстыра отырып, ө зіндік келбеті бар философиялық жү йені жасағ ан ә л – Фараби қ азақ философиясының негізгі бастауының бірі болып есептелінеді.

Ж. Баласағ ұ нның «Қ ұ тты білік» ең бегіндегі мемлекетті басқ ару, ә леуметтік топтардың сипаты, қ оғ амдық қ ұ рылым туралы ойлары мен этикалық, танымдық кө зқ арастары да елеусіз, тарих қ ойнауында қ алмағ ан.

Қ азақ философиясы мен дү ниетанымының тағ ы да бір маң ызды бастауы – сопылық дә стү р.

Ислам аясында қ алыптаса отырып, кө не Ү нді, Қ ытай, Грек, Рим, Сирия ойшылдарының ү здік ойларын бойына сің ірген сопылық философиясының Қ азақ стан мен Орта Азия халық тарының «арасында кең інен жә не табысты таралуына мына жағ дай да ә сер етті. Ол ө з ілімін жең іл жә не тү сінікті тілмен, ә сем сопылық идеяларды жергілікті салт-жырлармен ү йлестіре дә ріптеді Ахмет Яссауидің Орта Азия мен Қ азақ станның тү ркі тілдес халық тары арасында зор беделге ие болуы Яссауидің ислам заң дарын Шығ ыс сопылық ілімін пантеизммен жә не бақ сылық жыры элементтерімен ү йлестіре алуынан еді»3.

Қ азақ даласында сопылық идеялары Шығ ыс поэзиясы, яғ ни Фирдоуси, Навои, Рудаки, Омар Хайям, Низами, Насими секілді ақ ындардың философиялық сипаттағ ы шығ армалары арқ ылы тарағ ан.

Сө йтіп, қ азақ философиясының дамуына негіз, бастау, тарихи тамыр болғ ан объективті алғ ышарттардың қ атарына қ азақ халқ ының ө зінің ауыз ә дебиеті жә не ө мір сү ру салт – дә стү рі, тү рік мә дениеті мен тү рік ойшылдары, араб – парсы ә дебиеті мен философиясы, сопылық дә стү р жатады. Олар кө пжақ ты жә не кө пмағ ыналы мә дени ү рдістерді біріктіреді. Соның ө не бойында мү лгіген кө птеген маң ызды жә не ө міршең белгілер мен қ асиеттерді бойына сің іре отырып, қ азақ халқ ы ерекше сарындағ ы, ө міршең, оптимистік философиялық кө зқ арастарды дү ниеге келтірді.

Қ азақ кең де, ашық дала перзенті. Дала ұ шы – қ иыры жоқ, шетсіз, шексіз. Сан ғ асырлар бойы сол ө зін аялағ ан табиғ атта ө мір сү ріп, оның сан алуан қ ұ пия сырларына кө ң іл бө лді.

Табиғ аттың қ атаң жағ дайына, тү рлі ө згерістеріне сай кө шіп – қ онып жү ріп, ө з шаруашылығ ын табиғ атпен ү йлесімді жү ргізіп отырды. Табиғ атқ а аялы алақ ан, жылы жү рек сезімі, кө здің қ арашығ ындай қ амқ орлық қ ажет екендігін ерте сезінді.

Киіз ү й кө не қ азақ тардың ә лем, бү кіл дү ниенің қ ұ рылымы туралы кө зқ арасын білдіреді. Киіз ү й ғ арыштың кішкене моделі.

Киіз ү йдің дә л ортасында, шаң ырақ тың асында ошақ орналасқ ан. Ошақ тың осылай орналасуы ың ғ айлы жә не қ ауіпсіз. От қ ажетті қ ұ былыс, оғ ан кө не адамдар тағ зым еткен. Жануарларды отпен аластап, тазартқ ан. От кү ннің символы.

Кү н батып, кеш тү скен соң ай мен жұ лдыздар жер бетін жарық қ ылады.

Қ азақ «аспанғ а европалық тың қ алтасындағ ы сағ атына қ арағ анындай қ арайды»1. Ө йткені, бұ л ө мір сү ріп, тіршілік етудің бірден – бір қ ажеттілігі еді. Аспан денелерінің қ озғ алысы бойынша жыл, ай жә не тә уліктің малғ а жайлы мезгілдерін анық тай алғ ан. Аспан шырақ тарына «Жеті қ арақ шы», «Темір қ азық », «Сү мбіле», «Шолпан», «Есекқ ырғ ан» деп ат қ ойып, олардың қ озғ алыстарын бақ ылағ ан, календарь жасағ ан. Мысалы, Сү мбіле, Ү ркер жұ лдыздарына сү йеніп, жыл мезгілдерін былайша анық тайды: «Ү ркерлі айдың бә рі қ ыс», «Сү мбіле туса су қ атады», яғ ни кү з тү седі. «Ү ркер жерге тү спей, жер қ ызбайды». Тү нгі уақ ытта жол жү руге тура келгенде «Темір қ азық қ а сү йеніп», барар бағ ытын анық тағ ан.

