Главная | Обратная связь | Поможем написать вашу работу!
МегаЛекции

Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.




Сурет 51. Лукашевич-Оберст бойынша жансыздандыру.


Саусақ фалангасының теріасты панарицийін доғ алдап немесе саусақ бойымен тіліп ашып, ірің ін шығ арып, ө ліеттерден тазартады, дренаждайды. Ортанғ ы жә не проксималды фаланганың теріасты панарицийін Клапп тә сілімен, фаланганың алдың ғ ы бү йірінен ұ зынынан паралелді тіліктермен тіліп ашады, дренаждайды (52-сурет).  

 

Сурет 52. Қ абырғ алары жырылғ ан дренаж.

а-дренаждың жалпы кө рінісі; б-жара арқ ылы дренажды ө ткізу;

в-жараны дренаж арқ ылы жуу; г-дренажды алу тә сілі.

Ақ ырғ ы жылдарда ірің діктерді тіліп ашып, мұ қ ият некрэктомия жасалғ аннан кейін, жараны антисептиктермен жуып, жара қ уысына, айналасындағ ы тіндерге антибиотиктер енгізіп, тігіс салу қ олданылуда. Операциядан кейін жара аймағ ына антибиотиктер ерітінділері 2 -3 кү н қ атарынан инъекцияланады. 3-4 кү ннен бастап жергілікті физиотерапия қ олданады (ультракү лгін, лазер сә улелері, ультрадыбыс, т. б. ). 7-9 кү ндері жараның жіптері алынады. Науқ астың дене қ ызуы кө терілсе, қ осымша бұ лшық етке антибиотиктер салынады. Теріасты панарицийін осы тә сілмен емдеуде 80-90% науқ астардың жаралары жақ сы жазылады.


Сү йек панарицийі, саусақ фалангасының остеомиелиті, екі тү рін ажыратады: біріншілік панариций тікелей сү йек, сү йек қ абы жараланып немесе гематогенді жолмен инфекция тү ссе дамиды. 90-95% науқ астарда екіншілік тү рі кездеседі, теріасты панарицийінің асқ ынуы болып табылады (53-сурет).

Сурет 53. Сү йек панарицийі

Біріншілік сү йек панарицийінде ө те қ атты ауырсыну саусақ фалангаларының ішінен басталады, науқ ас қ олын қ оярғ а жер таба алмай, ү немі кө теріп ұ стауғ а мә жбү р болады, саусақ тіндері кернеліп қ атаяды, дене қ ызуы кө теріліп, ә лсіздік пайда болады. Саусақ терісінің ісінуі, қ ызаруы кейіннен айқ ындалады. Саусақ тың жұ мсақ тіндерінің панарицийлеріне операция жасалғ аннан кейін, жағ дайы жақ сарып келе жатқ ан науқ астың қ олы қ айта солқ ылдатып ауырып, ісініп, қ ызарса, жарадан ірің толық шық паса, дене қ ызуы 39-40º кө терілсе, қ абыну асқ ынып, сү йекке тарап, екіншілік сү йек панарицийі дамиды. Сү йек панарицийлерінің клиникалық кө ріністері тері асты панарицийіне ұ қ сас келеді, тек қ ана ауырсыну сезімі белсендірек. Тырнақ фалангасы колба тә різдес ісінеді. Домалақ ұ шты зондпен зерттегенде қ абынғ ан саусақ фалангасы тұ тас ауырады. Рентгендік зерттеуде фалангалардың деструкциясы сырқ аттың 10-14 - кү ндерінде айқ ындалады. Сү йек панарицийінің диагнозы операция кезінде анық талады. Сү йек панарицийлерінің  бастапқ ы кезең інде емі, тері асты панарицийінің емінен айырмашылығ ы жоқ. Саусақ сү йектері ө ліеттенсе (секвестрлену), ірі секвестрлерде секвестрэктомия операциясы жасалса, ұ сақ секвестрлер ірің деп ө здері шығ ады. Сү йек панарицийі асқ ынып, саусақ буындарына, сің ір қ ынаптарына таралуы мү мкін.


