Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

21. Философиялық антропологияның негіздері: адамның антропологиялық, әлеуметтік қалыптасуының мәселелері.




1. Философиялық антропологияның қ алыптасуы, мә ні жә не негізгі мә селелері.

2. Адамның қ алыптасуы туралы ә ртү рлі концепциялар.

Гректің антропос – «адам» жә не логос «ілім» сө зінен қ ұ ралғ ан, антропология дегеніміз – адам туралы ғ ылым.

Антропология адамның табиғ и қ ұ рылысын, оның бейімдері мен дағ дысын, тілін, ө нерін, діні мен ө ркениетін зерттейді.

Антропологияның ү ш маң ызды бағ ыты бар. Біріншісі, адамның табиғ аттағ ы орнын қ арастырып, басқ а тіршілік иелерінен айырмашылығ ын анық тайды. Осы мақ сатта адамның табиғ и қ асиеттері мен дамуының, ө ркениетінің ө зара байланысына назар аударады.

Екіншісі, адамның нә сілдерін анық тап, жү йелеумен тығ ыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғ ашқ ы адамдардың қ аң қ асы мен бассү йектерін қ азіргі адамдармен салыстыра отырып, ә ртү рлі халық тар мен нә сілдердің дә стү рлері мен дінін зертейді. Сө йтіп, ә р халық тың ө зіндік тарихи, мә дени ерекшеліктерін анық тайды.

Ү шінші бағ ыт антропометрия деп аталады. Бұ л ғ ылым адамның табиғ и ө лшемдерін бойын, салмағ ын, ә ртү рлі нә сілдің ө кілдерінің сү йектерінің кө лемін зерттейді.

Адам - философияның ө зекті, байырғ ы жә не ө те маң ызды мә селесі. Философияның адам мә селесін арнайы зерттейтін бө лігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұ рағ ы – «Адам дегеніміз не» мә селесі. Адам туралы толық мә ліметті пә наралық зерттеу аясында кө птеген ғ ылымдардың кө мегімен жинақ тауғ а болады. Сондық тан да соң ғ ы жылдары адамтану ғ ылыми танымның ерекше саласы жә не оқ у пә ні ретінде жеке қ арастырылады. Философия адамды тиянақ ты, бү тін, біртұ тас жү йе деп анық тап, барлық мә ндік қ асиеттері мен қ ұ былыстарының ө зіндік рухани – практикалық іс - ә рекетінің жү йесі ретінде, кө пжақ ты, ә мбебап жан етіп кө рсетеді.

Адамның табиғ аты мен мә ні туралы сұ рақ философия тарихындағ ы барлық ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі ө зегі етіп қ арастыратын экзистенциализм, персонализм жә не философиялық антропологияны қ оспағ анның ө зінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақ ырыбы кө рнекті орын алып отыр. Мұ ның ө зі тек жай ғ ана кездейсоқ тық немесе ұ қ састық емес. Қ азіргі уақ ытта Адам тө ң ірегіндегі мә селелердің алдың ғ ы қ атарғ а шығ ып, ә лемнің барлық тү пкірінде ө зекті мә селеге айналуы, ең алдымен, нақ ты индивидтің кү нделікті ө мір сү руінен кездесіп отырғ ан жағ дайдан туындап отыр. Ядролық қ ару – жарақ тың кү ннен – кү нге кө бейе тү суі, табиғ и ортаның бұ зылуы адамдарды ө те бір қ иын сын сағ атына ә келіп, апырау, осы адамзаттың ертең гі кү ні не болмақ деген ү рейлі сұ рақ тарды жиі – жиі туғ ыза тү суде.

Генетикалық инженерияның даму бағ ыты, ә ртү рлі органдарды трансплантация жасау мү мкіндіктері адамның биологиялық табиғ аты туралы ү йреншікті кө зқ арастарды ө згерте тү суде. Сонымен қ атар, адам биологиясының біз білмейтін қ аншама терең сырлары бар екендігінде де кү мә н жоқ. Адамның ө зін - ө зі басқ аруы, яғ ни психологиялық мә селелер де бой кө рсетуде.

Философиялық антропологияның басқ а ғ ылымдардан айырмашылығ ы, ол адамды жалпы дү ниетанымдық тұ рғ ыдан зерттейді.

Жалпы, біртұ тас, іргелі антропологиялық мә селелерді қ арастыра отырып, адамның мә нін, ө зіндік ерекшелігін тү сіндіреді.

2. Адамның қ алыптасуы туралы ә ртү рлі концепциялар.

Философия адамды таң ғ ажайып тірі Жан деп қ арастырады. Адамның табиғ аты мен мә ні, оның ө мір сү руінің мағ ынасы мен мақ саты аса кү рделі дү ниетанымдық мә селелер болып табылады.

Адам феноменінің мә ні мен қ алыптасуын тү сіндіруде ә ртү рлі дү ниетанымдық кө зқ арастар орын алғ ан.

Жаратылыстану ғ ылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғ ни материяның дамуының нә тижесі, салдары деп тү сіндіреді. Оның қ алыптасуының маң ызды алғ ы шарттары - ең бек ету мен сө йлеп ү йрену. Ең бек ету дағ дысы, яғ ни табиғ атты арнайы қ ұ ралдармен ө ң деу мү мкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қ алуына, дамуына жағ дай жасады.

Адам игілікті дү ние қ ұ былыстарын ө зара сабақ тастырып жатқ ан ең басты тұ лғ а ретінде кө рінеді. Рухани ө мір ағ ымына ол табиғ аттың ең биік сатысынан қ арайды.