Киіз ү йдің шаң ырағ ы – оның негізі. Оны ең мық ты ағ аштан жасағ ан. Ұ рпақ тан ұ рпақ қ а беріп отырғ ан. Кереге мен уық ты ауыстыруғ а, бұ зуғ а болады, ал шаң ырақ ты ауыстыруғ а, бұ зуғ а болмайды. Ол отбасының беріктігінің символы.

Аспан сырларын табиғ и тербеліске, ішкі толғ анысқ а бейімдей отырып, кө шпенділердің қ иял сезімін байытуғ а ық пал етті, яғ ни мү лгіген табиғ ат пен адам арасындағ ы ерекше сұ хбат қ алыптасып, дами бастады. Осының нә тижесінде адамның дү ниеден ү н – сыр аулауғ а икемділігі мен шеберлігі артады, кө зі кө ркемдікті танығ ыш, кө ң ілі ә сершіл, қ ұ лағ ы ү н аулағ ыш.

Кө шпенді қ иялындағ ы қ ырағ ылық, зердесіндегі зеректік, санасындағ ы саң лақ тық шындық ү рдісімен, тұ рмыс – тіршілік, кә сіп дү ниесімен ү йлесімділігін тапты. Тұ рмыс жағ дайына қ арай кө шпенділер айғ а, кү нге жұ лдызғ а ибадат етті, бұ ларды қ асиет тұ тты.

Табиғ ат пен тұ рмыстың ә демі кө ріністерін астарлап, оны ою - ө рнекке тү сіру арқ ылы шебер ө зінің дү ниеге деген кө зқ арасын, философиялық ойын, эстетикалық сезімін білдіре алғ ан.

Қ азақ халқ ы ою - ө рнек салуда, оның структуралық композициясын қ ұ растыруда жә не бояу тү стерін қ олдануда ө те бай жә не ерекше мұ рағ а ие. Ә рбір ою - ө рнек белгілі бір мағ ынаны білдіреді. Ол кө шпені қ азақ тың табиғ атпен қ ауышуның терең дігін жә не кө пжақ тылығ ын білдіреді. Ою - ө рнектерде жан – жануарлар, кө к ө ніс, ө сімдіктер, аспан, жер – дү ние сыры бейнеленіп, олардың адам ө міріндегі алатын орны ерекшеленген. Сондық тан ай, кү н, жұ лдыздардың адамзат тіршілігіне қ ажеттілігін тү сіну, жұ лдыздардың атын білу, туғ ан жер табиғ атының ерекшеліктерін ескеру, бояуларды табиғ и ү йлесімділікте беру ә руақ ытта қ арастырылғ ан.

Қ азақ тардың негізгі тағ амдары сү тпен байланысты болғ андық тан ақ тү с ерекше қ ұ рметтеледі. «Ананың ақ сү ті», «Ақ отау», «Кө ң ілі ағ арсын» сияқ ты киелі ұ ғ ым осыдан туындаса керек, кө к тү с аспанды, сары тү с білімді, даналық ты, қ ызыл тү с – от, кү нді, жасыл – жастық пен кө ктемді, қ ара тү с – жерді, береке нышанын бейнелейді.

XV-XVIII ғ асырлар аралығ ында қ азақ философиясы негізгі ү ш бағ ытта дамығ ан.

Бірінші, кө рнекті бағ ыт жыраулар философиясы, екінші – билер, ал ү шінші – зар заман философиясы.

Жыраулар философиясы Асан Қ айғ ы, Қ азтуғ ан (XV ғ. ), Доспамбет, Шалкиіз (XVI), Ақ тамберді, Тә тіқ ара (XVIII), Ү мбетей, Бұ қ ар есімдерімен белгілі.

 Жырау кім? Белгілі хандардың ақ ылшысы, қ оғ ам қ айраткері, қ олбасшы, ә скербасы, батыр, сонымен қ атар, табиғ и дарынының арқ асында суырып салма ақ ын да болғ ан ерекше тұ лғ алар.

Жыраулар поэтикалық сипаттағ ы толғ ауларды дү ниеге келтірген. Олардың шығ уына себеп болғ ан маң ызды оқ иғ алар – ұ лт – азаттық қ озғ алыс, саяси жаң ару, қ оғ амның даму жолдары, ө мір туралы ізденістер. Толғ аулардың тақ ырыптары - ө мір, ел, адам, туғ ан жер, азаттық, адамгершілік мә селелері.

Жыраулар – жаратылыс философиясының сырын ұ ғ ып, ө мір тұ тқ асына дер кезінде жармасып, озбырлармен арбасып, тарихпен сырласып, ө з халқ ының мұ ң ын мұ ндағ ан даналар. Олар ө з толғ ауларында ө ткенді саралап, бү гінгіні даралап, болашақ ты болжағ ан. Сондық тан да олардың суырып салма шешендігі кө семдікке ұ ласып отырғ ан.