Буын панарицийі, буындық кү біртке - бұ лбунақ аралық жә не алақ ан сү йек-бунақ буындарының ірің ді қ абынуы (54-сурет).

Сурет 54. Буын панарицийі.

Кө бінесе буындық кү біртке, саусақ буындарының ашық жараларында инфекция тікелей тү скенде дамиды. Инфекция қ ол ұ шының буындарына айналасындағ ы қ абынғ ан тіндерден, панарицийдің басқ а асқ ынғ ан тү рлерінде  таралуы мү мкін.

Клиникалық кө рінісі: қ абынғ ан буында саусақ бү гіліп, ұ ршық тә різдес ісініп, буын қ атпарлары тегістеледі. Саусақ қ атты солқ ылдап ауырады, терісі қ ызарып, қ имылы шектеледі. Ірің ді процесс буынның капсуласын, байламдарын, шеміршегін ыдыратқ ан жағ дайда, буында паталогиялық қ имыл пайда болады, крепитация естілуі мү мкін. Буын панарицийінің қ абынуы ү ш кезең мен ө теді: 1-серозды; 2- ірің ді; 3-остеоартрозды. Диагнозы клиникалық кө ріністеріне сү йене отырып, рентгендік зерттеу, пункция жасау арқ ылы қ ойылады.

Емі. Процестің серозды кезең інде буынның қ имылын шектеп, антибиотиктер, физиоем тағ айындалады, буынғ а пункция жасайды. Серозды сұ йық тық алынса, буын қ уысына антибиотиктерді енгізеді. Аталғ ан шаралар нә тижесіз болса, буынғ а  қ айталап пункция жасалады, ірің ді экссудат анық талса, буынды тіліп ашып, антисептиктермен жуып, тексеру жү ргізгенде сү йек беттері деструкцияғ а ұ шырамаса, буын қ уысы дренаждалады, деструкция болса, буынғ а резекция жасалады.

Тендовагинит (сің ір қ ынаптарының қ абынуы). Ірің ді қ абынудың ең ауыр тү рлерінің бірі, науқ астың жалпы жағ дайы нашарлап, қ абынғ ан саусақ жартылай бү гілген, қ имылы шектелген, тұ тас ісінеді, солқ ылдатып, қ атты шыдатпай ауырады. Ісік алақ ан сыртына тарайды. Саусақ тың активті, пассивті қ имылдарында, ә сіресе, оны жазу ә рекетінде ауырсыну кү шейе тү седі. Домалақ ұ шты зондпен тексеру кезінді қ абынғ ан сің ірдің проекциясында қ атты ауырсыну анық талады. 2-4 - саусақ тардың тендовагиниттерінің бастапқ ы кезең інде сің ір қ ынаптарына пункция жасап, экссудатты сорып алып, 500000 бірлік пенициллиннің 1 мл. новокаин ерітіндісін енгізеді. Нә тижесіз жағ дайларда, саусақ фалангасының алдың ғ ы бү йірінен, Клапп ә дісімен екі параллелді тілік жасалып, ірің дік ашылып, дренажды сің ірдің бетінен ө ткізіп жараны дренаждайды. (55-суретте Клапп бойынша жә не т. б. тә сілдермен тендовагинитті тіліп ашу орындары кө рсетілген).

Қ олды жә не саусақ ты гипсты лангетамен иммобилизациялайды. 1-жә не 5- саусақ тардың тендовагиниттері білезік буын, шынтақ буын тендобурситтерімен асқ ынуы мү мкін. 1- саусақ тың тендовагинитінде ірің дік тенар бұ лшық еттеріне, Пирогов кең істігіне, шынтақ синовиалды сумкасына тараcа, U-тә різді флегмона дамиды.

 

 

Поделиться:





Воспользуйтесь поиском по сайту:



©2015 - 2024 megalektsii.ru Все авторские права принадлежат авторам лекционных материалов. Обратная связь с нами...