Адам қ андай қ иыншылық тарды бастан кешірсе де, бә рібір ө з қ олымен, ақ ыл – ойымен ә лемді жасандырып, тіршілік кө ркіне ү стеме мә н дарытып, сонымен бірге ең бек қ ұ діретімен ө зі де ө згеріп, ө ркениетті заманның ізгілікті бір белесінде ө мір сү ріп отыр. Демек, ең бек адам баласының табиғ атқ а қ атынасын айқ ындайтын кү ретамыр, ә рекет ө рісі болып табылады.

Ә леуметтік антропогенез теориясы Адам бұ дан 30-40 мың жылдар бұ рын қ алыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қ амтиды. Ол алғ ашқ ы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық тү кпіріне тарады.

Н. Н. Моисеев «ә мбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В. И. Вернадский мен Н. Ф: Федоров ең бектерінен табуғ а болады. Моисеев адамды жер мен космостың қ асиеттері жиынтығ ының ө зара тоғ ысуының нә тижесі деп қ арастырады. Адамның қ алыптасуымен материя ө зін - ө зі тү сініп, даму заң дылық тарын білім арқ ылы бақ ылауғ а мү мкіндік алды. Тіршілік пен адамның қ алыптасуы - ә лем тарихындағ ы ең ү лкен тө ң керіс.

Ақ ыл – ой пайда болғ аннан бастап, ә лемнің дамуы саналы сипатқ а ие болды. Адамның ойлау қ абілетінің негізгі ошағ ы – ми дамып, жетіле тү сті. Ә р тү рлі іс - ә рекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағ ытын ө згерте алатын ерік пайда болды. Ақ парат пен тә жірибені сақ тап, оны қ орытып, керек уақ ытында тауып беріп отыратын ес қ алыптасты.

Адам табиғ ат шындығ ына бойлай отырып, оның «адамғ а тә уелсіз ө з ерекшелігін» (Герцен) танып білу дең гейіне кө терілді.

Сө йтіп, ә леуметтік организмнің ең нә зік бө лшегі, жаң а Адам ә лемі – мә дениет ә лемнің бастауы, адамның рухани ә лемі қ алыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қ арама – қ арсы бағ ыт қ алыптасты. Бірінші – сыртқ ы дү ние туралы білімнің ө се тү суіне негізделген оның ө зіндік еркіндігі, қ ұ рал – саймандар мен мә дениеттің дамуы. Екіншісі – адамның ө з қ олымен дамып отыратын екінші табиғ аттың кү рделене тү суіне байланысты оғ ан оның бағ ыныштылығ ының арта тү суі.

Ә лем халық тарының фольклорында Адам мен ә лемнің қ алыптасуы туралы ә ртү рлі тұ жырым бар. Мә селен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғ ылғ ан, қ ұ стардың кө мегімен бү кіл дү ниеге тарағ ан. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қ ызыл, қ оң ыр қ иыршық тардан пайда болғ ан. Осы кө зқ арастардың бә ріне ортақ идея – ол ә лемді жарататын сыртқ ы кү штің болуы.

Тейяр де Шарден «эволюциялық мә ре» теориясын ұ сынды. Ол Адам мен ә лемнің пайда болуын тү сіндіру ү шін ғ ылым мен дінді, ақ ыл – ой мен мистиканы ө зара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, ә лемнің тарихы – оның ұ дайы кү рделене тү суінің жә не саналылық қ а ұ мтыла тү суінің тарихы. Осы тарихи процесте ә лем дамуының белгісіз бір бағ ыты, косомстық дің гек қ алыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.

Осының нә тижесінде туындағ ан Адам ө зінің даму эволюциясында ең соң ғ ы нү ктеге, яғ ни «Омега нү ктесіне» жетуге ұ мтылады. Философтың ойынша, «Омега» нү ктесі эволюцияның аяқ талып, сү йіспеншілік негізінде бір – біріне ұ мтылатын жалпы бірігу мен ә лемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұ л ә лем бө лшектерінің бірін – бірі іздестіріп, ө зара гармонияда бірігуі. Омега нү ктесі - Ә лем мен Адамзаттың болашағ ы, эволюцияның ең жоғ арғ ы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халық тардың ө зара келісуі болады. Барлығ ы сү йіспеншілік арқ ылы бірігеді. Православие дінінің кө рнекті уағ ыздаушысы. А. Меньнің пікірінше «Адамның ә лемдегі орны туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мә ре» деп атауғ а болады. Омега нү ктесі – бұ л жарық.

Тейярдизмге жақ ын идеялар орыстың кө рнекті философы, суретші Н. К. Рерих шығ армашылығ ында кө рініс тапқ ан. Адам – Жер мен Космостың ө зара кездесуі болып тү ратын ерекше нү кте. Ә лемдік қ ұ былыс ретінде адамның ө зі де толық игеріп болмағ ан керемет космостың энергияның иесі болып табылады.

Адамның жаралуы туралы аң ыздар кө п, оны жерде мекендеп отырғ ан барлық халық тың ә дебиетінен қ иналмай-ақ табуғ а болады. Қ ытайдың ерте замандағ ы «Ә дет – ғ ұ рып естеліктері» деген кө не жазбасында осы жайлы былай жазылғ ан: «Дү ние жаралғ ан шақ та Адам баласы ә лі жаратылмағ ан еді. Hola (жаратушы) адамның тұ рқ ын сары топырақ тан жасағ ан. Ол жалғ ыз ө зі ештең е тындыра алмайтын болғ ан соң тұ рғ ан арқ анды балшық қ а тастай салады. Содан соң қ ұ діреттің кү шімен сол арқ анғ а Жан бітеді де, адамғ а айналады».

Біз атап ө ткен ілімдердің барлығ ы Адам мен табиғ аттың бірлігін мойындайды. Адам табиғ аттың ө з жемісі, оның даму эволюциясы нә тижесінде қ алыптасты.

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...