Жыраулар шығ армашылығ ында ерекше мә н берілген мә селе – бар нә рсеге ризашылық қ анағ ат сезімі.

Асан Қ айғ ы заманың ды, арғ ымағ ың ды, тұ йғ ының ды, иіс мойылды кө ң інді, ә кімің ді, ө з барың ды, ақ тоның ды, қ арияларың ды жамандама, ешкімге ұ рыспа, бұ рынғ ыны қ уыспа, тә уір кө ретін кісің мен жалғ ан айтып суыспа, ешкімді ө зің нен кем сана ма, достарың мен санаспа, кең ессіз сө з бастама деп ү йретті.

«Атадан алтау тудым деп, асқ ынып жауап айтпаң ыз. Алғ аным асыл ару деп, кү н шығ арып жатпаң ыз. Атаның малы кө пті деп атты босқ а тартпаң ыз»1, дей отырып, Асан Қ айғ ы ә р нә рсенің ө зінің шегі, есебі бар екендігін еске салады. Ә руақ ытта осындай объективті жағ дайларды есепке алып отыру, шектен шық пау - ә дептіліктің белгісі.

Қ азтуғ ан жырау (XV ғ. ) – сахара эпосін жасаушылардың бірі, ерлік жырларын шығ арушы жорық жырауы. Ол ө мір, атамекен, туғ ан ел жайлы жә не ә скери тақ ырыптардағ ы сан алуан мол мұ ра қ алдырғ ан. Оның «Мадақ жыры», «Туғ ан жермен қ оштасу» шығ армалары кө не поэзияның таң даулы нұ сқ асы бола отырып, қ азақ халқ ының ө мірге кө зқ арасын, ой толғ амын бейнелеген.

Бұ қ ар жырау:

«... Ежелгі дұ шпан ел болмас

Кө ң ілінде кір баты бар...

Ежелгі дұ шпан ел болмас

Кө ң ілінің тұ тқ ар кірі бар»2

дей отырып, кө ң ілдің тазалығ ына ерекше мә н берді.

Жыраулардың толғ ауларында адамның кө ң ілін қ алдырмау ү шін, не нә рседен бас тарту қ ажет деген мә селе қ ойылғ ан.

Бұ қ ар жырау адам қ аншалық ты қ иыншылық ты кө ріп, жаны қ иыншылық қ а ілініп, шаршап, қ алжырап, кө ң ілі – қ арайып, кө зі қ арауытып тұ рса да ү мітін ү збейді деп ой қ орытады.

Бұ қ ар ө з заманының мә н – мағ ынасын тү сінді, оның аумалы тө кпелі болмысын заң ды объективті процесс деп санады. Ол ө ткенге ө кініп, ескіні аң самады, ө з уақ ытының тарихи тынысын қ алтқ ысыз қ абылдап, соғ ан сә йкес ө мір сү рді.

Бұ қ ар жырау қ асың а қ ыдыр келіп, басың а дә улет қ ұ сы қ онып, хан дә режесіне кө терілгенше сен кім едің деп  Абылай ханғ а тура бағ ыштап:

«... Сен қ ай жерде жү ріп жетіктің?

Ү йсін Тө ле билердің тү йесін бақ қ ан қ ұ л едің » деген екен. Бұ л ә рине, дана, беделді қ арияның, азаматтың еркіндігінің белгісі еді. Сонымен қ атар, қ азақ қ оғ амындағ ы жалпы қ ариялардың, жасы ү лкен адамдардың ерекше қ оғ амдық роліне мең зейді.

Елдің бірлігі, халық тың тірлігі, заманның тыныштық берекесі сияқ ты аса маң ызды қ оғ амдық мұ раттардың сақ таушысы, жақ таушысы, ұ йытқ ысы да солар болғ ан.

Ақ ын – жыраулар адам, қ оғ ам ө міріндегі жә не табиғ аттағ ы сан тү рлі сапалық қ асиеттерді мінез – қ ұ лық тағ ы ө лшемді сақ тап отыру, ақ иқ атқ а жетуге ұ мтылу, ө з мақ саттарына жету ү шін қ андай нә рсені болса да дә лелдей отырып, дұ рыс ө мір салтын сақ тау туралы философиялық ойлардың, практикалық ақ ыл – кең естердің авторы болып табылады.

Ақ ын – жыраулар ө мір, тіршілік, тұ рмыс, қ оршағ ан орта, ә лем, ө згермелі, қ ұ былмалы, опасыз, ауыспалы, қ айырымсыз, алдамшы, айгнымалы, жалғ ан дү ние туралы ой толғ ағ ан. Осы сарынмен қ атар, оғ ан қ арама қ арсы жайнағ ан жастық тың базары, жақ сылық тың шырағ ы бар нұ рлы ө мір, жарық дү ние, адамзаттың арман мұ раты жолындағ ы отын сө ндірмей, болашақ қ а, келешек кү ндерге жетелейтін алтындай таза, кү містей жарқ ырағ ан сенім туралы да оптимизмгі толы ой пірімдер молынан кездесіп отырады.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...